«Тұрақты даму тұжырымдамалары және принциптері. ҚР тұрақты дамуының болашағы.»

1. «Тұрақты даму» түсінігінің пайда болу тарихы:

А) Рим клубы, Медоуз және Форестер еңбектері (Пределы роста, 1972).

Б) Қоршаған орта бойынша БҰҰ Бірінші конференциясының Декларациясы (Стокгольм, 1972).

В) Рио-де-Жанейро (1992) және Йоханнесбургта (2002) бүкіл әлемдік саммиттер.

Г) Еуропалық қалалар тұрақты дамуының Хартиясы (Ольборг қ., Дания, 1994).

Д) Тұрақты даму факторлары: экологиялық (қоғам дамушы коридор шектері), экономиялық фактор (рынок жүйесінің қалыптасуы), әлеуметтік (ауыл-шаруашылық өндірісі, адам құқықтары, демография).

2. Тұрақты даму Стратегиялары мен тұжырымдамалары. Тұрақты даму деңгейлері - локальдық, аймақтық, ұлттық, мемлекеттер аралық, ғаламдық. Әр бір деңгейде тұрақты даму мүмкіндіктерін анықтаушы факторлар.

3. Қоршаған ортаны қорғау саласында Қазақстан Республикасының Заңдылығы.

4. Қазақстан Республикасында халыққа экологиялық білім және тәрбие беру.

5. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету: Тұрақты даму концепциясы.

Дәрістің мазмұны.

20 ғасырдың екінші жартысында адамзат алдында ғаламдық мәселелер тұрады. Адамзат пайда болған жағдайдан шығу ізденісін әр түрлі жолымен қарастыруды бастайды. Ғылыми-техникалық революциясының теріс зардаптарын болдырмау, адамзаттың болашақ дамуының сұрақтарының шешілуі, экологиялық мәселелер алғашқы Рим клубының баяндамаларында жасалған.

         Рим клубы – халықаралық өкіметтен тыс ұйымы, өзінің қатарында 10 мемлекет өкілдерін – ғалымдарды, қоғам қайраткерлерін және іскер адамдарды жинастырады, 30 ғалымдардың тобы. Рим клубы 1968 ж. итальяндық бизнесмен Аурелио Печчеимен ұйымдастырылды. Осы уақыттан бастап «Рим клубының баяндамалары» сериясы жалпы атауы «Адамзат қиыншылықтары» баспадан шығады.

Бірінші баяндама: «Өсім шектері» - 1972 ж. Медоуз жыңысының жетекшілігімен Массачусет университетінің ғалымдар тобымен дайындалады. Дж. Форрестермен 1968 - 1971 жж. өнделген жүйелік анализ әдістемесінің көмегімен қазіргі экономикалық және саяси әдістері сақталуда қоғамның болашақ дамуының ғаламдық моделі құрылды. Моделдеу нәтижесінде көптеген тіршілікке маңызды қорлармен байланысымен қоғам дамуында ұшу және құлау циклдары болатындығы көрсетілген. Кейбір шегі жетілмегенше дейін, халық саны мен энергия қолдануының өсуімен қатар өндірістік өсімі және қорларды пайдалануы да жоғарлайды. Одан кейін дағдарыс болады. Қоғам баяндаманы жарылған бомба ретінде көрді. Медоуздар кітабы 9 млн. дана сатылып, бестселлер атағына жетті.

Екінші баяндама «Адамзат қиылыста» М. Месарович және Э. Пестельмен (АҚШ және ФРГ) дайындалды. Баяндамада 10 өзара тәуелді аймақтарды бөлуімен анализ жасалды. (Жердің әр түрлі жерлерінде мәселелер алуанды.) Әр бір аймақтың дамуы өз жолымен болуы қажет, бірақ тар ұлттық қызығушылықпен емес, ғаламдық талаптарға сай. Сонымен, әлем моделі – көп деңгейлі аймақтық моделден құрылған, динамикалық есептеуіш техникаға негізделген инструмент.

Үшінші баяндама: «Халықаралық тәртіпті қайтадан құру» - голландиялық экономист Я. Тинбергпен және соавторларымен дайындалған. Баяндама локалдық және ғаламдық мақсаттардың қатысының мүмкіндігін көрсете білді.

Төртінші баяндама: «Ғаламдық қоғам үшін мақсаттар» - философ Э. Ласломен құрылды және 2 фундаменталды сұрақты көрсетті:

-  адамзат мақсаттары не болады?

- материалдық өсімнен жоғары рухани адамның сапасын дамытуды қажет етуге келісеміз бе?

Келесі баяндамалар ғаламдық мәселелердің маңызды құрам бөліктеріне арналатын болды, мысалы, қалдықтарды өндеу, энергияны қолдану, қоғамның ұйымдасуы, молшылыққа және байлыққа жетілуі сұрақтарын қарастыра білді.

Табиғатты қорғау Бүкіләлемдік стратегиясының ойын 70-ы жылдардың аяғында алғашқы шығарған: табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау Халықаралық одағы (МСОП), қоршаған орта бойынша БҰҰ бағдарламасы (ко­митеті), жабайы табиғаттың Бүкіләлемдік қоры (ВВФ). Оларда Жер биосферасындағы қауіпті өзгерістерге назар аударылып, ол жағдайды жұмсартатын әрекет шаралар ұсынылды. 

Стратегияның бірінші нұсқасында әлеуметтік-экономикалық даму прогрессінде экологиялық факторларды есепке алу қажеттілігі көрсетіліп, алғашқы рет «тұрақты даму» (sustainable development) термині қолданды.

80-ы жылдардың аяғында бірінші Стратегияның тәжірибесінің еңгізілуі және Әлемдегі өзгерістерді есепке алу туралы жаңа құжат қажеттілігі анықталды.

1986 ж. тұрақты даму Стратегиясының мақсаты тұжырымдалды – ғаламдық өзгерістерге тіршіліктің бейімделуінің негізгі жолдарын бекіту.

1987 ж. қоршаған орта және даму бойынша БҰҰ Бүкіләлемдік комиссиясымен Гру Харлем Брунтланд жетекшілігімен «Наше будущее» баяндамасында (1989 ж. орыс тілінде жарық көреді) цивилизация дамуының «қоршаған ортаға қауіпсіз, экономикалық дамудың жаңа дәуірі» жаңа моделінің қажеттілігі туралы сұрақ қойылды, алғашқы рет «тұрақты даму» термины ұсынылды.

Тұрақты дамуқазіргі уақыттың қажеттіліктерін қамтамасыз етуші дамушылық, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктеріне кері болмайтын, қоршаған ортаға әсері табиғаттың жаратылыс мүмкіндіктерінің шектерінен шығалмайтын. 

Термин Рио-де-Жанейро қ. 1992 ж. Қоршаған орта және даму бойынша БҰҰ Конференциясында мемлекеттер мен өкіметтер басшылығының деңгейінде (ғаламдық және аймақтық деңгейлерде) бекітілді.  Терминге нақты бағдарламалық форма келтіруге тырысады.

1991 ж. қазанның 21 жұлдызында Мәскеу қ. на конференции в Министерстве природопользования ССРО табиғатты пайдалану Министрлігінің конференциясында табиғатты қорғаудың жаңа Бүкіләлемдік стратегиясы жарияланды. Сол күні ол Әлемнің басқа да 60 астаналарында қарастырылды. .

Бұл жалпы құжаттың атауы: «Жер қамқорлығы — тұрақты тіршілік етудің стратегиясы».

Ол 3 жыл арасында өкіметтік және өкіметтен тыс ұжымдармен жүргізілген жұмыстардың нәтижесі, әр түрлі елдердің жүздік ғалымдары мен сараптамашылардың әрекетімен жарық көрді. Жұмыс МСОП, ЮНЕП, ВВФ халықаралық ұйымдарының эгидасымен орындалды.

Құжат 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде тұрақты даму принциптері жарияланады:

-  Жер бетінде барлық болатынды сыйлау және оған қамқорлық көрсету;

- тіршілік сапасын жоғарлату;

- экожүйелердің тіршілік қабілетін және алуандылығын қорғау;

- сарқылатын қорлардың азаюын болдырмау;

- экожүйенің потенциалды сыйымдылығының шегінде дамуы;

- адамның ой санасын және тәртібінің стереотиптерін өзгерту;

-мекен ортаны қорғауда қоғамның әлеуметтік қызығушылығын қолдау;

- әлеуметтік-экономикалық дамушылық пен қоршаған ортаны қорғау интеграцияның ұлттық концепцияларын өндеу;

- әлемдік деңгейде әрекеттік бірлестікке жету.

Құжаттың 2-ші және 3-ші бөлімдерінде осы принциптерді өмірге келтіруші ұсыныстар берілген, шаралардың кезегі көрсетілген.

Стратегия, қоршаған орта ұлттық бағдарламаларының орынын баспай, екі негізгі бағыттарды анықтайды. Онымен екі негізгі есеп шығарылады: адамзаттың тірі қалуы және адам өмірі мағынасының философиялық.

Тұрақты даму – қазіргі адамзат қоғамының санасы алдында қойылған философиялық, ғылыми, этикалық, практикалық есеп. Әлеуметтік прогресс, өзінің ұзақ және тұрақты болу жоспарында адамдардың рұхани жағдайының дәрежесіне тікелей тәуелді. Адамзат жаңа рұхани биіктігіне жетілмей, оның приоритеттік эколого-гуманистік көзқарастарыссыз тұрақты дамуы мүмкінсіз (Дуйсебек А.Т., Ы. Алтынсарин атындағы білім Қазақ Академиясы ).

Ғаламдық экологиялық проблемаларды шешуде және экологиялық қауіпсіздікті бекітуде кілттік кезең болатын қоршаған орта және дамушылық мәселелері бойынша БҰҰ конференциялары болған.

Конференция ООН по окружающей среде в Стокгольм қ. (1972) қоршаған орта бойынша БҰҰ Конференциясы мемлекеттер-қатысушылардың назарын әлемдік бірлестіктің алдындағы ең маңызды мәселелерге жинады, және болшаққа жаңа жолды бекітті – тұрақты даму жолы.

Қоршаған орта және дамушылық бойынша БҰҰ екінші конференциясы (КОСР-2) 1992 ж. маусым айында Рио-де-Жанейро қ. өтті. Ол өте өкілді болды: оған 114 мемлекет басшылары және 179 елдің дипломаттары, 1600 өкіметтен тыс ұйымларының өкілдері қатысты, қатысушылардың барлығы шамамен 18 мың ғалымдар мен мамандар болды.

КОСР-2 маңызды жетістігі: қоршаған орта және дамушылық мәселелері мемлекеттермен жеке қарастырылмау керек. Экологиялық мәселелердің кедеушілікпен және дамудың әлсіз деңгейімен органикалық байланысы көрсетілген болды, жоғары дәрежеде ғаламдық және аймақтық экологиялық мәселелерге назар аударылды.

Конференцияда 5 негзгі құжат қабылданып, бекітілді:

«Қоршаған орта және дамушылық туралы Рио Декларациясы»;

«XX/ ғасырдың Күн тәртібінде» - қоршаған ортаға қауіп-қатерсіз экономикалық өсімді қамтамасыз етуші жоспар құру, тұрақты даму жоспары;

«Ормандардың барлық типтерін басқару, қорғау және тұрақты дамыту принциптері туралы өтініш»;

Климат өзгерулері мәселелері бойынша Рамалық конвенция;

Биоалуандылық туралы Конвенция (АҚШ қолын қоймаған, себебі конвенция сәсіз тұжырымдалған және биотехнологиялардың дамуын тоқтатады).

«Декларация...» құжатында 2 маңызды тезис көрсетілген:

1.  Барлық мемлекеттер және барлық адамдар кедеушілік жою шекті маңызды есепті әріптестік жолымен шешу керек тұрақты дамуға қажетті талап, себебі өмір стандартарын теңестіру және әлемде адамдар көпшілігінің талаптарын жақсы қамтамасыз ету. 

2.  Мемлекеттер барлық адамдарымен тұрақты дамуға және өмір жоғары сапасына жетуде экологиялық қолайсыз өндірісті әлсірету және жою қажет, қажетті демографиялық саясатты құру.

Конференция декларациясында бекітілген:

- Адамдардың табиғатпен гармонияда болатын деңі сау және қолайлы өмірге құқығы бар.

- Тұрақты дамуға жетуде қоршаған ортаны қорғау даму процесінің орыны басылмас бөлігі болуы қажет және одан бөлінбес болуы тиіс.

- Экологиялық сұрақтар барлық қызығушылығы бар азаматтардың қатысуымен ең қарқынды жолымен шешіледі. Мемлекеттердің ақпараттық дамушылығы жетілген және экологиялық ақпаратқа кең жеткілігі болуын қолдайды.

- Жер экожүйелерінің түйіктылығын қорғау, сақтау және қалпына келтіру мақсатымен Мемлекеттер әріптесу керек.

Қазіргі адамзаттың даму сатысында болашақ техникалық прогресстен салыстырғанда адамзат қауіпсіздігін орнату маңыздылығы зор. Приоритетті бағыты болып өндірістің болашақ өсуі емес, оның жетілуі және өзгертілуі қарастырылады.

Тұрақты даму келесі жағдайларды сақтауда орындалуы мүмкін:

- тұрғындар санын тұрақтандыру;

- ауыл шаруашылық баланстылығы, топырақ және су қорларын жоймау, жер және өнім қорегін пестицидтермен ластамау;

- рециклизация, қалдықтарды және іс қатардан шыққан заттарды қайтадан пайдалану;

-  экологиялық таза энергия көздерін, мысалы, күн энергиясын, игеру;

- энергияны және қорларды қорғау тіршілік салтына ауысу. Бұл технологиялар меңгерілген, бірақ оларды еңгізу қажет болады.

Ерекше сұрақтарды тұғызатын Стратегияның принципі халық саның реттеу (жаңұяны жоспарлау). Қазіргі замаңда халық санын реттеу дәстүрлі табиғатты пайдалануымен теңеседі. Батыс цивилизациясы қазіргі дамуы жоғары мемлекеттерде жетілген халық тығыздығынан жоғары болғанда тіршілік ете алмайды.

Стратегияда үлкен назар «қорларды жойылмайтын пайдалану». Только такой подход дает надежду на то, что мы смо­жем оставить что-то потомкам.

Стратегияда қойылған көптеген мәселелер табиғи экожүйелердің экологиялық сыйымдылығы түсінігімен байланысты. Адам әрекеті мен табиғаттың гармонизация Стратегиясы орман орманмен қалады, дала – даламен, тундра – тундрамен және т.б., олардың қорларын пайдалануға қарамастан.

Стратегияда «руханилық» түсінігі мақсаты кәдімгі тірі қалу мақсатынан  ерекше қарастырылады.

Стратегия әлеуметтік-экономикалық құрылудан тәуелсіз әр түрлі мемлекеттердің бірлік әрекетінің интеграциясы қамтамасыз етілу қажеттілігін көрсетеді.

Қазақстан үшін Стратегияның келесі бағыттары өзекті:

- табиғатты қорғау заңдылығының жалпы принциптерін өндеу;

-  экологиялық этика жалпы принциптерін өндеу;

- табиғи ортаға көрсетілген шаруашылық әсерлердің бағасының жалпы жолдарын және шаруашылық әрекетін экологиялық нормалауды қабылдау;

-  экологиялық мониторингтің жалпы жүйесін сақтау;

-  мемлекеттің барлық субъектері үшін экологиялық болжам;

-  қорық торын дамытуды территорияларды қорлау;

- биоалуандылықты қорғау және тиімді пайдалану шараларының интегралды жүйесін құру;

- импорттық тауарлардың экологиялық сараптамасын және биоқорлардың экспортың лицензиялауды кіргізетін сыртқы экономикалық әрекетті экологиялық бақылау;

- қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық келісімдердің міндеттерін орындау.

1992 ж. Қазақстан Рио-де- Жанейро қ. Бүкіл әлемдік саммиттың жұмысына қатысты. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы барлық халықаралық келісімдерге қатысты: озон қабатын қорғау туралы Веналық конвенциясына және озон қабатын бұзушы заттардың Монреалдық хаттамасына, климат өзгеруі туралы БҰҰ  Рамалық конвенциясына, биоалуандылық туралы БҰҰ Конвенциясына, шөлденуге қарсы БҰҰ Кон­венциясына.




Ұқсас жұмыстар

Маркетингтің мәні, мазмұны және эволюциясы туралы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты
Аймақтық дамудың негізгі теориясы
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Жалпы экологияға кіріспе
Маркетингтің туризм индустриясында маңыздылығы
Атомдық энергетика – энергия көзі ретінде
Билік - әлеуметтік феномен ретінде
Жалға беруші төлейтін төлем есебінен, жалға алынатын жабдықтың толық амортизациясын білдіретін ұзақ мерзімді келісім шарт
Саясаттану пәнінен дәрістер кешені