Биоалуандылықтың маңызы:

1.  Экожүйелердің деңсаулығы. Мысалы, тек бір түрдің шығып қалуы, әр түрлі көрініске әкеледі – түрдің жойылуынан өз экожүйенің толық коллапсының жойылуына дейін. Бұл экожүйеде әр бір түрдің ролімен және басқа түрлермен байланысымен көрсетіледі.

2.  Адамзаттың деңсаулығы мен тіршілігінің негізгі ауыстырылмайтын жағдайы. Табиғатты тану адам үшін өте маңызды. Табиғат бізді әр түрлі байлықтарға үйретеді. Орман ішінде серуендеу, гүлдердің иісін сезу, таза ауаны жүту өте жақсы. Биоалуандылықпен байланысты байлықтар өте арнайы – табиғи өнімнен алынған қорек тағамдары және дәрі препараттарын дайындау шікі заты. Ешқандай өндіріс-техникалық әрекеті және осы саладағы ең үздік жетістіктер биологиялық алуандылықтың орнын басалмайды: күн энергиясын пайдалануымен органикалық заттың синтезін қамтамасыз ететін және биосфера жүйесінде барлықтарына (консументтерге, редуценттерге) тіршілік беретін негізгі продуцент болып жасыл өсімдіктер қалады. «...он (человек) всегда будет зависеть от хлоропластов зеленых растений, синтезирующих, используя солнечную энергию, органическое вещество на первых этапах длиной цепи питания, образующей биоценозы. Таким образом, человек всегда остается составной частью природной системы, основным законам которой он должен следовать.», одан ары «...Ведь степень цивилизации измеряется  не только количеством киловатт, производимых электроустановками. Она измеряется также рядом моральных и духовных критериев, мудростью людей, двигающих вперед цивилизацию, стремящихся обеспечить ей долговечность в наиболее благоприятной для ее процветания среде, в полной гармонии с законами природы, от котрых человек никогда не освободится» (француз ғалымы-зоолог Ж. Дорст, 1968).

3.  Адам әсеріне сергек болатын, биосфераның және оның құрамындағы биомдардың жағдайының өте маңызды биологиялық индикаторы. Қазіргі уақытта биоалуандылықтың қысқартылуы анық көрсетілген. 1600 ж. бері сүтқоректілердің 63 түрі, құстардың 74 түрі жойылды, олардың ішінде тур, тарпан, квагга-зебрасы, қалталы қасқыр, Стеллер теңіз сиыры, европалық тырна құтаны және т.б. Жер бетінен ақырғы 300 жылда құстар мен сүтқоректілердің жойылған алдыдағы 10000 жылмен салыстырғанда жоғары болады. Қазіргі әлемде күн сайын жануарлардың 1-10 түрі және апта сайын өсімдіктердің 1 түрі жойылады. Өсімдіктің 1 түрінің жойылуы олармен қоректенетін кіші жануарлардың (ең біріншіден, құрт-құмырсқалар мен нематодалардың) шамамен 30 түрінің жойылуына әкеледі. Біздің планетамыздың генофондының жоғалуы ғана емес, экологиялық қойманың төмен сатыдағы ағзалармен (бактериялармен және вирустармен) толуын жылдамдатамыз, олардың массалық таралуы мен мутациялары адам үшін қауіптілікті жасырады. Биоалуандылықты қорғау тұрақты дамудағы қоғамның құрылуында маңызды талаптардың бірі. Планетаның генофонды әр түрлі жүйелік топтардың генофондынан құрылады. Әр бір түрдің генофондың және оның популяцияларының генофондың сақтау қажет. Түр ең кіші генетикалық жабық жүйе. Әр бір популяцияда бір түрдің даралары өзара байланысты. Олардың қоршаған ортаға бейімделенуі ұқсас. Әр бір түр және оның популяциялары өзінің «эволюциялық өмірін» көрсетеді.анықталған жағдайды сақтағанда түр және оны құрайтын популяциялар шексіз ұзақ тіршілік етуі мүмкін.

4.  Әлеуметтік-экономикалық аспектісі. Мысалы:

·        АҚШ жалпы ұлттық өнімнің 4,5 % сирек түрлердің есебінен алады, бұл 87 млн доллар 1 жылда;

·        Эфиопалық арпаның 1 гены сары карликтік вирустан барлық калифорниялық арпаны қорғайды, бұл 160 млн. доллар 1 жылда;

·        Азиялық мемлекеттерде бидай мен күріштің жаңа сұрыптарын шығару арқасында 2 млн. долларға жылдық бюджет өсті;

·        Көне жабайы мексикалық өсімдік, жүгеріге тектес, жүгерінің қазіргі кездегі сұрыптарымен шағылыстыруда 5 млрд. долларды 1 жылда жинауға мүмкіндік береді;

·        Әлемде жабайы өсімдіктерден және жаратылыс өнімдерден шығарылатын дәрілердің бағасы шамамен 40 млрд. доллар 1 жылда құрайды.

Сөз жоқ, ғылым мен техниканың прогрессі адамзаттың тұрмыс жағдайын жақсартады және цивилизацияның дамуына әкеледі. Бірақ, сонымен бірге, масштабы бойынша болмаған табиғи ресурстар мен энергияның шығымын қажет етеді. Адамның осындай табиғи ортасына кірісуі жаратылыс тепе-теңдіктің елеулі бұзылуына, табиғи экожүйелердің деградациясының жылдамдатылған процессіне – шөлдену процессіне және биоалуандылықты елеулі жоғалтыуна соқтырды.

Түр алуандылығының қысқару себептері:

1.     Мекен орынның техногендік және антропогендік бұзылуы немесе деградациясы, аридизация мен шөлденудің жаратылыс процесстері (67 %);

2.     Шектен тыс қолдану (37 %);

3.     Интродукцияға жатқан түрлердің әсері, кездейсоқ немесе әдейі ареал шекарасынан шығарылған (19 %);

4.     Жем базасының жоғалуы, қысқаруы немесе нашарлауы (4 %);

5.     Ауыл шаруашылық өсімдіктерін, үй жануарларын, аулау объектілерін қорғау мақсатымен жою (3 %);

6.     Кездейсоқ аулау (2 %);

Биоалуандылықтың құрып кету типтері

Жер бетінде тіршіліктің пайда болу уақытынан түрлік алуандылық біртіндеп өсті. Бірақ өсуі біркелкі болмады. Ол түрдің пайда болуының жоғары жылдамдығы бар кезеңдерінің орнына өзгерістердің төмен жылдамдығы кезеңдеріне ауысумен жалғастырылды және массалық жоюлудын 5 бұрқ етуімен үзіліп отырды. Ең жоғары массалық жойылу Перм кезеңінің аяғында, 250 млн. жыл бұрын, болды, шамалық баға бойынша теңіз жануарларының барлық түрлерінің 77-96 % жойылды (сур. 3).

 

 

image

Сур. 3 Түрдің пайда болу жылдамдығы оның жойылу жылдамдығына тең болса немесе одан аспаса, биоалуандылық бір деңгейде немесе өсуде болады. Өткен геологиялық кезеңдерде түрлердің құрып кетуі жаңа түрлердің пайда болу есебінен теңесіп немесе өсіп отырды.  Бірақ қазіргі құрып кетудін жылдамдығы алдыдағы ғасырлардан 100–1000 есе асқан. Осы қазіргі құрып кетудін бұрқ етуін, кейбіреулер 6 құрып кету деп табады, ол негізінен адам әрекетімен шақырылады. Бұл түрлерді жоғалту теңдессіз, уникалды (ерекше) және қайтымсыз сипатын көрсетеді.

 


Ұқсас жұмыстар

Биоалуандылық және түрлер жіктелуі
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әлеуметтiк-экологиялық-экономикалық тиiмдiлiгi (Ақсу-Жабағылы қорығы мысалында)
Жердің экожүйедегі және қоғамдық өндірістегі орны және атқаратын рөлі
Биологиялық алуантүрлілікті сақтау мақсатында экологиялық торларды құрудың маңыздылығы
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда туристерге қызмет көрсету
Баламалы туризмнің бір түріне туристік маршрут құрастыру
Орман шаруашылығын ұйымдастыру
Маңғыстау облысының экономикалық-географиялық жағдайы
ТУРИСТІК- РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ АУМАҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Қазақстан Республикасының конституциясына сәйкес жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды реттеу Заңы