Қолдану саласы

Қолдану саласы

            «Қазіргі мектепте интерактивті оқыту әдістері» пәнінің электрондық оқу-әдістемелік кешені  қашықтықтан оқыту технологиялары (ҚОТ) бойынша оқитын 5В010200-Бастауыш оқытудың әдістемесі мен  педагогикасы мамандығы бойынша 2 курс ПЗУ-225 топ студенттеріне арналған. ПЭОӘК студенттерді курс кіріспесімен, мазмұнымен, өзектілігімен, қажеттілігімен, белсенділігімен және студенттің оқу үдерісінде қандай дағдылар мен іскерлікті үйренетінімен таныстырады.

Пәнді ҚОТ бойынша оқу кезінде ПЭОӘК негізгі құрал болып табылады.

Нормативтік сілтемелер

  Осы «Қазіргі мектепте интерактивті оқыту әдістері» пәнінің электрондық оқу-әдістемелік кешені  (ПЭОӘК) берілген пән бойынша оқу үдерісін ҚОТ пайдалана ұйымдастыру ретін анықтайды және келесі құжаттардың талаптары мен ұсыныстарына сәйкес әзірленген:

5В010200-Бастауыш оқытудың әдістемесі мен  педагогикасы  мамандығына Білім беру бағдарламасы ҚР «Білім беру туралы» Заңы»; ҚР 2011-2020 ж. білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы негізінде құрастырылған.

Жалпы ережелер

·   Оқытушының тегі, аты, жөні  – Тұрғанбаева Бейбітгүл Шәкәрімқызы

·   Кафедра – педагогика

·   Хабарласу ақпараты – тел: +7 (7222)531100, Оқу ғимараты2

·   Контактілі сабақтардың өткізілу орныпедагогика кафедрасы, аудитория № 304

·   Пән атауы«Қазіргі мектепте интерактивті оқыту әдістері»

·   Кредит саны3

 

Жұмыс оқу жоспарынан көшірме

1 кесте

Курс

Семестр

Кредиттер

Аудиториялық жұмыс

СӨЖ

(сағ)

Барлығы

(сағ)

Қорытынды бақылау түрі

АС (сағ)

ҚК (сағ)

2

4

2

6

6

8

24,4

емтихан

2.3.1 Пәннің қысқаша мазмұны.

Курстың мақсаты:

Бастауыш оқытудың әдістемесі мен  педагогикасы  мамандарын даярлауда «Қазіргі мектепте оқытудың интерактивті әдістері» пәнінің маңызы зор. «Қазіргі мектепте оқытудың интерактивті әдістері» бағдарламасы бастауыш сынып оқушыларының  тәрбиесінің, бастауыш сыныпта интерактивті оқыту әдістерінің дамуы  туралы шетел және отандық ғылыми еңбектер мен тұжырымдар басшылыққа  алынып жасалынды. Студенттер бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеуде интерактивті оқыту туралы теориялық және практикалық білімді меңгереді.

Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық "жаңалық” ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек. Интерактивті оқыту – бұл таным іс-әрекетін ұйымдастырудың арнайы нысаны.  Ол толық нақтылықты және болжамды мақсаттарды анықтайды.

«Қазіргі мектепте оқытудың интерактивті әдістері» курсы педагогикалық технологияны іске асыру  механизмі  шығармашылық өзін-өзі дамыту іс-әрекеті, ол: өзін-өзі анықтау, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту. Кәсіби  шеберліктің жоғарғы шегі шығармашылық  еңбек, оқу- тәрбие үрдісін жаңашылдықпен, өзгеріспен құрай білуі, яғни инновациялық  қызметті жүзеге  асыру.

Оқытудың интерактивті әдістері студенттерге рөльдік ойындар арқылы әр түрлі жағдайда әсерді сезінуге жол ашады, әр түрлі білімдерді синтездеу кезінде шығармашылық  өнім жасауға жағдай жасайды, дегенмен  түрлі жағдаяттар мен мәліметтерді талдап, сараптап, зерттеу барысында жаңалық ашуға көбірек мүмкіндік береді.

«Оқытудың интерактивті әдістері»  дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде студенттердің өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді.

Оқытудың интерактивті әдістері тиімділігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың бірлескен әрекет ережелерін мойындай отырып, өзара әрекеттесуге ұмтылуын, топтық рефлексияның дамып, ұжымдық ынтымақтастықтың қалыптасуын, ал әсерлілігінің ішкі көрсеткіштері ретінде оқушылардың өз міндеттері мен құқықтарын түсіне отырып, өзара әрекет дағдыларын меңгеріп, топтық жұмысқа дайын болуын, оқу әрекетінің субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға болады.

Курс міндеті:

·        болашақ мамандарды оқытудың интерактивті әдістерін қолдануда заңдылықтарымен, қағидаларымен болашақ мамандарды қаруландырып, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру;

·        Бастауыш сынып мұғалімінің бала тәрбиесіне және дамуына, оларды ұйымдастыру әдістері мен формасы туралы педагогикалық білім жүйесін қалыптастыру;

·        Практикада  теориялық білімін қолдана білу біліктілігін дамыту.

·        Болашақ  маманның шығармашылық негізін қалыптастыру.

·        Бастауыш сынып оқушысын  тәрбиелеуде шығармашылықпен жұмыс жүргізуге үйрету.

·        Болашақ  маманды ғылыми ізденіске, ғылыми әдіснамалық  жұмысқа үйрету

·        Интерактивті оқыту әдістері студенттерге рөльдік ойындар арқылы әр түрлі жағдайда әсерді сезінуді, әр түрлі білімдерді синтездеу кезінде шығармашылық  өнім жасауға

·        түрлі жағдаяттар мен мәліметтерді талдап, сараптауды қалыптастыру.

1.3 Пререквизит;  жалпы білім беретін мектептердің бағдарламасындағы гуманитарлық  пәндер бойынша білім.

1.4 Постреквизит; «Интерактивті оқыту әдістері» курсын оқыту негізінде білім мен білік  дағдысын қалыптастыра отырып  педагогика, тәрбие жұмысының әдістемесі, әлеуметтік педагогика, педагогикалық шеберлік және басқа  педагогикалық циклдардағы пәндерді меңгеру.

            Әдебиеттер және қорлар

  Негізгі әдебиет және қорлар

Негізгі әдебиеттер:

1.    Исаева З.А., Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Активные методы и формы обучения в высшей школе: Учебное пособие для вузов. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 122 с.

2.    Коростылева Л.А. «Психологические барьеры и готовность к нововведениям» СПб., 1996, 66 стр. 

3.    Мясоед Т.А. «Интерактивные технологии обучения. Спец. семинар для учителей» М., 2004 

4.    Пидкасистый П.И., Хайдаров Ж.С. «Технологии игры в обучении и развитии» М., 1996, 268 стр. 

5.    Суворова Н. «Интерактивное обучение: Новые подходы» М., 2005. 

6.    М.М.Жампеисова. модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде /Аударған Д.А.Қайшыбекова/ – Алматы, 2006 ж.

7.    Сайт www.albest.ru, www.tor.kz 

               Қосымша:

1.    1

1.      Кайкенова Ж.К. Интерактивные формы и методы обучения государственных служащих: учебно–методическое пособие. Астана, 2008 г.

2.    2

2.      Подласый И.П. Педагогика: Новый курс: Учеб. для студ. высш. учеб. заведений: В 2 кн. – М.: Гуманист. Изд. Центр ВЛАДОС, 2001г. – Кн. 1: Общие основы. Процесс обучения.

3.    3

3.      Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса: учебное пособие. – Алматы, 2002г

4.    4

4.      Активные и интерактивные методы и формы обучения студентов: Практикум /сост. Г.Б. Ахмеджанова, Ж.А. Шалдыбаев, С.Ш. Кадысов. – Павлодар: Кереку, 2009.

5.    5

5.      Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе: контекстный подход. – М., 1991.

6.    6

6.      Селевко Г.К. Авторские программы, педагогические технологии, инновационные школы. - Ярославль, 1997г

7.    7

7.      Коротаева Е. В. Обучающие технологии в познавательной деятельности школьников. – М.: Сентябрь, 2003г

8.      Жаңашыл педагогтар іс-тәжірибелері. – Алматы,1991.

Пәннің мазмұны және пәннің модульдік бөлінуі

  Модульдар бойынша пән мазмұны

Модуль №1

Тақырып-1. Оқытудың интерактивті әдістерінің негіздері.

1.    Оқытудың интерактивті әдістерінің негіздері.

2.    Интерактив, оқытудың интерактивті әдістері туралы ұғым.

3.    Оқытудың интерактивті әдістерінің маңызы.

Модуль №2

Тақырып-2. Жаңа ақпараттық тенологиялардың тиімділігі.

1.    Білім сапасын арттырудағы ақпараттық технологияның мүмкіндіктері.

2.    Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту;

3.    Тұлғаны бағыттап-бағдарлап оқыту технологиясы;

Модуль №3

Тақырып-3. Интерактивті оқытулар: жаңа тәсілдер.

1.    Интерактивті әдістердің мәндік ерекшелігі.

2.    Оқудың интерактивті әдістері үлгілері.

3.    Оқытудың сөздік әдістер.

4.    Оқытуда машықтық әдістер.

5.    Оқытудағы көрнекілік әдістері.

Модуль №4

Тақарып-4. Мектеп мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті

1.    Инновациялық білім беру жолдары.

2.    Педагогтың инновациялык іс-әрекет белгілері.

3.    Оқудың интерактивті әдістерін пайдаланумен өткізілетін сабақ тренинг туралы түсінік.

Модуль №5

Тақырып-5. Қазақстандық жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі.

1.    Архимед Мыңбайұлы Ысқақовтың ұстаздық қызметі.

2.    Негізгі идеялары мен тәжірибелері

3.    Қ.М.Нұрғалиевтың негізгі идеялары мен педагогикалық тәжірибесі

4.    Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева– Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі.

5.    Шалва Александрович Амонашвили- жаңашыл педагогтің қызметі.

6.    В.Ф.Шаталов тәжірибесі.

7.    С.Н.Лысенкова – Ресей педагогының әдістемесінің негізі және т.б.

СӨЖ тақырыптары тізімі және мазмұны

       СӨЖ тақырыптары мен мазмұны

(Семестр бойы студент кестеде берілген СӨЖ тақырыптарының ішінен бір тапсырма таңдап, график бойынша 7-аптада көрсетілген тапсырмаларды тапсыруы қажет)

СОӨЖ тапсырмаларының кестесі.

Тапсырма мазмұны

Мақсаты

Әдебиет

Формасы

Өтілу

мерзімі

Ұпай саны

Сағат саны

1.     

Оқытуда интерактивті әдістері туралы түсінік

Оқытуда интерактивті әдістерінің маңыздылығы

1.                 С.Т.Мұхаметжанова, Ж.Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен   жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008ж.

2.А. Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру технологиялары. Қазақстан мектебі, №2, 2000

Тұрлыханова М. Педагогикалық технологиялар оқу үрдісінде. Алматы, 2000.

Реферат.

7 апта

30 ұпай

3

2.      2

2.

Жаңа ақпараттық технологиялар

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту

Әлімбекова А.С. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру тәжірибесінен //Білім- Образовангие.// №2(8), 2002

Оқытудың инновациялық әдістері мен түрлері бойынша тренингтік сабақ жоспары;

Өзін-өзі тексеру сұрақтарда көрсетілген іскерлік инновациялық   белсенді оқыту әдістері мен формалары бойынша  оқыту жоспары;

7 апта

30 ұпай

3

3.     

3.

Белсенді оқыту әдістері

Белсенді оқыту әдістерінің маңыздылығы

Исаева З.А., Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Активные методы и формы обучения в высшей школе: Учебное пособие для вузов. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 122 с.

Өзін-өзі тексеру сұрақтарда көрсетілген іскерлік инновациялық   белсенді оқыту әдістері мен формалары бойынша  оқыту жоспары;

7 апта

30 ұпай

2

3 кесте

Пәнді оқу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар

            Курс программасын меңгеру. «Қазіргі мектепте интерактивті оқыту әдістері» курсын көрсетiлген бағдарлама бойынша меңгеру қажет. Негiзгi ұғымдар мен анықтамаларды меңгеру қажет.

Студенттiң өздiк жұмысы пәннiң сабақтарын  толықтыратын маңызды және жауапты бөлiмi. Өздiк жұмысқа жекелеген  теориялық бөлiмдер, жеке бағдарламалар құру т.б. жатады. СӨЖ-н бақылау ауызша  және жазбаша бақылау,  рефератттар және оқыту жоспары түрiнде алынады.

Реферат титулды парақтан, мазмұннан, кiрiспеден, негiзгi бөлiктен, қортындыдан, қолданылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

Өздiк жұмыстар мен рефераттарды толтыру универститеттiң стандартына сәйкес келуi тиiс.

     Аралық бақылауда  өтiлген тақырыптар бойынша ауызша және жазбаша бақылау жұмыстары, емтихан сұрақтары берiледi

           

Курс форматы

Аудиториялық сабақтар келесi түрлерден: дәрiстер (Д), практикалық (Пр) сабақтардан, СОӨЖ жартысынан тұрады.

Тақырыптардың барлығы дәрістік, лабораториялық, практикалық сабақтарда берілген, қалғаны өздiгiнен орындалады.

Дәрiстiк, лабораториялық, практикалық  сабақтарды орындау  мiндеттi.

Аралық аттестация қортындылары студенттiң сабаққа қатысуын, өздiк жұмыстарын өз уақытында орындауын, сабақ үстiнде жауап беруiн, аралық бақылау нәтижелерiн ескере отырып қойылады.

Олар мiндеттi түрде айтылған уақытында тапсырылуы тиiс. Өз уақытынан кеш тапсырылған бақылау жұмыстарына автоматты түрде төмен баға қойылады.

Студенттердiң бiр-бiрiнен көшiргенi немесе плагиат (дайын тапсырманы көшiру) үшiн оған курс бойынша “қанағаттандырарлықсыз” деген баға қойылады.

           

Курс саясаты

Осы курсты оқығаннан кейін студент .... міндетті:

1) әрбір тақырыпқа конспект жазуға;

2) дәрістік, практикалық, практикалық сабақтарды оқуға;

3) оқулық материалдары бойынша өз бетімен практикалық үй жұмыстарын көрсетілген уақытта орындауы;

4) апта сайын кеңестік сабақтардың алдында қысқаша тестік тапсырмалар берілуі мүмкін.

           

Баға қою саясаты

            Әрбір студент пән бойынша жеткілікті рейтинг алуы үшін белгілі балл санын жинауы тиіс. Баллдардың максималды саны:

1-рейтинг нәтижесі бойынша 1-8 апталарда – 30 балл,

2-рейтинг нәтижесі бойынша  9-15 апталарда – 30 балл.

Пән бойынша семестрде максималды балл саны – 60.

           

Пән бойынша баллдардың бөлінуі төменде 5-кестеде берілген.

Бақылау мерзімдері 8-аптаның соңы және 15-аптаның соңы. Уақытында өткізілмеген тапсырма мен тестерді 15-аптада тапсыруға болады, бірақ егер студент себепсіз уақытында орындамаса, оларға айыппұл салынып, баллдың 60% ғана қойылады.

           

Студент білімін бақылау

Студенттің білімін бақылау келесі түрде жүргізіледі:

·         ағымдағы бақылау (әр модуль соңында жүргізіледі)

·         межелік бақылау тестілеу түрінде (8 және 15 апталарда)

·         қорытынды бақылау – семестр соңында бір рет жүргізіледі (емтихан және курстық жұмысты (жобаны) қорғау, мамандықтың  МЖМБС-на сәйкес).

     Студент пән бойынша емтиханға жіберілуі үшін оның семестрдегі жиынтық рейтингілік бағасы 50% тең немесе артық болуы тиіс. Қорытынды баға 1 және 2 рейтинг пен емтихан нәтижесі бойынша есептеледі: 1-рейтинг нәтижесінің 30% + 2-рейтинг нәтижесінің 30% + емтихан нәтижесінің 40%  қосындысына тең.

Пән бойынша қорытынды баға келесі шкала бойынша анықталады (4 кесте).

Әріптік, баллдық және пайыздық эквиваленттегі бағалар шкаласы

4 кесте

Әріптік жүйедегі баға

Баллдың цифрлық эквиваленті

Пайыздық мөлшері

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95 – 100

Өте жақсы

А–

3,67

90 – 94

В+

3,33

85 – 89

Жақсы

В

3,0

80 – 84

В–

2,67

75 – 79

С+

2,33

70 – 74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65 – 69

С–

1,67

60 – 64

D+

1.33

55 – 59

D

1,0

50 – 54

F

0

0 – 49

Қанағаттанарсыз

I

NA

-

Аяқталмаған

P

-

өтті

Пәнді өтті

           

Қашықтықтан кеңестер беру және оқу үдерісінің күнтізбелік графигі

           

5 кесте

р/б

Апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

Жиыны

1-рейтинг

1

Бақылау түрі

1МБ

30

балл

2

Баллдар

30

3

Кеңестер

КБ

КБ

р/б

Апталар

9

10

11

12

13

14

15

Жиыны

2-рейтинг

1

Бақылау түрі

2МБ

30

балл

2

Баллдар

30

3

Кеңестер

ОК

ОК

Белгілеулер: ТМ-модуль бойынша тапсрма; МБ-межелік бақылау; OК – онлайн кеңес;


Ұқсас жұмыстар

Ойылудың негізгі қауіп факторлары
Қылмыс құқығы ұғымы, міндеттері, принциптері
Қылмыстық заң, қылмыс пен жаза қылмыстық құқықтың негізгі ұғымы
Педагог мамандарды даярлауда ақпараттық құзырлығын қалыптастыру
Білімді қабылдау тәсілдері және мәселелері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, МІНДЕТТЕРI МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Қылмыстық құқықтың түсінігі
Қылмыстық құқық міндеттері мен заңға принцептері
Қылмыстық құқықтың принциптері, міндеттері
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдануда пән мұғалімдерін дайындау