Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.    Вертуалды саяхат?

2.    Мультимедиалық технологиялар?

3.    Тестік технология?

4.    Виртуальды  семинарлар мен  консультациялар?

5.    Оқыту орталары?

Зертханалық сабақ № 2.

Тақырыбы  «Ақпараттық-іздеу және ақпараттық-анықтамалық оқыту жүйелері»

Дидактикалық мақсаты: зерттеу.

Ұйымдастыру әдісі: Зертханалық жұмыс.

Оқыту технологиясы мен әдістері: кітаппен жұмыс

Оқуыту құралы:арнайы  және оқу-әдістемелік әдебиеттер, программалық құралдар.

Студенттерге алдын-ала дайындау: жоспармен танысып 1-2 тапсырманы орындау.

Теориялық мәліметтер

Негізгі түсінік: ақпараттық-іздеу және ақпараттық-анықтама системасы.

Әдістемелік талдау

Ақпарат көлемінің ұлғаюымен бірге индустриалдық өндіріс күрделіленіп, әлеуметтік, экономикалық, саяси өмірдің, адамзат қызметінің барлық саласындағы процестердің динамикалық өзгерісі өтеді, бұл біріншіден, білім қажеттілігінің артуына әкелсе, екіншіден, осы қажеттіліктерді қанағаттандыратын жаңа құралдар мен тәсілдерді құруға әкеледі.

Есептеуіш техника мен ақпараттық технологиялардың дамуында да сапалық өзгерістер болды. 80 жылдардың ашық жүйелердің архитектурасы мен стандарттары даму жолына түсті. 80 жылдардың аяғы мен 90 жылдардың басында бүкіл әлемде үш революциялық феномен танылды. Олар компьютерлендірілген мекемелер мен адамдардың қызметінің сапасына өзгерте отырып, барынша практикаға кеңінен енгізілді.

Бірінші феномен дербес компьютермен ұсынылатын мүмкіндіктердің пайдаланушыға тұрақты тиімділігіне негізделеді. Бұл феномен ақпараттық, жобалық, басқару іс-әрекетінің көп түрлерінде міндеттің қойылуы мен оның орындалуы арасына дәнекер болатын пайдаланушы – орындаушылар (машинистка, сызушы, іс-қағаздардың жүргізуші және т.б.) қажеттілігінің жоғалуымен сипатталады.

Екінші феномен бір жобамен жұмыс істейтін бір топ пайдаланушылардың келісілген, бірлескен жұмысының компьютермен сүйемелденуімен сипатталады. Бұл феномен жобаның әртүрлі бөлігіне топ мүшелердің кіруі мен басқаруын қамтамасыз ететін әдістердің жиынтығы негізінде пайда болды. Нұсқаларды басқару мен құжаттарды жөндеу, сондай-ақ, жұмыстың біртіндеп және қатар орынндалу барысындағы келісілген іс-әрекетті жүзеге асыруы мүмкін болды.

Үшінші феномен кез келген ақпаратты алмастыру мүмкіндігінің артуына негізделеді. Ол дәлірек айтқанда, стандартталған хаттамалар негізінде жергілікті және ауқымды желілердегі қолданбалы деңгейде мәлңметтер алмасуды жүзеге асыру негізінде пайда болды.

Жұмыс жоспары.

1. Бір тақырыпты таңдап ал.

2. Материалды түсініп оқы.

3. Парталдағы толықтырылған материалдарды қарап, парталмен жұмыс істеуді үйрен. 

4. 1 – 3 тапсырмасын орында, жауабын жазбаша бер

II Ақпараттық білім берудң құрамы.

Кестені толтыр жоғарыдағы материалдарды оқи отырип . (Кесте. 7.1).

Кесте 7.1

Тақырып аты

Мадельдеу этаптары

Программа-лар

Технологиясы

Алгоритмі

Нәтижесі


Ұқсас жұмыстар

Ботаника ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Математикалық физика теңдеулері
КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Дүниетану пәнінен дәріс кешені
Металдар
Көркем мәтінді тілдік талдаудың әдістемесі
Ықтимал теориясы
Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар пәні бойынша оқу әдістемелік нұсқау
Қазақ этикасының зерттелуі
Оқушылардың оқу жетістіктерін сапалы бағалау