Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Мультимедиалық окыту деген не? Қандай түрлері бар?
2. Технология деген сөздін мағынасы?
3. Мультимедиалық технология дегенді қалай түсінесіз?
4.Ақпараттық технологиа дегеніміз не?
5.Білім беру процесі
Зертханалық сабақ № 4
Тақырыбы «Интернеттегі білім бақылау жүйелері»
Дидактикалық мақсаты: зерттеушілік.
Ұйымдастыру тәсәлдері: зертханалық жұмыс.
Оқыту технологиясы мен әдістері: кітаппен жұмыс, жаттығулар іздеу.
Оқыту құралы: оқу—әдістемелік және арнайы әдебиеттер, бағдарламалық құралдар.
Жұмысты орындаудың жалпы талабы
Аспаптық құралдар ретінде келесі талаптарды қанағаттандыратын компьютерлік тесттілеу жүйесін (КТЖ) мақсатқа лайықты қолдану:
· Тесттік тапсырмаларды дайындаудың қарапайымдылығы (тапсырмалар компьютерді төмен деңгейде меңгерген мұғалімдер де құра алады).
· Қолданудың кең диапазоны (пәннің кең спектрінде тесттерді дайындау үшін қолдану мүмкіншілігі).
· Тесттік тапсырмалар қорын басқарудың қолайлы жүйесі (тапсырмалар қорын біріктіру, өшіру және қосу).
· Тесттілеу нәтижесі бойынша статистикалық ақпараттарды өңдеу және жинау жүйесі болуы шарт ( тесттіленетіндер және тесттік тапсырмалар үшін).
· Оқу үрдісінде білімді жедел бақылауды ұйымдастырудың оңайлығы
· Тапсырмаларды шешудің қолайлы құралдары (мысалы, жетілдірілген мүмшілікті микрокалькулятордың бар болуы)
· Біріктірілген мультимедиалық мүмкіндіктер)
· Тұтастық (тестілеу жүйесі бірнеше жүз тесттік тапсырмалардың санымен бірге бір дискетаға сыйуы керек).
· Жүйелік талаптардың төмендігі (Windows 95/98/NT жеткілікті).
Компьютерлік желілердің қарқынды дамуы студенттердің жергілікті компьютерлік желі немесе Интернет желісіне қосылған, серверлерде орнатылатын интерактивті Web-тесттер көмегімен қашықтан тестіленуінің перспективасын көрсетті. Білім беруде осындай ақпараттық технологиялардың кең таралуы оқыту үрдісін тек жоғарылатып қана қоймай, сонымен қатар еліміздің бастаушы университеттерінде потенциалды тыңдаушылар аудиториясын әжептәуір көбейтеді, Web – желінің жұмысына арналған тесттердің өңделу үрдісінің жұмыс көлеміне кедергі келтіреді.
Кері жағдайда әр түрлі салалардың мамандар ұжымының бірлескен жұмысы қажет болады. Бұл жағдайлар Web-кітапшаларды құрудың еңбек көлемін, қашықтықтан білім беру формасының даму процесін белгілі бір деңгейде әжептәуір көтереді, СПбГТУ қашықтықтан білім беру орталығында пән курсына инвариантты, әмбебаб және Интернет/ Интернет желі үшін тестерді өңдеу аумағын практикалық қолдануда қолайлы және қарапайым "Web-Тест Конструктор" (W-TK) құру әрекеті жасалды.
Интерактивті мультимедиалық Web-тесттерді өңдеудің аспатық аумағы
Құрастырылған W-TK бағдарламалық өнім негізінде ізделінді Web-тесттің мәтінінен тұратын HTML – беттің динамикалық құрулары принципі берілген. Бұл үшін Web-тесттер құру үшін мәліметтер шығарылымы (тесттегі тапсырмалар саны мен мәтіні, ұсынылған жауаптар саны және жауаптар варианты, дұрыс жауаптың «бағасы» және бағалану үшін жиналған қажетті балл саны, тестті орындау және т.б. үшін қажетті уақыт) негізінде JavaScript тілінің бағдарламаларымен бірге HTML – беттің әмбебаб шаблондары жасалды. W-TK бағдарламалық аумағынның қатты дискте алатын жалпы жады көлемі 1,2 МВ-тан аз емес. Олардың өзіндік орындалатын 820 КВ өлшем шамасында exe-модульбар, ал қалғаны help-файл көмегі үшін иалап етіледі. Браузер терезесінде орналасқан мәтіннің генерирленген фрагменті түріндегі "Web-тест конструктор" жұмысының нәтижесі 4.2.2. суретте көресетілген. Суретте сұрақтар мәтінінен және жауап нұсқаларынан басқа қолданушының тегі мен басқа да мәліметтер енгізуге арналған өріс, сонымен қатар тапсырманы орындауға кеткен уақытты көрсететін таймер тақтасы келтірілген. Ескертетін жайт, қалған уақыт браузердің статустық жолында да көрсетіледі.
Ботаника ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Математикалық физика теңдеулері
КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Дүниетану пәнінен дәріс кешені
Металдар
Көркем мәтінді тілдік талдаудың әдістемесі
Ықтимал теориясы
Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар пәні бойынша оқу әдістемелік нұсқау
Қазақ этикасының зерттелуі
Оқушылардың оқу жетістіктерін сапалы бағалау