Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Компьютерде есептеу беруді қалай түсінесіз?
2. Ақпараттық модель?
3. Модельдерді қай параметрлер бойынша сапалық бағалауға болады?
4. Білім берудің ұлттық моделі дегеніміз не?
5. Модельдеу деген не?
Зертханалық сабақ № 5 .
Тақырыбы «Оқу орталары және жаттықтырушылар»
Дидактикалық мақсаты: зерттеу.
Ұйымдастыру әдісі: тәжірибелік.
Оқыту технологиясы мен әдістері: оқу-әдістемелік жоба.
Студенттерді алдын-ала дайындау: тапсырманы орындау.
Теориялық түсініктеме
Дифференциялдық ішікі пәндерді жұмысына сәйкес әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды ұсынуға болады.Предлагаемые разноуровневые задания соответствуют работе по внутрипредметной дифференциации, так как есть:
· 3 деңгейдегі нұсқалары бар;
· Материалдың көлеміне қарай ерекшеленеді.
Информататиканы терең үйренетін сыныптар үшін әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар дайындауға қойылған.
Барлық тапсырмалар әртүрлі қиындық деңгейіне байланысты берілген және 3 топқа бөлінген.
I деңгейдегі тапсырма – базалық. Оқушылардың барлығы орындайтындай болуы тиіс.
II және III деңгейдегі тапсырмалар– қиындықты көтеру.
Олардың жұмысы логикалық ойлауды дамыту стандартты емес шешімді қабылау, техникалық білімді көбірек талап етеді.
Тапсырманың мазмұнды жағына ғана емес, сонымен бірге қиындық деңгейі оқушыларды таңдауда құқылы.
Бастапқы қолдануда I , II және III деңгейдегі тапсырманың қайсысын таңдауы барысында оқытушы көмек беріп, әртүрлі деңгейдегі тапсырманы бағалау критерийімен таныстырады
Әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды жүйелі қолдану оқушылардың таңдауына байланысты.
Үйрену дәрежесі
Түрлі деңгейлі тапсырмаларды құрастырғанда оқушы қандай білімді, іскерлікті және дағдыны игеру керектігін ескеру керек.
Оқытудың бірінші деңгейінде (білім беру жүйесінің репродуктивті типі) оқушы білу керек:
- оқу материалын мазмұндау керек;
- мұғалімнің айтқанын өз ойын қоспай мазмұндай алу керек;
- есепті бір формуланы қолдану арқылы шеше алу керек (негізгі формуланы және ақпараттың өлшем бірліктерін біле тұра);
Оқытудың екінші деңгейінде (білім беру жүйесінің реконструктивті типі) оқушы білу керек:
- сабақ барысында алған немесе оқулықтан оқыған білміне негізделіп мұғалімнің кез – келген сұрағына жауап бере алу керек;
- Анықтамалардың, формулалардың , мөлшерлердің мәнін ұғыну ;
- оқылып жатқан материалдар тақырыптарының арасында байланысты орната алу керек;
- 2 және 3 формуланы пайдаланып, алгоритмнен стандартты есептерді шеше алу керек;
Оқытудың үшінші деңгейінде (білім беру жүйесінің вариативті типі) оқытылу материалы негізінде оқушыға жаңа анықтамалар мен формулаларды түсіндірудің сәйкес келуі; білімді жаңа оқу үрдісінде қолдану. Осы деңгейге жатады:
- алдын ала қаралмаған үлгідегі есептерді шешу;
- - әр түрлі ақпараттық модельдердің оптимальды алгоритмдері және есептерді шешу әдістерін құру.
Оқытудың төртінші деңгейінде (шығармашылық). Бұл деңгейге әр түрлі ақпарат көздерін қолданатын хабарламалар және баяндамаларды жатқызуға болады. Сонымен қатар өзіндік шешімдер және оқытылған әдебиеттерге тікелей қатысы жоқ жалпылауларға негізделеді.
Әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар, оқушылардың білімін бақылау жүйесінде оқу материалының меңгеруін түрлі деңгейде тексеру қолданылады.
Қортынды тексеруде пәнді әр түрлі дейгейде, реродуктивті типтен жетілдірілген деңгейге дейін меңгеруі тексеріледі.
Информатикада практикалық іскерлікті тексеру барысында мыналарға ерекше назар аудару керек:
- DOS жүйесінде немесе WINDOWS аумағында негізгі амалдарды орындауға;
- дербес компьютердің түрлі құрылғыларымен негізгі жұмыс дағдысын білуге;
- түрлі ақпараттық технологиялардың негізгі жұмыс дағдысын білуге;
Оқушылардың білімін тексерудің қортынды формасы - тест, есеп, теориялық өздік немесе бақылау жүмысы, практикалық жұмыс.
Әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды қолдануға әдістемелік нұсқау
Түрлі деңгейдегі тапсырмаларды мұғалім оқытудың түрлі сатысында және сабақтың түрлі сатысында пайдалана алады.
Бақылау тесттері, бұл жұмыста берілген тақырыптағы теориялық материалдарды өткізгеннен кейін оларды мақсатқа лайықты жүзеге асыру керек.
Тесттік бақылаудың мақсаты – оқушыны оқытудың нәтижесін тексеру және бағалау.
Тесттік тапсырмалар әр түрлі деңгейлі күрделілікте болады.
Келтірілген тізімнен таңдау - бұл
I күрделілік деңгейі. Қарапайым тесттік тапсырмалар. Мысалы:
А) Позициялық емес санау жүйесін таңда
· ондық с/с;
· екілік с/с;
· үштік с/с;
· римдік с/с.
ІІ күрделілік деңгейіне мектеп бағдарламасына қарастырылған ұғымдар,бірақ күрделі анықтамалары бар тесттік тапсырмалар келтірілген. Мысалы:
В) Қандай санау жүйесінде әр санның өлшемі оның позициясына тәуелді емес, тек оның жазылуымен анықталады?
ІІІ күрделілік деңгейіне жазылцында пәннің мазмұны қарастырылмайтын ұғым пайдаланылатын тапсырмалар жатады.
Бұл тесттік тапсырмалар типі:
С) Көпмүше түрінде жазылған екілік сан:
1*24+0*23+1*22+0*2+11*20 Оның ондық түрі қандай?
Мәтіндік тапсырмалар бақылау сатысында ғана қолданылмайды, сонымен қатар ағымдық салада тақырыпқа,сбаққа кіріспе сатысында, оқушылардың білімін тексеру кезінде, аттестациялық тесттілеуге дайындық кезінде қолданылады.Тесттік тапсырмамен жұмыс оқу материалымен тағы бір рет жұмыс істеуге ынталандырады.
Тесттің өткізу уақыты 20 – 30 мин (сыныптың дайындық деңгейіне байланысты).
Ботаника ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Математикалық физика теңдеулері
КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Дүниетану пәнінен дәріс кешені
Металдар
Көркем мәтінді тілдік талдаудың әдістемесі
Ықтимал теориясы
Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар пәні бойынша оқу әдістемелік нұсқау
Қазақ этикасының зерттелуі
Оқушылардың оқу жетістіктерін сапалы бағалау