Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Бақылау деген не ?
2. Бақылаудың түрлері?
3. Ауызша бақылау әдісі?
4. Бақылаудың шарттар?
5. Бақылауға тән мақсаттар мен ерекшеліктер, оның маңызды міндеттерін атаңыз?
Зертханалық сабақ №7.
Тақырыбы «Білім берудегі басқару жүйелері»
Дидактикалық мақсаты: іздеушілік, зерттеушілік.
Ұйымдастыру тәсілдері: тәжірибелік.
Оқыту технологиясы мен әдістері: кітаппен жұмыс, іздеу жаттығулары, ақпаратты құрылымдау, оқу дискуссиясы.
Оқуыту құралы:оқу-әдістемелік әдебиет, программалық құрал.
Студенттерді алдын-ала дайындау: материалды оқу және жүйеленген және хабарланған сабақ тақырыбын таңдап алу.
Теориялық түсініктеме
Негізгі түсінік: ақпарат, тіл, жүйе, білім, дәреже, басқарма, жасанды интеллект.
Мазмұнды-әдістемелік талдау
Информатика - ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.
Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып, олардың даму процесі үздіксіз ғылыми-техникалық процеске айналып отыр. Сонымен қатар информацияны өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске үшырайтын ғылыми пән болып саналады да, оны оқып-үйрену күннен күнге күрделіленіп барады.
Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шикізаты мен беретін өнімі информация болып саналады. Сондықтан "информация" ұғымы информатика мен ЭЕМ-де жұмыс істудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі.
Дидактикалық материалдар
I. Тапсырмалар нұсқасы
Тапсырма 1. 1 сабақтың 1 тапсырмасының 14.6 тақырыпшасында көрсетілген кестеге сәйкес хабарлама сабақтың конспектін жасап оны жүйелеу керек. Хабарлама сабақтың ерекшеліктерін ескере отырып оның қасиеттерін конспектіде көрсету керек: информатика пәні жайындағы оқушылардың теориялық білімді меңгергендігін және бағалануын көрсету, сұрақтарға деген жауаптарын бағалау керек.
Хабарлама сабақтар және жүйелеудін тематикасы.
а) Сабақ -семинар
№ 1. Информатика как синтез науки и технологий.
№ 2. Ақпараттық қоғам.
№ 3. «Ақпарат» түсінігі.
№ 4. Геоақпараттық жүйелер.
б) Сабақ – проблемалық дискуссия
№ 5. Ғылым жүйесіндегі информатиканың орны мен әртүрлі әсері
№ 6. Информатиканың әлеуметтік аспектілері.
№ 7. Информатиканың тілдік аспектілері.
№ 8. Бизнесті қайта жоспарлау және ақпараттық технологиялар.
в) Сабақ шығармашылқ тапсырма
№ 9. Эксперттік жүйелер.
№ 10. Интернеттегі телеконференция.
№11. Әлеуметтік зерттеулердің математикалық нәтижелерін информатикалық технологиялар арқылы жүзеге асыру.
№12. Жоспарлау және басқару саласындағы математикалық өңдеу информатикалық технологиялары.
Тапсырма 2. Берілген тақырыпта алдындағы берілген білімді бақылау және қайталау сабағының конспектін 1 сабақтың, 1 тапсырмасының 14.6 тақырыпшасына сәйкес жасау керек. Білімді бақылау және қайталау сабағының ерекшеліктерін ескеру керек, сондықтан конспектіде төмендегідей негізгі этаптарын көрсету керек: тапсырманы мұғалімнің түсіндіруі және оқушылардың тақырып бойынша сұрақтарға жауап беруі, оқушылардың тапсырмаларды орындауы және еспті тапсыруы.
Бақылау және коррекциялау сабақтарының тақырыптары
№ 1. Ақпаратты структуралау және жүйелеу.
№ 2. Паскаль программалау тілінің мето анықтамасы.
№ 3. Реляцилық мәліметтер базасын құру.
№ 4. Мәліметтер базасын өңдеуге макростар құру.
№ 5. «Генератора отчетов» режимінде СУБД-мен жұмыс.
№ 6. Интернетте өшірілген мәліметтер базасымен жұмыс.
№ 7. Электрондық почта.
№ 8. Интернет желісінен мәліметтерді қарастыру.
№ 9. Өлшемдердің арасындағы коррелияциялық тәуелділіктерді кестелік процессордың көмегімен зерттеу.
№ 10. Экспраполяция тәсілімен болжау есептерін шешу.
№ 11. АСУ-ВУЗ жүйесі және оның элементтерімен жұмыс істеу.
№ 12. Геоақпараттық жүйемен жұмыс істеу.
II. Оқу ақпараттарын құрылымдау
Тапсырма 1. Оқушылардың білімдеріне талап қоя отырып, жалпылау және жүйелеу сабағының негізгі элементтерінің терминдерінің талқылама сөздігін жасау.
Тапсырма 2. Берілген тақырыптың құрылымының байланыстылығын орнатып, тақырыптың басқа тақырыптармен байланыстылығын айқындау.
Тапсырма 3. Бақылау және қайталау сабағының тақырыбы бойынша:
• оқытылу қалпының криитерилерін айқындау;
• Оқудың жағдайының диагностикасын жасау;
• оқушылардың қарапайым қателерін жоюдың жоспарын құру.
Әдістемелік ұсыныстар
Хабарлау және жүйелеу сабақтарына сәйкес бірінші зертханалық сабақта оөушыларды 2 немесе 3 топқа бөлген дұрыс: семинар сабақ, проблемалық сабақ пікірталас және шығармашылық сабақ тапсырмалары. Екінші сабақты бақылау және кайталау сабақтарының конспектілерін жасауға арнауға болады, сонда жүйелеу және жоспарлау сабағынан алған әрбір студент тапсырмасының тақырыбы бақылау және қайталау сабағының тақырыбына сай болмауы керек. Үшінші зертханалық сабақтың ақпаратты жүйелеудің және жалпылаудың амалдарыын үйрету болып табылады. Соған байланысты студенттерге 2,3 (п. II Структуризация учебной информации) тапсырмалар беріледі. Орындаған тапсырмалардың нәтижесін студенттер есеп түрінде өткізеді.
Программалық құралдар
1. Программалау жүйесі: Turbo Pascal.
2. Кестелік процессор: MS Excel, Quattro Pro 4.0 және т.б.
3. Мәліметтер қорын басқару жүйелері: MS Access және т.б.
4. Microsoft Office жүйелері
Ботаника ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Математикалық физика теңдеулері
КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Дүниетану пәнінен дәріс кешені
Металдар
Көркем мәтінді тілдік талдаудың әдістемесі
Ықтимал теориясы
Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар пәні бойынша оқу әдістемелік нұсқау
Қазақ этикасының зерттелуі
Оқушылардың оқу жетістіктерін сапалы бағалау