Жаңа педагогикалық ақпараттық технологияларды енгізу Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану. Ақпараттық технологияның маңызы

Мақсаты: Жаңа педагогикалық ақпараттық технологияларды енгізу

Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану. Ақпараттық технологияның маңызымен танысу.

XXI ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алып, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден бір жолы білім мен ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Елбасамыз Н.Ә.Назарбаев Білім мен ғылым қызметкерлерінің III сьезінде: «Құрылымдық өзгерістер мұғалім кадрларын әзірлеу жүйесін оздыра отырып, дамытумен қамтамасыз етілуі тиіс. Жаңа формацияның педагогі қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгеніндей біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс, бұл – уақыттың талабы» деген еді. Олай болса, мектеп оқушыларын ғылыми білімнің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды отандық, ұлттық және әлемдік мәдениет арналарынан сусындату – қазіргі заман мұғалімдеріне басты міндет болып табылады. Бұл үрдіс қазіргі қоғамдағы жалпы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың  шағармашылық қабілетін дамытуды, сабаққа деген қызығушылығын арттыруды, оқытудың озық технологияларын меңгеруді талап етеді.

         Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни, оның нәтижесінің көңіл толарлықтай болуын қадағалау жаңашыл-педагогтардың қолында болды. Олар педагогикаға «жаңа технологиялар» терминін енгізді. Жаңашыл-педагогтардың негізгі мақсаты – оқушылардың алатын білімін сапалы ету, оныңтолық қанды жеке тұлға  болып қалыптасуына негіз алу. Осы орайда, жаңашыл-педагогтардың педагогикалық технологиялары көптеп саналады: Эрдниевтің ірі блокпен оқыту технологиясы, В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі, Неменскийдің әсемдікке баулу жүйесі, Ш.Амонашвилидің ізгілікті тұлғалы оқыту технологиясы, М.Монтессори технологиясы, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы т.б.

         Оқу-тәрбие үрдісінде баланы жаңаша әдіспен оқыту үшін әрбір пәннің иесі – мұғалім сол жаңа технологияларды толық түсініп, меңгеріп алуы керек. Соның нәтижесінде ғана әрбір жалпы білім беретін мектеп мұғалімі тәжірибесінің жоғары деңгейге көтерілері анық. Ол мұғалім тек оқушыны дамытып қоймайды, сонымен қатар өзінің де жеке қасиеттерін жаңаша тұрғыдан ашуына мүмкіндік алады.

         Осыған орай, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың алғы шарттарын жасаған болатынбыз:

         Мектеп мұғалімінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; практикада дұрыс қолдану.

         Үздіксіз өзгеріп тұрған заман адамнан сол заман талабына сай білім алып, жаңа істерді меңгеруді талап етеді. Осыған орай, оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды жүйелі пайдаланудың маңызы зор. Оқу-тәрбие үрдісін жаңалықтармен қамтамасыз ету барысында ғана, біз саналы да білімді азамат тәрбиелей аламыз (Қосымша 1 қара). Ал қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің жаңа технологияларды пайдалану практикасын дамытсақ, мұғалім оны өз сабағында орынды пайдалану арқылы еңбек тәжірибесін дамыта алады. Оқушылардың қабілеттерін арттырып, сабаққа деген қызығушылықтарын оятып, өздеріне сенімді, білімді азамат етіп тәрбиелей алады.

Жаңа педагогикалық технологияларда педагогтың ақпарат беруші қызметімен бірге үйлестіруші, кеңесші, оқушының шығармашылық белсенділігі мен өзіндік танымдық қызметін ұйымдастырушы қызметіне көшіріледі.

Орта білім берудің құрылымы мен мазмұнын өзгерту педагогикалық кадрларды даярлау мен біліктілігін арттыру жүйесін едәуір жаңартуды қажет етеді. Пәнді оқытушы, білім біруші педагогтың орнына жаңа педагогикалық технологияларды, оқытудың ақпараттық құралдарын, тәрбиенің қазіргі нысандарын меңгерген кәсіби білікті педагог келуге тиісі.

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз. 

Білім беру бағдарламалары инновациялық педагогикалық технологияларды, ізденушілік, зерттеушілік және шығармашылық қызмет дағдыларын, оқытудың ақпараттық және қашықтан оқыту технологияларын меңгерген көп тілді мұғалімді даярлауға бағдарланатын болады.

Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану

         Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, ...білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп атап көрсетілген. Бұл – бүгінгі таңда білім беру саласында білім мазмұнын жаңаша мазмұнмен тереңдету негізінде кәсіби мамандарды даярлаудағы негізгі мәселелердің бірі. Бұл мәселелерді шешу болашақ маманның жоғары оқу орындарындағы кәсіби сапалы білім алуынан туындайды. Өйткені, оқушылардың тұлғалық жетік қалыптасуы маманның кәсіби шеберлігі мен мақсатқа бағытталған дайындығы мектепті педагогикалық процесті сауатты басқаруына байланысты. Оның негізі болашақ маманды кәсіби даярлауда жаңа педагогикалық технологияларды қолдану – жоғары мектептегі бейнелеу өнері және сызу мамандығындағы негізгі талаптардың бірі.

         Жаңа педагогикалық технологиялар студенттердің кәсіби – шығармашылық қабілетін бейнелеу процесінің құрылымын және теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын байымдау, баға беруін танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған.

         Жоғарыдағы мақсат міндеттерді орындауда болашақ мамандар бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі пәнінде проблемалық оқыту, апталық, пікір сайыс, дебат, дөңгелек үстел, іскер-ойындар, ақпараттық технологияны пайдалану, тағы басқа әдістерін қолдануға болады.

         Қазіргі білім беру жүйесінің жаңа деңгейге көтерілуі, қоғамның ақпараттану саясатына байланысты. 1997 жылдың 22-қыркүйегінде ҚР-ның Президенті бекіткен мемлекеттік ақпараттандыру бағдарламасының негізгі бірбағыты – қазіргі заманғы технологияны  оқыту процесіне тиімді пайдалану болып табылады. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияны пайдалану оқу үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді, бұл оқыту процесін толығымен өзгертуді қажет етеді.

         Білім жүйесіндегі педагогикалық технология ғана емес, практикаға да өзгерістер енгізеді. Теория практикасыз еш нәрсені өзгерте алмайды. Теорияның практикалық күші мен энергиясы бар, бірақ оны нақты практикада пайдалана алатын адамдар санасымен қабылдануы ғана материалдық күшке ие бола алады.  Сонда ғана теория адамдарқажетін қанағаттандыратын, практиканың бағыттаушы, реттеушісі бола алады. Ал теория практикаға технологиялық процестер арқылы ғана ене алады. Технологиялық процестер нәтижесінде ғылыми теория мақсатты практикалық жүйеге енгізе алады. Міне, дәстүрлі жүйенің практика мен теорияның алшақтығы, қолданбалы-нақты теория мен технологияның азырақ пайдаланылуы, теория мен практиканың алшақтануына алып келді. Осы алшақтықты жою мақсатында қазіргі кезде педагогикада технологияландыру процесіне қызығушылық туындап отыр. Жаңа мазмұн, жаңа әдіс, жаңа қарым-қатынас негізінде білім беру ісі жаңа мәнге ие болады. Осылайша өмірге білім берудің жаңа парадигмасы енді.

         Педагогика ғылымының практикасы мен теориясында оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі толық біркелкілік біртіндеп өзгеріп, әр түрлі формадағы мектептер мен авторлық жобалар пайда бола бастады, соның ішінде жаңа педагогикалық технологиялардың, қазіргі заманғы талабын қанағаттандыратын бағытқа қарай өзгеруде.

         Оқыту мазмұнының, әдістерінің және тәсілдерінің білімге деген қатынасының өзгеруіне алып келіп отыр. Білім берудегі жаңа білім беру парадигмасына байланысты педагогика ғылымы мен мектеп практикасында негізгі орынды жеке тұлғаға бағытталған бағыт, маңызға ие болуда, оның негізгі идеясы оқушының өзін-өзі дамытуға, жеке тұлға болып қалыптасуына бағытталады.

         Қазіргі кездегі жаңа педагогикалық технологияны пайдалануды көптеген педагогтер мен психологтер оқу процесінде баланың өз бетінше ақыл-ойының дамытуы деп қарастырады. Баланың білімді саналы түрде қабылдауына мүмкіндік беретін жол деп қарастырады. Міне, мұндай жағдайда оқушы алға қойған жалпы мақсатқа белсенді араласу, топпен ынтымақтастыққа қызмет ету арқылы белсенді түрде оқу процесіне араласады, онда бірін-бірі тексеру, талдау арқылы білім алуға деген ішкі қажеттілік сезім пайда болады.

         Оқыту технологиялардың пайда болуының себебі де, оның артықшылығы да бұрынғы өзінің белсенді араласуынсыз дәстүрлі оқыту әдісінен де айырмашылығы осында. Дәстүрлі оқыту кезінде өз бетінше шешім де қабылдамайды, проблеманың шешу жолдары да іздестірілмейді. Онда білім дайын түрде беріледі. Бұл қазіргі кездегі нарықтық жағдайдағы қажеттілікті қанағаттандырмайды. Сондықтан да педагогикалық оқыту технологияның түрінің көп болуы, оған қойылатын талаптардың да әр түрлі болуы осы өмір сұранысынан туындауы заңды.

         Қазіргі заманғы педагогикалық оқыту технологияларын жүйелі пайдаланудың өзі оқыту мен тәрбиелеу процесін тиімді және жемісті ұйымдастыруға тырысудан туындайды.

         Педагогикалық оқыту технологияларын, оның түрлерін, тиімділігін дұрыс түсіну үшін бұл ұғыиның теориялық аспктілерін толық түсінуді қажет етеді.

         «Технология» деген ұғым тек өндірісте ғана емес, қазіргі кезде педагогикалық теория мен практикаға толығымен енді. Технология грек сөзінен аударғанда («techne» - өнер, шеберлік, «logos» - оқыту деген мағынаны білдіреді). Педагогикалық энциклопедияда педагогикалық оқыту оқыту мен тәрбиелеу процесінің алдына қойған білім беру мақсатына жету үшін пайдаланылатын әдістер мен тәсілдердің жиынтығы деген анықтама береді.

         Оқыту технологияларының өндіріс технологияларынан ерекшелігі, оның өзгермей ұзақ уақыт қалмауында, оның үнемі жетілдіріліп отырылуында.

         Өткен ғасырдың 50-жылдарында оқыту процесіндегі пайда болған «білім берудегі технология» кейінгі жылдары өзгеріп «педагогикалық оқыту технологиялары» деген ұғымға айналды. Алғашқы кезде бұл ұғым ұзақ уақыт талқыланды, ол екі бағытта берілетін болды. Бірінші бағыт оқыту процесінде техникалық құралдарды пайдалану, ал екінші бағыт оқыту технологиясы. Біртіндеп ғылыми технология процесінің дамуына байланысты 70-80 жылдары «оқыту технологиясы» деген ұғым енгізілді. Бұл оқу-тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға пайдаланылатын әдістер мен құралдар жүйесі түрінде қарастырылды.

         Оқыту технологиялардың дамуы жолында педагогикалық ғылымда оқыту технологияларының айналасындаүлкен әңгіме тартыс болып келе жатыр. Көптеген зерттеушілер оқыту технологиясында да басқа өндірістегі сияқты құрал жасауға болады ма деген ой толғандырды. Бірақ әр кезеңде әр түрлі ғалымдар бұл сұраққа әр түрлі жауап берді. Я.А.Коменский кезінің өзінде-ақ осы проблеманы көтерген болатын. Бұл проблеманы зерттей келе мектепті ол «тірі баспаханамен» салыстырып қарастырды да, мұғалімнің еңбегі педагогикалық құралды игергенде ғана тиімді болады деген қорытындыға келді. Көптеген  педагогикалық әдебиеттерге сараптама жасай отырып, қазіргі кезде оқытуды технологияландырудың қажеттілігі талас туғызбайтындығы, мұны оқыту процесінде пайдалану арқылы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға бағытталған білім бере алуға болатындығы анықталды.

         «Оқыту технологиялары» өткен ғасырдың 60-жылдарында пайда болды. 60-жылдарда оқыту процесін технологияландыру бағыты қалыптасты. Оның қалыптасуы бағдарламалы оқытумен байланысты болды. Бұл бағыттың негізін салушы американ психологы Б.Скиннер болды. Ғалымның ойынша оқу материалын игерудің тиімді жолы, оны біріншіден, жүйелі бағдарламалы түрде беру мен бағалаудың жоспарланылуы деп көрсетті. Бұл жылдардағы бағыт бойынша жұмыста мұғалім жұмысы белгілі бір мақсатқа немесе белгіленген сценарий бойынша жұмыс істеуге ғана бағытталды.

         70-жылдары – «оқытудың ақпараттық технологиясы» пайда болды, бұл жылдары білім бір-біріне байланысты ақпараттар компьютер бағдарламасы арқылы беруге негізделінді. Бұдан кейінірек оқыту процесіне қашықтықтан оқыту келіп енді. Бұл күрделі ақпараттық, бағдарламалық және әдістемелік бағдарлама болды. 80-жылдары техниканың дамуына  байланысты «педагогикаға оқыту технологиясы» енді. Бұл ұғымның әдістер, тәсілдер және пайдаланатын жүйе екендігі анықталды. Қазіргі кезең – оқытудағы технологиялық бағыт дәстүрлі әдістерін тиімді екендігін көрсетті. Оқытуда педагогикалық технологияны пайдалану қажеттілік болды. 


Ұқсас жұмыстар

Жаңа технологияны пайдалану – сапалы білім көзі
Қазақ тілі сабақтарында АКТ пайдалану жолдары
Технологияның артықшылықтары
Болашақ педагог маман тұлғасын заманауи ақпараттық құралдар көмегімен дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ - КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ
Кәсіптік білім берудің қазіргі технологиялары.
Жаңа ақпараттық технологиялармен оқыту технология түрлері
Қазақ тілін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
Кәсіптік мамандарын даярлаудағы педагогикалық технологиялар
Білім беру жүйесінің басты міндеттері