Халық музыкасы, қазақ музыкасы, камералық музыка Хормен ән айту өнері Симфониялық музыка Опера. Балет. Балалалар музыкасы


Музыкалық жанрлар жүйесі. Жанр - өнер шығармаларының тарихи қалыптасқан түрлері. Белгілі бір тарихи жағдайдың әсерімен пайда болып, мазмүны мен түр жағынан үздіксіз дамып отырған жанр өзіне тән кейбір түрақты белгілерін сақтап келеді. Өнердің әрбір тегі іштей тағы да жанрлық түрлерге бөлінеді.

Музыкалық жанр-көркемдік қорытындылаудың аса маңызды құрамы. Музыка өнерінде сан алуан жанрлар бар. Оларды мынадай үлкен топтарға жіктеуге болады:

а) Халық музыкасы (әншілік және аспаптық);

ә) эстрадалық музыка;

б) камералық музыка;

в)симфониялық музыка;

г) хорға арналған музыка;

д)сахнада орындауға арналған театралдық-драмалық шығармалар.

Сонымен қатар, музыкалық жанрларды екі ірі топқа бөлуге болады: әншілік (таза немесе аспаптық сүйемеледеумен) және аспаптық.Халықтың музыкалық мұрасы әншілік және аспаптық деп екі бағытқа жіктеледі.Халқымыздың рухани өмірінде оның бай ән мәдениеті ерекше орын алады.

Қазақ халқының ән мәдениетінде өткен дәуірлердің рухани дүниесі қазіргі уақытқа дейін сақталған.Олар төменде көрсетілгендей жіктеледі.

Тұрмыс – салт әндері. (Бесік жыры, бабалар мен жастар әндері, еңбек, шаруашылық салаларына қатысты әндер; кәсіптік әндер – бақташы, төрт – түлік мал туралы әндер, дихан, егінші, аңшы, саяткер, жұмысшы әндер; той әндері – тойбастар, тойтарқар, жар – жар, бет ашар, қоштасу, сыңсу, құдалар әні; ұлыс әндері – жарапазан, т.б; діни әдет – ғұрыптан туған әндер – бәдік, бақсы сарыны, т.б; жаназа әндері – естірту, жұбату, жоқтау, көңіл айту т.б); 

Тағылымдық мәні бар әндер – (алғыс, бата, тілек, жұмбақ, мысал әндер); 

Қиял – ғажайып әндер – (аңыз, өтірік өлеңдер);

Әзіл – сықақ әндер – (әзіл – қалжың, мысқыл, күлдіргі әндер);

Әлеуметтік наразылық әндер ;

Эпикалық жырлар – (терме, толғаулар);

Айтыс әндер;

Лирикалық әндер;

Тарихи оқиғаларға байланысты туған әндер – (дастандар,жырлар);

Батырлар жыры мен лиро – эпостық  жырлар ертеден  келе жатқан жанр түрлері.Батырлар жыры айтуға ықшамды 7-8 буынды жыр үлгісінде болады.Эпостардың көркемдік құндылығын жоғалтпай, ондағы батырлардың ерлігін, елдің елдігін, замана шежіресін ұрпаққа жеткізуші жыраулардың еңбегі ұшан – теңіз.

Терме – қазақ поэзиясы мен вокалдық өнердегі бірлескен өнер. Терме – халқымыздың қадірлі өнері ретінде танылып, өсер ұрпаққа тағлымы бар ғибрат береді. Мұнда өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, жақсылық пен жамандықты жырлайды.Заман талабына орай түрлі тақырыптарды қозғап, философиялық қорытынды жасайды.Бұған Асан қайғы, Қазтуған, Бұқар жыраулардан бастап, Махамбет, базар, Қашаған, Нұрым, Майлықожа, Нұралы, Жамбыл, Мұрын жырау, Тұрмағамбет секілді сөз жүйріктерінің туындыларынан мол мысал келтіруге болады.Термеде эмоциялық әсерді күшейту үшін, музыка әуенінің ырғақты түрлері, қайталаулар жиі қолданылады.

Толғау – қазақ фальклорының көп тараған жанры.Толғау мазмұны жағынан термеден көлемдірек, дастанға қарағанда шағындау болып келеді.Дәстүрлі философиялық толғаулар Асан қайғы, Қазтуған, Тұрмағанбет және т.б. шығармашылығынан кездеседі.

Күй – музыкалық шығармалардың ішіндегі ең ірі жанр.Композициялық құрылымы жағынан халық музыкасының күрделі бір саласы болып саналады.

Вокалдық (әншілік) музыка – музыка аспабының сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз жеке әншіге, хорға арналып жазылған музыкалық шығарма. Вокальдық музыкаға халық әндері, жырлары, әлем классиктері мен қазақ композиторларының ән-хорлары жатады. Вокальдық музыка, негізінде, халық арасынан шыққан. Бұған Біржан сал, Мұхит , Абай,  Ақан сері, Жаяу Мұсаның әндері мысал бола алады.

Камералық музыка – кішкене вокальдық немесе бірнеше музыкалық аспаптар ансамбльдері мен жеке аспаптарға немесе дауысқа арналып жазылған музыкалық шығармалар. Камералық музыкаға асапатық дуэт, трио, квартет, квинтет, сексетет, септет, октеттер жатады.

Симфониялық музыка – симфониялық оркестрмен орындау үшін жазылған музыкалық шығарма. Симфониялық оркестрге он бестен астам түрлі музыкалық аспаптар қатысады. Бұл аспаптардың әрқайсысының дыбыс бояуы әр түрлі. Сондықтан суретші суретке әр түрлі бояуды пайдаланған сияқты композитор да симфониялық шығармада бұл аспатардың дауыстарын, оның дыбыс бояуын кеңінен пайдаланады.

Симфониялық музыкаға симфония, симфониялық поэма, сюита, фантазия, увертюра жатады. Симфониялық оркестр үшін жазылған музыкада түсіндіріп тұратын сөздер болмаса да, белгілі бір сюжетке – тарихи уақиғаға арналыр жазылады. Сондықтан мұндай шығармаларды программалық музыка дейді. М.Глинканың «Камаринская», Н.Римский-Корсаковтың «Шахерезада» симфониялары осындай шығармалар.

2004 жылы Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының құрылғанына 70 жыл толады. Осы айтулы мереке қарсаңында “Асыл мұра” жобасы “Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары” атты саз дискісін жарыққа шығарып Қазақстан опера өнерінің негізін салған алғашқы қарлығаштарымен Қазақстан музыкалық мұрасының даңқын асырып осы өнердің басында тұрғандарды тағы да бір еске түсіріп құрмет көрсетіп отыр. Әрине, театр бірден аяғынан тік тұрып кеткен жоқ. Көп ізденістермен сынақтардан өтті (1934 жылы Алматыда Қазақтың музыкалық театры болып ашылды, 1937 жылдан қазіргі атауы, 1941 жылдан академиялық, 1945 жылдан Абай аты берілді). Алғашында оның негізгі құрамында драма театрының музыкалық өте қабілетті талантты әртістері Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Елубай Өмірзақов, Құрманбек Жандарбеков, Күләш пен Қанабек Байсейітовтер, Серғали Әбжанов, Үрия Тұрдықұлова және басқалар болды. Кейін бұлардың көбі Қазақстан опера өнерінің қайраткерлері атанды. Жаңа театрдың шымылдығы 13 қаңтар 1934 жылы музыкалық “Айман-Шолпан” спектаклімен ашылып таңқалдырар табысқа жетті. Сол кезді өз естелігінде Қанабек Байсейітов былай деп жазады: - “15 мамырға дейін “Айман-Шолпан” 100 рет қойылды. Соншама аз мезгілде спектакльдің сахнаға 100 рет шығуын ешбір қойылым көтере алмас еді. Қалада әңгіме тек спектакль жайында болып жұрт гуілдеп оның әндерін айтып жүрді”.

Көп ұзамай-ақ театр тарихының жарқын беттеріне жазылған даңқты қойылымдар бірінің артынан бірі сахнаға шыға бастады. Алғашқы жылдың өзінде ғана халық атақты “Айман-Шолпаннан” басқа “Шұға” музыкалық пьесасымен және Е.Брусиловскийдің “Қыз Жібек” атты тұңғыш ұлттық операсымен танысты. Бұдан кейін 1935 жылы “Жалбыр” қойылды, 1936 жылы Мәскеуде алғаш рет қазақ әдебиеті мен өнерінің Декада күндеріне қатынасты, 1937 жылы Е.Брусиловскийдің “Ер-Тарғын” операсының премьерасы Ленинградта қойылды. Театр туындыларының Мәскеу мен Ленинград қалаларының бүкілодақтық сахналарына шығуы театр ұжымын жігерлендіріп жаңа табыстарға бастады, театрға шеттен басқа композиторлардың назары ауып өз шығармаларын ұсынды: 1939 жылы И.Надировтың “Терең көлі” мен В.Великановтың “Тұтқын қызы”, 1940 жылы А.Зильбергтің “Бекеті” және Е.Брусиловскийдің “Алтын астық”, 1942 жылы “Гвардия алға” спектакльдері қойылды.

Қазақстанның опера өнері тарихында 1944 жыл жаңа бір үлкен бетбұрыс кезеңі болды. Театрға жаңа буын жас әншілер келіп қосылды. Олар П.Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының жанындағы студия түлектері Байғали Досымжанов, Ришат пен Мүсілім Абдуллиндер, Шабал Бейсекова, Кәукен Кенжетаевтар еді. Біраздан соң өз композиторларымыз жазған алғашқы ұлттық операларымыз дүниеге келді. 24 желтоқсан 1944 жылы А.Жұбанов пен Л Хамиди бірігіп жазған “Абай”, 7 қараша 1946 жылы М.Төлебаевтың “Біржан-Сара” операсы қойылды. Опера труппасы бұнымен қатар классикалық шығармаларды да игеріп жұмыс істей бастады. 1936 жылдан бастап құрамында опера өнерінің асқан шеберлері ҚазКСР-ң халық әртістері Н.Самышина, А.Круглыхина, Н.Куклина бар орыс труппасы қазақ солистерімен бірлесіп “Кармен”, “Евгений Онегин”, “Қарғаның мәткесі”, “Демон”, “Фауст”, ”Аида” спектакльдерін сахнаға шығарды. Соғыс кезіндегі бес жылдың ішінде театр ұжымы ұлттық опералардан басқа үлкен-үлкен қомақты “Иван Сусанин”, “Мазепа”, “Отелло”, “Чио-Чио-сан”, “Даиси” сияқты классикалық шығармаларды сахналады. Бұған эвакуация жылдары Алматыда тұрған Кеңестер Одағының Үлкен театры солистерімен өнер адамдары баға жетпес үлкен көмек көрсетті.

Аталған дискі театрдың аса бір жарқын табысты да қиын жылдарын яғни алғашқы ұлттық опера өнерінің тууымен ең жоғарғы шыққан биігін, шарықтау шегіне дейінгі кезеңін қамтиды. Қазақстан композиторлары шығармаларының сол биік тұғырдағы туындылары ішінде “Қыз Жібек”, “Абай”, “Біржан-Сара” опералары шын мәніндегі қазақ ұлттық кәсіби музыка өнерінің шоқтығы биік тамаша шынайы шығармалары болып саналғандықтан дискінің негізін осы опералардан үзінділер құрайды.

Е.Брусиловскийдің “Қыз Жібегі” республикамыздың кәсіби опера өнерінің ашылған бірінші беті, ғажап туындысы. “Әу” - деп басталғаннан-ақ тұла бойы, мазмұны, жазылуы, қойылуы, тіпті сахналық таңқаларлық тағдырымен болсын айырықша көркем дүние. Халықтың сүйіп тыңдайтын, рахаттана көретін операсы болғандықтан күні бүгінге дейін театр репертуарынан түспей келеді. Бұл керемет шығарма ұлы өнер саңлақтары композитор Е.Брусиловский мен жазушы Ғ.Мүсіреповтың және орындаушылардың шығармашылық достығы тудырған аса биік өнер үлгісі. Оның табысты өтуі заңды әрі соның бір айғағындай. Шығарманың музыкалық арқауын көбіне халық композиторларының әндері мен күйлері құрайды. Халықтың сүйікті әндері түрленіп, әдемі күйге малынып құлпырып жарқырап шыға келді. “Қыз Жібек” операсы өз сахнамызда ғана табысты өтіп қойған жоқ, сол кездегі еліміздің Үлкен театрында көрсетіліп қазақ өнерінің Декада күндері кезінде де зор шабытпен шырқалды. Мәскеуліктер қазақтың бірінші операсына аса зор ықыласпен сүйсініп ұзақ қол соқты. Спектакль баспасөз беттерінде төбесі көкке жете мақталды. Әсіресе сахнаны жайнатып жіберетін бұлбұл әнші Күләш Байсейітова талғампаз Мәскеу халқының жүрегін баурап алды. “Қыз Жібекті” қойған опера өнерінің негізін салушы – жұлдызды құрамы Қазақстан халқының аға буын өкілдері үшін мәңгі есте қалды.

Ұлттық композиторларымыздың алғашқы тырнақалды шығармасы А .Жұбанов пен Л.Хамиди бірігіп жазған “Абай” операсы театр репертуарынан берік орын тепті. 1944 жылы жазылғаннан бері театр өзінің әрбір ашылу маусымын тек осы “Абаймен” ашады. “Абай” операсы театрдың шығармашылық сапарларында атақты опера сахналарында қойылды. Ленинград, Берлин, Дрезден, Лейпциг, Тәшкен, Ярославль қалаларында көрсетіліп, 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің Декада күндерінде Үлкен театр сахнасында басты рольді Ришат Абдуллин орындаған “Абай” операсы зор құрметке ие болды. Ришат Абдуллин сомдаған Абай қайталанбас бейне ретінде халық жадында мәңгі өшпес орын алады және есте сақталады.

“Біржан-Сара” операсы 1946 жылы жарық көрді. Кейбір жекеленген үзінділері премьераға дейін-ақ концерттерде айтылып радиодан жиі беріліп жүрді. Халық премьераны асыға күтті. Үміт ақталып, Қазақстан опера өнерінің жарқын туындысының соңы тамаша мерекеге ұласты. Мұқан Төлебаев бірден қазақ музыка өнерінің классигі боп шыға келді. Содан күні бүгінге дейін бірде-бір театр маусымы тамаша туынды “Біржан – Сарасыз” өтіп көрген емес. “Біржан-Сара” операсы 1958 жылы Мәскеуде өткен Декадада Үлкен театр сахнасында қойылып оның табысы жөнінде “Правда” газеті былай деп жазды: - “Композитор Мұқан Төлебаев өзін Біржанның ізбасарындай сезініп бір тылсым ақындық әлемнің құпиясына шомып кеткендей оның сиқырлы сырлы әлемін сезіну арқылы нағыз толыққанды әсерлі ұлттық опералық шығарма тудырды”.

Ән айту кезіндегі дыбыстың қалыптасуы тыныс алумен артикуляцялық органдардың дауыстау астарымен өзара байланыстарының нәтижесінде пайда болады.   Дыбыс қалыптасуының миоэластикалық теориясы.Миоэластикалық теорияны қолданғандар;  (Гарма, Мюллер, Музехольд, Левидев) дауыстың байланыстағы  жиілікте дыбыс жоғарылығы шығарылған ауа күшіне байланысты.    Дыбыс қалыптасуының нейрохроноксикалық теориясы. Дыбыс қалыптасуының нейрохроноксикалық теориясы француз физиологы Раул Юссоның ұсынуымен қабылданған. Байланыстар жиілігі импульске сәйкес келе отырып, орталық жүйке жүйесі арқылы дауыстық бұлшық етке беріліп, дыбыс шығару күші  дыбыс жоғарылығына әсер етпейді.

   Жанашыл мамандықтандырылған әдебйет негізіне дыбыстың қалыптасуының механика- миоэластикалық теориясы қабылданады. Дауыстық астар жүйеліктер негізінде жұмыс істейді. Тыныс алу жүйесі сыртқы күшті қамтып, дауыстық астарға әсер етеді. Орталық жүйке жүйесі  дауыс астарында көмейдің аэродинамикалық мүмкіндігін тудырады.

ІІ. Әншілік дыбыстың физикалық ерекшелігі;

-         Жоғарылық

-         Тембр

-         Күш

-         Жалғасуы

Әнші дыбыстың жоғарылығы дауыстың астар жиілігі арқылы анықталады. Әр әнші ауысының дыбыстыұ диапазоны әр түрлі және ол мынаған байланысты;

-         Дауыстың аппараттық табиғи анатома морфологиялық ерекшелігіне.

-         Әншінің қандайда бір кезеңдерде дыбысты өзгерте алу икемділігіне, яғни дауыстың астарының жуандығына, ұзындығына қатысты.

-         Әнші тынысының сапасына, яғни екпінді, қарқынды немесе өте әлсіз болуы мүмкін.

-         Әнші дыбысының күші дауыстың астарындағы серпілістермен анықталуы – амплитуда жиілігі, амплитуда соғұрлым көп болса дыбыс соғұрлым күшті болады.