Хормен ән айту өнері
Вокалды – хорлық техникалық негізі болып, әншінің дұрыс тыныс алу дағдысы болып табылады. Дыбыс сапасы осыған байланысты. Әншілік тыныстың физиологиялық тыныстан айырмашылығы: Тыныс алу кезінде фонация пайда болады, біршама ұзаққа созылады, ал тыныс шығару қысқарады. Тыныс алу кезеңі автоматты түрден, ойламаған жерден, басқарушылыққа өтеді. Тыныс шығару бұлшықетінің одан сайын күшіне енуі әнші тынысының негізгі талабы фонация кезінде тынысты үнемді ұстау.
Әншінің тыныс алуының түрлері: Бұғаналық, үстіңгі кеуделік, клавикулярлық және т.б., мұнда белгілі бұлшықеттер қатты жұмыс істейді, ал нәтижесінде екі иық көтеріледі, тыныс алудың бұл түрі қабылданбайды. Кеуделік, костальный (сүйектік) ары қарай сыртқы тыныстың қозғалыстары кеуделік жасушаның қарқынды қозғалысымен байланысады, диафрагма тыныс алғанда көтеріледі де, ал іш тартылады.· Құрсақтық, көкіректік, абдаменальный және т.б – тыныс диафрагманың қарқындылығымен және іш бұлшықетімен сезіледі. Аралас, кеуде құрсақтық, кеуде көкіректік, сүйекті абдаменальный және т.б – тыныс кеуделік сияқты бұлшықеттердің қарқынды жұмысы арқылы сезінеді сонымен бірге құрсақтың аймақта және белдің төменгі жағы арқылы да сезінеді.
Вокалдық практикада аралас тыныс алудың да ролі өте зор: диафрагма төмен түседі, жан – жаққа барлық айналымда созылады, қорытындысында әнші кеудесі бел аймағында өзінің көлемін ұлғайтады; бел бұлшықеттерінің сезінуі арқылы ауа өкпенің төменгі жағын талдырады. Жан бұлшықеттері екі жаққа иіріліп қозғалады, ал іш алдыға қарай үрленіп қозғалады; Диафрагма болса одан сайын мығымдана түседі. Әншінің фонациялық тыныс шығару кезінде ән айтқанда тыныс алу қалпын сақтап қалуға тырысса, дыбыс апорасын сезіне білуге деген икемділігіде жоғары болады. Әншілік хордың негізгі талабы ән айтқанда тыныс алған соң шаласы ұстаным болуы керек. Бұл ата кезінде дыбыстың интонациялық тұрғыда жақсы естілуіне, орындалуына әкеледі. Шығарма жылдамдығы тез болған сайын, тыныс алудағы ұстаным қысқаланады.
Хормеистрдің ән айту қойылымы: Ән аитқанда отыруға, бей – жай тұруға болмайды, әр қашанда ішкі және сыртқы тартылымды сақтау міндетті. Басты тура ұстау, еркін, төмен түсірмеу, қисайтпау.(өйтпегенде көмей төмен немесе жоғары вертикалды орналасадыда, дыбыс сапасына зиян келтіреді). Дене ауырлығын тура бөле отырып, екі аяқта нық тұру. Аяққа сүйене отырып орындықтың шетіне отыру. Корпусты ешқандай қысылыссыз тура ұстау керек.(арқаның қисық тұруынан диафрагма еркін қозғала алмайды, нәтижесінде тыныстың қарқындылығы джойылып , дыбыс апорадан алынып, тембрдың ашықтығы жэоғалып, интонация тұрақсызданады). Қол (егер нота ұстамаса) тізеде еркін жату керек.
Әнші тынысының техникасы орындалып жатқан шығарма мінезіне сай болу керек. Тыныс алуда әрбір музыкалық фразаның және әуеннің мінезімен үйлесуі тиіс. Дыбысты алудың алдындағы тыныс ұытанымыда шығарманың мінезіне қарай болады. Шығарманың темпі неғұрлым жылдам болған сайын алатын тыныста , тыныс ұстанымыда сондай жылдамдықта болуы керек.
Әншінің тыныс алуымен вокалдық хор техникасының элементтерінің өзара байланысы.
Әншілік тыныс вокалдық хор техникасының әр түрлі элементтерімен тығыз байланысты; дыбыс атакасы, дикция, динамика, дауыс регитры, интонация т,б.
Тағыда;Тыныс жинау дауыстық апараттағы артық бұлшық еттік қосылыстар және тағы артикуляциялық органның қосылуы, дикцияның жинақталмауы, детонация, дауыс дыбыстануының еркін болмауы. Дыбысты алу кезіндегі бір мезгілдік тыныс ұстанымының болмауынан, дыбыс интонацялық тұрғада да дұрыс болмай «подъездбен» алынады . Ереже бойынша белгілі жоғарлықты төменен алуы тиіс. Алынған ауа көлемі дыбыс динамикасына пропорциянал болады. Төменгі байланыстағы ауа қысымының күші дауыс астарының жиілігіне әсер етіп тембр түрін анықтайды. Дауыс астарындағы шағын қысым әсерінен дыбыс тембрі жағынан кедей болып көрінеді. Фольцеттік мінезде төменгі байланыс қысымының күштілігі керісінше әсер етеді, яғни дыбысталу толып, тембрі едәіур бай , кеуделік типке жақын болады.
Балалардың тыныс алу техникасымен жұмыс істеуінің кейбір әдістері:
№ 1 Жаттығу.
Дирижер қолы арқылы қысқа тыныс алып, санау арқылы (1,2,3,4,5...) тынысты шығару. Жаттығуды қайталаған сайын тыныс шығарғанда цифр санын көбейтіп отыру керек.
№ 2 Жаттығу.
Төменгі қабырғалар қозғалысын сезіне отырып қысқа тыныс алу, әркім өз қозғалысына есеп бере отырып, төменгі қабырғаларын қолымен ұстай отырып, санаумен ұзыннан тыныс шығару, цифр қатары осылай көбейе береді.
№ 3 Жаттығу.
Төменгі қабырғалар қозғалысы арқылы қысқа тынс алу, тынысты ұстаумен ақырын санай отырып тынысты шығару.
№ 4 Жаттығу.
Төменгі қаьырғалар қозғалысымен тыныс алу, тынысты ұстап, дирижер қолымен жұмсық атакамен бір дыбысты примарды тонға дейін бір қалыпты дыбыс күшімен айту. Басында дыбыс 2 – 3 с созылады, кейіннен ұзарады.
Үздіксіз тыныс (цепное).
Үздіксіз тыныс бұл – ұжымдық дағды.
Үздіксіз тыныстың негізгі ережесі: Көрші отырған адаммен бір уақытта тыныс алмау. Музыкалық фраза ішінде таныс алмау керек, мүмкіндігінше ұзын ноталардың ішінде тыныс алу. Тыныс білдірмей және тез алу. Хорда жұмсақ дыбыстық атакамен, интонациялық тұрығыда нақты, яғни «подъездсіз» партитура нюансын сақтай отырып айту. Көршінің айтқан әнін тыңдап, жалпы хор дыбысталуына қосылу.
Мектеп оқушысын вокалды хор өнеріне баулудың әдістемелік технологиясы
OҚУШЫЛАРҒА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ВОКАЛ ЖӘНЕ ХОР ӨНЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ
Хормен ән айту тәрбиесі – оқу пәні
Балалардың музыкалық аспаптарына сипаттама
Студенттердің бойында музыка–педагогикалық мәдениетінің негізін қалыптастыру және болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін оқушыларға музыкалық тәрбие беру жұмысына даярлау
Музыкалық қызметтің түрлері
Мұқан Төлебаевтың музыкалық мұрасының тәрбиелік мәні
Музыка өнері және оның тәрбиелік тұғырлары
Жалпы білім беретін орта мектептегі оқушылармен орта және жоғарғы сыныптарындағы вокалдық-хор ұжымы
Бастауыш мектепте музыка пәнін оқытудың маңызы