Музыканың оқыту мен тәрбиелеудің әдістері
«Музыка бағдарламасы. 1-4 сыныптар». Музыканың өнер құралы ретінде орасан зор тәрбиелік мүмкіндігі бар. Ол өмірдің ажырамас бір бөлігі және оны бөліп қарастыруға болмайды. Қоршаған орта музыка тілі арқылы адамға аудармасыз-ақ түсінікті де жақын бола түседі. Музыкалық көркем бейне оқушыларды қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстардың шын бейнесін ашуда жаңаша ойлау өрісін байытып, өмірлік тәжірибесін кеңейтеді.
Музыка эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі бола отырып жеке тұлғаның ақыл ойы мен дене бітімін жетілдіріп, жан-жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге, қызығушылық біліктілігін және ойлау қабілетін дамытуға , шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында музыка сабақтары білім беру мен тәрбие берудің маңызды бір саласы болып табылады. Музыка пәнінің маңызы қоғамның әлеуметтік сұранысына жауап бере отырып, оқушыларды халықтық ( ұлттық) музыкаға баулиды.
Халықтық музыкалық фольклорына құрметпен қарап, ұлттық салт-дәстүрімізді қастерлеуге баланы жас кезінен баулығанда ғана, ол ертеңгі өз отанының нағыз азаматы болады.Халық музыкасы мен кәсіптік (профессионал) музыканың өзара байланысын сезіну арқылы бала классикалық күрделі музыканы түйсінеді. Сондай-ақ , ұлттық музыка мен дүниежүзі музыкасындағы халық ән-күйлері аудармасыз-ақ,, бар халыққа түсінікті тіл екендігін ұғынады.
Музыка сабағының негізгі бөлімі- хор мен ән айту.
Бұл көпшілікке қолайлы іс- әрекет болып табылады. Ол балаларға әнді ұжым болып орындау барысында шығармаға өз қатынасын білдіруге мүмкіндік береді.Әр сыныптан келесі сыныпқа көшіуге жүйеле және бірізді жұмыс жасай отырып, шығарманы тыңдап,оны түсініп, әнді таза, ашық, мәнерлі орындағанда, сонда ғана ән айту әдісі тәрбиелік міндеттерге сай келеді.Ән айту біртұтас жинақталған процесс болып табылады.Ән айтуға баланың барлық организмі: тыныс алуы, нерв жүйесі, бұлшық еттері,артикуляциялық және дыбыс шығарушы аппараттары қатысады.Дұрыс орындалмаған жұмыс ән айту процесіне кері әсерін тигізеді.Сондықтан ән айту жұмысы бірінші сыныптан бастап жүргізіп,барлық сыныптар бойына жалғастырылып отырады.
Бағдарламадағы негізгі талаптар үнемі толықтырылып,кеңейтіліп отырылуы ескерілген.Ән айтудың қалыптасуына таңдап алған материалдар да әсер етеді.Онда көркемдік жағынан құнды, ашық, мазмұны түсінікті, орындауға жеңіл, ыңғайлы және дамытушылығы жағы басым болуы көзделеді.
4 жыл бойына оқушылардың қазақтың халық әндері мен басқа халықтардың әндерін, Қазақстан композиторларының әндерін түсінуге, оған сүйіспеншілікпен қарауға, көркемдік талғамы мен музыкалық қабілетін дамытуға (музыканы есту қабілеті, ырғақты сезінуі, есте сақтай білу, орындаушылық қабілеті т.б.) қол жеткізіледі.
Әрбір сыныптың репертуарына әртүрлі көңіл-күйлі әндер: жеңіл және сергек, ширақ орындауды талап ететін әндер мен әуендер,бірқалыпты, кантиленді әуендетілген т.б.
Бірінші жартыжылдықтың тақырыбы «Сырлы да сазды әуен».Балалар алтын қорға» енген қазақтың халық әндерімен, қазақтың әдет-ғұрпымен, салт- дәстүрлерімен толық таныса алады. Оларға бесік жырлары; тұсау кесу, төрт түлік малға арналған әндер, табиғат туралы және Қазақстан композиторларының әндері жатады.
Екінші жартыжылдықта «Күмбірлеген күміс күй» атты тақырып бойынша балалар қазақ елінің шығармашылығымен танысуды одан әрі жалғастырады.
Екінші сыныпта оқушылар халық әндері мен Қазақстан композиторларының әндерін, оған қоса « Жыл басы кім болады?» атты операмен танысып, ертегідегі кейіпкерлердің әнін орындайды.
Үшінші сыныпта халық әндері және қазіргі заманғы әндердің репертуары біртіндеп күрделене түседі, яғни екі дауысты элементтермен орындайды.
Төртінші сыныптың репертуарында тек екі дауысты немесе канонмен айтылатын әндер ғана емес, сонымен қатар орындауы қиындау мазмұны жағынан және ырғақтарында ерекшеліктері бар, дыбыс биіктігі,гармониялық есту қабілетін дамытатын диапозонды кеңейтуге көмектесетін әндер берілген.
Барлық сыныптарда әнді дұрыс айту қалпына талап қойылады:
Әуенді таза айту, дыбыстың әсем, нәзік, әуелі дыбысталуына, бірқалыпты дем алуына, сөз текстісін анық айту, дауысты, дауыссыз дыбыстарды дөңгелендіріп дұрыс орындау т.б.
Музыкалық тәрбие берудегі музыка тыңдау – музыка пәнінің маңызды бір бөлігі болып табылады. Ол музыкалық жан – жақтылықты кеңейтеді, музыкалық білімін толықтыра отырып, қабылдауын дамытады, сүйішпеншілігі мен көркемдік талғамын қалыптастырады.
Музыка тыңдау барысында шартты түрде бастауыш сынып оқушыларының қабылдауын былайша топтастыруға болады: шығарманың мазмұнын елестету, оның жанры, құрылысы және басқа көркемдік құралдарын ажырату.
Оқушылар бірінші сыныпта ән немесе күй жанры жөнінде толығымен мағлұмат алады: Ал, екінші сыныпта олар күрделі фактурасы бар « Жыл басы кім болады?» атты балалар операсы мен аңыз – күй «Жетім бала» эпикалық бірнеше көріністен тұратын көлемді күймен танысады.
Үшінші сыныпта ән мен сөздің өзара тығыз байланысымен қазақтың ұлттық шығармашылығы түрлерімен: терме, жыр, айтыс, күй тартыс, атқты жыршы – термеші, күйшілерімен танысады.
Төртінші сыныпта бағдарламаның музыка тыңдау бөлімі жүйелі бірізділікпен жалғасып отырады. Оқушылар ән мен күйдің күрделі музыкада «жаңа өмірге» ие болғанын көре отырып, композиторларының шеберлігінің арқасында халық музыкасының түрленіп, жаңа бояулармен нәрленгенін байқайды. Қазақстанның және шетел шығармаларымен танысу музыканың күрделі жанрлары мен формаларын білуге көмектеседі.
Музыкалық сауаттылық. Оқушылар музыканы қабылдай білу үшін, оның «тірі» өнер екенін өмірімен тығыз байланыста болатынын түйсінуі қажет. Музыканы ести білу тәжірибиесі балаларға 1-4 сыныптар бойында халық музыкасын орындау мен тыңдатуда, қазіргі мектеп оқушыларына арналған композиторлық әндерді айтуда, халық күйлерін,классикалық музыка тыңдатуда т.б. бір – бірінен өзара айырмашылықтарын ажыратуда ықпал етеді. Ән айту кезінде және музыка тыңдағанда балалар біртіндеп музыкалық сауаттылықты да игереді. Шығарманың мазмұны мен көңіл – күйі жөнінде мәліметтер алады, музыканың көркемдік құралдарымен – темп, дыбыс күші, әуенділік, ырғақ, дыбыс биіктігі танысады. Шығарманың жанры және құрылысы, музыкалық аспаптар мен халық аспаптар оркестрі симфониялық оркестр, хор және хордың құрамы жөнінде мағлұмат алады. Оқушылардың алған білімдері сыныптан сыныпқа көшкен сайын толықтырылып, ұлғайтыла түседі. Оқыту процесінде оқушылардың музыканы танып білуі іс жүзінде асырылады. Нота сауаты оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес 3 сыныптан бастап ендіріледі.
Шығармашылық тапсырмалар. Ырғақты би қимылдары, сабақтың тақырыбына байланысты сүреттер салу көбінесе 1-2 сыныптарда қолданылады. 2- сыныптан бастап берілген тақырыпқа суырып – салмалық ойнайды. 1 – сыныпта жұмбақтар шешсе, келесі сыныптарда ребустар шешеді, берілген тақырыпқа шығармалар жазады. «Ізденгіш тапсырмалар», «проблемалық ситуациялар» тудыратын сабақтар оқушыларға алған біліміне тиянақтылықпен қарауға үйретеді.
Жергілікті жердің жағдайына және өмір сүріп жатқан жердің еркшеліктеріне байланысты, ұлттық дәстүрлеріне сәйкес мұғалім білім беру ережелерін ескере отырып, сабақтың мазмұнына түрлі өзгерістер енгізуіне болады.
Осы бағдарламаның тиімділігін авторлар (Құлманова Ш. Б.,Оразалиева М.А, Сулейменова Б.Р.) сегіз жыл бойы эксперименттік байқаудан өткізген.
«Елім-ай» бағдарламасының тоқсандық таққырыптары былайша бөлінді:
- 1 –тоқсан – «Сарыарқа»,
- 2- тоқсан – «Тұлпар»,
- 3 – тоқсан – «Аққу»,
- 4 – тоқсан - «Елім – ай».
«Елім – ай» бағдарламасында тарихи тақырыпқа арналған халқымыздың музыкалық фольклоры кең пайдаланылған. Бұған жататындар көбінесе – аспаптық шығамалар. Бәрімізге белгілі қазақтар аспаптық шығармаларда халық тағдырының келелі кезеңдерін үлкен көркемдік шеберлікпен бейнелеген. Бағдарламаға енген « Ақсақ құлан», «Ел айрылған», «Он алтыншы жыл», т.б. күйлерде өткен дәуірдегі халқымыздың ой санасын, көркемдік- образдың шеберліктерін көреміз, моральдық- этникалық кескін келбетін аңғарамыз.
Ал, екінші тоқсандағы «Тұлпар» тақырыбында оқушылар «Сырым сазы», «Кішкентай», «Саранжап» т.б. күйлерден халқымыздың күресін, батырлығын көреді.
Басқа халықтар сияқты қазақ халқының кең тараған жанры - ән. «Бозторғай», «Маңмаңгер», «Япырай», «Өсиет» т.б. әндерінде кең даланы, табиғат әсемдігін, махаббатты бейнелеген.
Бірінші, үшінші тоқсан тақырыбына лирикалық сюжеттегі күйлер еніп, ондахалықтың өмірі, өнерге, музыкаға деген көзқарасы, адам сезімі терең бейнеленген («Аққу», «Бұлбұл»).
Халық өнерінің тәрбиелік әсері фольклордың «қолданбалы» саласында да (киіз басу, кілем тоқу, т.б.) орын алып, балалардың көркемдік қажеттілігін күшейтіп отырды. Бұл сала еңбек әндерінің тууына себеп болды.
Бұл бағдарламаны фольклордың басқа да маетриалдарымен тереңдетуге болады (ертегі, жыр, тақпақ, жаңылтпаш, ойын т.б.).
Ең бастысы, мәселе халық фольклорының синкреттік табиғатын жоғалтпай, әр тақырыпқа өткен сайын, халық дәстүрлердің, фольклордық материалдардың жалпы эстетикалық мәнін ашып, оқушыларға жеткізіп отыру.
«Мұрагер» бағдарламасы. Авторлары: А. Райымбергенов, С.Райымбергенова, Ұ.Байбосынова. «Мұрагер» атты бағдарлама ән – күй пәні бойынша қазақ орта мектебінің 1 -9 сыныптарына арналған. Бағдарламаның негізгі мақсаты - өзінің тілін, дінін, дәстүрін, өнерін, әдет – ғұрыптарын біліп, халқының асыл қазынасының мұрагері сезінетін, өз елін туған жерін, ата мекенін сүйетін Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеу.
Бағдарлама төмендегідей педагогикалық міндеттерді көздейді:
1) домбыра сүйемелдеуімен ән айтып, күй тартуды үйрету, жыраулық дәстүр, айтыс өнерін меңгеріп батыс Европа және Шығыс музыка өнерінің дәстүрлерімен танысу.
2) қазақтың кейбір қолөнер түрлерін үйретіп, оқушылардың көркемдік ой жүйесін қалыптастыру.
3) балалардың шығармашылық ынтасын, ой өрісін, қиялын дамыту.
4) дәстүрлі өнеріміз арқылы қайырымдылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеп, мәдениетті, жан – жақты дамыған адам етіп шығару.
Бағдарламаның басты темірқазығы – балаларға домбыра үйрету арқылы олардың жалпы халық өнеріне деген ынтасын арттыру. Домбыра үйрету барысында біз халықтық музыка педагогикасына арқа сүйедік. Ол домбыра қағыстарын көзбен көріп, сөз иірімдерін құлақпен ілу сияқты домбыраны нотасыз үйрету әдістемесіне негізделген. Сонымен қатар, дәстүрлі ортада шәкірт ұзтазына еріп жүріп, жекеше түрде дайындалып, соңына еріп батасын алған. Ал бала саны жиырмадан асатын сыныпта бұл методикамен жұмыс істеу өте қиын. Сондықтан « Мұрагер» бағдарламасы балалардың санына қарамай кез келген сыныпта қолдана беруге болатын, коллективті түрде нотасыз домбыра тартып үйретудің әдістемесін ұсынады. Бұл арада біздің бағдарламамыз қазақтың, дәстүрлі педагогикасын және Европаның ең озық әдістемелік үлгілерін бойына сіңірді.
Ән – күй дәстүрлеріміздің жалпы халықтық мәдениетіміздің бір саласы болғандықтан, бағдарламада басқа да халық көркем - өнер мұраларымыздың ішінде тек қана домбыра тартуды толығырақ меңгеруге көмектесетін түрлері іріктелініп алынды.
Қазақтың ою- өрнектерінің, символдық мазмұнын білу арқылы балалар күйдің саз иірімінің сұлулығын көбірек аша түссе, күйдің тарихын білу арқылы халқының тарихын тереңірек түсінеді. Сонымен қатар аспаптық саз өнеріміз аңыз - әңгімелерімен, көне мифологиямен, ауызша поэтикалық дәстүрімен астасып жатыр.Қысқасы ән – күй пәні музыка, ауызша поэтикалық, көркемөнер, қолөнер түрлерінің басы тоғысқан интеграцияланған комплексті пән болуы тиіс.
«Мұрагер» бағдарламасы – тоғыз жылдық білім берудің тізбекті біртұстас курсы. Бастапқы сыныпта алған білім жылма – жыл қайталанып, толықтырылып, дамытылып отырады.Мысалы, домбыра тартудың ең қарапайым жаттығуларынан бастап, жеңіл әндер мен күйлер үйреніп, репертуарды жылма – жыл байыта, күрделендіре түсудің арқасында күйдің композициялық құрылысын түсініп, аяғында өз жанынан өлең ұйқастырып, бір – бірімен қағыспа түрінде айтысуға дейін жетіп, жыраулардың үлгісімен өз толғауларын шығаруға дейін жетеді.
Домбыраға репертуар таңдау барысында балалардың ойнап үйренуіне жеңіл болуымен қатар, ел арасында кеңінен танымал халықтың сүйіп тыңдайтын ән-күйлері іріктеліп алынды.
«Мұрагер» бағдарламасында қазақтың ұлттық өнерімен қатар, Европа мәдениеті оның ішінде әлемге тараған опера, симфония, балет жанрлары терең түрде талданды. Ол жанрлардың пайда болуы туралы мәліметтер мен Европа саз аспаптары туралы қызғылықты әңгімелер баяндалады. Сонымен қатар Шығыс музыкасы мен Түркі мәдениетіне кең орын берілген. Бағдарламаның ең соңғы бөлімінде қазақ музыкасын басқа Европа елдерінің музыка мәдениетімен салыстыра келе, саз өнерінің өміріндегі алатын орны айқындалады.
Қысқасы, музыканы тек қана құлақпен тыңдап, көркемдік бұйымдарды тек қана көзбен көріп, тамашалау арқылы өнерге баулуға болмайды. Біздің бүлдіршіндеріміз халық өнерінің шынайы мұрагерлері болуы керек. Асыл өнерді өз қолымен жасай алатын адам ғана ата – бабадан қалған мұраны көбейтіп, байытып келесі ұрпаққа жеткізе алады.
Өзін- өзі тану сабақтарында студенттердің көңіл-күйін жақсартудағы музыканың рөлі
Мектептегі музыкалық тәрбие әдістемесі
Студенттердің бойында музыка–педагогикалық мәдениетінің негізін қалыптастыру және болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін оқушыларға музыкалық тәрбие беру жұмысына даярлау
Музыкалық өнер, оның білім, тәрбие және дамыту мүмкіндіктері
Орта топ балаларын музыка тыңдауға үйретудің ерекшеліктері (4-5 жас)
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту
Бастауыш сыныпта оқушыларына эстетикалық тәрбие беру
Музыка сабағында мектеп жасына дейінгі балаларға музыканы қабылдауды оқыту әдістемесі
Музыкалық білім беру педагогикасының пәні және міндеттері
Балалардың музыкалық әсерлерін қорытындылау