Өзіндік музыкалық іс-әрекет

Егемен елімізде табандылықпен жүзеге асырылып жатқан, әлемдегі елулікті қатарына кіру саясаты қоғам өміріні ішінде, білім беру саласына күн тәртібіне қойылыа отырған күрделі мәселелерді бірі – жаңа тұрпаттағы, жаңа ұстаздар даярау, білім беру қызметіне жаңаша көзқараспен қарау, қолжеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып салалау, жастарды шығармашылық  потенциялын дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

       Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында:«Қазіргі мектептердің – біріншіден: практикалық қызметінде жинақталған жетілдіру,

елімізді материалдық – қаржылық ресурстарын әрі қарай дамытатын адам тәрбиелеу, орта білім жүйесін одан әрі дамытып жұмылдыру міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтармен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық  жаңа практика, жаңа қарым қатынас жасаулары қажет:» - деп атап көрсетілуі мұғалім іс-әректіне жаңа бағыт сілтейді.

Мұғалімге жаңа технологиянын ғылми негізде меңгерту және терең білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

       Мақсатымыз: өз ұлтының тарихын, мәдениеті мен тілін, өнерін қастерлейтін жәнеоны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылыққа ұштастыра білетін мәдениетті,өнерлі тұлға тәрбиелеу. Музка сабағында оқушылардың ән айтуын дұрыс үйрету үшін олардың дауыстарын жүйелі қалыптастырып, ән айту аппараты дамып оны шеберлікпен меңгеруі қажет.

Музыканы үйрету, есту, тыңдау, шығармашылық іс-әрекет барысында оқушының ой толғанысы жанданып, жігерленеді, ой-қиялы өседі.Дауыс ерекшеліктерін дамытудың әдістері мынадай жығдайларды қамтиды.

Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай дауыстарыны мөлшеріне үнемі бағыт беріп отыру.

2. Әнді еркін, қиналмай айту, сонымен қатар әншілік өнердің ережелерін қатаң сақтау.Жамен, асықпай дем алу және оны біртіндеп шығару.

Көмейдің тұрақты қалпы, оны маңызды қасиеті.

Дауысты дыбыстарды дұрыс айту, дауыссыз дыбыстарды қысқа, нақты келтіру.Музыкалық шығармаларды терең түсініп, өз мәнерінде айту.

Жалпы сабақты дәстүрлі, дәстүрлі емес, сайыс, ойын, кіріктірілген сабақ, саяхат аралас сабақ түрлерін жиі өткізу әдетке айналғаны жөн. Заман талабына сай оқытудың жаңа технологиясын игере отырып, пәнаралық байланысқа көңіл бөлген жөн.

Сабақтың тақырыбы: «Музыкалық көңіл күй», «Дыбыс әлеміне саяхат» модулінің сабақ жоспары.

Сабақтың мақсаты: балаларды «Музыкалық көңіл күй» өнеріне баулудың бірден-бір жолы – олардың бойларындағы қасиеттерін түсіну, сезіну қабілеттерін байқау, музыканы қабылдай білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: ЭО, CD диск, музыкалық аспап, суреттер, ноталар

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесіп, сабағымызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен бастаймыз.

ІІ. Өткен сабақты қайталау

Музыканы орындау ережесімен түсіндіремін.

– Ал, енді балалар, ән айту ережесін тыңдаймыз.

 

1

 

1-сурет. ЭО «Ән айтып үйренеміз» модулі

Әнді дұрыс айту үшін музыканы зейін қойып, тыңдау керек. Әнді бастар алдында, асықпай ішіңнен дем ал, сөздің ортасында дем алмау керек, әннің сөзіндегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық, түсінікті етіп айт. Даусыңды әдемі әрі жеңіл шығаруға тырыс, әнді мұғалімнің қолының қимылына қарап, бірдей бастап бірдей аяқта. Ал енді, алдымыздағы ЭО-тың «Мен әнді әдемі айтамын» модулін ашып, «Біз көңілді ұланбыз» әнін тыңдаймыз. Тыңдамас бұрын, оқушыларға сұрақ қоямын.

– Балалар, біз бүгін әдеміміз бе? Музыка бізге қажет пе? Музыкасыз өмір сүре аламыз ба? Мүмкін музыканың да көңіл күйі бар шығар.



2

2-сурет. ЭО «Ән айтып үйренеміз» модулі

ІІІ. Жаңа сабақ

Музыканың көңіл күй модулін түсіндіремін.

34

 

3-сурет. ЭО «Музыкалық көңіл-күй» модулі

Ән тыңдау мәдениетіне бірінші күннен бастап, үлкен мән беріп қараймын. Ән тыңдағандағы сабақтың мақсаты, оқушылар көңілді қуанышты сезімде қалу керек. Балаларды әдемілікке, көңіл күйін көтеруге тырысамын. ЭО арқылы әнді тыңдатамын. Ал енді,

– Ән сендерге ұнады ма?

– Ән қаншалықты әсер етті? деген сұрақтармен жалғастырамын. Сабақ қызықты, көтеріңкі күйде өту үшін, мұғалімнің шеберлігі қажет. Дұрыс сұрақ қоя білу, іздену, ойлану, әр түрлі жағдайлар тудыру, нотамен ән айтқызу оқушылардың шығармашылық ой-өрістерін дамытады. Сабақты тағы да сұрақтар арқылы жалғастырамын.

– Әнді айтқан адамды кім деп атаймыз? (орындаушы)

– Орындалған әнді кім тыңдайды? (біз тыңдаймыз).

Ал, енді ЭО-тың «Тыңдаймыз» модулі бойынша Құрманғазы Сағырбайұлының «Сарыарқа»

күйін тыңдамас бұрын, оқушыларға композитор, шебер күйші, Құрманғазы Сағырбайұлының өмірімен таныстыра отырып, суретін көрсетемін.

6

4-сурет. Құрманғазы Сарыбайұлы

Күйші Атырау жерінде дүниеге келген. Оның өнердегі алғашқы ұстазы – Ұзақ күйші. Ұлы күйшінің бүкіл өмірі әлеуметтік-әділетсіздік пен қанаушылыққа, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жолында өтті. Еркіндік іздеген халықтың өршіл ойын, аяулы арманын, жеңілмес образын суреттейтін «Сарыарқа» күйі осы кезеңде туды.

Оқушыларға жалпы күй мағынасын түсіндіремін. Күй – домбырада және басқа да халық аспаптарында орындалатын музыкалық шығарма. Біздің республикамызда мемелекеттік халық ұлт аспаптар оркестрі Құрманғазы есімімен аталатынын білеміз.

7

5-сурет. «Сарыарқа» ансамблі

«Тыңдаймыз» модулінен «Сарыарқа» күйі беріледі.

 

8

6-сурет. ЭО «Дыбыс әлеміне саяхат» модулі

Құрманғазы, Тәттімбет

Домбырамен сайраған

Жүрекке от жақсын деп,

Елге күйін арнаған

деп өлең жолдарын айтып беремін.

– Күйді тыңдай отырып, көз алдымызға нені елестетуге болады?

– Күй тыңдағанда қандай әсер алдыңдар?

– Күй бізге не айтты?

– Күйдің мінезі қандай?

– Қандай музыкалық аспаптың даусын естідіңдер?

Күй туралы оқушылар өз ойларын айтып береді. Ал, енді балалар, «Ән айтайық» модулін ашып, «Біз көңілді ұланбыз» әнін орындайық. Әнді орындамас бұрын, әуенді басынан аяғына дейін зейін қойып тыңдап аламыз. Әнді есімізде сақтау үшін, оны ішімізден бірнеше рет қайталап отырамыз. Ән айтқан кезде орындау мәдениетіне көңіл аудару керек.

Біз көңілді ұланбыз,

Ән шырқаймыз сайраңдап.

Бақыт елде туғанбыз,

Жаз гүліндей жайраңдап. – 2 рет

Бөбектерді қуантып,

Құрметтейді қарттарды.

Өнерге біз құмартып,

Біз сүйеміз бақтарды – 2 рет

Шынығамыз, ойнаймыз,

Жас ұрпақты сабақтап.

Жаз қызығын тойлаймыз,

Жақсы оқимыз сабақты – 2 рет.

Осы тыңдаған әнімізді оқушылармен талдаймыз. Ән мазмұнын ашамыз. Біз көңілді ұлан екенімізді, біздің еліміз бақытты, сол үшін қуанып, ән саламыз, қарттарды құрметтейміз, бөбектерді қуантамыз, сабақты жақсы оқимыз. Бәріміз өнерліміз, музыка сабағын жақсы көреміз, «Өнерлі бала өрге жүзер» дегендей, бүгінгі сабағымызды аяқтайық.

 


Ұқсас жұмыстар

Музыкалық қызмет түрлері
Музыка арқылы адамның ерекше сезіну қабілетін арттыру
Музыкалық білім беру әдістемесі
Музыка сабағында мектеп жасына дейінгі балаларға музыканы қабылдауды оқыту әдістемесі
Музыкалық ойлаудың шығармашылық сипаты
Музыкалық білім беру педагогикасының маңызы және педагог - музыканттың әдіснамалық мәдениеті жайында
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ
Музыка мұғалімінің музыкалық - педагогикалық шеберлігі
Ізденістің әдіснамалық негізі
Музыканың басқа өнермен байланысы