Пәннің оқу бағдарламасы – (Syllabus)

1.1 Оқытушы туралы деректер

Баймұханбетова М.Б    аға оқытушы, ф.ғ

1.1  Пән туралы деректер

Атауы: Балалар әдебиеті

Кредиттер саны: 5 (сағат 20)

          Оқу жоспарынан үзінді

Курс      

Семестр

Кредит-тер              

Тәжірибелік

ОСӨЖ

СӨЖ

Бақылау жұмысы

Бақы

лау нысаны

ІI             курс

IҮ семестр

5

6

4

10

2,8

22,8

1.3. Осы пәндi  игеру үшiн қажет бiлiм - пәндi  игеру үшiн дағды мен бiлiм студентке берiлетiн ақпаратты меңгеру, байқау, салыстыру, ойлау, теориялық бiлiмдi тәжiрибесiнде қолдана  бiлуi тиiс.

1.4. Осы пәнмен байланысты  пәндер- «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Халық ауыз әдебиеті», «Қазақ әдебиетінің әдістемесі».

1.5. Қысқаша сипаттамасы: Пәннiң мақсаты:

«Балалар әдебиеті» – ғылыми-теориялық білім беруді мақсат ете отырып, оның болашақта зерттелуге тиіс проблемаларына байланысты студенттерді ғылыми ізденіске баулуды өзінің міндеті деп санайды.

  «Балалар әдебиеті» пәнінің міндеті – студенттерге теориялық және тәжірибелік тұрғыда білім беру; студенттердің халық ауыз әдебиеті пәнінен алған білімін қайталап еске түсіре отырып, бір ізге салу; қазақ балалар әдебиетінің даму тарихы, балаларға арналған алғашқы оқу құралдарының шығуы туралы; балалар әдебиетінің тәрбиелік мәні туралы; қазіргі заман балалар әдебиеті туралы мағлұмат беру.

Пәнді оқыту міндеттері.

       Курстың  теориялық бөлімінде   «Балалар әдебиеті» пәнінің ғылым ретінде танылуы, оның ғылымдар арасында алатын  орны, басқа ғылым салаларымен  байланысы,  оның зерттеу әдістері жайлы  мәліметтер беру, семинар сабақтары және зертханалық сабақтары теориялық материалдарды меңгеруді қамтамасыз етеді.

§        Балалар әдебиеті пәнін игеру барысында студент бала тәрбиесінің күрделілігі мен маңызын жете түсініп, ұстаздың этикет пен мәдениет деңгейінің жоғары болуын үнемі назарда ұстауы тиіс. Балалар әдебиеті пәнінің тарихын терең меңгеріп, оның өкілдерінің шығармаларымен толық танысу.

§        Пәнді ұйымдастыру кезінде оқушылардың жас ерекшелігіне айрықша көңіл бөлуді студенттерге ескерте отырып, игерту.

§        Студенттердің, болашақ маман иелерінің өздері оқытатын оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін үнемі назарларында ұстауға, балалармен қарым-қатынасты үйлестіре білуді үйрету.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1.     Ш. Ахметов, Қазақ совет балалар әдебиеті, Алматы, 1976 ж.

2.     М. Әуезов, Әдебиет тарихы, Алматы, 1991 ж.

3.     Ә. Қоңыратбаев, Қазақ әдебиетінің тарихы, Алматы, 1994 ж.

4.     Б.Ыбырайым, Сырлы әлем /қазіргі қазақ балалар прозасы/, А. 1997

5.     Қазақ әдебиетінің тарихы, ІІІ том, Алматы, 1979 ж.

6.     М. Ғабдуллин, Қазақ халық ауыз әдебиеті, Алматы, 1996 ж.

7.     Б.Қапасова, Қазақ балалар лирикасы /60-90ж.ж./ Павлодар, 2004ж

8.     А.Ақтанова. Қазіргі қазақ балалар драматургиясы. Семей, 2008ж.

9.     Қ.Баянбаев, Қазақ балалар кітапханасы. Алматы, 1991ж.

10.                       Қ.Матыжанов, Бөбектерге арналған фольклорлық поэзия жанры. Алматы, 1990ж.

11.                       С. О. Садырбаев Қазақ халық ауыз әдебиеті, хрестоматия, Алматы, 1992 ж.

2. Оқу-әдістемелік кешеннің тізбесі мен мазмұны

2.1. Курстың тақырыптық жоспары

Барлығы (кредиттер):  5 (20 -  сағат)

Тақырыптың атауы

Дәріс

Тәжірибелік

ОСӨЖ

СӨЖ

1.

Халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің бастауы.

1

1

2.

ХІХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті.

Махамбет Өтемісұлы жырларының халықтық негізі.

1

1

3

Ы.Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы

Ы.Алтынсарин өлеңдерінің идеялық, көркемдік ерекшеліктері.

1

1

4

Абайдың тәрбие мәселесіне байланысты педагогикалық көзқарастары. Қазақ балалар әдебиеті тарихында Абай Құнанбайұлының орны. Абай қарасөздеріндегі оқу, білім.

1

1

5

ХХ ғасыр басындағы қазақ балалар әдебиеті

Шәкәрімнің балаларға арналған туындылары

С.Көбеевтің “Үлгілі бала”, “Үлгілі тәржімә” атты оқу құралдарының жанрлық ерекшеліктері.

1

1

6

А.Байтұрсыновтың қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі.

М.Дулатовтың балаларға арналған шығармаларындағы әлеуметтік тақырып.

1

1

7

Ж.Аймауытовтың ағартушылық, педагогикалық бағыттағы ғылыми еңбектерінің мәні.

С.Торайғыров және балалар әдебиетіндегі жаңа бағыт.

1

1

8

Қазақ кеңес балалар әдебиеті.

М.Жұмабаевтың ақындық табиғаты.

С.Сейфуллиннің “Бандыны қуған Хамит” әңгімесінің идеясы, тәрбиелік мәні.

1

1

9

М.Әуезов және балалар әдебиеті.

І.Жансүгіров өлеңдеріндегі эстетикалық тәрбие

1

1

10

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балалар әдебиеті

1

1

БАРЛЫҒЫ:

6

4

10

2.2. Семинарлар тақырыптары.

1- семинар 1. Халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің бастауы. Халықтық бесік жырларының мазмұны.

3. Бесік жыры мен тұсау кесу жырының көркемдік-эстетикалық табиғаты.

4.  Төрт түлік мал туралы өлеңдердегі халық даналығы.

5. Жаңылтпаш, өтірік өлеңдер және даналық сөздер – тіл дамыту құралы

2- семинар 1.ХІХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті.

2. Махамбет жырларының халықтық негізі. Ақын поэзиясындағы реалистік сипаттар.

3. Ақын поэзиясындағы реалистік сипаттар.

3- семинар 2. Ы.Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы.

2. Ыбырайдың өмірі мен ағартушылық қызметі.

3.  Шығармаларының тәрбиелік мәні.

4- семинар 1. Қазақ балалар әдебиеті тарихында Абай Құнанбайұлының орны.

2. Абайдың балаларға лайықты өлеңдері.

3. Қарасөздерінде халық ағарту мәселелерін көтеруі. Абайдың тәрбие мәселесіне байланысты педагогикалық көзқарастары.

5- семинар 1. ХХ ғасыр басындағы қазақ балалар әдебиеті.

2. Көрнекті балалар ақын-жазушылары.

3. С.Көбеев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов шығармаларындағы ел, жер тағдыры, ұлттық сана түсінігі.

6- семинар 1. А.Байтұрсыновтың қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі.

2.  “Қырық мысал”, “Маса” жинақтарының әлеуметтік санаға әсері.

3.  “Тіл құралы”, “Әдебиет танытқыш” еңбектерінің қазақ тіл білімінің, әдебиеттану ғылымының негізін салуға қосқан үлесі.

            Студенттердің оқытушының басшылығымен орындайтын жұмысы шеңберіндегі тапсырмалар.

Тақырыптар

Жұмыс түрі

Тапсыру мерзімі

Балл

1.     1

ХІХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті.

Махамбет Өтемісұлы жырларының халықтық негізі.

Ауызша баяндау.

жаттау

І апта

4

2.     2

Абайдың тәрбие мәселесіне байланысты педагогикалық көзқарастары.

Жаттау

ІІ апта

5

3.     3

А.Байтұрсыновтың қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі.

М.Дулатовтың балаларға арналған шығармаларындағы әлеуметтік тақырып.

жаттау

ІІІ апта

4

4.     4

Қазақ кеңес балалар әдебиеті.

С.Сейфуллиннің “Бандыны қуған Хамит” әңгімесінің идеясы, тәрбиелік мәні

Конспект

ІҮ апта

5

Студенттердің түрлі сипаттағы тапсырмаларды

орындауының рейтингтік бағасы.

Көрсеткіштері

Студенттің балл бойынша рейтинг

1

Тапсырма орындалған жоқ

               0

2

Тапсырма үлгі бойынша орындалған

               1

3

Тапсырмалар қайта құрылды

               2

4

Тапсырма шығармашылықпен орындалды, жұмыстың жаңа амалы ұсынылды.

               3

Бағаның әріптік баламасы

Ұпайдың сандық баламасы

Пайыздық көрсеткіштері

Дәстүрлік жүйеде бағалау

А

4,0

95-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

5-69

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59

Д

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанғысыз

                                    

2.4 Курс бойынша  бақылау сұрақтары

1. Халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің бастауы.

2. Халықтық бесік жырларының мазмұны.

3. Бесік жыры мен тұсау кесу жырының көркемдік-эстетикалық табиғаты.

4.  Төрт түлік мал туралы өлеңдердегі халық даналығы.

5. Жаңылтпаш, өтірік өлеңдер және даналық сөздер – тіл дамыту құралы

6 .ХІХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті.

7. Махамбет жырларының халықтық негізі. Ақын поэзиясындағы реалистік сипаттар.

8. Ы.Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы.

9.  Ыбырайдың өмірі мен ағартушылық қызметі, шығармаларының тәрбиелік мәні.

10. Қазақ балалар әдебиеті тарихында Абай Құнанбайұлының орны.

12. Абайдың балаларға лайықты өлеңдері.

13. Қарасөздерінде халық ағарту мәселелерін көтеруі. Абайдың тәрбие мәселесіне байланысты педагогикалық көзқарастары.

14. ХХ ғасыр басындағы қазақ балалар әдебиеті.

15. Көрнекті балалар ақын-жазушылары.

16. С.Көбеев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов шығармаларындағы ел, жер тағдыры, ұлттық сана түсінігі.

17. А.Байтұрсыновтың қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі.

18.  “Қырық мысал”, “Маса” жинақтарының әлеуметтік санаға әсері.

19.  “Тіл құралы”, “Әдебиет танытқыш” еңбектерінің қазақ тіл білімінің, әдебиеттану ғылымының негізін салуға қосқан үлесі.

20. Ж.Аймауытовтың ағартушылық, педагогикалық бағыттағы ғылыми еңбектерінің мәні.

21. Психология, әдістеме, эстетика саласынан жазған ғылыми еңбектерінің танымдық негізі.

22. Балалар әдебиетіне қосқан үлесі.

23. Қазақ кеңес балалар әдебиеті.

24. Қоғамдық-тарихи жағдай. Көрнекті балалар ақын-жазушылары.

25. Балаларға арналған туындылардың идеялық-тақырыптық негізі.

26. М.Әуезов және балалар әдебиеті.

27. Өмірі мен жазушылық қызметі.

28. “Жетім” әңгімесі мен “Көксерек” повестерінің көркемдік-эстетикалық табиғаты.

29. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балалар әдебиеті.

30. Кеңес халықтарының ерлік істерінің балалар әдебиетіндегі көрінісі.

31. Негізгі тақырып, идея бірлігі, ұлттық рух көрінісі.

32. Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ солдаты” романының тарихи-көркемдік ерек шеліктері.

33. Новеллаларындағы бала тағдыры үшін күрескен ана бейнесі.

34. “Қазақ солдаты” романының балалар әдебиеті тарихында алатын орны.

35. Бала психологиясы мен эстетикалық мұратын, ой-арманын бейнелеудегі жазушы шеберлігі.

36. Қазіргі балалар поэзиясы.

37. Қазақ әдебиетінің стиль, жанр, түр жағынан күрделенуі, түрленуі. Шығармашылық ізденістер.

38. Балалар әдебиетінің бағыты, басты міндеті.

39. Қ.Мырза Әли шығармаларының идеялық-тақырыптық негізі.

40. Балаларға арналған өлеңдерінің тақырып молдығы, мазмұн байлығы.

41. Ақын өлеңдерінің баланың танымдық қабілетіне әсері.

42. Қазіргі балалар прозасы.

43. Өмір шындығын көркемдік тұрғыдан игеру ауқымының кеңдігі, образдар табиғатының күрделілігі, адамгершілік-моральдық мәселелердің өткірлігі

44. Қазіргі балалар драматургиясы.

45.  Балалар драматургиясындағы ұлттық рең, дәстүр мен жаңашылдық,  стиль ерекшелігі.

                                                 Глоссарий

Аңыз-  қазақ фольклорлық прозасының жанры, елдің, тайпа, рудың шыққан тегі, кешкен жолы хақындағы немесе тарихта болған әйгілі адамдар, сондай –ақ нақтылы бір жер- су, сол жерде өткен оқиғалар турасындағы тарихи шындыққа негізделген, халықтың тарихи жадында сақталған, әйтседе, уақыт өте көркемдік сипат алған әңгіме.

Әңгіме- оқиғаны баяндап айтуға негізделетін, қарасөзбен жазылған шағын көркем шығарма.

Бесік жыры- қазақ балалар фольклорының жанрлық түрі. Әнге қосып баланы уатып, қалғытып, ұйықтатуға лайық біркелкі ырғақпен жайдары, жағымды үнмен айтылатын ән.

Драма- сахнаға арналған, уақиғаны, оған қатысушы кейіпкерлердің іс- әректін, көңіл- күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар.

Ертегі-бұрынғы өткенді қиялмен ұштастыра болжап, сюжетті көркем әңгіме түрінде келіп, қарасөзбен беріледі.

Жаңылтпаш- ауыз әдебиетінің балалардың  тілін жаттықтыру мақсатындағы жанры. Бала тілінің жетік жетілуіне, оралымды, анық сөйлесуіне, ана тілінің үн сұлулығын мінсіз меңгеруіне, шебер сөз саптауға баулиды.

Жұмбақ- көлемі қысқа, еске сақтауға қолайлы, белгілі бір затты, табиға құбылысты, адам болмысын, іс- әрекетті, қоғамдық күрес- тартыс шиеленістерді ойланып, шешімін табуға ыңғайлап, басқа нірсенің немесе әрекет – қимыл арқылы тұспалдап айту тәсілі.

Комедия- драмалық жанрдың негізгі бір түрі.Өмірегі келеңсіз, жағымсыз құбылыстарды, адам бойындағы міндерді, қасиетсіздікті, оспадарлықты күлкілі етіп бейнелейтін сахналық шығарма.

Өнер- нақтылы іске, соның нәтижесінде туған затқа байланысты

кәсіпті айтады.

         Өтірік өлең- қазақ ауыз әдебиетіндегі  өмір құбылыстарын шындыққа жанаспайтындай етіп айтатын өлең түрі.

         Санамақ- сәбилерге сан үйрету, санның ретін танытуды көздейтін ойын өлеңі.

         Тақпақ- қазақ өмірінде шешендік дәстүрмен байланысты туған өткір нақыл- ғибраттылық, мінерлеп айтуға лайықты сөз нұсқасы.

         Трагедия- сахнаға арналып жазылатын әдеби шығармалардың, яғни драмалық жанрдың бір түрі. Өмірдегі бір ауыр жағдай, адамның қиын басына түскен ауыртпалық баяндалады, шығарма көбінесе негізгі кейңпкердің қазаға ұшырайымен аяқталады.

         Тұрмыс- салт жырлары- қазақ ауыз әдебиетінің жанрлық бір түрі. Халықтың әр түрлі салт, дәстүр, әдет- ғұрып, ырым- жораларына байланысты өлең- жырлар.

        

СЫҢСУ  қыз өзінің ел –жұрты, құрбы-құрдастарымен айырылысар кезде, қайын жұртына аттанар сәтте мұң-зарға толы айтылатын өлеңдер.

ЖҰБАТУ – сыңсуға жауап ретінде жігіттер жағы айтатын жыр үлгісі.

БЕТАШАР – қалыңдық түскенде,  ақ жаулық жауып әкелген жас келіннің бетін ақын ашып,   үйдегі үлкен-кішімен, ел-жұртымен таныстыру түрінде  айтылатын жыр үлгісі.

ЖАНАЗАЛАУ ЖЫРЛАРЫ – адам қазасына байланысты туып, ел аузында сақталған естірту, көңіл айту, қоштасу, жоқтау сияқты салт жырлары.

ЕСТІРТУ МЕН ЖҰБАТУ – өлген адамның жайын, өлеңмен немесе қарасөзбен  кейде тіпті күймен де жеткізетін хабарлаудан туған жыр.

ЖОҚТАУ – көбіне жауда қаза болған қас батырлардың ерлік істерін еске түсіруден туған жырлар.

ДІНИ-ҒҰРЫПТАРҒА ТУДЫРҒАН ЖЫРЛАР – қазақ фольклорынан ежелгі көшпелі тайпалардың ежелгі наным-сенімдері басты орын алған. Оның көрінісітері-бәдік, жарапазан,алғыс, қарғыс,арбау,бақсылық сарындары жатады.

МИФ – дүние туралы фантастикалық түсінік, әлемде билік жүргізетін құдайлар мен рухтардың ғажайып образдарының жүйесі.

АҢЫЗ - ӘҢГІМЕЛЕР – оқиғасын реалистік болмыстан, шындық өмірден алып, ауызша шығарған қазақ халқының көркем шығармаларының елеулі бір саласы.

ЭПОС – оқиғасы ел, халық өмірінен алынған, образдарды ірі әрі кемелді түрде жасалып, батырлық немесе ғашықтық сюжетке құрылған үлкен эпикалық жыр –дастандар.

РИТОРИКА – сендіре білу, яғни тыңдаушының санасына, сезіміне және еркіне әсер ету, ықпал жасау.

АЙТЫС – қазақ халқының бай ауыз әдебиетінің құнарлы бір арнасы ретінде бағзы замандарда туып, қалыптасқан көне жанр.

       

Студенттерге кеңес беру уақыты

Кеңес беру уақыты:  01.04.13-05.04.13 ж сағат 14:00

Бақылау жұмысын қабылдау уақыты: 05. 04.13 ж


Ұқсас жұмыстар

МАЙЛАР ЖӘНЕ ӨСІМДІК МАЙЛАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ пәнінің оқу бағдарламасы
Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу әдістері
Биотехнологияда қолданылатын биологиялық нысандар пәнінің жұмыс бағдарламасы
ТАМАҚ ӨНДІРІСТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ ТЕХНОЛОГИЯСЫ пәні бойынша жұмыс бағдарламасы
Интерактивті тақтаның құралдары
Пәнді оқытудың міндеттері
«Ғимараттар мен құрылымдардың инженерлік жүйелері»
Кәсіпорынның өндірістік қуаты
Гидрокүкіртсіздендіру үрдісінде мұнай шикізатының катализі
Бетон араласпасының технологиялық қасиеттері