Лекция 1

Табиғат — адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық корын алады. Алғашқы адамдар табиғат ресурстарын тұрпайы күйінде пайдаланып келді. Бертін келе, саналы түрде шаруашылықпен айналысып, өсімдіктерді баптап өсіріп, жануарлардың кейбір түрлерін колға үйретті.

Адам баласының саны артқан сайын табиғат байлықтарын пайдалану еселеп өсті. Енді бос жатқан жердің, судың иесі табылып, одан әрі жер мен оның байлығы үшін талас-тартыс өрбіді. Осының бөрі табиғатқа бүрын-соңды болмаған шығын әкелді. Алғашында табиғат қорлары сарқылмайтын сиякты көрінгенімен, бірте-бірте оның қоры таусыла бастағанын адам баласы сезінеді.

image

 

 

Ақсу-Жабағылы. Талас Алатауының солтүстік-батыс сілемдерін және озған іргелес жатқан Өгем жоталарын қамтыған Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы 1926 жылы 14 маусымда үйымдастырылған. Бұл қорықты ұйымдастырудағы басты мақсат - Батыс Тянь-Шань тауының езіндік ерекшелігі бар табиғат ландшафтыларын - табиғат кешендерін сақтап қалу еді. Бастапқыда қорық аумағының ауданы - 30 мың га шамасында болса, қазір оның алып жатқан жер көлемі - 85,4 мың га. Аксу-Жабағылы қорығы Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде, яғни Жамбыл облысымен, көршілес Қырғызстан және Өзбекстан республикаларының шекараларымен түйісетін жерде орналасқан.

image   image

 

 

Бұл қорықтың негізгі аумағынан баска, жалғасып жатқан екі филиал - Әулие сай және Қарабастау палеонтологиялық қорықшалары бар. Мұнда осыдан 150 млн жыл бұрын қалдықтары шоғырланған. Әулие сай Қошқарата өзені аңғарының сол жақ жағалауында орналасқан. Ал 125 га аумақты қамтыған Қарабастау бөлігі Қаратаудың Боралдай жотасында орналасқан.

Ақсу-Жабағылы қорығының басым бөлігі 1000-4000 метрлік биіктік аралығын қамтиды. Мұнда табиғат белдеулері биіктік бойынша  таралған. Шөлейт  дала,  ұсақ  шоқылы  дала,  аршалы-шабындыкты дала, субальпі мен альпі шалғындығы және мәңгі мұздықты белдемдер кезектесіп, табиғаттың түрліше көрінісін береді. Аталған   белдемдердің   табиғат   жағдайларына   байланысты   ол жерлерге  өсетін  өсімдіктер  әлемі  де   сан  алуан.

 


Ұқсас жұмыстар

Жоғарғы оқу орнындағы лекция және оқу жұмысын ұйымдастырудың басқа формалары мен әдістері
Жоғарғы оқу орнындағы лекция. Ағымдағы лекция
Сабақ кестесі
Тіл білімінің өзекті мәселелері пәнінің оқу -әдістемелік кешені
Информатика пәні бойынша сыртқы бөлімге арналған тапсырмалар жинағы
Жоо-дағы оқу процесін ұйымдастыру формалары
Тіл философиясы – тілдің философиялық қызметі жөніндегі ғылым
Семинар сабақтарда пәннің мазмұны бойынша проблемалық оқыту принципін іске асыру
Жоғары оқу орындағы тәрбие мен оқытудың теориясы
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі