Жалпы жағдайы

       Деректерді өңдеу жүйесінің техникалық негізі ретінде компьютердің мүмкіншілігі пайдаланатын бағдарламалық жасаумен (бағдарламамен) байланысты. Бағдарламалау - бағдарлама құрумен байланысты теориялық және практикалық іс-әрекет. Бағдарламалау - бағдарлама құрудың әдістері мен құралдарын құру және қолдануға, зерттеуте бағытталған ғылыми пәндер кешеніне негізделген. Бағдарламалау формальды грамматикамен анықталатын бағдарламалау тілдерінің көмегімен жүзеге асырылады. "Бағдарламалау тілдері" пәнін оқып үйрену студентке бағдарлама құрастырудың нақты тәжірибесін береді, оған бағдарламалаудың жақсы стилінің мүмкіндігін және бағдарламалық құжатты құрастыруды көрсетеді. Бұл курс негізгі жалпы ғылыми пән болып есептелінеді, ол 5В011100 - Информатика мамандығының басқа пәндерінің фундаментальды негізі болып табылады және ол бағдарлама құрастырудың тиімді және рациональды әдістеріне үйретеді.

Пәннің мақсаты және мәселелері, оның оқу процесіндегі орны.

Бағдарлама құру методологиясы, қолданылатын жобалау және бағдарламалау технологиясы туралы түсінікті қалыптастыру және машықтандыру.

Пәнді оқытудың мәселелері:

     бағдарламалау парадигмалары туралы түсініктерді қалыптастыру;

     типтік бағдарламалау жүйесінің қызмет ету схемасымен таныстыру;

     базалық(негізгі) бағдарламалау тілдерін үйрену;

     бағдарламалау ортасының құрал-саймандарын меңгеру;

     жеке бағдарламалық қолданбаларды құру және жасау;

Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студенттер мынаны білулері керек:

     Бағдарламаны жобалау әдістері мен тәсілдерінің классификациясын білу;

     Бағдарламалық өнімді құру кезеңдері туралы түсінік болуы;

     Бағдарламалық құралдарды ұйымдастыру және олардың ішкі құрылымы туралы ұғым қалыптастыру;

     Бағдарламалаудың типтік жүйесінің жұмыс істеу шарттарын білу;

     Базалық (негізгі) бағдарламалау тілдерінің алфавитін, синтаксисін және семантикасын білу;

     Базалық  бағдарламалау тілдерінің  құрал-саймандарымен жұмыс  істеу іскерліктерінің болуы;

     Қандай да бір есептерді практикалық жүзеге асыру үшін бағдарламалық қосымшаларды жасай білу.

Бұл пәнді жетік түрде оқып үйрену үшін мектеп математикасының, информатикасының базалық ұғымдарын білу керек.

Бұл бағдарламаны базалық бағдарламалау тілі ретінде Delphi қарастырылады.


Ұқсас жұмыстар

Ісіктердің жіктелуі жөнінде
Қаржылық жағдай түсінігі, мазмұны және оны талдаудың мақсаттары
Жануарларды пішу жайында
Сақтандыру жағдайы - сақтандыру шарты сақтандыру төлемін төлеуді қарастыратын жағдай
Кәсіпорынның қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты
Торайдың кіндік жарығын анықтап оны медеу жұмыстарын жүргізу
Басып кету - қозғалыстағы көлік құралының кедергіні басып кетуі немесе қозғалыстағы объектінің көлік құралына соғылуы
Жол-көлік оқиғалары
Сақтандыру шарты
Ренит,гаймарит,ларингит,фронтит аурулардың емі және профилактикасы