Практикалық сабақ №2

№2 ТАҚЫРЫП: Жүйке жүйесінің физиологиясы. Адамның проприорецепті тізе рефлексін анықтау.

МАҚСАТЫ:  Адам тізе және ахилл рефлексін туғыза алуға үйрену және осы рефлекстердің қарқынына орай тексерілетін адамның қозғыштығын бақылау.

ТӘЖІРИБЕГЕ ҚАЖЕТТІ ЖАБДЫҚТАР: Орындық резинка, балғашық.

СҰРАҚТАР:

1.      Жүйке жүйесінің маңызы мен құрылысы.

2.      Нейрон- жүйке жүйесінің құрылымдық және функционалдық бірлігі.

3.      Қозу, қоздырғыш, тітіркену және тітіркендіргішке түсініктеме.

4.      Рефлекс – жүйке қызметінің негізгі формасы. Рефлекторлық доға және сақина.

5.      Нейрондар арасындағы байланыс. Синапстар және олардағы қозуды жеткізу механизмі.

6.      Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу және оның пайда болу жолдары.

ТАПСЫРУ ФОРМАСЫ: жазбаша есеп.

ЖҰМЫС БАРЫСЫ:

Адамның проприорецепторлық рефлексін бақылау.

1)      Тізе рефлексі 2) Ахилл рефлексі.

Бұлшық еттерде, тарамыстарда, буындарда болатын рецепторлар проприорецепторлар деп аталады. Осы рецепторлардан қозу бұлшық ет жиырылғанда немесе босансығанда орталық жүйке жүйесінеберіледі. Тексерілетін кісінің жүйке жүйесінің қозғыштығы неғұрлым жоғары болса, пайда болатын рефлекс соғұрлым қарқынды болады. Осындай рефлекстерге тізе және ахилл рефлекстері мысал бола алады.

а) Тізе рефлексін былайша тудырамыз. Тексерілетін кісіні орындыққа отырғызамыз. Одан бір аяғының екінші аяғының үстіне қоюын талап етеміз. Сонан соң резинка балғашықпен (немесе алақанның қырымен) тізе көзінен төменірек санының төрт басты бұлшық етінің тарамысын ақырындап ұрамыз. Сол кезде тізе жазылады. Рефлекторлық доға жұлынның 3-4 бел сегменттерінде тұйықталады. Аяқ жазылуының шұғыл және биіктігін ескере отырып тексерілетін адамның рефлексін бағалаймыз. б) Ахилл рефлексі. Тексерілетін адамды орындыққа екі тізесімен (аяқ басы салбырап тұратындай етіп) отыруды талап етеміз. Ахилл тарамысын ақырындап ұрған кезде аяқ басы табанға қарай бүгіледі. Бұл рефлекстің доғасы жұлынның 1-2 құймышақ сегментінде тұйықталады. Тізе және ахилл рефлекстері доғаларының схемасын салу керек.

 

ҚОРЫТЫНДЫ:

Бақылау сұрақтары:

  1. Жүйке жүйесінің маңызы қандай?
  2. Жүйке талшықтарының құлымы мен қасиеті қандай?
  3. Синапс, синапс түрлері, оның физиологиялық қасиеттері.
  4. Рефлекс туралы түсінік, рефлекстік әрекет, рефлекстің жіктелуі.
  5. орталық жүйке жүйесі қандай бөлімдерден тұрады?

Әдебиеттер: А. Г. Хрипкова, М. В. Антропова, Д. А. Фарбер «Возрастная физиология и школьная гигиена». М., 1990 ж.  

С. Жұмабаев. «Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы» А., 1991 ж.


Ұқсас жұмыстар

Педагогикалық зерттеу практикасы бойынша есеп ( 7M02305 Қазақ филологиясы )
Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының педагогикалық-психологиялық диагностикасы
Информатика пәнінен әдістемелік құрал
Информатикадан зертханалық және практикалық жұмыстарды өткізу әдістемесі
Нормативтік қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтарын өткізуге арналған арналған әдістемелік нұсқау
Оқушыларды сабаққа әзірлеу
Биологиядан зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемесі
Ана тілі сабақтарында бекіту кезеңі
Компьютердің программалық жабдықтары
1-4 сыныптардағы еңбекке баулудың мазмұны мен мақсаты