Практикалық сабақ №3

№3 ТАҚЫРЫП: Балалардың жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесінің типологиялық және жастық ерекшеліктері. Ассоциативті эксперимент.

МАҚСАТЫ: Жоғарғы дәрежелі жүйке қызметінің механизмінің нейрофизиологиялық негізі, шартты және шартсыз рефлекстер, шартты рефлекстердің пайда болу және сөну әрекеттерін қарастыру.

ТӘЖІРИБЕГЕ ҚАЖЕТТІ ЖАБДЫҚТАР: Столға қоятын шам, штатив, Ричардсон баллоны, резина түтік.

СҰРАҚТАР:

1.      Шартты рефлекстер туралы И. П. Павловтың ілімі. Шартты және шартсыз рефлекстердің сипаттамасы.

2.      Шартты рефлекстердің түзілу жағдайлары және жолдары.

3.      Үлкен ми сыңарлары қыртысының анализдік синтездік қызметі.

4.      Динамикалық стеоретип. Оның қалыптасу жолымен және оқыту процессіндегі ролі.

5.      Болмыстың екі сигналдық жүйесі.

6.      И. П. Павловтың жоғарғы дәрежелі жүйке қызметінің типологиялық ерекшеліктері.

ТАПСЫРУ ФОРМАСЫ: жазбаша есеп.

ЖҰМЫС БАРЫСЫ:                                                                         

№1 тәжірибе. Ассоциативті эксперимент.

Адам миының үлкен жарты шарларының анализдік-синтездік әрекетінің негізі болып, сөздер арасындағы уақытша байланыстардың, яғни ассоциацияның түзілуі болып табылады.   Осы байланыстарды зерттеу барысында өмір сүруі кезінде қалыптасқан шартты рефлекстердің көп түрлілігі мен олардың негізін, белгілердің көрінуін, адамның ЖДЖЖ-нің кейбір жеке ерекшеліктерін анықтауға болады. ЖДЖЖ-нің барлық ерекшеліктерін ассоциативті эксперимент қою арқылы анықтауға болады.

Құрал-жабдықтар: Баған бойынша  10-20 сөз жазылған карточкалар, секундомер.

Жұмыс барысы: Карточкадағы сөздерді зерттелуші оқиды (тек зат есім). Зерттелуші әрбір айтылған сөзге ойына келген сөз ассоциациясын айтуы қажет. Жауап беру кезеңі белгіленеді. Ассоциация түзілген уақыты мен айтылған сөздерді кестеге толтырады.  Оларды талдап, қорытынды жасаңдар.

Ассоциация эксперимент нәтижелері

Зерттелушіге берілген сөздер тізімі

Сөз-ассоциация

Ассоциация пайда болуға кеткен уақыт, с

Алынған нәтижелердің анализі ЖДЖЖ-нің мынадай ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді.

1.      Уақытша байланыстардың көптігі. Егер берілген сөздердің ассоциациясы бірде-бір рет қайталанбаса, онда уақытша байланыстың көптігі туралы айтуға болады.

2.      ЖДЖЖ-нің типтері. Егер берілген сөздер ассоциясында бейнелі, көркем сөздер болса, онда ЖДЖЖ-нің типі- көркем, егер сөздердің ассоциясы жинтықты, қорытынды негізде болса, онда бұл тип – ойшыл. ЖДЖЖ-нің орта типіне түрлі деңгейдегі ассоциацияға 1 және 2 типтер тән.

№2 тәжірибе. Шартты кірпік қағу рефлексін жарық әсерінен қалыптастыру.

ТӘЖІРИБЕ БАРЫСЫ:  Тексерілетін адамды штативке жақын отырғызамыз. Штативте Ричардсон баллонымен жалғасқан резинка түтік орналасқан. Резинка түтіктің тесігі тексерілетін адам көзінің деңгейінде 5-7 см қашықтықта болуы тиіс.

            Шартты рефлекс былайша қалыптастырады: алдымен шам жағылады (жарық шартты тітіркендіргіш). 1-2 сек. Содан соң Ричардсон баллоны қысу арқылы ауа ағысымен кірпік қағу рефлексін тудырамыз. (шартсыз қуаттандыру). Осыны көп мәрте қайталаған соң шамды жаққан кезде шартсыз қуаттандырусыз, яғни Ричардсон баллонын сығымдамасақта, кірпік қағу рефлексі пайда болады.

ҚОРЫТЫНДЫ:

№3 тәжірибе. Қозудың 1-ші сигналдық жүйеден 2-ші сигналдық жүйеге берілуін дәлелдеу.

ТӘЖІРИБЕ БАРЫСЫ: Алдымен шартты кірпік қағу рефлексін қалыптастыру. Осы шартты рефлексті қалыптастырған соң шам жағудың орнына – шам немесе жарық деп ауызша айтамыз. Осы сөздерге кірпік қағу рефлексін Ричардсон баллонын сығымдамай-ақ жүзеге асыруымыз қажет.  Яғни шартсыз қуаттандыруды қолданбай-ақ.

Әдебиеттер: А. Г. Хрипкова, М. В. Антропова, Д. А. Фарбер «Возрастная физиология и школьная гигиена». М., 1990 ж.  

С. Жұмабаев. «Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы» А., 1991 ж.


Ұқсас жұмыстар

Педагогикалық зерттеу практикасы бойынша есеп ( 7M02305 Қазақ филологиясы )
Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының педагогикалық-психологиялық диагностикасы
Информатика пәнінен әдістемелік құрал
Информатикадан зертханалық және практикалық жұмыстарды өткізу әдістемесі
Нормативтік қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтарын өткізуге арналған арналған әдістемелік нұсқау
Оқушыларды сабаққа әзірлеу
Биологиядан зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемесі
Ана тілі сабақтарында бекіту кезеңі
Компьютердің программалық жабдықтары
1-4 сыныптардағы еңбекке баулудың мазмұны мен мақсаты