Дәріс № 2.
Өсімдіктерге жалпы сипаттама. Өсімдік организімінің құрылысы
1. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
2. Өсімдік организімінің құрылысы
1.Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Биомасса негізінен өсімдіктерден құралады. Қарлы, мұзды Арктика мен Антарктиданы және жартасты тау шыңдары мен құмды аймақтың азғана жақтарып қоспағанда, жасыл жамылғылы шалғын, орман, дала, батпақ, егістік жер және бақ біздің планетадағы құрлық атаулыны алып жатыр.
Қазақстан жерінің көлемі жағынан ТМД-да Ресейден кейінгі ең үлкен республика. Осынау ұлан-ғайыр өлкеде орманды, таулы, далалы, шөлейтті, шөлді және тағы басқа да табиғи жағдайлары әр түрлі болып келетін аймақтар бар. Республика территориясынан 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Олардың түрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан ТМД көлемінде бірінші орында тұр. Біздің планетамызда жасыл өсімдіктер өсетін жерлер полюс шеңберінің ар жағынан, шөл даланын құмдарына дейін кездеседі.
Әр тірі организм өмір сүру қажетіне сай энергиямен қамтамасыз етуді талап етеді, ал ол энергияның қайнар көзі — күн. Әрине, тірі организмнін кез келгені күн энергиясын тікелей пайдалана алмайды. Мысалы, жасыл өсімдіктер ғана күн энергиясын тікелей пайдалануға қабілетті.
Қажетті органикалық заттарды дайындай отырып, жасыл өсімдіктер көмір қышқыл газын тиісті мөлшерде пайдаланып, ауаны оттегімен қамтамасыз етеді.
Шаруашылықта пайдаланылатын тас көмір, мұнай және шым-тезектер энергетикалық шикізаттардың негізгі қоры, бұрынғы геологиялық дәуірлердегі жасыл өсімдіктер дайындаған органикалық заттар екені мәлім.
Жер бедеріне, ауа райына, жыл маусымындағы жылу, ылғалға байланысты белгілі бір аймақта таралған өсімдіктерді Арктика шөлі, тундра, қоңыржай аймақ орманы (қылқан жапырақты, жалпақ жапырақты, орманды-дала, дала шөлейт, шөл өсімдіктері алқабы деп бөледі. Таулы аймақтарда өсімдік алқабы биіктік белдеуге байланысты таралған. Арктика шөлінде өсімдіктер жоққа жақын, тундрада да өсімдік түрі аз. Орманды тундрадан бастап ағаш өсімдіктері көбірек орын алады. Тайгада қылқан жапырақты, орманды далада шоқ-шоқ жалпақ жапырақты ағаштар, шалғындық өсімдіктер көбірек болады. Дала алқабында астық түқымдас шөптесін өсімдіктер көбірек өседі, шөлейт жерлерде дала өсімдіктері де, шөл өсімдіктері де кездеседі, шөл, шөлейт алқапта сортаң өсімдіктері өседі.
Өсімдіктің адам өмірінде маңызы зор: олардың 20 мыңға жуық түрі пайдаланылады. Өсімдіктен азық-түлік (астық, қант, өсімдік майы т. б.) алынады, мал азығы, әр түрлі витаминдер, дәрі-дәрмек жасалады, әсемдік үшін өсіріледі. Өсімдіктің ауру тарататын (бактериялар, саңырауқұлақтар) және улы түрлері де бар.
Ауыл шаруашылық өсімдіктерін өсіруді жоспарлауға, агротехникалық тиімді шаралар белгілеуге, тиісті жұмыстарды механикаландыруға қолайлы болу үшін екпе дақылдарды қандай мақсатқа егілетініне, күту әдісіне және биологиялық ерекшелігіне қарай бірнеше топқа беледі.
I топқа дәні алынатын ең маңызды астық дақылдары жатады. Күздік дақылдар — бидай, қарабидай, арпа; ерте егілетін жаздық дақылдар — бидай, қарабидай, арпа, сүлы, кеш егілетін жаздық дақылдар — жүгері, күріш, қонақ жүгері, тары, қарақүмық.
II топқа қоғамдық малға жемдік маңызы бар түйнекжемісті, тамыржемісті дақылдар жатады: асбұршақ, жасымық, бұршақ, ноғатық, лобия, нұт, соя, картоп, қант қызылшасы, мал азықтық қызылша, тарна, мал азықтық шалқан, сәбіз, цикорий.
III топқа майлы дақылдар жатады: күнбағыс, жер жаңғағы, рапс, қыша, мақсары, кориандр, анис, зире, фенкель, лаванда, жалбыз.
IV топқа талшықты өсімдіктер жатады: мақта, зығыр. сора, канатник, кенеп, бұйдакендір.
V топқа алкалоидтылар: темекі, махорка жатады.
VI топқа жемшөп өсімдіктері (бір жылдықтар) жатады. Астық тұқымдасы — судан шөбі, итқонақ, қонақ, бір жылдық екпе бидайық.
Бұршақ тұқымдасы — сиыржоңышқа, сераделла, бөрібұршақ.
Көпжылдықтар (астық түқымдасы)— атқонақ, субетеге, бидайық, еркекшөп, қылтықсыз арпабас т. б. Бұршақ түқымдасы — беде, эспарцет, жоңышқа, түйежоңышқа т. б.
VII топқа бақша дақылдары — тағамдық, мал азықтық қажеттілікке өсіріледі (қарбыз, асқабақ, кәді, қауын).
Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің өсіп-даму кезеңдерінің ұзақтығын, өсу және даму сатыларын, тамыр жүйесінің даму динамикасын, суыққа, қуаңшылыққа төзімділігін білуді талап етеді.
Егінжай топырағын өңдеп, тыңайтқыштармен тыңайтып, өсімдіктер тұқымдарын іріктеп диқандар өсімдіктердің талай жабайы түрлерін қажетті бағытқа өзгертіп мәдени өсімдіктерге айналдырды.
Егілетін өсімдіктер тіршілігінің ұзақтығына қарай бір жылдық, екі жылдық, көп жылдық больш бөлінеді.
Бір жылдыққа тары, бидай, қарабидай, жүгері, арпа, сұлы, қарақүмық, күріш, күнбағыс, мақта өсімдігі, зығыр жатады, бұлар бір жыл тіршілік етіп, жеміс береді. Екі жылдық өсімдіктерге тамыржемістері, капуста және басқалар, бірінші жылы тамыр мен жапырақ, ал екінші жылы гүлдейтін өркендер мен тұқым береді.
Көпжылдық өсімдіктердің тіршілігі бірнеше жылға кетеді, бірақ олардың жер бетіндегі мүшелері бір жыл ғана жасайды, одан кейін қурап қалады. Оларға жоңышқа, бидайық, арпабас, қымыздық және басқалары жатады.
2.Өсімдік организімінің құрылысы
а)Өсімдіктің вегетативтік органдары.
Тамыр
Тамыр негізінен үш қызмет атқарады: топырақтағы өсімдікті нығайтады оны су мен және қоректік заттармен қамтамасыз етеді, тамырда өсімдік организміне кажетті заттар, мысалы, кейбір белок түзетін амин қышқылдары түзіледі.Тамыр үстін тамыр түктері қаптап жатады. Олар су мен қоректік заттарды сіңіреді.
Тамыр ұрықта қалыптасады. Тұқым көктеген кезде ұрық тамыры ұзарып, негізгі тамыр пайда болады, ал одан жанама тамырлар тарайды. Сабақтар мен жапырақтардан қосалқы тамырлар пайда болады.
Тамыр жүйесінің екі түрі болады: кіндік тамыр және шашақ тамыр .
К і н д і к т а м ы р — сабақтың топырақ ішіне кететін жалғасы. Жіп. тәрізді (беде, кестежусан, зығыр), ұршық тәрізді (сәбіз, қант қызылшасы, ақжелек) шалқан тамырлы (асхана қызылшасы, шомыр, шалғам), бұтақ тамырлы (ағаштар, бұталар) түрлері болады.
Ш а ш а қ т а м ы р л а р сабақтың түбінен таралады. Астық түқьмдас өсімдіктер (бидай, қара бидай, т. б.) шашақ тамырлы болып келеді.
Өсімдікте түзілетін қоректік заттардың тамырда жиналуынан (сәбіз, шалқан, қызылша, т. б.) тамыр жеміс қалыптасады.
Қоректік заттар қосалқы тамырларда да жинала алады. Мұндай түйін жуандауды тамыр түйіндері (георгин) деп атайды. Мұндай түйіндер ұшынан қосалқы бүршіктер пайда болады да , олардан өркен дамиды .
Жапырақ
Жапырақта тақта, сағақ және кейде тілше болады. Сағағы болатын жапырақтарды сағақты жапырақтар деп атайды. Кейбір өсімдіктерде сағақ болмайды да, жапырақ сабаққа жапырақ тақтасының негізімен (астық тұқымдас өсімдіктер) орналасады. Мұндай жапырақтарды отырмалы жапырақтар дейді.
Жапырақтар сабаққа үш түрлі болып орналасады: кезектесіп , қарама-қарсы, шоқты . Әр түрлі өсімдіктерде жапырақ тақтасы да алуан түрлі болады .Олардың пішіні дөңгелек , сопақ , ұзынша , таспа тәрізді , қандауыр т.б. тәрізді болып келеді .
Жапырақтың жиектері де түрлі-түрлі: үшкір тісті , ара тісті , жұмыр тісті , ойыс жиекті болады.
Жапырақ жұмсағынан сосудтар шоғы –жүйкелер өтеді. Олар параллель жүйкелену (бидай, қара бидай.б.) және торланып жүйкелену (сирень, астра т.б.деп ажыратылады .
Қоңыржай климат жағдайында көптеген өсімдіктердін, жапырағы бір вегетациялық кезеңде ғана дамиды . Тек қана қылқан жапырақты өсімдіктердің жапырақтары (қылқаны) 2 жыл (қарағай) және 8-ден 12 жылға дейін (шырша) тіршілігін сақтайды.
Күзде және жыл маусымдарының жаңбырсыз ыстық кездерінде көптеген өсімдіктердін, жапырақтары түседі. Бұл жапырақ түсу құбылысы деп аталады. Жапырақ түсу — бұл өсімдіктердің суды аз буландыруға бейімделушілігі. Өсімдіктерде күзгі жапырақ түсу процесіне әзірлік алдын-ала жүреді. Жапырақтардағы хлорофилдер ыдырайды. Олар сары, қызғылт сары түске енеді, бұл каротин және ксантофилл пигменттерінің реңі . Олар хлорофилдерге қарағанда әлдеқайда тұрақты болады .
Жапырақтың негізгі қызметі — фотосинтез — органикалық зат түзу. Фотосинтездін , жалпы формуласы :
6СО2+6Н 2О+энергия-→С 6Н 12 Об+6О2 —674 ккал.
Фотосинтез кезінде сіңірілген энергия органикалық зат молекулаларында қорға жиналады.
Көмір, қышқыл газы қалпына келгенде, оттегі бөлінеді. Бұл процестің барлығы жарықта өтеді.
Фотосинтез процесі хлоропластарда жүреді. Бірақ онда өсімдік клеткаларынын, барлық тіршілік ететін мүшелері түгел қатысады .
Сабақ
Сабақтын , негізгі қызметі : өсімдік кронын ұстап тұру, заттарды тамырдан жапырақтарға, одан кері қарай өткізу.
Сабақ ішінде өткізгіш система дамыған . Қоректік заттар тек кейбір өсімдіктерде ғана сабақтарына жинақталады.
Сабақ пішіні цилиндр тәрізді (сарғалдақ. және басқалары), төрт қырлы (қалақай және басқа ерінгүлділер), үш қырлы (қияқ), жалпақ сабақты (дала өсімдіктері) болып келеді .
Өсімдіктер сабақтарын тік сабақтылар (көптеген шалғындық, бақ және ормандық өсімдіктер), жатаған сабақтар-(мүк, жидек, қызыл-таспа), төселмелі сабақтар (жер жидек, шалғындық шай т. б.), өрмелегіш сабақтар (барқыт жүзім) деп ажыратады .
Дара жарнақты және қос жарнақты өсімдіктердің сабақтарының ішкі құрылысы әр түрлі .
Қос жарнақты өсімдіктер сабақтарының сырты клеткалардан құралған жұқа қабат — эпидермиспен қапталған; оның астында алғашцы қабық, оның астында орталық цилиндр, ол сосуд-талшық шоғынан тұрады, орталығында өзек орналасқан .
Дара жарнақты өсімдіктер сабағы (негізінен шөптесін өсімдіктер) қабыққа, өткізгіш ткань мен өзекке жіктелмеген . Сосуд шоқтары сабақтың бүкіл бойына таралып жатады . Астық тұқымдас өсімдіктердің бірсыпырасының сабағынын, ортасы қуыс және сосудты шоқтар сабақ шетін ала орналасқан.
Қос жарнақты көп жылдык, өсімдіктер сабағында (ағаштар, бұталар) бірінші жылдьң ақырына қарай камбий қабаты түзіледі . Камбий клеткалары бөлінген кезде ішке және сыртқа қарай жинақталады . Ішкі клеткалардан сүрек, ал сыртқыларынан қабық пайда болады .
Камбий клеткалары қыста бөлінбейді . Камбий әрекеті көктемде ғана күшіне енеді . Клеткалардың бөлінуі күшейеді . Сүректің көктемгі камбий клеткалары күзгі сүрек камбий клеткаларынан көлемнің едеуір ірілігімен ерекшеленеді .
Сүректің көктемгі және күзгі қабаттарынан жылдық сақина қалыптасады. Жылдық сақина арқылы ағаштың жасын есептеп табуға болады .
б) Өсімдіктің генеративтік органдары
Гүлдің құрылысы
Гүлді өсімдіктердің көпшілігінің гүлдері қос жынысты болады , бірақ дара жыныстылары да бар .
Жабық тұқымды өсімдіктердің гүл құрылысы мына бөлімдерден тұрады: тостағанша жапырақшалары (тостағаншалары), жапырақшалары (күлте), аталық және аналық .
Өсімдіктердің көпшілігінің тостағаншасы жасыл болады. Күлте ашық реңді күлте жапырақшалардан құралады . Аталықтың аталық жіпшесі және екі тозаң қабы болады . Тозаң қапта тозаңдар (аталық клеткалар) пісіп жетіледі. Аналық төменгі жуантық бөлігі — түйіні ; ортаңғы жіңішкерек бөлігі— мойны және жоғарғы бөлігі — аузы болады .
Гүл шоғырлары
Гүлді өсімдіктер бірте-бірте дамыған . Гүлдің көлемінің кішіреюі оның өскелеңдігінің белгісі .
Табиғатта ұсақ гүлдер өте көп. Көптеген өсімдіктердің ұсақ гүлдері жинақтала келе гүл шоғырын жасайды .
Кейде гүлдер сабақты бойлай шығады: мысалы, інжу гүл, мойыл, қызыл қарақат. Мұндай гүл шоғыры шашақ гүл деп аталады. Егер гүл сағағы бұтақталған гүл шоғырын түзсе, күрделі шашақ гүл делінеді. Сұлының, тарының және сиреньнің гүл шоғырлары осындай. Егер сабақты бойлай шыққан гүлдердің гүл сағағы жоқ болса , онда мұндай гүл шоғырын жай масақ дейді , бұған тартар жапырақ мысал бола алады . Кейде масаққа гүлдер жеке-жеке орналаспай , оның орнында екінші қатардағы масақтар шыққан болса, мұндай гүл шоғырын күрделі масақ деп атайды. Барлық масақты астық тұқымдастардың гүл шоғырлары осындай болып келеді .
Гүлдердің барлығы сабақтың жоғарғы ұшына жинақталса — гүл шоғырының басқа типі пайда болады . Егер гүлдер гүл сағақсыз болса , онда гүл шоғыры шоқпарбас гүл болады . Беде гүл шоғыры осындай . Гүл сағағы бар гүлдер сабақтың жоғарғы ұшындағы бір нүқтеден таралса , шатырша гүл шоғыры түзіледі. Шатырша гүлдер жай шатырша және күрделі шатырша гүлдерге бөлінеді, егер гүл сағақтары бұтақтанбаса жай , ал гүл сағақтары бұтақтанатын болса — күрделі шатырша болады . Дегелек шөп , дөңгелек жапырақты бөлме қызыл қазтамағы , ақшұнақ өсімдіктерінің гүл шоғырлары жай шатыршалы. Күрделі шатырша гүл көп тараған мысалы , аскөк , сәбіз және басқа да көптеген шатырша гүлді өсімдіктер .
Жайпақ табақша тәрізді жуанданған сабаққа тығыз болып орналасатын гүлдер де бар. Мұндай гүл шоқтарды себет гүл дейді. Бақ-бақ , күльбаба, түймедағы, маргаритка , күнбағыс , кекіре , т. б. өсімдіктердің гүлдері осы типтегі гүлдер .
Кейбір гүл шоғырларында ұрықсыз гүлдер де болады , оның аналығы да, аталығы да болмайды , тек күлтесі болады . Түймедағының ақ «күлте жапырақшалары», күнбағыстың сары «күлте жапырақшалары» деген не ? Бұл жапырақ тәрізді пішінге енген гүл күлтесі болып табылады . Тақтадан тақтаны бойлай бес сайлы жолақты көруге болады . Ашық реңді гүлдер себет гүлді жиектей орналасады да , гүл шоғырларына насекомдарды еліктіреді. Ал нағыз түтік тәрізді қос жынысты гүлдер ажарсыз болады .
Кекіре гүл шоғырының жиегіне шыкқан гүлді бөліп алып , оның ішіне үңілейік. Онда аналық та, аталық та жоқ екендігін кереміз. Түтік тәрізді ажарсыз нақтылы қос жынысты гүлдер гүл шоғырының ортасында болады .
Шәңгіш шатырша гүл шоғырлы . Шатыршаны жиектей үлкен ақ гүлдер шыққан. Бұл дәл қағаздан тіліп алынған жалпақ қалақша тақта тәрізді. Гүлдің аналығы да, аталығы да жоқ. Ал нағыз ұсақ гүлдер осы гүл шоғырының ортасында.
Өсімдіктердің тозаңдану түрлері
Гүл орамының қандай мәні бар ? Оның кейбір гүлдерде болып, кейбір гүлдерде нашар дамуы неліктен ?
Бұл сауалға бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдін аналығының аузына түсу тәсілдерін зерттеу арқылы жауап беруге болады. Мұның екі тәсілі бар:жел арқылы тозаңдану және насекомдар арқылы тозаңдану.
Желмен тозаңданатын өсімдіктердің бастамашысы гүлді өсімдіктер — жалаңаш тұқымдылар болған. Мысалы , астық тұқымдас және көптеген сүректі өсімдіктердің тозаңдары да жел арқылы таралады .
Насеком арқылы тозаңданатын өсімдіктердің гүлдері ашық реңді және хош иісті болады . Насекомдардың гүлдерге қонақтағанда оларға терең бойлап , бір гүлден екінші гүлдерге ұшып-қонып жүретіндігі неліктен ? Өсімдік бөліп шығаратын тәтті шырын насеком арқылы тозаңданатын гүлдерде терең орналасады . Бұл тәтті сұйықтықты шірне деп атайды. Көбелектердің, бал аралары мен жабайы аралардың ауыз органдары шірнені соруға бейімделген.
Шірнеден басқа гүлдің ашық реңді күлте жапырақшалары мен хош иісі де насекомдарды еліктіреді.
Ұрықтану
Тозаңқапта тозаң түйірлері түзіледі. Тозаң түйірінің ядросы екі ядроға бөлінеді. Тозаң түйірі аналық аузына түсісімен өніп, тозаң түтікшесін түзеді.
Гүл түйінінде сегіз клеткасы бар ұрық қалтасы орналасады, оның бірі жұмыртқа клеткасы. Тозаң түтікшесіндегі ядролардың бірі тағы да бөлініп, екі спермий пайда болады. Олардың бірі жұмыртқа клеткамен қосылады. Бұл тұқымнан ұрықтың дамуына бастама болады. Қалған спермий орталық клеткалардың екі ядросымен қосылады. Соның нәтижесінде Эндосперм пайда болады.
Тұқым
Жалаңаш тұқымды өсімдіктердің, әсіресе гүлді өсімдіктердің тұқымында, бір клеткалы спорадан өзгеше, аналық өсімдіктен бөлініп, өз бетімен тіршілік еткенде тіпті өсімдік органдарына: тамырға, сабаққа және жапырақтарға жіктелген көп клеткалы ұрық болады.
Түқымда ұрықтан басқа қоректік заттар қоры: крахмал, белок және майлар болады, олар аналық организмнің өнімі. Өсімдік өздігінен қоректене алмайтын кезде ұрық қоректік заттар қоры есебінен дамып, өседі.
Құрғақ тұқымда барлық тіршілік процестері баяу жүреді. Тұқым бұл қалпында тіршілігін жоймастан айлап, кейде жылдап жата береді. Ылғалды ортаға тап болған түқым суды бойына көп сіңіріп, бөртеді де, клеткалары тез бөліне бастайды. Қоректік заттар ферменттер әсерінен ерімейтін күйден еритін күйге көшеді .
Жеміс
Жеміс тек жабық тұқымды өсімдіктерде ғана болады. Гүлдердің пішіндері сияқты олардын, пішіндері де алуан түрлі.
Гүл түйініндегі ұрық бүршіктерінің санына байланысты бір тұқымды және көп тұқымды жемістер болады. Жемістер егер бұрынғы түйін қабығы жеміс қабығына ауысқан болса, нақтылы жеміс, ал тұқым сақтайтын қап гүл тұғырдан пайда болса, жалған жеміс болады (мысалы, жержидек). 99999
Шырынды және құрғаң жемістер болады .
Ш ы р ы н д ы жемістерге: миуалы (қарақат, помидор, тұшала, жүзім, қызамық, мүкжидек), сүйекті (шие, алхоры, өрік, грек жаңғағы, долана, жестер), миуа тектес (асқабақ, қияр, қауын„ қарбыз, лимон, апельсин) жемістер жатады.
Қ ұ р ғ а қ жемістер ашылмайтын және ашылмалы болып екіге бөлінеді.
А ш ы л м а л ы құрғақ жемістерге: листовка (сарғалдақ тұқымдастар) бұршаққап (бұршақ, үрме бұршақ, сары қараған), бұршақын (левкой, шомыр), қауашақ (көкнәр, қалампыр, лалагүл, жауқазын) жемістері жатады.
Ашылмайтын қүрғақ жемістер мыналар: жаңғақ (жаңғашқа, емен), дәнек (бидай, қара бидай, арпа т. б.), тұқым ша (күнбағыс).
Қайталау сұрақтары
1. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы неде?
2. Өсімдіктің вегетативтік органдарына не жатады?
3.Өсімдіктің генеративтік органдарына не жатады?
Ұсынылған әдебиеттер
1.Абдрахманов О. Төменгі сатыдағы өсьмдіктер систематикасының практикалық жұмыстары. Алматы. Республикалық баспа кабинеті, 1994.
2.Агелеуов Е.А., АгитоваКА., Дөненбаева К.Д. Ботаника. (Клетка,Тканьдер). Алматы, 1991.
3. Ахметжанова А.І. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің вегетативті мүшелерінің морфологиясы мен анатомиясы. Қарағанды,1994.
4.Жуковский П.М., Ботаника., Москва., Колос, 1982.
5. Мұхитдинов Н., Бегенов Ә., Айдосова С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы. Республикалык баспа кабинеті, 1993.
6.Мұхитдинов Н., Бегенов., Айдосова С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Алматы, 1994.
7.Мұсақұлов Т. Ботаника. Алматы, 1975.
8.Хржановский В.Г., Пономаренко С.Ф. Практикум по курсу общей ботаники. Москва. Агропромиздат, 1983.
9.Хржановский В.Г., Курс общей ботаники. Москва. "Высшая
дікола", 1976. Учебное пособие для педагогических институтов. Ботаника мор-
фология и анатомия растений. Москва. Просвещение,
1988.
10.Тілемесов X., Рамазанов. Ауыл шаруашылык сөздігі. Алматы Қайнар, 1992. Қалиев Б., Өсімдік атаулары. Орысша-казакша сөздік. Алматы
Практикалық сабақ
Психология пәніне арналған дәрістің негізгі қызметтері мен ережелері
Дәріс - оқытудың басты формасы
Магистранттың ғылыми-педагогикалық практиканы өту есебі
Педагогикалық зерттеу практикасы бойынша есеп ( 7M02305 Қазақ филологиясы )
ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ туралы ақпарат
Математиканы оқытуды ұйымдастыру
МАЙЛАР ЖӘНЕ ӨСІМДІК МАЙЛАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ пәнінің оқу бағдарламасы
Педагогикалық тәжірибе бойынша есеп
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары