7-ДӘРІС. Object Pascal тілі


1.      Негізгі ұғымдар;

2.      Мәліметтетрдің қарапайым типтері;

3.      Мәліметтердің құрылымдық типтері;

4.      Өрнектер;

5.      Қрапайым операторлар;

6.      Құрылымдық операторлар;

7.      Ішкі программалар.

 

Құрама және бос оператор

      Құрама оператор дегеніміз- бұл begin … end қызметші сөздерінің арасына орналасқан программа операторларының тізбегі. Құрама операторлар Object Pascal- дың маңызды инструменті болып табылады, өйткені, құрылымдық программалаудың қазіргі технологиясы бойынша программа жазуға мүмкіндік береді.

    

 

       Begin

             ….

              begin

                ….

                 begin

                   …

                 end;

             …

           end;

       …

  end;

тұтасымен алғанда, begin … end сөздерінің арасына орналасқан барлық операторлар бөлімі бос операторды береді.

      Ал бос оператор ешқандай әрекет атқармайды, тек программа жолына «;» белгісі қойылады.

 

Шартты оператор

      Шартты оператор қандай да бір шартты тексеруге мүмкіндік береді, шартты тексеру нәтижесінде тәуелді қандай да бір әрекет орындалады. Сонымен, шартты оператор-  бұл тармақталған  есептеу процесінің құралы.

      Шартты оператордың құрылымы төмендегідей:

         If <шарт >  Then <1-оператор>  else <2-оператор>;

         Мұнадғы If, Then, else- қызметші сөздер.

         <шарт >- логикалық типті қандай да бір өрнек;

        <1-оператор>  және <2-оператор>- Object Pascal- дың кез келген операторлары.

      Шартты оператордың орындалу алгоритмі төмендегідей. Алдымен, <шарт> шартты өрнек тексеріледі. Егер нәтиже true (ақиқат) болса, онда <1-оператор> орындалады да,<2-оператор > орындалмайды; егер нәтиже false (жалған) болса, онда керісінше <1-оператор> орындалмай,<2-оператор > орындалады. Мысалы,

            Var

                x, y, max :integer;

             begin

     …

If x>max then

 y:=x;

else  y:=max;

End;

Бұл фрагменттің орындалуы барысында Х айнымаласының мәні max-нан үлкен болса, онда У айнымалысына Х айнымалысын меншіктейді, кері жағдайда У айнымалысына max меншіктеледі.

      Мүмкін болатын ақиқат немесе жалған екі мәннің біріне ие болатын өрнек шартты өрнек деп аталады. Мұндай өрнек айнымалыларды салыстыру операцияларының көмегімен жазылады: <, <= ,> ,>= , <>. Күрделі логикалық өрнектер and, or, not логикалық операцияларының көмегімен алынады.

      Мысалы, if (a>b) and (b<>0) then …

      Қайталау операторлары

      Object Pascal  тілінде қайталанатын программалар фрагментін программалауға мүмкіндік беретін үш оператор бар.

      For параметрі қайталау командасы, оның құрылымы:

For < қайталау параметрі>:= <Бастапқы мән>  to <соңғы мән>  do  <оператор>;

      Мұндағы for, to, do қызметші сөздер (үшін, дейін, орында);  <қайталау параметрі> -integer типті айнымалы; <бастапқы мән> және  <соңғы мән>- бүтін типті айнымалылар.

      <оператор>- Object Pascal-дың кез келген операторы.

      Операторлың орындалуы: алдымен  <бастапқы мән> өрнегі есептеліп, <қайталау параметрі>:=<бастапқы мән> меншіктелінуі орындалады.Одан кейін төмендегі опреациялар қайталанады:

-        <қайталау параметрі><= <соңғы мән> шарты тексеріледі;

-        шарт сақталмаса for операторының жұмысы аяқталады;

-        <оператор>- операторы орындалады;

-        қайталау параметрінің мәні бірге артып отырады.

Енді қарастырған екі қайталау операторлары қайталану шарттарын ғана тексереді, цикл қадамының өзгеруіне байланысты емес.

Әзір қайталану командасы While

      Бұл оператордың жазылу форматы:

      While <шарт>  do < оператор>;

      мұндағы While, do қызметші сөздер(әзір [шарт орындалатын болса], орында); <шарт>- логикалық типті өрнек;  <оператор>-  Object Pascal тілінің кез келген операторы.

      Егер <шарт> өрнегінің мәні true болса, онда <шарт> өрнегі есептелгеннен кейін <оператор> орындалады да, тексеру қайталана береді. Егер <шарттың> мәні жалған болса ( false), онда while операторы жұмысын тоқтатады.

      Таңдау операторы

      Таңдау операторы бірнеше әрекеттің ішінен таңдауға мүмкіндік береді. Таңдау жүргізілетін параметр ретіндегі өрнек үшін кез келген реттелген тип алынады (реттелген типке- integer, char, логикалық типтер жатады).

      Таңдау операторының құрылымы төмендегідей:

      Case <өрнек> of

      < таңдау тізімі> [else <операторлар>]

      end;

      Мұндағы case, of, else, end -қызметші сөздер (жағдай, одан, әйтпесе, соңы); < таңдау тізімі> - бір немесе бірнеше төмендегідей құрылым:

      < таңдау тұрақтысы>: <оператор>;

      <оператор>-  Object Pascal  тілінің кез келген операторы. Таңдау операторының орындалуы төмендегідей.

      Алдымен өрнек есептеледі, одан кейін таңдау тізімінен есептелген өрнектің мәніне тең тұрақты ізделінеді. Табылған тұрақтыға сәйкес оператор орындалып, таңдау командасы өзінің жұмысын аяқтайды. Егер таңдау тізімінен есептелген өрнектің мәніне тең тұрақты табылмаса, онда программаны басқару else операторынан кейін тұрған операторға береді. Кейде else <операторлар> бөлігін жабуға да болады.

      Таңдау тізіміндегі операторлардың кез келгеніне бір емес, бірнеше үтірмен жазылған таңдау тұрақтысы сәйкес келуі мүмкін.

      Мысалы,

      ch:char;

      begin

      ...

      case ch of

      'n', 'N','н' ,'Н':=LbOutput.Caption:='Жоқ';

      'y', 'Y', 'д', 'Д':=LbOutput.Caption:='Иә';

      end;

 

      Белгі және көшу операторы

      Жоғарыда қарастырылған операторларды пайдаланып әртүрлі қиындықтағы программаны жазуға болады. Кей жағдайларда көшу операторын пайдалану программаны жеңілдетеді.

      Көшу операторының жазылу форматы төмендегідей:

      Goto <белгі>;

      Мұндағы Goto-қызметші сөз (белгіге көшу); <белгі>- белгі. Object Pascal  тіліндегі белгі- бұл программаның қандай да бір операторын белгілеуге мүмкіндік беретін, еркін алынған идентификатор. Белгі белгіленетін оператордың алдына  орналасады, белгіден кейін қос нүкте (:) қойылады. Операторды бірнеше белгімен көрметуге болады, бұл жағдайда олар бір-бірінен қос нүкте арқылы ажыратылады. Программада белгіні пайдаланудан бұрын оны сипаттау бөлімінде бейнелеп жазу қажет. Белгіні сипаттау үшін Label қызметші сөзі пайдаланылады.

      Мысалы,

Label

Bel,lb1,lb2;

Begin

………

Goto lb1;

………..

Bel:……….

……………

Lb1:lb2:………….

Goto lb2;

………….

End;

Goto операторының қызметші программадағы басқаруды сәйкес белгіленген операторға беру болып табылады.

Белгіні пайдалануда төмендегідей ережелерді басшылыққа алу қажет:

-          Goto сілтеме жасайтын белгі бейнелеу бөлімінде сипатталуы және ол программа денесінде міндетті түрде кездесуі тиіс;

-          Қосалқы программада сипатталған белгі сонда жергілікетенеді, сондықтан қосалқы  программаның сыртынан оның ішіндегі белгіге жасалған сілтеме орындалмайды.


Ұқсас жұмыстар

Информатиканы тереңдетіп оқытатын сыныптарда информатика сабағын өткізу әдістемесі
Физика пәнінен интерактивті тапсырмалар жасақтау
Turbo Pascal тіліндегі мәліметтердің күрделі типтері
Бағдарламаларды әзірлеудің құрал-саймандары пәнінен дәрістер
Электронды оқулықтың тиімділігі
Интерактивті тапсырма және оны жасақтауға қолайлы бағдарламалық құралдары
Есік-терезе жасау цехының тапсырыс қабылдау жұмысын автоматтандыру
DELPHI БАҒДАРЛАМАСЫНДА ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН ИНТЕРАКТИВТІ ТАПСЫРМАЛАР ЖАСАҚТАУ
Delphi бағдарламалық ортасында «Pascal бағдарламалау тілінде файлдармен жұмыс істеу» электрондық оқу құралынжасап шығару
Дельфи программалау ортасы