Дәріс № 5. Өсімдіктер бірлестігі
1.Флора туралы түсінік.Өсімдіктер бірлестігі құрылымы
2.Қазақстанның негізгі өсімдік бірлестігі
3.Өсімдік бірлестігінің табиғи аймақтар бойынша таралу заңдылықтары
1.Флора туралы түсінік.Өсімдіктер бірлестігі құрылымы
Флористикалық география. немесе флорография, негізгі екі проблеманы шешеді.Біріншісі—жекелеген түрлерді немесе біршама рангасы биік систематикалык бірліктерді (туыстарды, түқымдастарды) және олардың жиынтықтарының-флорасының таралуын зерттеу. Флора деп белгілі бір территориада тарихи қалыптасқан -өсімдіктердің түрлерінің үйлесімді жиынтығын айтады.Жекелеген территорияның- флорасын зерттеу, жер бетін флоралық аудандарға бөлуге, флоралық облыстарға бөлуге және біршама бөлшектенген флоралық кеңістіктердің бірліктерін — облыстарды, провинцияларды, округтарды және т.б. бөлуге қажетгі материал береді. Өсімдіктер қауымдастықтарының географиясы (география растательности) — бүл флорографияның екінші проблемасы.
Флоралық дүние ең үлкен флоралық бөлім. Жер шарында бір-бірінен флорасымен кенет өзгешеленетін
Алты флоралық дүниедегі аймақтар бар:
1)Голарктикалық дүние . Ол солтүстік жартышардың тропикадан басқа бүкіл бөлігін қамтиды.Бұл аймаққа Aceraceae, Aipiaceae, Primulaceal және тағы да басқалар тән. Басқа флоралық дүниелерде бұл тұқымдастар аз немесе тіпті кездеспейді . Көлемді Carex туысының көптеген түрлері тек галартикалық дүниеде кездеседі. Галарктика дүниесі бірнеше флоралық аймақтарға бөлінед:шығысазиялық , ортаазиялық , батысазиялық , шығыссібірлік , орта тенізі-макрондейлік , европалықбатыссібірлік , оңтүстік атлантикалы –солтүстікамерикандық , солтүстік атлантикалы-солтүстікамерикандық , тынықмұхитты-солтүстікамерикандық және циркаларктикалық 2)Палетропикалық дүние. Ол ескі әлемнің барлық тропикалық аудандарын қамтиды және көптеген қысы суық болатын аймақтарда кездесетін , тропикалық тұқымдастардың және басқалары болатындығымен ерекшеленеді . Мұнда үш дүние тармағын бөледі:
а) Африкалық б)Индо-малайлық в) Полинезиялық
Бұлардың әрқайсысы эндемикалық тұқымдастардың болуымен сипатталады.
3) Неотропикалық дүние . Бұған Мексика , Орталық және Оңтүстік Америка жатады. Бұл флоралық дүние , палеотропикалық дүниеде кездесетін тропикалық тұқымдастар өте көп кездеседі ; бірақ туыстардыңкөпшілігі әр түрлі . Тропикада кең тараған туыстардың 47 % палеотропикалық дүниеде кездесетін , тек 13% ғана екі дүниеде кездеседі.
4) Австралиялық дүние . Бұл флоралық дүние ерекше оңашаланған жағдайда . Мұнда барлық түрлердің 86% тек қана Австралияда кездеседі . Бірқатар эндемикалық тұқымдастар , тұқымдас тармақтары және туыстары бар .
5) Арктикалық дүние . Бұл дүние Оңтүстік Америкадан Жаңа Зеландиға дейін созылып , Антарктикаға континентін қоршап жатады. Ерекше маңызы бар антарктикалық элемент –Nothofagus туысы . Бұл туыстын түрлдері басқа кейбір антарктикалық оғаш туыстарымкен бірге Жаңа Зеландияда және Оңтүстік Американың оңтүстік бартысында ылғылды антарктикалық ормандарды құрастырады .
6) Кап дүниесі . Бұл аралық дүниелердің ішіндегі көлемі жағынан ең кішкентайы, оған тек Африканың оңтүстік –батыс шегі ғана кіреді , бірақ соған қарамастан бұл дүниеде 6000- мыңнан астам Үнді өсімдіктерінің түрлері кіреді.
2.Қазақстанның негізгі өсімдік бірлестігі
Қазіргі кезде өсімдік жамылғысын фратрияларға – ірі комплексті, бірақ фитоценогенетикалық туыстас өсімдік формацияларына бөледі.Осыған байланысты Қазақстанда тоғыз фратрия кездеседі .
- бореальді- орал- сібірлік ( жазық жерлердің қылқан жапырақты ормандары ) ;
- моральды емес орта азиялық , Қазақстанда сирек фрагментті (шағынды ормандар) ;
- саванноидты Иран- Афғандық ( ксерофильді сирек ормандар немесе олардың орнына кездесетін эфемероидты далалы өсімдік);
- бұталы –далалы қазақ – алтай;
- қазақ даласы;
- тұрандық шөлейттер;
- арал- каспий құмды шөлейттер;
- бореальды- тянь- шаньдық (шалғындық орман ) ;
- алтай- памирлік биік таулар.
Қазақстанның таулы және түрлі аймақтарындағы өсімдік жамылғысында түрлі экобиоморфты өсімдіктер басым. Сондықтан өсімдік жамылғысының сырт көрінісі әр қилы және бірнеше типті өсімдік түріне бөлінеді. Олардың өздерінің таралуы әртүрлі, кейбіреуі басым, кейбіреуі сирек кездесетін.
Сондықтан төмендегідей өсімдік типтері ажыратылады:
1.Тақыр жерлердің балдырлары ( Phragmidiosa)
2.Тұзды және тұщы су қоймаларының харалы балдырлары (Charosa )
3.Тасты жерлердің қыналары ( Lichenosa )
4.Батпақты жерлердің мүктері ( Bryosa)
5.Су жайылымды шалғындықтар ( Potomoherbosa)
6.Су қоймаларының нимфалы өсімдіктері ( Nymphoherbosa)
7.Батпақ жерлер өсімдігі ( Paludoherbosa)
8.Шалғындық жерлер өсімдігі ( Pratoherbosa)
9.Далалы аймақ өсімдігі ( Steppoherbos)
10.Саванналық өсімдіктер ( Sabanoherbosa)
11. Қылқан жапырақты ормандар ( Aciculilignosa)
12. Қылқан жапырақты ксерофитті ормандар( Aciculihypodendrosa)
13.Жапырақты ормандар ( Aestilignosa)
14. Жалпақ жапырақты ксерофитті сирек ормандар ( Sabanolignosa)
15. Қылқанды слтланниктер( Pumilodendrosa)
16. Қылқан жапырақты бұта өсімдіктер ( Ephedrotruticosa)
17. Кәдімгі бұталар ( Fruticosa)
18. Саванналық бұталар( Sabanofruticosa)
19. Фриганалар ( Friganosa)
20. Жартылай бұталы ( Suffruticosa)
3.Өсімдік бірлестігінің табиғи аймақтар бойынша таралу заңдылықтары
Таулы өлке өсімдік қауымдастығы. Қазақстан таулары жазықтар мен бір аймақтарда орналасқан: Алтайдың солтүстік бөлігі- далалы, оның оңтүстік бөлігі Қалба тауы, Саур және Тарбағатаймен – жартылай шөлейтті, Жоңғар Алатауымен Тянь- Шань солтүстік белдеулері –шөлейтті аймақта , дегенмен олардағы қоршаған жазықтардан биіктігі мен таулы рельеф жердің табиғатына ерекше көрік береді
Далалы аймақ өсімдіктері. Таулы Алтай мен Тарбағатайда әртүрлі дала типтерінде өте бай далалы флора шоғырланған. Бұл Алтай – Тарбағатай даласының ең басты ерекшелігі – бұталы өсімдіктерге байлылығы – көбінесе бұл бұталы өсімдіктер далалы өсімдік жамылғысының біркелкі орналасып, өзіндік дала бұтасы типін қалыптастырады. Алтай- Тарбағатай бұталы дала флорасы типін былай атауға болады, мысалы: Тарбағатай бидайығы араласқан бұталы – еркекшөпті, түрлі бұталы ( шайқурай жапырақты сперия, Говена калофаки, тапал қарағандар, Ледебург бадамы, майқараған, тобылғы ), бұталы бидайықты, сирек шымды бидайық пен бұталар (тобылғы, тапал қараған) . Бұл далалы аймақ өсімдіктерін осы өңірде кең тараған бұталы – шиблякты өсімдіктер басқа жермен түйіседі. Олар Тарбағатай мен оңтүстік Алтайда бүтіндеу белдеу құрайды.
Қазақстан ормандары Үштік дәуірдің екінші жартысында Азиялық саваннаның шөгінінен кейін бай әртүрлі шұбар ормандар (Торғай флорасы ) шығыс Қазақстанға кеңінен таралып, сол кездегі аласа Тянь-Шаньға дейін жетті. Ол емен, дзелька, лапик, таксодий, секвойя, ликвидамбары, жаңғақ , шамшат, теректі ормандар еді. Ол уақыттан кейін түрлі климаттық өзгерістер, үш ұзақ мұзды кезеңнен өтіп, орман өсімдіктері сиреп, сол кезде мекендеген жерлерінен шегіне бастады. Тянь- Шань ормандары тек жеке аралдар күйінде, Алтайда қылқанды торғайлар, солтүстік Қазақстанның гранитті құздары мен құмды массивтерінде қарағайлы ормандар сақталып қалды. Шығыс Қазақстанның ормандарының ығысып қалуының негізгі себебі климаттық өзгерістердің жылдамдығынан өнім беріп үлгере алмағандығы . Тек қырғыз қайындары сақталып қалды. Шегінген ормандардан солтүстік жазықта қайыңды, граниттік төбешіктерде қарағайлы ормандар сақталып қалды.
Қайталау сұрақтары
1.Флора туралы түсінік беріңіз?
2.Өсімдіктер бірлестігі құрылымы туралы не білесіздер?
3.Негізгі өсімдік бірлестігіне сипаттама беріңіз?
4.Өсімдік бірлестігінің табиғи аймақтар бойынша таралу заңдылықтарын қалай түсіндіруге болады.
Ұсынылған әдебиеттер
1.Сағындыков.Ж. Өсімдіктер географиясы Алматы 2001ж
2. Комарницкий Н.А. , КудряшовЛ.В. Ботаника. Систематика растений. М., 1975
3..Хржановский В.Г., Прянишникова 3. Д. И др. Практический курс ботаники. М., 1963 г.
4.Тихомиров В.Н., Чистякова О.Н. Главнейшие порядки покрытосеменных
5.Мұхитдинов.Б.Геоботаника Алматы Қазақ Ұлттық Университеті 2001ж
6.Г.С.Оспанова,Г.Т.Бозшатаева Экология.Алматы Экономика,2002
7. Мұхитдинов Н., Бегенов Ә., Айдосова С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы. Республикалык баспа кабинеті, 1993.
8.Мұхитдинов Н., Бегенов., Айдосова С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Алматы, 1994.
7.Мұсақұлов Т. Ботаника. Алматы, 1975.
8.Тілемесов X., Рамазанов. Ауыл шаруашылык сөздігі. Алматы Қайнар, 1992. Қалиев Б., Өсімдік атаулары. Орысша-казакша
Жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер
Әлем – шексіз жұлдыздар жүйесі
Дүниетану пәнінен дәріс кешені
Биоценоз
Топырақтардың химиялық құрамы
Жертану пәнінен дәрістер кешені
Өсімдік географиясы
Биогеоценоз және экожүйе туралы түсінік
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
Экологиялық тәлім-тәрбиенің қазіргі мәселелері