Практикалық сабақ №5

№5 ТАҚЫРЫП: Анализаторлар, олардың жасқа байланысты ерекшеліктері.

МАҚСАТЫ: Анализаторлардың құрылысы мен қызметі, анализаторлар жүйесіндегі бейімделу құбылыстарын, гигиенасымен танысу.

ТӘЖІРИБЕГЕ ҚАЖЕТТІ ЖАБДЫҚТАР:

Сивцевтің таблицасы көрсеткіш столға қоятын шама (жарық).

СҰРАҚТАР:

1.      Анализаторлар туралы И. П. Павлов ілімі.

2.      Организмнің сенсорлық жүйесі.

3.      Көру анализаторы. Көз құрылысы.

4.      Жақыннан және алыстан көргіштік.

5.      Көру өткірлігі.

6.      Жарық және түстер сезгіштігі.

7.      Есту анализаторы және оның қызметі.

8.      Есту мүшесі.

9.      Дыбысты қабылдау механизмі.

10.  Есту анализаторының жасқа байланысты ерекшеліктері.

11.  Балалар мен жеткіншектердің көру қабілетінің бұзылмауын және естімеушіліктерді болдырмау профилактикасы.

ТАПСЫРУ ФОРМАСЫ: жазбаша есеп.

ТӘЖІРИБЕГЕ ҚАЖЕТТІ ЖАБДЫҚТАР:

Сивцевтің таблицасы көрсеткіш столға қоятын шама (жарық).

ЖҰМЫС БАРЫСЫ:

№1 тәжірибе.  – Соқыр дақты анықтау. Мариатт тәжірибесі.

Тәжірибеге қажетті құрал: Соқыр дақты анықтауға арналған сурет.

Тәжірибе барысы: Тексерілген адам шеңбер мен крест салынған суретті көз алдына ұстайды. Оң жақ көзін жабады сол көзімен крестке назар аударады. Сонан соң суретті алыстата немесе жақындата отырып, шеңбер кескіні жоғалған қашықты анықтайды. Тәжірибені сол көзді жұмып қайталайды.

ҚОРЫТЫНДЫ:

№2 тәжірибе – Көздің өткірілігін анықтау.

Тексерілетін адамды таблицадан 5 метр қашықтықта отырғызамыз. Оған 1 көзін жапқызып, 2-ші көзімен әрбір жолдағы әріптерді оқуға ұсынамыз.Тәжірибе жүргізуші жарық түсуіне кедергі келтірмей таблица жанында тұрып, әріптерді көрсетеді. Көрсетілген әріптерді тексерілетін кісі атауы керек. Қатесіз оқылған немесе оқу қателігі 20% соңғы жол көздің өткірлігін анықтайтын көрсеткіш есебінде алынады. Сол жолдың оң жағында тұрған цифр көздің өткірлігі шамасын көрсетеді.

ҚОРЫТЫНДЫ:

№3 тәжірибе - Анализаторлар қызметінің  шартты рефлексті реттелуі.

ТӘЖІРИБЕГЕ ҚАЖЕТТІ ЖАБДЫҚТАР: суреттері бар кесте.

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ: Оқулықтар мен ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау. : Анализаторлар әрекетіндегі шартты рефлексті реттелуін түрлі кескінде берілген суреттерге қарап, олардың көріну ерекшелігін бақылау. Жұмысты орындау барысында берілген суреттердің көрінісін дәптерге салу керек.

ҚОРЫТЫНДЫ:


Ұқсас жұмыстар

Педагогикалық зерттеу практикасы бойынша есеп ( 7M02305 Қазақ филологиясы )
Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының педагогикалық-психологиялық диагностикасы
Информатика пәнінен әдістемелік құрал
Нормативтік қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтарын өткізуге арналған арналған әдістемелік нұсқау
Информатикадан зертханалық және практикалық жұмыстарды өткізу әдістемесі
Оқушыларды сабаққа әзірлеу
Ана тілі сабақтарында бекіту кезеңі
Биологиядан зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемесі
1-4 сыныптардағы еңбекке баулудың мазмұны мен мақсаты
Қазақстан халықтарының этнографиясы пәні бойынша практикалық (семинар) сабақ тарының оқу-әдістемелік нұсқауы