9-ДӘРІС. Визуалды компоненттер

 


 

1.      TControl базалық класы.

2.      Қасиеттер.

3.      Оқиғалар.

4.      Әдістер.

Delphi7 oртасында ішкі программаларды пайдалану жолдары көрсетіледі. Бұл тақырып бойынша негізгі түсініктерді және ұғымдарды беруде оларды жаттықтырушы есептермен бекітіп отырған қолайлы болады. Мыалдарды күрделі емес, ықшам етіп, және 1-мысалды екі тәсілмен  (процедура мен функция) көрсету оқушылардың тез түсінулеріне ықпал етеді деп ойлаймыз. Енді оқушыларға 2-мысалды функциямен, 3-мысалды процедурамен шығаруды талап етуге болады. Содан кейін оқушыларға жеке орындауға арналған тапсырмалар ұсынылады. Оқушыларға теориялық мағлұматтарды нәтижелі меңгерту үшін осындай практикалық жаттығу есептерін олардың орындалу іс-әрекетін ретпен көрсету арқылы ұсыну қолайлы деп есептейміз.

Компоненттер дегеніміз жұмыс істейтін программада құрылатын, көрінетін бейнелер тұрғызылатын элементтер болып табылады. Компоненттер палитрасының ішінде бейне ретінде көрінбейтін де компоненттер жеткілікті. Сонымен, бұл тарауда біз Delphi ортасының негізгі компоненттеріне тоқталамыз.

 

3.1. SТANDARD беті

 

SТANDARD бетінде программа құруға ең қажетті Windows-ге арналған стандарты интерфейстік элементтерден тұратын компоненттер палитрасы орналасқан.

 

 

3.1-сурет. Sтandard беті.

Frame – басқа компоненттерді орналастыруға арналған контейнер қызметін атқарады (қызметі форма терезесімен бірдей). Формадан айырмашылығы компоненттерге дайындық құра отырып, компоненттер палитрасында орналасады.

MainMenu – Программаның бас менюі. Бұл компонент күрделі иерархиялық меню құрып жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Label – форманың бетіне мәтін шығаруға аранлаған. Компоненттің қасиеті мәтіннің түрі мен орналасуын анықтайды.

Edit – енгізу өрісі – символдар жолынжөндеуге арналған.

Button – командалық батырма.

Memo – бірнеше жолдан тұратын мәтіндік редактор құру элементі болып табылады.

RadioButton – қызметі басқа батырмалардың  қызметімен байланысты болатын тәуелді батырма болып табылады. Егер сұхбат терезесінде бірнеше ауыстырып қосқыш пайдаланылатын болса, онда әрбір топты RadioGroup компоненті арқылы беруге болады.

CheckBox – басқаларға тәуелсіз ауыстырып қосқыш батырманы сипаттайды.

ListBox – қажетті элементті таңдауға болатын тізімді береді.

ComboBox – енгізу өрісіне мәліметтерді клавиатурадан теріп енгізуге немесе тізімнен таңдауға мүмкіндік береді.

 

3.2.                        ADDITIONAL беті

Additional бетінде сұхбат терезелерінің түрін түрлендіруге мүмкіндік беретін 18 қосымша компоненттер орналасқан.

3.2 – сурет. Additional беті.

BitBtn – жазуы бар, пиктограммалы командалық батырма.

SpeedButton – пиктограммалық батырма. Әдетте бас менюдің опцияларына жылдам кіру үшін пайдаланылады.

MaskEdit – арнайы мәтіндік редактор. Енгізілген мәтінді сүзгілеуге мүмкіндік береді, мысалы, датаны дұрыс енгізу үшін қажет.

StringGrid – жолдар кестесі. Бұл компонент мәтіндік ақпаратты кесте түрінде шығаруға мүмкіндік береді.

DrawGrid – еркін кесте.  StringGrid  компонентінен айырмашылығы бұл компоненттің ұяшықтарында кез келген ақпарат, оның ішінде сурет те сақталады.

Image – сурет. Бұл компонент суреттерді, оның ішінде пиктограммалар мен метафайлдарды бейнелеуге арналған.

Shape – фигура. Бұл комполненттің көмегімен терезеге дұрыс геометриялық фигураларды – тіктөртбұрыш, шеңбер, эллипс және т.б. қоюға болады.

Bevel – жиек. Терезенің жеке бөліктерін үш өлшемді қоршаумен немесе жолақпен ерекшелеуге арналған.

ScrollBox – орағыш жолақтар панелі. Panel компонентінен айырмашылығы – егер орналасқан компоненттер оның шекараларымен қиылыспаса, онда орағыш жолақтарды автоматты түрде қояды.

CheckListBox  - жиынтық таңдаулар тізімі. Стандартты ListBox компонентінен айырмашылығы әрбәр опциясының қасында бірнеше опцияны бірден таңдауды жеңілдтетін CheckBox тәрізді тәуелсіз ауыстырып қосқышы бар.

Splitter – шекара. Бұл компонент формада көрінетін екі компоненттің арасында орналасады да, пайдаланушыға программаны жүргізу кезінде компоненттерді бір-бірінен бөліп тұрған шекараларын алмастыруға мүмкіндік береді.

StaticText – статикалық мәтін. Стандартты Label компонентінен айырмашылығы өзінің жеке Windows терезесінің болуымен сипатталады. Ол мәтінге қоршау жүргізуге мүмкіндік береді.

ControlBar – басқару жолағы.  DRAG&DOG технологиясында «тақалып» тұратын компоненттерді орналастыратын контейнер қызметін атқарады.

ApplicationEvents – оқиғаны қабылдаушы. Егер бұл компонент формаға орналасқан болса, онда програмсмаға арналған барлық Windows хабарламаларын алып отырады.

ValueListEditor – атау = мән жұбынан тұратын жолдар редакторы. Мұндай жұптар Windows-де жиі пайдаланылады.

LabeledEdit- бір жолдық редактор мен белгінің комбинациясы.

ColorBox – жүйелі түстердің бірін таңдауға арналған арнайы ComboBox варианты.

Chart – диаграмма. Бұл компонент мәліметтерді графикалық жолмен беруге арналған арнайы панельдер құруды жеңілдетеді.

ActionManager - әрекеттер менеджері. Төмендегі үш компонентпен бірге қосымшалар, интерфейс құруды қамтамасыз етеді.

ActionMainMenuBar – меню жолағы, ол оның опциялары  ActionManager  көмегімен құрылады.

ActionToolBar – ActionManager компонентінің көмегімен құрылатын пиктографиялық батырмаларды орналастыруға арналған жолақ.

CustomizeDLG баптау сұхбаты. Бұл компоненттің көмегімен пайдаланушы жұмыс программасының интерфейсін қалауынша баптай алады.

 

3.3.                        WIN 32 беті

WIN 32 беті 32 разрядты WINDOWS 95/98/NT/2000 операциялық жүйелерінің интерфейстік элементтерінен құралады. (бұл 2-нұсқада WIN 95 деп аталады).

 

3.3 - сурет. WIN 32 беті.

TabControl – қойымталар жиынтығы. Әрбір қойымта жазуы немесе суреті бар тіктөртбұрышты өріс болып келеді. Қойымтаны таңдау программа арқылы жүргізіледі және терезедегі компоненттер жиынтығын басқару үшін пайдаланылады.

PageControl – қойымталары бар панельдер жиынтығы. Әрбір панельдің өзінің инерфейстік элементтер жиынтығы бар. Ол өзіне байланысты қойымтаны тышқанмен белгілеу арқылы жүзеге асырылады.

ImageList – суреттер жиынтығы. Өлшемдері бірдей бірнеше суретерді сақтауға мүмкіндік береді.

RichEdit – форматталған мәтінге арналған көп жолдық  редактор.  Memo компонентінен айырмашылығы  RichEdit  компонентіндегі мәтін Кеңейтілген Мәтіндік Формат ережесіне бағынады (RTF – RICH TEXT FORMAT) және шрифт, түс, туралау тәрізді сипаттамаларын өзгерте алады.

TrackBar  - регулятор. Программадағы кейбір шамалардың мәндерін басқару үшін пайдаланылады. Мысалы, оның көмегімен мультимедиалық программалардағы дыбыстың дауысын оңай өзгертуге болады.

ProgressBar – процесс индикаторы. Бұл компоненттің көмегімен ұзақ уақыт орындалатын процестің атқарылуын бейнелеуге болады.  Мысалы, мәліметтерді дискетке көшіру барысы.

UpDown – цифрлық регулятор. Бұл компоненттің екі батырмасы компонентке байланысты сандық мәнді үлкейтуге немесе кішірейтуге арналған.

Hotkey – басқару клавиші. Компонент басқару клавиштерін енгізу үшін пайдаланылады.

Animate – мультипликатор. Бірінен кейін бірі ауысып отыратын қозғалыстағы суреттерді (видеоклип) бейнелеуге арналған. Компонент дыбысы бар видеоклипті сүйемелдей алмайды.

DateTimePicker  - күн, уақыт  селекторы. Бұл компонент күнді немесе уақытты енгізіп, бейнелеуге арналған.

TreeView – таңдау тармағы. Пиктограммалардың тармақты құрылыммен байланысқан жиынтығын береді. Әдетте каталогтар құрылымын және басқа да иерархиялық қатынаспен байланысқан элементтерді көру үшін пайдаланылады.

ListView – пиктограммалар панелі. Бірнеше пиктограмаларды көруді және қажеттісін таңдауды ұйымдастырады. Бұл компонент пиктограммаларды тігінен немесе көлденеңінен орналастырып, оларды үлкейтіп немесе кішірейтіп көрсетеді.

HeaderControl – басқарушы тақырып. Жазуы бар секцияларға бөлінеген, тік немесе көлденең жолақ болып келеді. Секциялардың өлшемін програмам жұмысы кезеңінде тышқанмен өзгертуге болады. Әдетте әртүрлі кестелердегі жолдар мен бағандардың өлшемін өзгерту үшін пайдаланылады.

StatusBar – статус панелі. Жөндеу терезесінде әртүрлі нұсқау беретін ақпараттарды орналастыруға арналған.

ToolBar – саймандық панель. Бұл компонент  Bitbtn командалық батырмалары үшін контейнер қызметін атқарады. Сондай-ақ, олардың өлшемдерін және батырмаларды өшіргендегі немесе жаңасын қосқандағы орнын автоматты түрде өзгерте алады.

CoolBar – саймандық панель. ToolBar компонентінен айырмашылығы WINDOWS-дің  Edit, ListBox, ComboBox және т.б. тәрізді стандартты интерфейстік компоненттерін орналастыруға арналған  контейнер ретінде пайдаланылады.

PageScroller – айналатын панель. Жіңішке саймандық панельдерді орналастыруға мүмкіндік береді. Қажеттілігіне қарай панельдің жиегіне орағыш стрелкаларды автоматты түрде орналастырады.

ComboBoxex  -  ComboBox  компонентіне ұқсас, бірақ ашылатын тізімге шағын бейнелерді бейнелеуге мүмкіндік береді.

 

3.4. SYSTEM беті

 

Бұл бетте басқару қызметі бар компоненттер келтірілген, оның ішінде Windows үшін стандартты  OLE (Object Linking and Embedding) және DDE (Dinamic Data Exchange) мәліметтерімен алмасуды сүйемелдейтін де компоненттері бар.

 

3.4-сурет. System беті

Timer – таймер. Бұл компонент  шынайы уақыт аралығын есептеу қызметін атқарады.

PaintBox – сурет салуға арналған терезе. Графикалық бейнелерді салуға арналған тіктөртбұрышты бөлік құрады.

MediaPlayer – мультимедиалық ойнатқыш. Бұл компоненттің көмегімен әртүрлі мультимедиалық құрылғылар басқарылады.

OleContainer – OLE – контейнер. Байланыстырылатын немесе енгізілетін объектілерді қабылдау қызметін атқарады.

 

3.5.                        DIALOGS  беті

Dialogs бетінің компоненттері Windows үшін стандартты сұхбат терезелерін жүзеге асырады.

3.5-сурет. Dialogs  беті.

OpenDialog – ашу. Стандартты «файлды ашу» сұхбат терезесін шығарады.

SaveDialog – сақтау. Стандартты «файлды сақтау» терезесін шығарады.

OpenPictureDialog – суретті ашу. Суретті алдын ала көру мүмкіндігін сақтай отырып, графикалық файлды таңдайтын арнайы терезені шығарады.

SavePictureDialog – суретті сақтау. Суретті алдын ала көру мүмкіндігін сақтай отырып, графикалық файлды сақтайтын арнайы терезені шығарады.

FontDialog – шрифт. Шрифті таңдайтын стандартты сұхбат терезесін шығарады.

ColorDialog – түс. Түсті таңдайтын стандартты сұхбат терезесін шығарады.

PrintDialog – басып шығару. Құжатты басып шығаруға арналған параметрлерді таңдау сұхбат терезесін шығарады.

PrinterSetupDialog  - принтерді баптау. Басу құрылғысын баптауға арналған стандартты сұхбат терезесін шығарады.

FindDialog – іздеу. Мәтін фрагментін іздеуге арналған  стандартты сұхбат терезесін шығаруға мүмкіндік береді.

ReplaceDialog – Мәтін фрагментін іздеу мен алмастыруға арналған стандартты сұхбат терезесін шығаруға мүмкіндік береді.

 

3.6.                        SAMPLES беті

 

Gauge – қалып күй индикаторы. Win32 бетіндегі  ProgressBar  компонентіне ұқсас, бірақ формалардың әртүрлілігімен ерекшеленеді.

3.6-сурет. Samples беті.

ColorGrid – түстер кестесі. Бұл компонент 16 түсті палитрадан негізгі және фондық түсті таңдауға арналған.

SpinButton – қос батырма. Қандай да бір сандық шамаларды басқарудың ыңғайлы құралы.

SpinEdit – сандар редакторы. Қос батырманың көмегімен бүтін сандарды өзгерту мүмкіндігімен бірге бейнелеу және жөндеуді қамтамасыз етеді.

DirectoryOutline – каталогтар тізімі. Дискідегі иерархиялық құрылыммен орналасқан каталогтарды бейнелейді.

Calendar  - календарь. Айдағы күнді таңдап, көрсетуге арналған.


Ұқсас жұмыстар

Бағдарламаларды әзірлеудің құрал-саймандары пәнінен дәрістер
Мәліметтер қорын басқару жүйесі бойынша дәрістер
Delphi7 обьектілі бағытталған бағдарламалау ортасы
Delphi ортасының құрал - саймандары
Электронды оқулықтың тиімділігі
Бүгінгі заман талабында ақпараттық технологиямен жұмыс істеу
Электрондық оқыту құралдарын жасаудың ақпараттық архитектурасы
Оқу үрдісінде қолдануға арналған электронды оқу құралдары
Оқу курсын құру технологиясы
Web-технология бойынша электронды оқу кұралын құрастыру