Дәріс № 6. Мәдени өсімдіктер
1.Мәдени өсімдіктер және олардың жіктелуі
2.Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары
1.Мәдени өсімдіктер және олардың жіктелуі
Мәдени өсімдіктер адам қажетін өтейтін бағалы дақылдар. Адамзат қажетін өтеу үшін жабайы өсімдіктерді қолдан өсіріп, мәдени дақылдарға айналдырды. Мәдени өсімдіктер саны 25 мыңнан асып түседі. Бұлар шамамен 50 тұқымдасқа жататын өсімдіктер. Мәдени өсімдіктердің тағамдық, дәрілік, талшықты, бояу өндіретін , эфир- май алынатын түрлері бар. Мал азықтық және сәндік түрлері де өсіріледі. Адамзат үшін астық тұқымдас дақылдардың маңызы зор. Дара жарнақтыларға жататын бидай, сұлы, қарабидай, арпа, жүгері, тары - нағыз қажетті дақылдар. Көрнекті ғалым Н.И.Вавилов ғаламшарда диқаншылық негізі бидай, күріш, жүгері екеніне ерекше назар аударады.
Орамжапырақ, сәбіз, қызан, қияр, пияз, зәйтүн, картоп, рауағаш, қант қызылшасы көкеністік дақылдарға жатады. Көкеністік дақылдардың 70-тен астам түрлері Қазақстанда егіледі. Сұрыптаушылар 700-ге жуық көкеніс дақылдарының жаңа іріктемелерін шығарған.
Дәнді дақылдар
Жүгері. Жүгеріні Еуропаға бірінші рет Х.Колумб әкелді, ал 1520 жылы ол Испанияға, 1560 жылы Жерорта теңізі жағалауларында Түркия мен Англияға таралды.
Жүгері бір жылдық астық тұқымдас өсімдік. Бұл дара жынысты, бір үйлі өсімдік. Аталық және аналық гүл шоғыры бір өсімдікте, оның әр түрлі бөліктерінде орналасады. Аталық гүлшоғыры сыпыртқы гүлге жинақталады, ол масақшалардан тұрады. Жүгерінің аталығы сабағының ұшында, ал аналық гүлшоғыры собық жапырақ қотығында орналасады.Собықтың сыртында жапырақ текті бірнеше қабат орамы болады. Аналық гүлдің әрбір түйінен жоғарғы жағында түкті екі айрылған аналық аузы бар шашақ өседі. Гүлдеу кезеңінде бұлар жібек шашаққа ұқсап, собықтың орамынан шыққан және тозаңды қабылдап алады. Сөйтіп, жүгері айқас тозаңданады. Оның жемісі - дәнек. Жүгерінің сабағы- тік, жуан, іші бітеу. Сабағының биіктігі топырақ құнарлығына және ауа райына байланысты 0,5 метрден 4 -5метрге дейін жетеді. Тамыры шашақты, яғни негізгі тамыры болмайды.
Жүгері - малға арналған ең жақсы азықтың бірі.Оның сабағынан сүрлем дайындалады. В және Е дәрумендерінен техникалық май алынады. Сабағынан жасанды жібек , целлюлоза алуға шикізат алынады. Одан линолеум, желім, тығын жасалады. Медицинада жүгерінің жібек шашағының тұнбасын бауыр, бүйрек ауруын емдеуге пайдаланады.
Күріш- астық тұқымдасының бір туысы. Оның 20-ға жуық түрі бар. Екпе күріш- биіктігі 60-150 см, біржылдық өсімдік, ол негізінде тропикте, субтропикте таралған. Қазақстанның суармалы оңтүстік аудандарында өсіріледі. Күріштің гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді, масағы біргүлді, қылтанақты немесе қылтанақсыз түрлері де кездеседі. Аталығы-6, жемісі- дәнек, піскенде төгілмейді. Күріш өздігінен және айқас тозаңданады, өсу кезеңі 90-130 күнге созылады. Күріш - азық дақылдардың бірі. Жармасы өте дәмді, дәнінен ұн, крахмал, спирт, фитин, В дәрумені алынады. Оның сабағынан қағаз, қатырма қағаз, қалпақ, жіп жасалады, себет, бойра тоқиды.
Тары - сабағы тік жапырақтары таспа тәрізді, гүлдері сыпыртқы гүлшоғырына жиналған, гүлі қос жынысты, дара жынысты да болатын өсімдік. Өздігінен тозаңданады. Ол осыдан 5000 жыл бұрын Қытайда өсірілген.Европаға көшпелі халықтар арқылы Азиядан әкелінген.
Бидай - 10мың жылдан астам уақыттан бері өсіріліп келеді. Сабағы сабансабақ, гүлшоғыры - күрделі масақ, әр масағында 4-5-тен гүлдер болады. Жер шарында 22 түрі бар. Мұның ең көп тарағаны - жұмсақ және қатты бидай. Қазақстанның барлық жерінде күздік және жаздық бидай өсіріледі. Жаздық бидай Көкшетау, Петропавл, Ақмола, Қостанай т.б. солтүстік облыстарда өсіріледі.
Бақта өсетін өсімдіктер. Жемісі шырынды және құрғақ болып келетін өсімдіктер тобы жеміс - жидекті өсімдіктер болып табылады.Бұл топқа 45 туыс жатады. Барлық жемісті дақылдар 6 топқа бөлінеді.
1. Шекілдеуік жемістілер. Жемісті ағаш бұталардың шаруашылық және ботаникалық тобы. Бұл топқа алма, алмұрт, беже, шетен, долана т.б. жатады.
2. Сүйектіжемістілер раушангүлділер тұқымдасына жататын жемісті өсімдіктер.Оған ине, өрік, алхоры, шабдалы, алма жатады.
3 Жаңғақжемістілер қосжарнақты ағаш немесе бұта түрінде кездесетін, жапырағы өркен бойына кезектесіп орналасқан, гүлі дара жынысты гүлшоғыры сырға тәрізді өсімдіктер. Олар жел арқылы тозаңданады . Қазақстанда 2 түрі - грек жаңғағы және жалған жаңғақ кездеседі.
4 Жидек дақылдар ауыл шаруашылығында қолдан өсірілетін және жидек беретін өсімдіктер.Бұған бүлдірген, жүзім, таңқурай, қарақат, құлпынай жатады.
5. Цитрус дақылдары - мәңгі жасыл өсімдіктердің бір тобы. Олар апельсин, мандарин, т.б. жатады.
6.Субтроптиктік белдеуде өсетін: інжір, анар, зәйтүн, банан, ананас жатады.
Майлы өсімдіктер. Күнбағыс - биіктігі60 см- ден 4 см- ге дейін жететін біржылдық шөптесін өсімдік. Оның сабағы тік ағаш тәрізді, сыртын қалың түктер басқан, іші борпылдақ, тамыры -кіндік тамыр. Гүлшоғыры- көпгүлді себет.Күнбағыс себетінде 1000-ға тарта гүл болады.
Үпілмәлік - сүттіген тұқымдасына жататын, биіктігі 2 метрге дейін баратын бір жылдық шөптесін өсімдік. Кіндік тамыры жуан, 2м - ге терең бойлай өседі. Жапырағы өте ірі, гүлдері шашақ тәрізді гүлшоғырына жиналған.Гүлшоғырының ұзындығы 70см-ге дейін жетеді. Гүлдері дара жынысты, гүлі реңсіз, аталықтары бір шоққа біріккен. Оның майын ащы ішекті, тоқ ішекті тазалауға, көз ауруларына, күйікке, жараға, шаш өсіруге қолданады.
Қыша - шаршыгүлдер тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдік. Жемісі - қос жақтаулы бұршаққын, тұқымы ұсақ. Қыша тұқымының майы нан пісіруге, тәтті тағам дайындауға, иіссу өнеркәсібінде пайдаланылады, ұнтағын медицинада қыша қағазын және тағамға салатын қышы дайындайды.
Техникалық дақылдар.Бұлар - сабағы, жапырағы, жемісі, тамыры, гүлі әр түрлі өндірісте шикізат ретінде пайдаланатын өсімдіктер. Топтары: крахмалды (картоп, батат), қантты (қант қызылшасы), майлы (күнбағыс, жер жаңғағы, соя, үпілмәлік, зығыр, қыша, кокос пальмасы, зәйтүн), сабағы талшықты (қара қурай, кенеп, тұт), кендір жапырақты талшықтар(агава драцена ), дәм талшықтары ( мақта, эфир), каучукты ағаштар (гевея, гвагола), каучукты шөптесін өсімдіктер (көксағыз, таусағыз, қырымсағыз
2. Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары
Осы заманғы адам мәдени өсімдіксіз өмір сүре алмас еді. Мәдени өсімдіксіз қант, май, мал азығы да болмас еді. Үй жиһазы, қағаз, дәрі т.б. өзге де қажеттіліктерді тек мәдени өсімдіктерден аламыз.
Алғашқы адамдар тек жабайы өсімдіктің тұқымы, жемісі, пиязшығы және т.б. бөліктерін пайдаланған. Өсімдіктерді қолда өсіру әдісін меңгере алмағандықтан, табиғаттың бергенін ғана місе тұтты. Сондықтан бұл кезең жинаушы кезең деп аталады.
Адамдар біртіндеп кейбір өсімдіктерді тұқымынан өсіру жолын тапты. Өсімдіктің өзіне қажетті өнім беруін реттеу үшін сұрыптап, іріктеу қажет болды. Адам сұрыптау жолымен қолдан шығарған бір түр дараларының жиынтығы іріктеме деп аталады.Өсімдіктің жаңа іріктемелерін шығарумен шұғылданатын ғылым селекция деп аталады.
Мәдени өсімдіктердің сан алуандығы және шығу орталығы орыс ғалымы Н.И.Вавилов өсімдіктердің 400-ге жуық түрінің Оңтүстік Америкада мәденилендірілгенін дәлелдеді.Ол осы сапарында мәдени өсімдіктердің 1000-ға жуық түрін зерттеді.
Н.И.Вавилов өз еңбектерінде 7 орталықты ажыратып жазды.
1. Оңтүстік Азиялық тропиктік орталық - бұл күріштің, қант қамысының, көптеген жеміс пен көкеністік дақылдар отаны. Бұған тропиктік Үндістан, Үндіқытай, Оңтүстік - Шығыс Азияның аралдары, Жапония жатады.
2. Шығыс Азиялық орталық. Бұл - сояның, тарының отаны. Бұған Орталық және Шығыс Қытай, Жапония, Тайван аралдары, Корея жатады.
3. Оңтүстік- Батыс Азиялық орталық. Бұл- бидай, қарабидай, бұршақ, жүзімнің отаны. Бұған Кіші Азия, Орта Азия, Иран, Ауғанстан, Солтүстік- Батыс,Үндістан жатады.
4.Жерорта теңіздік орталық. Бұл орталық мәдени өсімдіктер түрінің 11%- ін берді. Атап айтқанда зәйтүн, жоңышқа, біргүлді жасымық (малазықтық) орамжапырақ.
5.Абиссиналық орталық. Бұл дәндік құмай, бананның бір түрінің, майлы ноқат өсімдігі, бидай мен арпаның отаны.Бұған мәдени өсімдіктің өте ерекше флорасы бар Африка материгінің шығыс ауданы жатады.
6. Орталық Америкалық орталық. Бұл- жүгері, ұзын талшықты мата , какао, асқабақ, үрмебұршақ 900-ге жуық мәдени өсімдіктің отаны.Бұған Оңтүстік Мексика жатады.
7.Андылық (оңтүстік америкалық) орталық.Бұл түйнекті өсімдіктердің (кокаинды бұта, финин ағашы) отаны. Бұған Оңтүстік Американың батыс жағалауын бойлай созылған Анд тау жотасы атырабының бөлігі жатады.
Қайталау сұрақтары
1.Мәдени өсімдіктер және олардың жіктелуі ерекшелігі туралы не білесіз?
2.Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын атаңыз?
Ұсынылған әдебиеттер
1.Сағындыков.Ж. Өсімдіктер географиясы Алматы 2001ж
2. Комарницкий Н.А. , КудряшовЛ.В. Ботаника. Систематика растений. М., 1975
3..Хржановский В.Г., Прянишникова 3. Д. И др. Практический курс ботаники. М., 1963 г.
4.Тихомиров В.Н., Чистякова О.Н. Главнейшие порядки покрытосеменных
5.Мұхитдинов.Б.Геоботаника Алматы Қазақ Ұлттық Университеті 2001ж
6. Мұхитдинов Н., Бегенов Ә., Айдосова С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы. Республикалык баспа кабинеті, 1993.
7.Мұхитдинов Н., Бегенов., Айдосова С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Алматы, 1994.
7.Сейітов.И.СаудабаевТ.Әбдрашев.Ш.Агрономия негіздері.Алматы «Ана тілі»1991
8.Тілемесов X., Рамазанов. Ауыл шаруашылык сөздігі. Алматы Қайнар, 1992. Қалиев Б., Өсімдік атаулары. Орысша-казакша сөздік. Алматы.
Өсімдіктер. Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер. Өсімдіктің даму кезеңдері
Зат алмасу қарқыны
Қазақстанның өсімдіктер ресурсының түрлерін анықтау
Ауылшаруашылық өсімдіктерінің карантині
Эволюциялық ілім пәні бойынша дәріс
Хромосома типтері
Өсімдіктерді бактериоздардан қорғау
Жертану пәнінен дәрістер кешені
Биогеоценоз және экожүйе туралы түсінік
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы