10-ДӘРІС. Мәтінмен жұмыс істеу

 


 

1.      TStrings класы;

2.      Жазбаларды қолдану;

3.      Біржолды редактор;

4.      Көпжолды редактор;

5.      Редактрлеу компоненттерінің жалпы элементтері.

6.      Тізімдерді қолдану.

 

Қазіргі уақытта мектепте жаңа компьтерлер келген кезде программалау жүйелерін таңдау мүмкіндіктерінің шеңбері біршама кеңейді. Бұл Turbo Pascal 7.0, Visual Basic, Delphi, C++. Бұл тізімді әрі қарай да жалғастыра беруге болады.

Жалпы білім беретін орта мектептің жоғары сыныптарында информатика пәнін  оқытуда, объектілі бағдарланған программалау негіздерін қарастырамыз. Object Pascal тілі – Delphi ортасындағы негізгі программалаушы құрал болып табылады. Бұл бөлімнің негізгі тақырыптарының бірі ішкәі программаларме нжұмыс істеу іскерліктері екендігі белгілі. Бұл тақырыпты меңгеру оқушыларға көбінесе қиындық туғызып отырады. Сондықтан теориялық мағлұматтар мен жаттғу есептерін тиянақты берудің оқу процесінде өзіміз қолданып жүрген тәсілін ұсынамыз.

Процедуралар мен функциялар

Программаларда кейбір операторлар бөлігі программаның әр жерінде қайталанып кездесуі мүмкін. Осы қайталанып кездесетін опреатор бөлігін ішкі программа түрінде келтіріп және ішкі рограмманы ақыруда ұйымдастыру керек. Ішкі программа – бұл үлкен емес программа, яғни жалпы есептің бір бөлігін шешуге арналған. Әрбір ішкі программаның аты болады, ол программада ішкі программаны шақыру үшін қолданылады. Ішкі программаларды құру үшін процедуралар мен функциялар қолданылады.

Ішкі программалардың параметрлері болады. Олар формальді және нақты параметрлер деп бөлінеді. Функцияны сипаттау бөлігіндегі көрстеілген парамтре формальді  деп аталады. Процедураны шақыру инструкциясында көрстеліген параметрлер нақты парамтрлер деп аталады. Параметрлер ішкі   программаға мәліметтер жібері үшін және ішкі программа нәтижелерін алу  үшін қолданылады.

Функция.

Функция – бұл ішкі программа, аты бар инструкциялардың тізбегі. Функцияны шақыру жалпы түрде былай жазылады:

Айнымалы фнкция (параметрлер);

1)      айнымалы – функция есептеген  мәнді меншіктеуге арналған айнымалының аты.

2)      Функция – функция аты;

3)      Параметрлер – формальді параметрлер тізбегі, функция мәнін есептеу үшін қолданылады.

Төмендегі ескертулерге көңіл бөлу керек:

1.                  функция мәні меншіктелетін айнымалының типі, функция типімен сәйкес болуы  керек.

2.                  әрбір функция үшін параметрлер саны және типі анықталған  болады.

Жалпы түрде функцияны сипаттау төмендегідей болады:

Function аты (1-параметр:1-тип,...,к-параметрлік: к-тип): Тип

Var        // жергілікті айнымалыларды сипаттау;

begin

// функция инструкциясы;

аты өрнек;

end;

FunctionDelphi ортасының қызметші сөзі, бұл сөзден кейін функция инструкциясы жазылады.

Параметр – функция мәнін есептеу үшін қолданылатын айнымалы.

Аты – функция аты, программадан функция инструкциясына ауысу үшін қолданылады.

Тип – функция мәнінің типі.

 

Процедура

Ішкі программа мына екі жағдайда процедура түрінде болады:

1)                 Ішкі программа негізгі программаға ешқандай мәліметтерді қайтармаған жағдайда процедура түрінде болады.

2)      Ішкі программа оны шақырған программаға бірден артық мән қайтарғанда процедура үрінде болады.

Жалпы түрде процедураны сипаттау:

Procedure Аты (var 1 параметр:1-тип;..., var к-параметр: к-тп);

Var   

 

   // жергілікті айнымалыны сипаттау;

begin

  // процедура инструкциясы  жазылады;

end;

к-параметр – формальді параметр, ол процедура ішәінде қолданылады.

Процедураны шақыру.

Аты (параметрлер тізімі);

Аты – шақырылатын процедура аты.

Параметр тізімі – үтірмен ажыратылатын нақты параметрлер.

Енді процедуралар мен функцияларға мысалдар келтірейік.

1-есеп. Үш бүтін санның көбейтіндісін еептейтін процедура жазып, оны негізгі программада шақырып, нәтижесін экранға шығару.

Есептің шығарылуы (1 - әдіс).

1.      Формаға нәтижені шығару үшін Memo1 компонентін және процедура денесін жазуға Button1 компонентін орналастырайық. Компоненттер үшін өзгеретін қасиеттерді былай сипаттауға болады:

Компоненттер

Мәндер

Memo1

Button1

Button2

Lines: бос

Caption: «Есептеу»

Caption: «Шығу»

5        «Есептеу» батырмасын екі рет басып, программа код терезесіне өту. Сонда OnClick  оқиғасы процедурасының дайындамасы шығады.

6        Процедура дайындамасына процедура денесін жазу:

Tform.Button1.Click(Sender:TObject);

Var

m:integer;

Procedure kob(a,b,c:integer; var nat:integer);

Begin

nat:=a*b*c;

End;

Begin

kob(9,7,5,m);

Memo1.Lines.Add(IntToStr(m));

End;

End.

7        «Шығу» батырмасын екі рет басып, программа код терезесіне  процедура денесін жазу:

Tform.Button2.Click(Sender:TObject);

Begin

Form1.close;

End;

8        Іске қосу командасын орындау. Ол үшін Run пункті арқылы немесе F9 басу арқылы іске асыру.

9        «Есептеу» батырмасын басу. Нәтиже форм терезесінде көрінеді.

10    «Шығу» батырмасын басып, шығып кету. 

 

2-әдіс. Функцияның көмегімен үш санның көбейтіндісін табу.

1.                  Функцияның процедурадан айырмашылығы бірінші тақырыптарының жазылуында; екінші айырмашылығы, функция денесінде функция атына функция нәтижесі меншіктеледі. Формаға 1-әдістегі компоненттер қасиеттерімен орналастырылады.

2.                  «Есептеу» батырмасын екі рет басып, программа код терезесіне өту. Сонда OnClick оқиғасы процедурасының дайындамасы шығады.

3.                  Процедура денесі төмендегідей болады:

Tform.Button1.Click(Sender:TObject);

Var

M:integer;

Function kob(a,b,c:integer):integer;

Begin

Kob:=a*b*c;

End;

Begin

M:=kob(9,7,5);

Memo1.Lines.Add(IntToStr(m));

End;

End.

4.                  Іске қосу командасын орындау. Ол Run мәзірінің Run пункті арқылы немесе F9 пернесін басу ароқылы іске асырылады.

5.                  «Есептеу» батырмасын басу.

Мұндағы a,b,c – формальді параметрлер, 9,7,5- нақты параметрлер. Нақты параметрлер тізімінің саны және типі формальді параметрлердің тізімімен сәйкес болу керек.

Ішкі программалардың параметрлері мәндер, айнымалылар, тұрақтылар болуы мүкін. Сондықтан оларды параметр-мән, параметр-айнымалы, параметр-тұрақтылар деп атайды. Параметр-мәнге мысалы  a,b,c жатады. Параметр-айнымалы var қызметші сөзінен кейін сипатталады. Параметр-тұрақты ішкі программада, егер берілетін мән өзгермейтін болса const қолданылады.

2-есеп. Екі бүтін санның қосындысын  табуға процедура жазып, негізгі программада процедураны  шақырып, нәтижені экранға шығару.

Есептің шығарылуы.

1.                  Формаға нәтижені шығару үшін Memo1 компонентін және процедура денесін жазуға Button1 компонентін алдыңғы мысалда көрсетілгендей орналастырып,  қасиеттерінің мәндерін қойып шығу.

2.                  «Қосынды» батырмасын екі рет басып, программа код терезесіне өту. Сонда OnClick оқиғасы процедурасының дайындамасы шығады.

3.                  Процедура дайындамасына процедура денесін жазу:

Tform.Button1.Click(Sender:TObject);

Var

m:integer;

Procedure min(a,b:integer; var c:integer);

Begin

If a>b then c:=b else c:=a;

End;

Begin

Min(7,5,m);

Memo1.Lines.Add(IntToStr(m));

End; end.

4.                  Іске қосу командасын орындау.

5.«Қосынды» батырмасын басу.

3-есеп. Жиын элементтерінің қосындысын есептеуге функция жазу. Негізгі программада жиын элементтерін енгізіп, нәтижені экранға шығару.

Есептің шығарылуы.

1.                  Формаға нәтижені шығару үшін  Memo1 компонентін және процедура денесін жазуға  Button1 компонентін алдыңғы мысалдарда көрсетілгндей орналастырып, қасиеттерінің мәндерін қойып шығу.

2.            «Қосынды» батырмасын екі рет басып, программа код терезесіне өту.  Сонда OnClick оқиғасы процедурасының дайындамасы шығады.

3.            Процедура дайындамасында  программа модулін жазу:

Procedure

Tform.Button1.Click(Sender:TObject);

Type

Massiv=array[1..50] of integer;

Var

Mass:massiv

s,i:integer;

function sum(m:massiv; k:integer):integer;

var

nat,I:integer;

begin

nat:=0;

for I:=1 to k do

nat:=nat+m[i];

sum:=nat;

end;

begin

for I;=1 to 7 do

mass[i]:=I+5;

s:=sum(mass,7);

memo1.Lines.Ad(IntToStr(s));

end;

4.            Іске қосу командасын орындау. Ол Run мәзірінің Run пункті арқылы немесе F9 пернесін басу ароқылы іске асырылады.

5.            «Қосынды» батырмасын басу.

Ішкі программа өзін-өзі шақыра алады, Object Pascal-да оны басқаша рекурсивті ішкі программа деп атайды. Рекурсивті ішкі программаға мысал келтірейік.

4-есеп. Факториалды есептеу. Факториалды есептеуге функция жазу. Негізгі программада (Edit1)е нгізу өрісінен санды алып, функцияны шақыру және алынған нәтижені Memo1  өрісіне шығарады.

Есептің шығарылуы.

1.            Формаға енгізу үшін Edit1 өрісін, нәтижені шығару үшін Memo1 компонентін және функция денесін жазуға Button1 компонентін орналастырып, қасиеттерінің мәндерін қойып шығу.

2.            «Есептеу» батырмасын екі рет басып, программа код терезесіне өту.  Сонда OnClick оқиғасы процедурасының дайындамасы шығады.

3.            Программа модулін жазу:

Procedure Tform.Button1.Click(Sender:TObject);

Varn:byte;

Function fac(n:byte):extended;

Var nat:extende;

Begin

If n in [0..1] then nat:=1 else nat:=n*fac(n-1);

fac:=nat;

End;

Begin

n:=StrToInt(Edit1.text);

Memo1.lines.Add(FloatToStr(fac(n)));

End;

End.


Ұқсас жұмыстар

АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗУ ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
Информатикада Adobe Photoshop программалық оқыту құралын үйрету технологиясы
Жаттығулар арқылы тіл дамыту жолдары
«Тұздар» тақырыбын оқытуда тәрбиелей оқыту әдісін қолдану
Төлеу сөз
Көркем мәтінді тілдік талдаудың әдістемесі
Adobe PageМaker туралы жалпы мағлұматтар
MS Word көмегімен медициналық құжаттарды дайындау барысында мәтінмен жұмыс
Қашықтықтан ОҚЫТУ технологияларЫ бойынша оқытуды ұйымдастыру Негізгі ережелер
География пәнінің сабақтары