7-дәріс

Дәріс 7.

Тақырыбы: Жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесі.

Дәріс мақсаты: Жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесінің қызметі, И. М. Сеченов және И. П. Павлов шартты және шартсыз рефлекстер туралы ілімі, үлкен ми сыңарларының аналитикалық-синтетикалық қызметі, бірінші және екінші сигналдық жүйелер, олардың сыртқы дүниені танып білудегі маңызын, жүйке жүйесінің типтерінің функциясын қарастыру.

Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:

1.      Нерв қызметінің жалпы типтері.

2.      Үлкен ми сыңарлары қыртысы және қимыл дағдыларының пайда болуы.

Нерв қызметінің жалпы типтері. И.П.Павлов нерв қызметінің жалпы төрт типін бөліп көрсетті: 1) қиын тәрбиеленетін (үйретілетін) күшті, ұшқалақ тип (тежелуден қозу басым); 2) нерв процестері аса ширақ, күшті, байсалды тип. Жоғары дәрежелі нерв қызметінің мұндай типінде организмнің жағдайға тез көндігетіні, жаңа тітіркендіргіштерге активті әсер ететіні байқалады; 3) нерв процестерінің ширақтығы шамалы, жаңа тітіркендіргіштерге болар – болмас  әсер жасайтын (барлық қызметінде сылбырлық бар) күшті, байсалды тип; 4) қозу мен тежелу нашар дамыған, әлсіз тип. Мұнда организм тез әлсірейді, қорқақтық пайда болады, әдеттен тыс тітіркендіргіштер әсер еткенде жұмыс қабілетінен айырылады, тез арада тежелу күйіне өтеді.

            Нерв системасының әр түрлі типтеріне жататын жануарлар сыртқы ортаны өзінше қабылдап, оған бейімделеді. Оларды үйрету де түрліше болады, олардың ауру тудырғыштарға төзімділігі де әр түрлі. Мысалы, екінші типте гнерв системасының бұзылуы сирек байқалады, ал бірінші  және төртінші типте қалыптасқан шартты рефректорлық қызмет тезірек бұзылады. Сонымен қатар, жоғары дәрежелі нерв қызметінің төртінші  типіне жататын жануарлар невроздық күйден қиындықпен арылады, яғни едәуір ұзақ ауырады.

            И. П. Павловтың пікірінше, тәжірибеде таза күйінде анықталатын, жоғары дәрежелі нерв қызметінің келтіретін  төрт типі адам  темпераментінің кезінде Гипокрақа белгілі болған төрт түріне сай келеді. Мәселен, бірінші тип холериктік темпераментке, екінші тип – сангвиникалық темпераментке, үшінші тип – флегматикалық темпераментке, ал төртінші тип – меланхоликтік темпераментке сай келеді. Алайда, нерв системасының типі мен темпераменті арасында ұқсастық жоқ, өйткені «темперамент» ұғымына нерв системасының атқаратын қызмет ерекшеліктерінен басқа, адамның орны мен тіршілік  жағдайларын бағалау, тарихи дәуірді және практикалық қоғамдық-еңбек әрекетін сипаттау да жатады.

            Жоғары дәрежелі нерв қызметінің типі организмнің  сыртқы ортамен өзара қарым – қатынасынан ғана емес, сондай-ақ ішкі мүшелер қызметінің сипатынан да білінеді.

     Жоғары дәрежелі нерв қызметінің жеке типтері. И. П. Павлов адамның туа біткен қабілеттіліктерін ескере отырып, нерв системасының функциясына анализ жасау арқылы нерв системасының үш типін бөліп көрсетті: көркем, ойшыл және тыныш тип. Бірақ бұл салада барлық нәрсе толық айқын емес: кейбір мәселелер ақырына дейін ашылмаған бұл типтерді анықтау үшін адекватты эксперименттік әдістер мен тестер жоқ, көп нәрсе тек сипаттаумен шектелген.

Нерв системасының көркем типінде бірінші сигналдық системаның жұмысы ширақ болады.

Мектеп оқушыларының организмінде өтпелі кезеңнің бірінші фазасында (11-13, 14 жаста) терең өзгерістер болады. Ішкі секреция бездерінің, атап айтқанда, жыныс бездерінің қызметі күшейіп, қосымша жыныстық белгілер пайда болады. Бұл кезеңде ми қыртысының функциялық активтілігінің айтарлықтай әлсірейтіні байқалады: оқушының сөзі мен сұрақтарға қайтаратын жауабы баяулап, сөздер қоры азаяды. Сөз сигналдарына (есте сақтау) шартты байланыстар түзілу процесі қиындағанда, көру, есту және басқа тітіркендіргіштерге шартты рефлекстер түзілу жылдамдығы артатыны аңықталған. Жасөспірімге оның физиологиялық ерекшеліктеріне қайшы келетін-талаптар қойылады. Одан тартымды, айқын сөйлеу, тез, логикалық ойлану, көлемді оқу материалын есте сақтау, яғни осы жастағы балалар үшін ерекше қиын болатын нәрселер талап етіледі.

Жыныстық жетілу кезеңінде ішкі мүшелер қауырт, әр келкі өседі. Вегетативтік нерв системасының күйіне эндокриндік бездер ерекше күшті әсер етеді, ол қозудың артуынан, ашуланшақ, өкпелегіш болудан байқалады: бас ауруы пайда болады, бас айналады, ұйқы қашады және т.с.с. Мұның бәрі нашар тамақтануға және мидың оттегімен жеткілікті қамтамасыз етілмеуіне байланысты болады. Бұл кезең әсіресе қыз балаларда ауыр өтеді. Соңдықтан бұл кезеңдегі ақыл-ой және дене еңбегі үстінде жасөспірімдер оңай әрі тез қажиды.

Өтпелі кезеңнің екінші фазасы (13-14-17 жас) бұдан да қауырт өтеді. Жасөспірімдердің бойы тез өседі, дене салмағы артады, организмнің төзімділігі кемін, ауруға шалдыққыш болады. Жасөспірімдердің деңесі дөрекіленіп, икемсіз келеді, қимылы ебдейсіз болады. Жоғары дәрежелі нерв қызметінде тежелуден жалпы қозу басым болады, тітіркендіргіштерді жіктеу қабілеттілігі кемиді. Мидың қызметі барған сайын төмендеп, қанмен жабдықтаудың одан әрі нашарлауы есебінен нерв системасы тез қажиды.

Алайда өтпелі кезеңнің соңына қарай ғана ми қыртысының функциялық қызметі айтарлықтай артып, қыртыс пен қыртыс асты бөлімдері арасында өзара қарым-қатынас орнайды. Ми қыртысы қызметінің бұзылуы жасөспірімдердің бәрінде бірдей байқала бермейтіндіктен, М.М. Кольцова олардың дамуында семья мен мектепте нервтік-психикалық жарақат алу үлкен роль атқарады деп есептейді. Мұндай жастар жасөспірімдер арасында, ересектердің мектеп оқушыларының осы дамуы кезеңіне тән ерекшеліктерін білмеуі және оларды жете бағаламауы нәтижесінде педагогтар мен ата-аналар арасында жанжалдар жиі болып тұрады.

Педагогтар мен ата-аналар жасөспірімдердің бұл кезеңін жақсы білуі, оларға ұстамдылық, шыдамдылық және ілтипат көрсетуі тиіс. Оқу процесінің режимін дұрыс ойластыру, тыныштық жағдай туғызу, айналадағылардың тілектес қарым-қатынас жасауы өтпелі кезеңде жасөспірімдер нерв системасы қызметінің бұзылуына және тіпті ауруға шалдығуына жол бермейді.

Дене шынықтыру сабақтары организмнің функциясын қалыпқа түсірудің ең тиімді құралы болып табылатыны дәлелденген. Алайда дене еңбегінің шамасына үнемі дәрігерлік тексеру жүргізілін отыруы тиіс өйткені қажу жасөспірімге зияң келтіруі мүмкін. Мәселен, шет елдерде мектептерде дәстүрлі гимнастиканың орнына күн сайын жүргізілетін арнайы ырғақты гимнастика еңгізілген, ол қимыл системасының нервтік-психикалық күйі мен дамуына жағымды әсер етеді.

Жоғары дәрежелі нерв қызметінің икемділігі. Жоғары дәрежелі нерв қызметінің типі және әрбір адамның жалпы мінез-құлқы тұқым қуалай берілген (генотип) іштен болған (фенотип) белгілердің «қорытпасы» болып табылады. Жоғары дәрежелі нерв қызметінің типі өмір бойы өзгерумен болады. Жоғары дәрежелі нерв қызметі типтерінің өзгеруіне бейімділік нерв системасының икемділігі деп аталған. Икемділік – динамикалық процесс.

Мектеп оқушысының мінез-құлқы нерв системасының тума физиологиялық қасиеттеріне ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік жағдайларға да байланысты. Кез келген жастағы оқушының жоғары дәрежелі нерв қызметінің типі мен мінезін анықтауға әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды ескеру керек, себебі семья мен қоғамдық  ортадағы қарым-қатынастар оған өз таңбасын түсіріп, типті бүркемелейді.

Жоғары дәрежелі нерв қызметі типтерінің икемділігін И.П.Павлов адам мінезін тәрбиелеудің, жаттықтырудың және өзгертудің «аса маңызды педагогикалық фактісі» деп есептеді. Организм неғұрлым жас болса, айналадағы құбылыстардың оған соғұрлым күштірек әсер ететінін ескерсек, жоғары дәрежелі нерв қызметін қалыптастыру бала туған күннен басталып, мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы және мектептен кейінгі кезеңде жалғастырылуы тиіс.

Бала мен ересек адамның жоғары дәрежелі нерв қызметінің типі оның ауырып тұруы, психикалық күйзелісі және басқа факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Мұндай жағдайларда жеке және қоғамдық ықпал ету, яғни «мінезді шынықтыра» түсу шаралары арқылы типті «түзетуге» және қайта тәрбиелеуге болады.

Үлкен ми сыңарлары қыртысы және қимыл дағдыларының пайда болуы.

Үлкен ми сыңарлары қыртысының әр түрлі орталықтары арасында уақытша байланыстың түзілуі және нығаюы балалардың қимыл дағдыларының негізі болатынын физиологтар анықтаған. Дене тәрбиесінің мұғалімдері мен спорт секцияларының жаттықтырушылары мұны қимылды автоматты түрге дейін жетілдіру деп аталады.

Адам қимыл және басқа дағдыларға туған кезден бастап ие болып, оларды қартайғанша жетілдіреді. Мұнда тиісті анализаторлардың афферентті және эфферентті нейрондары арасында нейрон аралық уақытша байланыстар қалыптасады.

3-4 айлық сәбидің ойыншыққа қалай ұмтылатының еске түсірейік. Ол мүлт кететін қаншама төселмеген қимылдар жасайды десеңізші. Оның барлық сәтсіздіктерінің себебі – көрініп тұрған нәрсеге мақсатты бағытталған әрекетінің болмауы, өйткені ми қыртысының қимыл және көру аймағындағы орталықтар арасында әлі байланыс орнамаған. Міне, енді ол ойыншықты 2 – 3 рет қарап, қолына ұстап көрді, оның қандай дыбыс шығаратынын естіді, келесі жолы оны тез-ақ батыл ұстайды. Демек, оның ми қыртысында әлдебір байланыстар бірте-бірте нығайып, тұрақты байланыстарға айналады, белгілі әрекет автоматизмі – керекті және тиімді қимыл стереотипі пайда болады, ал тиімсіз қимылдардың бәрі бекітілмейтіндіктен, жойылып кетеді.

Алайда әрбір еркін қимыл басталмас бұрын әрқашан «қажетті қимылды жасауда ми қыртысы клеткаларының эфферентті импульстер келетін комплексі шартты рефлекторлы жолмен қозады». Мұндай клеткалар комплексін П.К.Анохин әрекет акцепторы (қабылдағышы) деп атады.

Әрекет акцепторы клеткаларының шартты рефлекторлы жолмен қозуын қимылдың болашақ нәтижесін физиологиялық (адамда бұған қоса моральдық) тұрғыдан алдын ала сезу ретінде қарастыру керек. Қимыл жасау қол жеткен нәтиже үшін қуанышты эмоция, алынған «жақсы» немесе «өте жақсы» баға үшін қанағаттанғандық сезімін туғызып, қимыл дағдыларын одан әрі жетілдірудің негізін құрайды.

Баланың алғашқы қадамынан, жүгіруден, жүзуден бастап, аса күрделі би және гимнастикалық (акробатикалық) трюк жасауға дейінгі кез келген қимылы рефлекстердің жәрдемімен жүзеге асады. Бұл рефлекторлық системалардың бәрі немесе комплекстері кейінгі жаттығулар мен көрсетулер кезінде жетілдіріліп, дамытылатын күрделі қимыл актілері болып табылады. Егер жаттығу және машықтану жұмыстары тоқтатылса, ие болған дағдырлар бекітілмейтін шартты рефлекстер ретінде біртіндеп жойылады (өшеді).

Адамның барлық қимылының рефлекторлық табиғатты XIX ғасырдың аяғында анықталған болатын. Алайда бұл қағида ғылымда біртіндеп және зор қиындықпен тұжырымдалады. Өте ұзақ уақыт бойы барлық қимылды ерікті және еріксіз қимылдарға бөлді. Мұнда еріксіз қимылдарды ғана рефлекторлық 0имылдар деп есептейді. Ине шаншығында немесе температурамен әсер еткенде қолды тартып алуды, сондай – ақ кейбір барынша үйреншікті ишараларды осыған жатқызды. Адамның тілегі, еркә бойынша, яғни бір қарағанда, сыртқы  әсердің себептері мен әрекет етуге түрткі жоқ жағдайда саналы түрде жасалған қимылдарды ерікті қимылдар деп түсінді. И.М. Сеченов қимылды бұлайша түсінудің қарсыласы болды. Ол «саналы және санасыз ірекеттің барлық актілері шығу тегі жөнінен рефлекстердің мәні» деп тұжырымдап, осы арқылы барлық қимылдың табиғатын физиологиялық негізге қойды. 

И.П.Павловтың методикасы бойынша шартты рефлекстерді қалыптастыру адамның өмірі бойында ие болатын қимыл дағдыларының мәнін ашып көрсетуге мүмкіндік берді, ал оның сигналдық системалар туралы ілімі ойлауды материалистік тұрғыдан түсінуге негіз болды.

«Екінші сигналдық системаға қатысты процестердің творчестволық сипаты, - деп жазады А.Н.Кабанов, - қимылдың творчестволық табиғатын түсіндіреді адам үйренген қимылдарын қайталап қана қоймастан, сонымен қатар олардың негізінде жаңа қимылдар жасайды».

Балалардың қимыл дағдыларын дамыту шартты рефлекстердің түзілу заңдылықтарына бағынады. Жаңа қимылды үйренудің бастапқы кезеңінде процестер айтарлықтай жалпыланады ұсақ детальдар жаңғыртылмай, жалпы сипатқа айналады – оның бағыттылығы айқындалады. Мысалы, баланы секіруге үйрету қажет. Алғашында жеке элементтері туралы емес, жалпы секіруге туралы сөз болады. Мұндай бастапқы секіруге көптеген, оның ішінде бұл қимылға қатысы жоқ бұлшық ет те қатысады. Секіруді әлденеше рет қайталаудан соң ғана секіруші «бас тартады» (жіктеліс тежелуі). Ол керексіз қимылдарды тежей білуді үйренеді. Олардың  уақытша байланыстары үзіледі де, бала ойдағыдай, әдемі секіреді. Бұдан кейінгі жаттығулар секірушінің, шебердің спорттың таңдаған түріне стереотипін біржолата қалыптастырады.

Ортаңғы және жоғары класс балаларының қимыл дағдылары олардың нервтік-психикалық күйіне, организмнің өтпелі кезеңдегі өзгерістеріне және өздерінің сүйікті шеберлері мен мұғалімдеріне еліктеуіне байланысты. Сондықтан жаттығулар баланың денсаулығына, жынысына сай келіп, күн тәртібінің көлеміне орайласуы тиіс.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.      Нерв қызметінің типтері қандай?

2.      Үлкен ми қыртысында қандай қимылдық дағдылар пайда болады?

Тапсырма

1.     Жоғары дәрежелі нерв жүйесіне анықтама бер.


Ұқсас жұмыстар

МАЙЛАР ЖӘНЕ ӨСІМДІК МАЙЛАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ пәнінің оқу бағдарламасы
Биотехнологияда қолданылатын биологиялық нысандар пәнінің жұмыс бағдарламасы
ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ туралы ақпарат
Математиканы оқытуды ұйымдастыру
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары
Педагогикалық тәжірибе бойынша есеп
Педагогикалық зерттеу практикасы бойынша есеп ( 7M02305 Қазақ филологиясы )
Ньютон формуласы
Психология пәніне арналған дәрістің негізгі қызметтері мен ережелері
Стерилденген сүттің технологиясы