13-ДӘРІС. Формаларды қолдану

 


 

1.      Форма сипаттамасы.

2.      Формалардың өзараәрекеттесуін ұйымдастыру.

3.      Модальды формалардың ерекшеліктері.

4.      Диалогтарды жүзеге асыратын процедуралар мен функциялар. 

 

 

 

 

Бос форма және оны түрлендіру

Біз формалар терезесі, прогаммалар терезесі Windows жобасыннан тұратынын айттық. Сөйтіп File/New/Application опциясын таңдағаннан кейін қарапайым программа дайын болды. Дегенмен, бұған дейін: өзіңіз жұмыс істейтін каталогты құрып, Delphi – дің күйін келтіру (баптау) қажет.

 

Delphi – ді баптау

Программалар жобасымен жұмыс істеу процесінде сізге формалар мен модульдер жиындығын құру қажет. Бұл мәліметтерді жеке папкада файлдар түрінде сақтаған дұрыс. Оның ішінде өзініздің жұмыс папканызды құруға болды. «My_fist_program» деген атпен папка құрыңыз, оның ішіне өздерініздің программанызды сақтайтын папка құрыңыз.

Екіншіден, Delphi ортасының стандартты келтірілген күйіне өзгеріс енгізу қажет. Бұл сіздің құрған программаңыздың соңғы нұсқасының автоматты түрде сақталу үшін керек.

Ол үшін Tools/Environment Options менюін таңданыз, пайда болған сұхбат терезесінде Preferences бетінің екеніне назар аударыңыз. Осы беттің сол жақ жоғарғы бұрышында Autosave Options тобында “Editor Files”және “Desktop” деген ауыстырып қосқыштары бар. Ауыстырып қосқыштары екпінді жасау- программа коды терезесінің мәтінін және Delphi терезесінің жалпы орналасуын автоматты түрде сақтайды. Бұл программаны жоғалудан қорғайды. Тышқанмен белгілеу арқылы осы ауыстырыа қысқыштарды екпінді жасаймыз. Компиляция барысын қадағалап отыру үшін Compiling  және Running тобындағы Show Compiler Progress ауыстырып қосқышын екпінді жасаңыз. Сондай –ақ, программа кодына түсіндірмені – мәтін фрагменттерін сақтауға болады, ол программа жұмысына әсер етпейді, бірақ оның мәтінін түсінікті етіп көрсетеді. Мәтін шығару үшін шрифті тағайындау қажет:

Tools/ Editor Options ’Display бетінде Editor Font–қа Times New Roman шрифт түрін тағайындау қажет.

Енді алғашқы программаны жүргізуге бәрі дайын болды. Негізі } терезеден батырмасын немесе F9 басқару клавишын басыңыз. Сонымен, Delphi ортасындағы программа үш кезеңнен өтеді: компиляция – компоновка – орындау.

Компиляция кезеңінде код терезесінде дайындалған программа мәтіні Object Pascal тіліне ауыстырылады; комппоновка кезеңінен дайын программа жедел жадыға шақырылып, орындалуға жіберіледі.

F9 клавишін басқаннан кейін Save Unit1 As сұхбат терезесі пайда болады, яғна Delphi Unit1.pas модулі үшін файлдфң аты мен ол орналысатын папканың атын сұрайды, сондай-ақ, модульдің де атын өзгерту қажет (немесе әрбір есепке жеке папка ашып, Save All командасы арқылы бәрін сақтаған дұрыс).

Delphi- дегі атаулары. Delphi- дегі атау латын әріптерінен басталатын әріптер, цифрлар және сызғыш болуы тиіс, атау цифрдан басталуы керек, ұзын атау бере беруге болады.

 

Форманың қасиеттерін өзгерту

Алдымен модуль ұғымына тоқталайық. Әрбір жаңа форма құрғанда модуль құрылады. Программаны компиляциялау кезінде Delphi заты .PAS, .DFM және .DCU болып келген файлдарды әрбір модуль үшін құрады: .PAS файл- программа коды терезесіндегі мәтін көшірмесінен тұрады; заты -.DFM файылында форма терезесінің мазмұны сақталады; ал файылында – екі файлдан алынған мәтінді машиналық нұсқауға түрлендіру нәтижесі сақталады.  .DCU файлдары компилятормен құрылады және ол компоновщиктің жұмысы үшін қажетті базаны береді. Одан кейін ол заты .EXE болып келген біртұтас шақырылатын файлға түрленеді. Енді программаны түрлендіру көрейік, алдымен терезе тақырыбын өзгертейік. Алғаш Delphi жүйесіне кіргеннен кейін, терезе тақырыбы форма тақырыбына сәйкес келеді. Тақырыпты өзгерту үшін Объектілер Инспекторы терезесіне беру қажет. Form1 программасының терезесін жабыңыз. Объектілер Инспекторы терезесінің Caption жолын тышқанмен белгілеңіз. Осы жолдың оң жағында жыпылықтаған курсор болады. Клавиатураны кириллицияға ауыстырып, «программа» деп жазыңыз, одан кейін F9 ды басыңыз. Программаның бұл орындалуы – тақырыбы «программа» деп аталатын терезе құру. Объектілер Инспекторы терезесі арқылы программалар терезесінің бір қасиетін – тақырыбын өзгертейік. Дәл осылай формалардың кез келген қасиетін өзгертуге болады.

 

Формаға жаңа компоненттер орналастыру

Формаға жаңа компонент орналастыруды қарастырайық. Ол үшін алдымен орналасатын компонентті таңдау қажет, одан кейін форма терезесіндегі компонент орналасытын орынды тышқанмен белгілеу жеткілікті.

Енді программалар терезесіне әртүрлі жазуларды, түсініктемелерді орналастыруға арналған Label(белгі) компонентін орналастырайық. Алдымен, компоненттер политрасынан Standard бетінің ашылғанына көз жеткізу қажет. Курсорды әрбір компоненттің үстінен жүгізгенде оның аты жазылады. Компоненттер политрасына курсорды келтіріп, тышқанмен белгілейміз, одан кейін форма терезесінде белгінің орнын көрсетеміз.

Жаңа компоненттің стандартты аты Label1, батырмадағы жазудың да аты осындай болады. Объектілер Инспекторы терезесіндегі жолының көмегімен бұл жазуды оңай өзгертуге болады: «программа N1» деп енгіземіз. Бұл енгізілген жазу формадағы компоненттен көрінеді.

Енді жазудың түсі мен шрифті өзгертейік. Ол үшін Объектілер Инспекторы терезесіндегі Font қасиетін тышқанмен белгілейміз, батырманың көмегімен жолдың оң жақ бөлігінен шрифті түзететін сұхбат терезесі ашылады. Size тізімінен шрифтің өлшемін 24, Color тізімінен қажетті түсті таңдаймыз. ОК батырмасымен терезені жабамыз. Форма терезесіндегі компоненттегі жазу өзгеруге сәйкес қасиетін өзгертеді.


Ұқсас жұмыстар

Сабақ кестесі
Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері. Дәрістер курсы
Оқыту құралдары
Сабақтың негізгі элементтері, сабақ типтері
Макет
Өсімдік ауруларының белгілері
Мектепте шет тілін грамматикалық-аудармалық әдіс бойынша оқыту
Белсенді оқыту әдістері
Сабақтың тақырыбы
Бейнелеу өнерінің теориялық негіздері