14-ДӘРІС. Менюмен жұмыс істеу


1.      Басты меню.

2.      Контексті меню.

Файл деп дербес компьютердің сыртқы жадысының атау берілген бөлігін түсінеміз. Кез келген файлдың өзіне тән үш ерекшелігі болады. Біріншіден, файлдың атауы бар, программаға осы атауы бойынша бір мезгілде бірнеше файлмен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Екіншіден, ол бір типті компоненттерден тұрады. Файлдан басқа  Object Pascal–дың кез келген типі компоненттер типі бола алады. Үшіншіден, файлдың ұзындығы жөнінде оны хабарлауда ешнәрсе айтылмайды, ол тек сыртқы жады құрылғысының көлемімен шектеледі. Файлдық типті төмендегі үш тәсілдің бірімен беруге болады:

<аты>=File of <тип>;

<аты>=TextFile;

<аты>=File;

      Мұндағы  <аты> - файлдық типтің аты; File of - қызметші сөздер (файл, содан); TextFile - стандартты мәтіндік файл типінің атауы; <тип> - файлдан басқа Object Pascal –дың кез келген типі.

Мысалы,

Type

Product=Record

Name: String;

Code: word;

Cost: Comp

End;

Text80=File of String[80];

Val F1: File of char;

       F2:TextFile;

       F3:Text80;

       F4:F4 of Product;

 

Файлдармен жұмыс

      Хабарлау тәсіліне қарай, файлды үш түрге бөлуге болады: мәтіндік, типтік және типтік емес.

      Ақпарат ASCII кодымен берілген файл мәтіндік файл болып табылады. Мәліметтердің кез келген қарапайым типі осылай беріледі. Жеке мәндер файлда жол болып беріледі. Мұндай жазулар ақпарат бөліктері болып бірігуі мүмкін. Мәтіндік физикалық файлдың атауы үшін оның заты .txt, .doc болып беріледі. Программалау тілдеріндегі программа мәтіндегіфайлдар үшін заты тілдің белгісін білдіреді, мысалы, .pas, .bas. Физикалық мәтіндік файл тізбекті кіру мүмкіндігі бар файл болып табылады.

      Типтік файл – бұл компоненттері – мәндері екілік кодпен берілген, файлдық типтен басқа, жай және құрылымдық типті файл. Файл компоненті деп файл жөніндегі дербес мәліметті айтады. Мысалы, integer немесе real типті файл. Типтік файл тікелей кіру мүмкіндігі бар файл болып табылады, бірақ өзінің компоненттеріне тізбекті түрде кіру мүмкіндігін де береді.

      Типтік емес файл – бұл компоненттері 0 мен 1 екілік цифрлардан құралған сегіз битті тізбек болып табылады. Мысалы, жадының кез келген ұяшығындағы кез келген типті ақпарат түрінде көз алдымызға елестетуге болады. Файлдарға төмендегідей ұғымдар тән: файл атауы, файл типі, файл компоненті, файлды жазу, файлды жазудың соңы және файл соңы. Бұл ұғымдардың бәрі логикалық та, физикалық та бола алады. Мысалы, файлдың логикалық атауы және файлдың физикалық атауы. Файлды жазудың соңы – тасымалдаушыға физикалық жазудан кейін қойылатын белгі. Ол EOL (End Of Line) деп аталады. Ол физикалық файлмен жұмыс барысында жазудың соңы кездессе мәнін қабылдайды.

      Файлдың соңы – тасымалдаушыға физикалық файл компонентінің соңын жазғаннан кейін қойылатын белгі. Ол EOL (End Of Line). Сондай-ақ, физикалық файлмен жұмыс барысында файлдың соңы кездессе, true мәнін қабылдайтын Паскальдың бұл айнымалы функциясы да осылай аталады.

      Физикалық файлдар оның компонентіне кіру тәсіліне қарай тізбекті және тікелей болып екіге бөлінеді. Осы бөлінуге сәйкес файлдар тікелей кіру және тізбекті кіру мүмкіндігі бар файл деп аталады.

      Файлға тікелей кіру жағдайында файлдың кез келген компоненттерімен жұмыс істеу үшін тікелей кіруге болады. Тікелей кіру мүмкіндігі бар файлдың барлық компоненттері нөмірленген. Нөмір нольден басталады, яғни 1-компоненттің нөмірі - 0, екінші компоненттің нөмірі 1 және т.с.с. Бұдан, файлдың соңына n+1–ші орынға n–нөмірлі компонент орналасады. Тікелей кіру мүмкіндігі бар файлды тасымалдаушының кез келген бөлігіне тікелей кіруге мүмкіндік беретін ақпарат тасымалдаушыларда ғана орналастыруға болады, мысалы, магнитті дискілерде.

      Тізбекті түрде кіру мүмкіндігі бар файл компоненттерін оқу тек бірінші компоненттен басталады. Сондықтан, тасымалдаушының қандай да бір компонентін оқу үшін ізделінді компонент табылғанынша алдыңғыларын өткізіп отыру қажет. Тізбекті файлдың қарапайым мысалына магнитті лентада жазылған файл жатады.

Object Pascal тілінде файлдармен төмендегідей жұмыс түрін ұйымдастыруға болады:

-                     файл құру;

-                     мәліметтерді файлға жазу;

-                     мәліметтерді файлдан оқу;

-                     файлды түрлендіру.

Файлмен жұмыс істеу үшін логикалық атауы бойынша логикалық файл сипатталуы тиіс. Одан кейін логикалық файл физикалық файлмен сәйкес құрылғыда, ақпаратты тасымалдаушыда байланысуы тиіс. Одан кейін физикалық файлды ашуға мүмкіндік болуы қажет. Файл тек оқу үшін, тек жазу үшін немесе оқу және жазу үшін ашылады. Оператор арқылы логикалық файл мен физикалық файлды байланыстырғаннан кейін файлмен жұмыс істеуде файлдың логикалық атауы пайдаланылады. Бұдан кейін жұмыс физикалық файлмен орындалады.

 

Логикалық файлдың сипатталуы

Файл үшін логикалық және физикалық файл ұғымы енгізіледі. Логикалық файл – бұл ақпараттың қандай да бір абстракт көлемі. Физикалық файл – бұл физикалық тасымалдаушыда жазылған логикалық файл: диск, дискет, дисплей экраны, магнитті лента және т.б. Мысалы, сыныптағы оқушылардың аты-жөнінің тізімі логикалық файл болып есептеледі. Сондай-ақ, қағазға немесе дискіге жазылған Object Pascal программасының мәтіні де физикалық файл болып табылады. Логикалық файл мен физикалық файлды байланыстыру стандартты AssignFile процедурасы арқылы жүзеге асырылады:

  AssignFile(<логикалық файл аты>,<физикалық файл аты>);

Мұндағы <логикалық файл аты> – программада файлдық айнымалы ретінде хабарланған файлдық айнымалы, <физикалық файл аты> – файл атынан тұратын мәтіндік өрнек, егер қажет болса файлға кіру маршруты толық көрсетіледі.

Паскаль тілінде логикалық файл ретінде мәліметтердің арнайы типі – файл құрылымы енгізілген.


Ұқсас жұмыстар

Flash редакторы
MS Word көмегімен медициналық құжаттарды дайындау барысында мәтінмен жұмыс
Электрондық оқу-әдістемелік кешендері
Негізгі орындалатын командалардың қызметі: көшіру, мәтін фрогменттерін өшіру немесе орындарын ауыстыру
«Қан түзуші жүйе» пәні бойынша электронды оқулық дайындау
Adobe Photoshop 7. 0 програмасы кімге арналған
ҚҰЖАТТАРДЫ ПІШІМДЕУ (ФОРМАТТАУ)
Microsoft Excel электрондық кестесі туралы
Norton Commander бағдарламасы
Adobe Photoshop 7. 0