Глоссарий
Нысанға бағытталған программалау (НБП) - қоршаған ортаны модельдеуде сапалы мүмкіндіктерге ие, сезімдік тұрғыдан түсініктіұғымдар жиынтығы негізінде құрылады, алдын – ала жазылып қойған программа кодын көп рет қолдануға мүкіндік береді.
Программалау – технология, ол бағдарлама құру процесін межелі өңдірістік іс-әрекетке айналдыру арқылы жинақталған тәжірибе мен білімді жетілдіреді.
Нысан өрістері – бұл нысан қамтитын мәліметтер.
Инкапсуляция - өзінде тек қана өрістерді ғана емес, сонымен қатар осы өрістерге мүмкін әрекеттердің сипаттамасын қамтитын нысанның қасиетіні.
Әдістер - өріс түрінде берілген мәліметтерден басқа нысан осы өрістерге мүмкін әрекеттерді сипаттайтын ішкі программмалар.
Нысан экземпляры - нысандық тип жарияланғаннан кейін осы тип негізінде жасалатын типтік айнымалылар.
Мұрагерлеу - бар типтің негізінде оған жаңа өрістер мен әдістерді қоса отырып, жаңа тип жасауға болатын объектілік типтердің қасиеті.
Конструктор - егер нысандық типте тым болмаса бір виртуалды әдіс болса, онда виртуалды әдіске бірінші қатынас жасағанға дейін объект экземплярына қолданылатын арнайы әдіс.
Жоба - Delphi -де дайындалатын программа.
Форма - программаны дайындау алдында ашылатын, программалық сұқбаттық терезесі.
Қасиет – (сипаттама, параметр) –айнымалалардың ерекше түрі. Олар обьектінің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап ағымдық күйін анықтайды.
Оқиға- программамен жұмыс істеу барысында обьект жағдайының белгілі бір әрекетке жауап ретінде өзгеруі.
Оқиғаны өңдуіш не өңдеу процедурасы - оқиғаға байланысты құрылатын процедура.
Модульдер – бағдарламаның үзіндісін орналастыру үшін қолданылатын бағдарламалық бірлік. Модуль деп бағдарламаның белгілі бір тәуелсіз бөлігін атайды және олар стандартты және бейстандартты болып екі топқа бөлінеді.
Uses - арнайы сөз; «модульдер тізімі» - бағдарлама мен модульдерді бір-бірімен байланыстыруға қажетті модульдердің тізімі. Бұл сөйлемді қолданатын модульдер спецификациясы деп атайды және ол негізгі бағдарламаның тақырыбынан соң орналау қажет.
Модульдің интерфейстік бөлігінде негізгі бағдарламада және басқа модульдерге қолданылатын аталмыш модульдің барлық сыртқы объектілері анықталады. Паскаль бағдарламасы сияқты бұл анықтамадағы объектілердің реті кез келегн түрде бола алады. Интерфейстік бөлікте ішкі бағдарламалардың тек қана тақырыптары келтіріледі, ал олардың толық анықтамасы модульдің орындалатын бөлігінде көрсетіледі.
Implementation - модульдің орындалатын бөлігінде интерфейсте көрсетілген ішкі бағдарламалардың орындайтын жұмысы анықталады. Ішкі бағдарламалардың орналасу реті интерфейстік бөлігінде көрсетілген ретімен бірдей болуы шарт емес. Бұл бөлімде ішкі бағдaрламлардың тақырыбын ғана көрсетсе жеткілікті, себебі параметрлер тізімі мен функция нәтижесінің типі интерфейсте анықталғаг. Сондай-ақ мұнда аталмыш модульге ғана тән және бұл модульден тыс белісіз тұрақтыларды, типтерді, айнымалыларды және ішкі бағдарламаларды жариялауға болады.
Инициялизациялау бөлігінде осы модульдерді іске асыратын бағдарлама жұмысының басталғандығы туралы операторлар орналасады. Модульдердің іске асырылуы бағдарламаның Uses бөлігінде көрсетілген ретімен орындалады. Бұл бөлік Initalisation сөзімен басталады. Бірақ ол бөліктің болмауы да ықтимал.
Класс деп объектілерді құрудағы қолданылатын үлгілерді айтады, ал объект сол үлгінің туындысы болып табылады.
Әдістер - инкапсуляцияланған класстар процедура және функцияларды.
Глоссарий
«Бастапқы есеп және құжат айналымы» пәні бойынша СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмаларын орындауға арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Паразитизмнің экологиялық тұжырымдамасы
Қашықтықтан оқытуды іске асыруға арналған MOODLЕ жүйесі
СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқаулар
МДҰ әдістемелік кабинет
JavaScript- та бағдарламалау
Оқу-әдістемелік кешен “Сулы жүйелер географиясы” пәні бойынша
Психоллогия консультация жайлы анықтама беру