Дәріс № 10. Жануарлар экологиясы негіздері
1.Жануарлар экологиясы негіздері
2. Табиғи аймақтар биоценозы
1.Жануарлар экологиясы негіздері
Жылу алмасу түріне байланысты жануарлардың екі экологиялық типін бөліп көрсетеді: пойкилотермді (салқын қанды) және гомойотермді (жылы қанды).
Пойкилотермді ағзалардың ( грек тілінен аударғанда poikilos-алуан түрлі) зат алмасу деңгейі тұрақсыз, денесінің температурасы тұрақсыз, жылу реттеу механизмдері жоқ дерлік. Олардың денесінің температурасы қоршаған ортаның температурасына тәуелді болады. Пойкилотермді жануарларға омыртқасыздар, балықтар , қосмкенділер жатады.
Гомойотермді ағзаларға (грек тілінен аударғанда homoios-бірдей)- зат алмасу деңгейі жоғары және тұрақты, зат алмасу нәтижесінде жылу реттелуі жүзеге асырылады. Мұның өзі олардың денесінің температурасының салыстырмалы түрде тұрақты болуын қамтамасыз етеді.
Пойкилотермді жануарлардың өзін салыстырмалы түрде кең ауқымды температура ауытқуында белсенді тіршілік ететін эвритермді және температураның айтарлықтай ауытқуын көтере алмайтын стенотермді деп бөлуге болады.
Құрылық жануарларын ылғалға қатысты төменгідей топтарға бөледі:
1.Гидрофильдер –ылғал сүйгіш жануарлар (маса, құрлықтың былқылдақденелілері мен амфибиялары)
2. Мезофилдер –орташа ылғалдылық жағдайында тіршілік ететін жануарлар (көптеген бунақденелілер, құстар, сүтқоректілер)
3.Ксерофилдер –жоғары ылғалдылық жағдайында тіршілік ете алмайтын, құрғақшылықты сүйетін жануарлар (түйе, шөлдің кемірушілері мен бауырымен жорғалаушылар).
Су ортасын мекендейтін ағзалар нектон, планктон және бентос болып бөлінеді:
Нектон (грек тілінен аударғанда nektos- жүзетін) су түбімен тікелей байланысы жоқ, еркін орын ауыстыратын, жүзіп жүретін ағзалардың жиынтығы. Бұл жануарлар өте үлкен ара қашықтықта орын ауыстыруға қабылетті және қатты ағыстарға төзімді болып келеді. Олардың дене пішіні сүйірленіп келген және қозғалу мүшеоері жақсы дамыған.
Нектонды ағзаларға балықтар, кальмарлар, ескекаяқтылар, киттер жатады.
Планктон ( грек тілінен аударғанда planktos-қалықтаушы)- негізінен су ағысының көмегімен қозғалатын, жүзетін ағзалардың жиынтығы. Олар жылдам және белсенді орын ауыстыруға қабылетсіз.Негізінен бұлар ұсақ жануарлар –зоопланктон және өсімдіктер- фитопланктон. Плпнктонды ағзалар су бетінде, терең жерлерде, тіпті су түбінде де тараған.
Плейстон (грек тілінен аударғаанда plein-кемеде жүзу)-денесінің бірбөлігі суда, екінші бөлігі судың бетінде жүретін ағзалар (фезалия, сифонофора).
Нейстон ( грек тілінен аударғанда neusteom-жүзуге қабылетті)- су бетінде жүзіп жүретін ағзалар (бактериалар, қарапайымдылар, су қандаласы, балдырлар).
Фитопланктон- су қабатында тіршілік ететін және су ағыстарының әсерімен қозғалатын негізінен балдырлардан құралған микроскоптық өсімдіктердің жиынтығы (диатомды және жасыл балдырлар, өсімдіктекті талшықтылар т.б.).
Зоопланктон мен бактериалар барлық тереңдіктерде кездеседі. Теңіз зоопланктонында ұсақ шаянтәрізділер, қарапайымдылар, медузалар, жүзетін гребниктер, сальпылар, кейбір құрттар басым. Тұщы суларда ірі шаянтәрізділер, коловраткалар мен қарапайымдылар тараған.
Бентос (грек тілінен аударғанда (bentos-тереңдік) –су қоймаларының түбінде (грунтта)мекендейтін ағзалардың жиынтығы. Ол фитобентос, зообентос және бактериобентосқа бөлінеді.Теңіздердің фитобентосы негізінен бактериалар мен балдырлардан (диатомды, жасыл, коңыр, қызыл) құралған.Әсіресе су түбінің жартасты, тасты бөліктері фитобентосқа бай.
Детрит- өлген өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарынан түзілген ұсақ органикалық заттың бөлшектері.
Топырақ ағзалары мекен ету ортасымен байланыс дәрежесіне қарай төмендегідей топтарға бөлінеді:
1)геобионттар – топырақта тұрақты тіршілік ететі, бүкіл даму циклі топырақта өтетін жануарлар (жауын құрттары, көптеген алғашқы қанатсыз бунақденелілер);
2) геофилдер — даму циклыің бір бөлігі топырақта өтетін жануарлар. Бұларга көптеген бунақденелілер: қанатты шегірткелер, бірқатар қоңыздар, ұзынаяқты масалар жатады. Геофилдердің дернәсілдері топырақта дамиды, ал ересек формалары жер бетін мекендейді;
3) геоксендер — топырақты уақытша баспана ретінде пайдаланатын жануарлар (тарақан тәрізділер, жартылай қатқылқанаттылар, кемірушілер, індерінде өмір сүретін сүтқоректілер).
Псаммофилді жануарларға —қозғалғыш құмды топырақта мекендейтін ағзалар.Мысалы, кесірткелер, ясіқішкесаусаңты сарышүнақ, түйе жатады.
Сүт қоректілер экологиясы
Сүт қоректілердің морфологиялық ерекшелігіне негізінен олардың әртүрлі ортадағы қозғалу сипаты әсер етеді.А.Н. Формозов осы ерекшеліктерді негізге ала отырып жануарларды төмендегідей бейімделу типтеріне бөлді: жер бетінде тіршілік ететіндер, 2) топырақ қазушылар және жер астында тіршілік ететіндер, 3)ағаш басында тіршілік ететіндер, 4) ұшушылар және 5) суда тіршілік ететіндер.
Жер бетінде тіршілік ететін сүтқоректілердің басым көпшілігі тұяқтылар мен жыртқыштардан құралған.Бұлардан басқа тек жер бетінде тіршілік ететіндер- көптеген қалталылар мен кейбір кемірушілер; мысалы, нағыз қояндар және кейбір маймылдар, мысалы, павиндер.Бұларды тағыда: ашық жерлерде мекендейтіндер, б) орманды және в) таулы жерлерде мекендейтіндер деп үшке бөлінеді .
Балықтар экрологиясы
Балықтар төменгі экологиялық бөлімдерге бөлінеді :
1 . Теңіз балықтары
І . Пелагияльдық
а)Үйірленіп жүретіндер .
б) Уақытша үйірленіп жүретіндер.
с) Жеке-жеке тіршілік ететіндер
2. Су түбі балықтары
а) Үйірленіп жүретіндер
б) жеке-жеке тіршілік ететіндер
а) Миграция жасаушылар (белгілі дәрежеде алысқа , не жақынға мезгіл-мезгіл орын ауыстырып отыратын балықтар)...
в) Тұрақты балықтар ( үнемі бір жерде тұратындар).
ІІ. Өткінші балықтар
- Теңіздерде қоректенетіндер .
а)пелагияльдық
а)Ақпайтын суларда өгіп-өсетіндер .
б)Ағынды не ақпайтын тұщы суларда өніп-өсетіңдер.
в) су түбі балықтары
а) Ащылау суларда өніп-өсетіңдер
в)Ағынды тұщы суларда өніп-өсетіңдер.
2. Ащылау суларда қоректенетін , бірақ теңізде өніп-өсетіндер
3. Тұщы суларда қоректенетін , бірақ теңізде өніп-өсетіңдер .
ІІІ. Жартылай өткінші , яки сағалық балықтар
- Ағынды суларда өніп-өсетіңдер
- Ағынсыз суларда өніп-өсетіңдер
а) Ағынды суларда өніп-өсетіңдер
б) Ағынсыз суларда өніп-өсетіндер
- Ағынсыз су балықтары ( көл балықтары)
а) Пелагиялдық
а) Көлдерде өніп-өсетіңдер
б) Өзендерде өніп-өсетіндер.
в) су түбі балықтары
Жалпы тұщы су балықтары ( ағынды суда да , ағынсыз суда да болатын және бірінен екіншісіне өтетін балықтар)
Балықтардың қозғалысы және орын алмастыруы . Балықтардың негізгі қозғалысы – жүзу . Балықтардың басым көпшілігі атап көрсеткенде екі бүйірі қысыңқылау , денесі ұршық пішіндес болып келетін балықтардың барлығы , бүкіл денесін горизонталь бпағытта ұстап , толқын тәрізді трендету арқылы алға қарай қозғалады . Құйрық қанаттары негізінде дененің артқы бөлімінің кедергілік қозғалысын жояды және артқы ағынды әлсіретеді . Басқа дара қанаттар (арқа және аналь қанаттары ) көбінесе денеге тұрақтылық беріп , киль қызметін атқарады , ал кеуде және бауыр қанаттары балықты горизонталь бағытта бұрып тереңдік руль қызметін атқарады . Дене пішіні осындай типке жататын балықтар жақсы жүзгіштер болып саналады . Мысалы , лосось секундына 5 м , тунец – 6 м , ал көкшіл акула 10м .жылдамдықпен жүзеді .
Қосмекенділердің экологиясы .
Қосмекенділер бөлінетін негізгі экологиялық топтар мыналар : суда , құрлықта , ағаш басында , топырақ арасында ін қазып тіршілік етушілер .
Құйрықты қосмекенділердің көпшілігі суда тіршілік ететіндер қатарына жатады . Олардың кейбіреулері , мысалы , протей , алып саламандра , сиреналар өмір бойы суда түршілік етеді . Құйрықты қосмекенділердің бәрі құйрығы мен денесін қозғалту арқылы жүзеді , ал қос аяқтары бұл кезде денесіне тығыз жаьысып жатады . Осыған байланысты олардың аяқтарында , жүзу жарғағы болмайды . Олар құрлықта денесін ирендетіп және бауырын жерге сүйретіп қозғалады , сонымен қатар екі бүйір бағытта өскен артқы аяқтары денесін алға қарай итереді болып келетін , құрлықта тіршілік ететін кейбір саламандралар ғана денесін көтеріп (бұл жөнінде кесіртке тәрізді) , бірқатар жылдам жүгіреді .
Бауырымен жорғалаушылардың экологиясы
Экологиялық жағдай жөнінде бауырымен жорғалаушыларды мынадай , кейде ішек қоюы қиын , топтарға бөлуге болады : қатты жерде мекендейтіндер , көшпелі құмдарда мекендейтіндер , топырақ астында жер қазып тіршілік ететіндер , ағашта және суда мекендейтіндер .
Бірінші топқа нағыз кесірткелердің ( Iacerta туысы) барлығы дерлік , көптеген агамалар және игуандар , барлық веретеницалар , ешкіемерлер мен жыландардың көбі , гаттерия барлық құрлық тасбақалары жатады . Бұл ең көп және мамандануы жөнінде нейтералды топ ; бұлардың не жақсы дамыған аяқтары болады , немесе аяқсыз , жылан тәрізді ұзарған дене пішіні систематика жөнінде бір-бірінен алшақ тұрған бірқатар топтарды көптеген сцинк , веретеница тұқымдастарына да және кесірткелердің басқа тұқымдастарының өкілдерінде конвергентті жолмен пайда болған .
Керісінше , көшпелі (шағылдар) құмдарда мекендецтін формаларда бірқатар жергілікті бейімдеушілік белгілері болады . Бұл белгілер де конвергентті жолмен тіпті , әртүрлі систематикалық топтар өкілдерәнде пайда болған . Біріншіден – артқы аяқ саусақтарын қоршап жатқан мүйіз бұдырмақтар болады , олар аяқты сусымалы құмға батырмайды . Аяқтарының мұндай құрылыстары барлар : кейбір домалақ бастылар мен игуандар , сцинк пен жалды геккондар , скаптейралар (Iacertidae дан ) . Кейде бұған кең және жалпайған дене қосылады , бұл құмға батуға кедергі келтіреді , бірақ дәл осындай денесі бар домалақ бастылардың денесінің бүйірінде сыртқа шығып тұратын қабыршағы бар ерекше тері қатпары болады , және домалақ басты кесіртке жерге жабысып жатып , денесінің бүйір қозғалысымен өзінің арақасына құм салады да , құмға көміледі . Осындай бейімділік кейбір құм жыландарында да болады . Бұл топ үшін өте сыпаттаушы белгі олардың сарғылт болуы , кейде бұл түсі құмның түсінен аумайды . Сусымалы құмдарда мекендейтін кесірткелер мен жыландардың көбі (юасым көпшілігі) құмға батып көміле алады , ал кейбіреулері тіпті құм астында жорғалап жүре алады , мысалы : дала аждаһалары , аптека сцинкі . Бұл формалардың күрек қызметін атқаратын қазу қалқаншасы жалпақ және шеттері сүйір болып келеді .
2.Табиғи аймақтар биоценозы
Биоценоз (грек тілінен аударғанда bios -өмір, koinos-жалпы ортақ)-қоршаған ортаның бірдей жағдайында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер популяциялар жиынтығы. «Биогегценоз» ұғымын 1877 жылы неміс зоологы К.Мебиус (1825-1908) ұсынды.
Ешқандай биоценоз қоршаған ортадан тәуелсіз не одан тыс өздігінен дами алмайды. Нәтижесінде жеке бөліктерінің күрделі өзара әсерлері қалыптасқан, тірі және өлі компонентерінің жиынтығынан тұратын белгілі бір комлекстер түзіледі.
Белгілі бір дәрежеде біртекті жағдайлармен сипатталатын, ағзалардың белгілі бір бірлестігімен (биоценоз) қоныстырылған кеңістік-биотоп (грек тілінен аударғанда topos –орын) деп аталады.
Экожүйе дегеніміз – зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез-келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларының жиынтығы.
Кең қолданылып жүрген құрылымдық жіктелу бойынша ғаламшарды төмендегі экожүйелерге бөледі:
1) құрылық экожүйелері- тундра, тайға, орманды дала, дала, шөлейт, шөл, тропиктер, тау;
2) 2) тұщы су- ағынсыз су (көл, тоған) және ағынды су ( өзен, бұлақ, жылға), батпақтар мен батпақты ормандар экожүйелері;
3) Теңіз экожүйелері- теңіздер мен ашық мұхит.
Қазақстан табиғи аймақтар биоценозы
Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптаса бастауы аумағының негізгі бөлігін су басып жатқан кезден, бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталады. Палеогенде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқан. Ол Тор-ғай бұғазы арқылы Батыс Сібір теңізімен жалғасқан. Теңіз Қазакстанға қараған құрлықты екіге бөлген. Торғай бұғазынан шығыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында, негізінен жалпақ жапырақтылары мен мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдік түрлері (ангара флорасы) тараған. Ал Торғай бұғазынан батысқа қарай (Мұғалжар, Жалпы Сырт, Жем үстірті) мәңгі жасыл субтропиктік түрлер (полтава флорасы) дамыған.
Неогенде Торғай бұғазының суы тартылып, құрғағаннан кейін екі жағы қосылған. Осы кезде полтава флорасы шығысқа қарай тарап, Зайсан көліне дейін жеткен. Керісінше, шығыста өскен өсімдіктер батыска ауысқан. Соның нәтижесінде Қазақстанда торғай флорасы деп аталатын өсімдік түрлері қалыптасқан. Оған грек жаңғағы, емен, шамшат, терек т.б. жатады.
Теңіздің шегініп, құрлық көлемінің ұлғаюы арта бастаған кезден (палеоген дәуірден) бастап, Иран арқылы Африка флорасы кірген. Олардың ішінде эфемерлі өсімдіктер, жоңышқа, қараған бұталары мен ағаштардың кейбір түрлері болған.
Палеоген дәуірдің алғашқы жартысында жазық ойпаңдарды теңіз басып жатқан тұста, оның жағалауындағы қыраттар мен тауларда субтропиктік жалпақ жапыракты орман өсіп тұрған. Палеоген дәуірінің екінші жартысында, теңіз суы тартылып, құрғап, орнына осы күнгі ірілі, ұсақты көлдер қалыптасқан.
Неоген дәуірде климат суып, таулы аудандарды мұз басқан кезде жылу сүйгіш өсімдіктер жойылып кетіп, қазіргі орман типтері қалыптасқан, грек жаңғағы, өрік, алма сияқты өсімдіктер сақталып қалған. Сібір жақтан ауысып, арктикалық, альпілік өсімдіктер тараған. Қазақстанның осы күнгі өсімдіктер жамылғысы осылай біртіндеп ұзак кезеңді басынан өткізіп қалыптасқан. Қазіргі өсімдіктердің қалыптасуына жергілікті өсімдіктермен қоса сырттан келген түрлер де едәуір әсер еткен.
Қазіргі Қазакстанның өсімдік жамылғысы 6000-дай өсімдік түрлерінен тұрады. Басқа көрші елдермен (Ресей, Орта Азия, Кавказ) салыстырғанда бұл онша көп емес. Оған Қазақстан жерінде шөлді, шөлейт аймақтардың көптігі, топырақ пен климат әсер етеді. Екіншіден, Қазақстанның едәуір бөлігі геологиялық тарихы жағынан жас. Каспий маңы ойпаты мен Тұран ойпаты теңіз астынан неоген дәуірде ғана босаған. Үстірт пен Бетпақдаланың босауы одан сәл ғана ертерек. Сол себептен бұл өлкелердің өсімдік жамылғысы әлі толық қалыптасып үлгірмеген.
Өсімдігі жағынан бай өлке Қазақстанның таулы аймақтары болып саналады. Өсіресе, Батыс Тянь-Шаньда Орта Азия мен Жерорта теңізінің бай флорасы сақталған. Онда палеоген дәуірінен қалған грек жаңгагы, бадам,түркістан үйеңкісі, алмурт және т.б. түрлері кездеседі.
Сырдария-Қаратау флорасы бұдан да бай. Онда 1000-нан асатын өсімдік түрі, оның 150 түрі тек осы ауданға ғана тән, басқа жерде ұшыраспайтын өсімдіктер. Тянь-Шаньның, Алтайдың, Жоңғар Алатауының тау беткейлерінде қылқан жапырақты ормандар таралған. Оларда шырша, май қарағай, бал қарагай, самырсын түрлері өседі. Биік таулы белдеу шымды-шалғынды, бұталы шалғынды болып келеді. Тау алды мен аласа таулы белдеулерде дала зонасына тән өсімдіктер өседі. Алтайдың таулы даласында итмурын, долана, бөріжидек бұталары мол. Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шань тау жүйесінің тау алды жазьқтары шөлге ұқсайды. Оларда эфемерлеі мен эфемер тәріздес өсімдіктер (өлең, қоңырбас, көкнәр, қызгалдақ және т.б.) кең тараған. Аласа таулы белдеулер теректі, кайыңды, жабайы ағашты, алма, өрікті, доланалы ормандардан тұрады.
Солтүстіктен оңтүстікке дейін 1600 км-ге созылып жатқан Қазақстанның кең жазиралы жазығында дала мен шөл өсімдіктері басым. Шөлді аймақтарда (Сарыесік Атырау, Мойынқұм, Бетпақдала т. б.) сексеуіл, өзендер бойында жыңгыл, жиде, тораңгы тоғайлары кездеседі.
Қазақстанда өсімдік дүниесінің 303 түрі Қызыл кітапқа енген жөне оның сақталуына мемлекеттік қорықтар қамқорлық жасайды. Өйткені шөп қоры мал жайылымы есебінде бағалы, ал орман өндіріс үшін керекті материал болып саналады. Қазақстан дүние жүзі бойынша орманы аз елдердің қатарына жатады. Бүкіл аумағының 11,4 млн гектар жерін (4,2%) ғана ормандар алып жатыр. Ол табиғатты тазартуда, топырақты эрозиядан сақтап, оның тамырын бекітуде, егіндік-шабындық жерлерді қорғау мен құм көшкіндерін бөгеуде аса маңызды рөл атқарады. Ауаны шаң-тозаңнан тазартып, аңызақ желден, құрғақшылықтан сақтауда да ормандар мен жасыл өсімдіктер пайдалы. Қазақстандағы қазіргі өсімдіктер түрлері қылқан жапырақты ормандар, ұсақ жапырақты орман-тогайлар, бұіталы тогайлар, даланың бұталы өсімдіктері, сексеуіл, шөлдің бұталы өсімдіктері, дала өсімдіктері, субтропиктік өсімдіктер, шалгындар, тақырлар, шөлдің бір жылдық өсімдіктері болып бөлінеді. Оларға геоботаникалық жағынан Еуразияның қылқан жапырақты орманы (Оңтүстік Алтай), Еуропа, Сібірдің орманды даласы (Солтүстік Қазакстан), Еуразия даласы (Еділ-Жайық, Мұғалжар-Торғай, Есіл-Нұра, Қарағанды, Ұлытау-Сарысу, Зайсан бойы), Азияның шөлді аудандары (Тұран ойпаты, Солтүстік Тянь-Шань, Қара-тау) кіреді.
Жануарлар дүниесінің дамуы жағынан Қазакстан палеоарктикалық-зоогеографиялық облысқа кіреді. Ондағы жануарлар дүниесінің пайда болуы мен қалыптасуы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас. Палеоген дәуірінде Қазақстанды тропиктік және субтропиктік жануарлар мекендеген. Олар Үндістан және Африка жануарларыньң түрлерімен ұқсас болған. Ал мұз басу дәуірінде жылы климатка бейім жануарлардың кей түрлері қырылып, біразы жылы жаққа қоныс аударған. Олардың кейбір түрлері Қазакстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақта (Жоңғар Алатауы, Іле Алатауы, Кетпен жотасы) сақталып қалып, мұз басу дәуірінен кейін қайтадан дамып өскен. Қарақұйрық, жолбарыс, қабан, марал, бұгы, аққұтан, қызылқұтан сияқты жануарлар түрлері осы топқа жатады.
Мұз басу дәуірінде Қазақстанға материктің солтүстігінен суыққа төзімді жануарлар ауысқан. Олардың кейбір түрлері таулы аудандарда әлі де сақталған. Оларға тундра кекілігі, жапалақша т.б. жатады. Мұз дәуірінен кейін Қазақстанға Орталық Азия жануарлары мен құстары өткен. Оларға қур, тоқылдақ,, самырсын құсс, аққоян жатады. Кейін олар дала және шөл зоналарына ауысқан.
Қазақстанның жануарлар дүниесі қазір сүткоректілердің 178, құстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады. Таралуы жағынан олардың мекендері бірнеше зоогеографиялык аудандарға бөлінеді. Оларға дала және орманды дала (Солтүстік Қазақстан, Ертіс өзені бойы), шөлейт және шөл (Каспий теңізінің солтүстік және шығыс жағалары, Жайық бойы, Торғай, Қызылқұм, Балқаш пен Зайсан көлінің жағасы, Бетпақдала, Сарысу, Сырдария жағалауы, Үстірт), таулы аудандар (Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань, Қаратау, Ұлытау, Қалба, Сарыарка) жатады.
Дала жануарлары табиғаттың ерекшеліктеріне икемделіп, түсі де дала бояуына қарай өзгере дамыған. Ондай қасиеттер тышқандар мен сарышұнақтардың көптеген түрлеріне тән. Даланы тышқан, ала қоржын, қасқыр, түлкі, борсық көп мекендейді. Киік жиі ұшырасады. Дала құстарынан дуадақ, тырна, торгайдың әр түрі (қараторгай, бозторгай, шымшық торгай) кездеседі.
Орманды даланың сүтқоректілері катарына қоян, су тышқаны, ақ тышқан, елік кіреді. Қасқыр мен түлкі мұнда да жиі кездеседі. Құстардан құр, шіл кең тараған, қайыңды ормандарды қырги, бөктергі, ителгі сияқты жыртқыш құстар мекендейді. Ашық алаңдарда тоқылдақ, қарганың түрлері, бұлдырық бар. Орман ішінде жылан аз кездеседі, кесірткенің біраз түрлері ұшырасады.
Шөл даланың жануарлары ыстыққа, шөлге шыдамды болуға бейімделген. Олардың біразы күндіз терең қазылған інде жатып, түнде жемін аулауга шығады. Күндіз жүретін аңдар тым ерте және кешкі мезгілде ғана далада болады. Күндіз көлеңкеде, бұта түбінде жатады. Шөл хайуандары жүйрік келеді, алыс жерлерден су ішіп қайтады, құстары да қонбай, алыска самғап ұша алады. Көбі шөлге шыдамды келеді. Олар (суыр, құмтышқандары, торгайдың кей түрлері) ылғалы мол өсімдіктермен қоректенеді, соны қанағат тұтады. Көктемде, жаздың басында жерде ылғал бар кезде өмір сүріп, жазғы ыстықта ұйықтайтын да жануарлар бар. Сарышұнақ осылай тіршілік етеді. Олар маусым айынан бастап жазғы ұйқыға кетеді. Дала тасбақасы ұйқыны одан да ертерек бастайды.
Шөлдің де түрлері көп. Олар құмды, ұсақ тасты, тақырлы-сорлы болып келеді. Жануарлар да сол жерлердің табиғи ерекшеліктеріне қарай бейімделе дамыған. Құмды шөл далаларда әр түрлі бұталы өсімдіктердің, сексеуілдің, ақ гүлді қарағанның өсуіне байланысты, соларды қорек ететін хайуандар мекендейді. Ала жер-тесер, сарышұнақтың,құм тышқандарының кей түрлері, кірпі, құм қояны, құстардан сексеуіл жорга торгайы кездеседі. Жылан, кесіртке сияқты ба-уырымен жорғалаушылар шөлді далаларда көп. Құстар сексеуіл бұтақтарына ұя салады, олардың ішінде дала бүркіті, бөктергі, ақ құйрық сауысқан бар.
Даланың аңдары бір зонадан бір зонаға ауысып, кейде сол жерлерді мекендеп қалады. Жайық өзені бойы мен Каспий маңы ойпатында Еуропадан ауысқан ормансусары, тогай бұгысы, Үстіртте оңтүстік және батыс облыстарға тән үстірт қойы (үстірт муфлоны), сілеусін және т.б. жануар түрлері үшырасады.
Қазақстанның таулы аймақтарының да өзіне тән жануарлары бар. Мұндай аймақтар катарына Алтай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань және Сарыарқаның аласа таулары жатады. Оларды мекендейтін жануарлар типі де біркелкі емес. Негізінен, оларда солтүстіктен және оңтүстіктен, Жерорта теңізінен, Қытайдан ауып келген аңдар көбірек кездеседі. Таулы аудандардың жалпақ жапырақты, қылқан жапырақты ағаштарынан қорек алатын, грек жаңғағын шағатын, пісте, бадам жемістерін жейтін аңдар (бұлгын, тиін, тоқал бұгы, ақ сары тышқан, саңырау құр, қара бауыр шіл, үкі, қаршыга, тоқылдақтың кей түрлері, т.б.) мол. Бұлардан басқа Алтайда қоңыр аю, тундра құры, тау ұлары кездеседі. Жерорта теңізінен ауысып, Алтайға жетпей, Тянь-Шань, Тарбағатай (Баркытбел) шекарасынан өтпей қалған аңдар қатарына гималай ұларын, күшігенді, байгызды атауға болады. Жоңғар Алатауы, Күнгей Алатау бойын бұғы, сілеусін, шиқылдақ торгай, шақылдақ тышқан, шымшық торгай, Батыс Тянь-Шаньды ұзын құйрық тышқан, жайра, көк қарга, суық торгай, шыбыншы тореай, ақтақ бұлбұл мекендейді. Бұлардан басқа Орталық Тянь-Шаньда алтай суыры, имек тұмсық балықшы,, қызыл мойын бұлбұл ұшырасады. Іле Алатауының төменгі шөлмен ұласып жатқан зонасынан бастап, суармалы егістігі бойында, одан жоғарғы альпы шалғынында, мәңгі қар жататын тау басында өсіп-өнген жануарлар түрінің де өзіндік ерекшеліктері бар. Алма, өрік, долана, шетен және т.б. бұталы жемістер алқабында кеміргіштер мен құстардың ірі түрлері қоныстанған. Шыршалы орманда бұгы, сілеусін, елік, альпі шалғынында таутеке, барыс, арқар кездеседі. Құстардың да әр түрі ұшырасады.
Қазақстанның көлді аймақтарын, тоғайлы, бұталы жерлерін мекендейтін жануарлар түрі де әр алуан. Оларда құстар ұя салады. Тоғай ішінде бүркіт тққымдас қарақұс, бөктергі,ұзын құлақты жапалақ, сұр шымшық кездеседі. Қырларда дала мысыгы, Сырдария бойының тоғайларында шиебөрі, тогай бұгысы жүреді. Өзенді алқаптар мен бұталы жерлерде қабан, елік, ақ тышқан мекендейді. Өзен-көлдер бойы құска бай, теңіздер мен су қоймаларында балық түрлері де мол. Аралда балыктың 40, Каспий-де 50 түрі, итбалық бар.
Қазақстан далаларында омыртқасыз жәндіктер де көп кездеседі. Олардың ішінде зияндылары да аз емес. Шегіртке егін мен шабындық шөптерді жейді. Қарақұрт, бүйі, шаян, жылан, кененің түрлері адам өміріне қауіп туғызады. Көбелек құттары ағаштар мен жеміс-жидекті сорады. Ағашты, сулы жерлер мен қалаларда маса ұрық таратады.
Қазақстанның жануарлар дүниесін қорғау, олардың адам өміріне, халық шаруашылығына келтіретін зиянына қарсы күресу — мемлекеттік шара болып табылады. Жануарлардың сирек және құрып кетуге таяу аз түрі «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізіліп, ерекше қорғауга омыртқалылардың 125 түрі, омыртқасыздардың 96 түрі алынған. Олардың ішінде сүтқоректілерден (қарақұйрық, құлан, арқар, қабылан, қар барысы, тянъ-шанъ қоңыр аюы, шагыл мысыгы, күзенжәне т.б), құстардан (қоқиқаз, бұйра және қызгылт бірқазан, қара және ақ ләйлек, сұңқылдақ аққу, дала бүркіті, дуада,, қыргауыл, ұлар және т.б), бауырымен жорғалаушылар, қос мекенділер мен балықтың бірнеше түрлері бар. Елімізде бұрын көп болған құлан, кара-құйрык, ақбөкен сияқты аңдардың санын қалпына келтіру, сырттан әкелінген жануарларды жерсіндіру бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Өзен бойларында ондатр, Алтай тауларында қара күзен мен бұлгын, Каспий жағалауында ит тәріздес жанат өсіру қолға алынған. Өзендер мен көлдерге балықтың жаңа тұқымдары жіберілуде.
Қазақстан табиғатының байлығы мен жануарларын қорғау мақсатында Ұлттық парктер (Баянауыл, Іле Алатауы, Қарқаралы, Алтынемел, Ордабасы) мен қорықтар (Ақсу-Жабағылы, Наурзым, Алматы, Барсакелмес, Үстірт, Қорғалжың, Батыс Алтай, Алакөл) ұйымдастырылған.
Шығыс Қазақстан табиғи аймақтар биоценозы
Шығыс Қазақстанның омыртқалы жануарлар фаунасын зерттеудің негізін академиктер И.Г.Гмелин және П.С.Палас салған.И.Г.Гмелин 1730 –1743 жылдары Алтай және алтай алды далаларға зертеу жасады. Ол өз “Путешествие по Сибирь” деген күнделігінде Өскемен қаласының маңында марал, елік, бұлан, жабайы шошқа, арқарлардың көптігін жазған.П.С.Паллас өзінің “Путешествия по разным провинциям Российского государства” (1773 – 1788жж) деген кітабында Алтай тау бөктерінде марал, жабайы шошқа арғалылардың барлығы туралы жазды. 18 – шы ғасырдың аяғында Алтайда П.И.Шангин болып, өлкедегі омыртқалылар фаунасы туралы өз есебінде жазған. 19 ғасырдың бірінші жартысында Алтай омыртқалылар фаунасына зерттеу одан әрі жалғасты . 1806 – 1809 жылдары профессор Г. Спаски Алтайға саяхат жасап оның оңт. шеті Қытайға дейін барды . Оның еңбектерінде сүтқоректілер туралы мәліметтер бар . Ол қасқыр , түлкі , сілеусін, қарсақ, арқар, күзен, құндыз, бұлғын, елік, марал, таутекелер меккендейтіні туралы жазды.
1830 жылдан 1850 жылдарға дейін Алтайдың омыртқалы фауналарын Ф.В. Геблер зерттеді. Алтай тауларына жолбарыстардың келуі , Бұқтарма өзенінің маңында жабайы шошқалардың кездесетіндігін айтқан . 1826 жылы Алтайда К.Ф. Ледебур, К.А. Мейер, А. Бунге Батыс Алтайға және оның бөктерлерін ландшафтарына зерттеу жасады. К.А. Мейер 1826 жылы Зайсан көліне саяхат жасады, оның зерттеу объектісі өлкенің өсімдіктері болғанымен, омыртқалылыр фаунасы туралы мәліметтер бар. 1840-1843 жылдары П. Романов Алтай, Зайсан қазаншұңқыры, Тарбағатайға экспедиция ұйымдастырды. 1840-1842 жылдары Г.С. Карелин Шығыс Қазақстанның омыртқалы жануарлары туралы кең көлемді коллекция жинады. Берлин жаратылыстану музейінің ғылыми қызметкері О.Финш және натуралист А.Брэм Алтай мен Тарбағатайға 1876 жылы экспедиция жасады, олардың маршруты Тарбағатай тауы арқылы Марқакөл және Зайсан көлдеріне, Бухтарма өзені аңғарларына, Нарым өзені арқылы Зряновск қаласына дейін өтті. Олардың есептерінде омыртқалы жануарлар тізімі және олардың биологиялық ерекшелігі туралы кейбір мәліметтер бар. 1877-1879 жылдары Н.М. Прежевальский Орта Азия мен Монголия бара жатқан жолында Алтай арқылы өтті. Шығыс Қазақстан шегінде зоологиялық материалдар жиналды.1878 жылы Алтай станицасынан Бухтарма өзені аңғары бойымен Укок және Сайлюгем қыраттар арқылы Монголияға сауда караваны өтіп оған зерттеуші М.В. Певцов қосылды. Бұл туралы есепте омыртқалы жануарлар туралы мәліметтер бар. 1882 жылы Оңтүстік Алтайды А.М. Никольский келді , оның маршруты Бухтарма өзені аңғарынан Алтай станицасынан өтіп Марқакөлге дейін барды. Ол ландшафты биотоптарды сипаттап, сүт қоректілердің коллекциясын жинады. 1897 жылы Алтайды С.Д. Демидов экспедиция құрамында зоолог М. Березовский зерттеді. А.Ивановскийдің “Очерки Алтая”, А.Черкасовтың “На Алтае” деген еңбектерінде Алтайдың құстары туралы мәліметтер жасаған. Кейінгі жылдары ұзаққа созылған стационарды зерттеу экспедициялары жұмыс жасады 1922 жылы В.Е. Мартино Батыс Алтай кемірушілер туралы статья жазды. 1828-1832 жылдары В.А. Селевин аңшылық-кәсіптік Шығыс Қазақстан аңдары туралы статья жазды. Қалба Алтайындағы қарағайлы ормандарындағы тиіннің жаңа түрлері туралы жазды. Осы өңірдің сүт қоректілері туралы 1929-1930 жылдары Б.А. Кузнецов жазды. 1928 жылы В.А. Хахлов “Зайсан қазаншұңқыры және Тарбағатай “ деген еңбегінде ландшафт динамикасы және құстар сандары туралы жазды. 1938 жылы П.П.Сушкиннің “Птицы Советского Алтая” деген екі томдық ғылыми еңбегі жарық көрді.1942 жылдары Қазақстан зоологтары А.В. Афанасьев. В.С. Бажанов өлкенің омыртқалалар фаунасына зерттеу жасады. 1946-1947 жылдары – И.А.Долгушин, М.В. Елизарева, Е.И. Страутман. Бұлардың зерттеулерінің нәтижелері 1953 жылы баспадан шыққан “ Звери Казахстана” монографияларында жазылған. 1956 жылы Зайсан қазаншұңқырыына Д.И. Бибиков барып жаңа сүт қоректі түрі Роборовский атжалманы ашылды. 1956,1961,1963 жылдары Шығыс Қазақстанның сүт қоректілерінің фаунасына зерттеуді Н.М. Воронцов басқарды. 1963 жылы Ю.С. Лобачев, 1965, 1967, 1968 жылдары Шығыс Қазақстанда И.Г. Шубин. М.И. Исмагилов, А.Б. Бекенов, 1975 жылы В.Н. Мазин , В.Н. Мурзов , Р.Т. Шаймарданов, кейінірек А.Ф. Ковшарь, Б.М. Губин зерттеулер жүргізді.
Шығыс Қазақстан облысының хайуанантар әлемі Голарктиканың фауналық үш түрін қамтиды:
-Циркумборельдік подоблыс, Европа-Сібір тайгалық провинциясы, Алтай учаскесі;
-Орталық Азия подоблысы, Қазақстан Моңғол провинциясы, Қазақстан округі, Тарбағатай, Зайсан қазандығы; Қазақ ұсақ қыраты, Шығыс даласы, Жоңғар учаскесі;
-Жерорта теңізі подоблысы, Иран-Тұран провинциясы, Тұран округі; Алакөл, Оңтүстік Балқаш учаскелері.
Аймақтың омыртқалылар фаунасы өз құрамында 6 кластың өкілдерін біріктіреді: 2 түрлі дөңгелек ауыздылар, 36 түрлі сүйекті балықтар, 22 түрлі бауырымен жорғалаушылар, 388 түрлі құстар, 114 түрлі сүтқоректілер. Бүкіл Қазақстан бойынша дөңгелек ауыздылардың 3, сүйекті балықтардың 104, қосмекенділердің 12, бауырымен жорғалаушылардың 49, құстардың 448, сүтқоректілердің 178 түрі бар.
Облыстың оңтүстігіндегі шөлейтте және Алакөл, Зайсан қазаншұңқырларының жартылай шөлейттерінде біздің заманға дейін өмір сүрген жер бетіндегі ең ежелгі жәндіктер - өрмекші тектестер өмір сүреді. Бұлар: улы шаяндар, бүгілер, онконотус-қанатсыз шегірткелер, қоңыздар және басқалар.
Қосмекенділердің және шөлдегі бауырымен жорғалаушылардың фаунасында кең тараған көлбақалар, сұр және жасыл бақалар қатарында сирек кездесетін қызыл кітапқа енген жәндіктер де бар. Зайсан қазаншұңқыры мен Алакөл маңындағы Сайқан жотасының оңтүстігінде толық зерттелмеген даната бақасы өмір сүреді.
Шөлдің құстар фаунасы да ғажап. Олар сор жапқан сусыз жазықтарға ұя салған, сондықтан ондаған, жүздеген километр қашықтықта жатқан шалғайдағы су қорларына ұшып баруға мәжбүр.
Сары топырақты жарларды жыртқыш құстардан ителгі, тілеміш және үкі мекендейді. Арабтар және басқа да саятқұмарлар тарапынан жоғалып бара жатқан ителгілерге қызығушылық бұл құстарды жаппай аулап, шетелге сатуға әкеліп соғып отыр. Бұл бағытта кәсіпқорлық сұңқарлар контрабандасын есірткілер мен қымбат бағалы металдар контрабандасымен қатар қоюға әкеліп соғуда.
Биік таулар мен кең дала , қарағайлы ормандар , Ертіс жайылмасындағы аралдар мен тармақтары сан алуан жануарлардың тіршілік үшін өте қолайлы орын .
Жазық алқапта дала , шөлейт шөл , шалған , өзен жайылмалары жатады . Әркелкі физтикалық географиялық жағдайға байланысты және шет жатқан әкелінген жануарларға табиғи кедергілер болмағандықтан Семей фаунасы өте бай . Дала және шөлейт , шөл зоналарында кеміргіштер басым . Оның ішінде қарапайым атжолман егеуқұйрық , пен дала тышқандары көптеп кездеседі . Барлық жерде ақ қоян , құлақты кірпі , қасқыр , түлкі , боз күзен , ақ тышқандар және борсық мекендейді . Құрғақ далада , Ертістің оң жағасында саршұнақ , норман тышқаны қосаяқ , дала алақоржыны бар . Қорсақтар да кездеседі . Құстардан : бозторғай , даудақ , балықшы , бөдене , қарлығаштар ұшырасады . Шөл мен шөлейт зоналарының жануарлар дүниесі біршама ерекше . Бұл жерде қоректің , паналайтын жерлердің аздығына , климаттың қолайсыз болцына байланысты жануарлар дүниесі аз . Шөлдегі судың тапшылығынан кейбір жануарлар жүйрік болады : бөкендер , жайраңдар , киіктер , тау арқарлары , кейбіреулері өсімдік бойындағы сулармен қанағаттанады мыс саршұнақ , кесіртке , дуадақ . Байырымен жорғалаушылар насекомдар және сүт қорктілер : ор қоян , кеміргіштер , тышқандар , кірпі , жұмыр басты кесіртке , кеселдер сансыз көп кездеседі , жыландар көп . Насекмдардан – қара құрт , шаян , бүйі бар . тоғайлар мен қамыстар арасында құстар мен аңдар мекендейді . Бұл жерлерде қабандар қасқырлар , түлкілер , қамыс мысығы , еліктер көп . Құстардан : қырғауыл . тоқылдақ , сарғалдақ , қырандар бар . Бұрын жолбарыс болған .
Насекомдар шегірткелер , маса , сона , шіркей , бүгелік , инелік , көбелектер көп . Қарағайлы орманның жануарлары . Бұл жерде дала және орман фаунасы таралған . Қайшы ауыздың солтүстік түрі , құр аулайтын қырғи , тиін кездеседі .
Тарбағатай фаунасы . Алтай тауы жануарларына ұқсас , онда қоңыр аю , қасқыр, түлкі , қарсақ тіршілік етеді . Тау етегінде суыр , дала тышқандарына суларында , андатр көп кезедеседі .
Қанатты жыртықыш құстардан құмай , бүркіт , лашын ителгіні сақтау үшін Қызыл кітапқа енгізілген .
1968 жылы Тарбағатай мемлекеттік қорықшасы ұйымдастырылады . Бұл қорықшада кездесетін қара шұбар жылан , дуадақ , ақбас тырна , қара бауыр буылдырық , лашын , ителгі , үкі , арқар , қоян , суыр қорғауға алынған .
Қалба жотасында жалпақ жапырақты ормандар өскендіктен , бұл жерде аю , сілеусін , сібір күзені , ала тышқан , тиін секілді орман жануарлары мекендейді Жота етегінде көртышқан індері өте көп кездеседі . сондай-ақ бұлғын ақкіс , қара күзен , сібір күзені , су тышқаны – жонат тіршілік етеді . Сары шымшық ұзақ , құр қырғи т.б. мекендейді .
Шығыс Қазақстан облысының өсімдіктер әлемі
ШҚО флорасы 1283 түрлі өсімідікті құрайды, оның 87-сі сирек түрлерге жатады. Облыстың өсімдік жамылғысы Солтүстік тропикалық емес әлемге жатады. Өсімдіктер түрлері бореальдық (Орал-Сібір формациясы, Алтайдың оңтүстік, Сауыр Тарбағатай жэне Зайсан провинциялары) және шөлейттік (Тибет формациясы) тұрпатта болып келеді.
Мынадай өсімдік қоғамдастығынан тұратын геоботаникалық аймақтар айқын көзге түседі:
-Тау етегіндегі орманды-далалық, изенді-селеулі-далалық (селеулі-түрлі шөпті, бұта-қарағанды далалар)
-Тау етегіндегі далалық (жусанды бетегелі, жусанды-селеулі-бетегелі, жусанды -дәнді псаммофильді шөлейт далалар)- Зайсан және Алакөл ойпраттарының солтүстік пұшпағы;
-Шөлейттік (ксерофильді дәнді дақылдар басым кезігетін далалы және кәдуілгі шөлейттер) - Зайсан, Алакөл ойпаттарының оңтүстігі.
-Таулық және тау-беткейлік орманды - шалғынды-далалық (самырсын-бал-майқарағайлы бұта қарағанды жерлерге және далаларға ұласып жататын самырсынды тау ормандары);
-Таулы-тайғалық және шалғынды-тайгалық (май қарағайлы жэне самырсынды ормандар бұта қарағандарға, қарағайлы ормандарға ұласып жататын таудың қою түсті қылқанжапырақты бал қарағай ормандары );
-Тау беткейлік шалғынды (Алтай мен Тарбағатайдың субальпілік шалғындармен, қай жерлерде мүк біткен шалғындармен үласып жатқан альпілік таулар жэне далалар)
-Тау беткейлік тундралық (жасыл мүктері, қыналары басым, биік біткен гүлді өсімдіктері, жерге жайылған бұта-қарағанды және аласа бойлы бұта-қарағанды формалары)
Облыс аумағында жер бедерінің койнау бетінде қосымша ылғалдану жағдайында немесе тұйықталған қазандық беткейінде тіршілік ететін өсімдіктер де (жайылма ормандар, түрлі шөптер-шалғындар, қамыс, шилер, қылтанақты, ажырықты шалғындар жусанды қоғамдастықпен ұласқан) өркен жайып келеді.
Алтайдың, Сауыр-Тарбағатайдың, Қалба қыратының таулы аудандарында биіктік белдеу көзге айқын көрініп тұр.
Шығыс Қазақстан флорасында бағалы, пайдалы және дәрілік өсімдіктер көп. Бұлар мынадай мал азығындық шөптер:
тегіс түлкіқұйрық, тарғақшөп, жиынтықты арпабас, орақша түрдегі жоңышқа, шалғы жоңышқасы, т.б.:
эфирлік- майлы өсімдіктер; иіс түрлі зизифора, кәдуілгі киікшөп, сібір жебіршөбі, т.б.;
шипалы шөптер: қосмасақты эфедра, өгейшөп, құмдауытты өлмес шөп, алқызыл родиола т.б.;
азықтық шөптер: қарақат, биікқат, кәдімгі таңкурай, алтай пиязы, шағын рауғаш, т.б.;
витаминді өсімдіктер: қоңыр итмұрын, кэдуілгі қарағай, жасыл бүлдірген, қара және басқа да қарақаттар:
балбөлшектер, кәдуілгі киікшөп, қуыс жапырақты иван-шай, татарырғайлы,ешкітал, т.б.
Тұтас алғанда Шығыс Қазақстан флорасы тек мәдени маңызы ғана емес, пайдалы ерекшеліктері бар түрлі шөптерге бай.
Қайталау сұрақтары
1.Шығыс Қазақстан фаунасын зертешілері туралы не білесіздер?
2. Шығыс Қазақстаннаң табиғи аймақтар фаунасы туралы не білесңдер?
3.Шығыс Қазақстан флорасы мен фаунасы ерекшелігі неде?
Ұсынылған әдебиетер
1.Рыков Н.А. Зоология с основами экологии животных. М. Просвещение, 1981. – 254 с.
2.Лабораторные занятия по зоологии с основами экологии животных./ Е Н. Степанян, В.М. Душенков и др. М., Просвещение, 1986 – 96 с.
3.Герасимов В.П. Животный мир нашей Родины. М. Просвещение, 1977
4..А.Ф.Ковшарь.Мир птиц Казахстана.-Алма-Ата,1988.-270с.
5.Млекопитающие Казахстана.Алма-ата,1969-1985.
Экология ( лекциялар )
Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары
Ландшафттану ғылымы туралы
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
Әлем – шексіз жұлдыздар жүйесі
Экология бөлімдері
Экологиялық білім және оқу процессін экологияландыру
Экология пәнінен барлық мамандықтың студенттерінің өздік жұмыстарына арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Қазіргі заманғы маңызды экологиялық мәселелер
Экологиялық тәлім-тәрбиенің қазіргі мәселелері