Зертханалық жұмыс

Зертханалық  жұмыс №1

Тақырыбы: Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесімен танысу

Мақсаты: Microsoft Access мәліметтер қорының мәнін, жұмыс істеу тәсілдерімен танысу.

Әдістемелік нұсқау:

            Мәліметтер қорын басқару жүйесі  (СУБД) – мәліметер қорымен жұмы істеуге арналған, оны басқару мен түрлендіруді жүзеге асыратын программалар тобы. Мәліметтер қорын басқару жүйесі мәліметтер қорын құру, мәліметтерді өңдеу, қандай-да бір шарт бойынша қордан мәліметтерді таңдау, қор негізінде әртүрлі форма жасау, есеп беруді құруды жүзеге асырады.

            1. Программаны іске қосу   Пуск      Программы        Microsoft Access командасын орында;

            2. Microsoft Access-тің алғашқы жұмыс терезесі экранға шығады;

            3. Бұл терезедегі үш мүмкіндіктің бірін таңдаймыз, олар: бұрын жасалған мәліметте қоры (открыть базу данных), шеберді жүктеу (запуск мастера), жаңа мәліметтер қоры (новая база данных). Жаңа мәліметтер қорын таңдап (новая база данных) таңдап, ОК батырмасын шертеміз.

            4. Құрғалы отырған жаңа мәліметтер қорына ат қойып, сақтау сұхбат терезесі пайда болады; файл аты өрісіне атауын енгіземіз де Создать батырмасын шертеміз;

            5. Мәліметтер қоры терезесі ашылады, қордың негізгі терезесі болып саналады және мәліметтер қорының кез келген обьектісін ашуға, жасауға, жоюға мүмкіндік береді;

            6. Мәліметтер қоры терезесінде негізгі обьектілері көрсетілген: Кесте (Таблица) – деректер қоймасының негізгі оьбектісі, мәліметтерді жазба және өріс түрінде сақтауға арналған, әрбір кесте нақты бір сұрақ бойынша мәліметтерді сақтауға қолданылады; Сұраныс (Запросы) қандай да бір шартты қанағаттандыратын қажетті мәліметті бір немесе бірнеше кестеден алуға мүмкіндік беретін обьект; Формы форма терезесінде кесте мәліметтерін енгізу мен көру үшін қолданылады, олар ақпараттың көлемін шектеуге мүмкіндік береді және тиісті түрде көрсетеді; яғни әрбір жазба жеке терезеде шығады; Есеп беру (Отчеты) деректер қоймасындабар ақпараттарды бейнелеу үшін және мәліметтерді баспадан шығаруға қолданылады; Макростар (Макросы) жиі орындалатын операцияларды автоматтандыруға арналған.

            7. Мәліметтер қорындағы мәліметтердің типтері: Мәтіндік (Текстовый) – мәтіннің бір қатары (255 символға дейін); Сандық (Числовой) – санның кез-келген типі (бүтін, нақты); Уақыт/Күнтізбе (Дата/времия) – уақытты және күнтізбені қамтитын өріс; Логикалық (Логический) – логикалық операцияларда қолданылады; Қаржылық (Денежный) – ақша бірлігін көрсететін өріс типі; МЕМО өрісі (Поле МЕМО) – бірнеше қатардан тұратын мәтін, оны айналдыру жолағының көмегімен көруге болады; Есептегіш (Счетчик) - әрбір жазбадан кейін автоматты түрде қойылып отыратын санағыш; OLE обьект өрісі (Поле обьекта OLE)- сурет, дыбыстық файлдар, Excel кестесі, Word құжаты т.б.

            8. Меню қатарынан ? белгісін шерту арқылы Access-тің анықтамалық жүйесін ашып, оның Анықтаманы шақыру (вызов справки) командасын таңдау.

            9. Ашылған Microsoft Access: анықтамалық жүйе (справочная система Microsoft Access) терезесінің Мазмұн (содержание) бетін ашамыз.

            10. Осы беттен Microsoft Access-ке кіріспе (Введение Microsoft Access) қатарын шертіп, анықтаманың нұсқаларынорындау арқылы мына тақырытармен танысып шығу керек: Мәліметер базасы деген не? Кесте, кесте туралы жалпы мәліметер, кесте режимімен жұмыс істеу.

            11. «Анықтама жүйесін» жап.

Бақылау сұрақтары:

1.      Мәліметер қоры дегеніміз не?

2.      Қалай іске қосамыз?

3.      Негізгі обьектілері туралы сипатта?

4.      Анықтамамен қалай жұмыс істейміз?


Ұқсас жұмыстар

Зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру
Физикалық зертханалық жұмыстардың міндеттері
Биологиядан зертханалық жұмыстар
Биология пәнінен зертханалық және практикалық жұмыстардың айырмашылығы
Биология сабақтарындағы оқыту технологиясы
Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Биологиядан зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемесі
Химияны оқытуда зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістемесі
Виртуалды зертханалық жұмыстар
Зертханалық жануарларды күтіп - бағу, өсіру, көбейту