Пәнді оқудағы әдістемелік ұсыныстар


Нысанды-бағдарланған программалау – құрылымдық программалауға қарағанда программаларды жобалаудың жетілдірілген әдісі. Сондықтан программалау 1 пәнінің мазмұнында қарастырылған құрылымдық программалаудан кейін нысанды-бағдарланған программалау тілі Delphi алынып отыр. Информатика пәнінен оқу үрдісін ұйымдастыру нысанды – бағдарланған программалауға үлкен көңіл бөледі. Нысанды-бағдарланған программалау (НБП) қоршаған ортаны модельдеуде сапалы мүмкіндіктерге ие, сезімдік тұрғыдан түсінікті ұғымдар жиынтығы негізінде құрылады, алдын – ала жазылып қойған программа кодын көп рет қолдануға мүкіндік береді. Delphi  НБП іске асырудың танымал құралдары болып табылады. Бұл орта сонымен бірге визуалды программалау құралдар ретінде ұсынылады, яғни объектілерді монитор экранында көру және оларды программаны орындалуына дейін қандай да бір түрде бейнелеу мүмкіндігін береді. Программалау технологиясы көлемді, ауқымды программалық жүйелерді ұжыммен жасауға және шағын программаларды дербес құруда қолданылады.

       Студент тиімді алгоритмдерді алгоритмдеу жайлы білімін және жоғары деңгейдегі тілдерді қолдана отырып  құруды білу керек.

Программалау 2 курсы ІV семестрде оқытылады. Cеместрдің соңында емтихан болуы керек.  

Аудиториялық сабақтардың негізгі формалары болып дәріс және зертханалық жұмыстар табылады.

Негізгі талап пән бойынша маманның кәсіби деңгейіне қойылады. Тақырыптық жоспарлау тақырыпты меңгеруге кететін уақытқа байланысты анықталады.

Курс мақсаты:

Нақты ғылыммен айналысатын маман ретінде нысанды-бағдарланған программалау ортасында жұмыс істеу әдістемесі туралы түсініктерді қалыптастыру және жобалау барысында қолданылатын технологияларды меңгерту.

Курс міндеті:

·      Визуалды құралдарды қолдану арқылы программалау тәсілдерін меңгеру;

·      Программалау жүйесінің интерфейсімен танысу;

·      Object Pascal программалау тілінің негізін үйрену;

·      Қолданба жобасы элементтерінің сипаттамасымен танысу;

·      Өз бетімен программалық жобалар құру.

Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі керек:

·      Нысанды-бағдарланған программалаудың негізі үш принципін: инкапсуляция, мұрагерлеу және полиморфизмді білу;.

·      Object Pascal программалау тілінің сипаттамасын білу;

·      Қолданба интерфейсін жасауда қолданылатын маңызды визуалды компоненттерді білу;

·      Жоба сипаттамасын, құрамын білу;

Дайындаудың интегралданған ортасының құралдарын білу;


Ұқсас жұмыстар

Пәннің саясаты
Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі ретінде
Критериалды бағалаудың құрылымы
Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалау әдістемесін теориялық зерттеу
Критериалды бағалаудың теориялық негізі
Студенттердің танымдық іс-әрекетін оқулық көмегімен ұйымдастыру мен басқару бойынша әдістемелік ұсыныстар
Мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығы
Тиімділікті бағалау критерийлері
Мазмұндама жұмысы арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда критериалдық жүйені қолдану
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы туралы