11-дәріс

Дәріс 11.

Дәріс тақырыбы: Қан және қан айналу жүйесінің физиологиясы, оның жасқа байланысты ерекшеліктері.

Дәріс мақсаты: Қан, оның құрамы, қызметі, қан топтары, қанның қан тамырлар арқылы қозғалуы, жүрек құрылысы мен қызметі, жүрек-тамыр жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктерін, гигиенасы туралы білімдерін кеңейту.

Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:

1.      Қанның түзілуі

2.      Қан топтары

3.      Жүрек құрылысы

Қанның түзілуі. Қан ұрықтық дамудың 2-ші айының аяғына дейін уыздық қапшықтағы капиллярлық тамыр қабырғаларында жасалады. Алғашқы түзілген клеткаларында пигмент болмайды, біраздан соң гемоглобині бар алғашқы эритроциттер түзіледі. Бұл кезеңге дейін лейкоциттердің түзілуі жүрмейді. 2-ші айдың аяғынан бастап, қан түзілуінің бауырлық кезеңі басталады: бауырда ядролы және ядросыз эритроциттер жасалады. Лейкоциттер мен тромбоциттер де бауырда жасалады, бірақ қарқыны баяу болады. 2 айлық эмбрионда көкбауыр мен лимфа түйіндерінінің түзілуі басталады. Бұларда 3 айдан бастап эритроциттер мен дәнді лейкоциттер жасалады.  Сүйек кемігінің түзілуі де ұрықтық дамудың 2 айында басталады, 4-5 айда бұлар қан жасай бастайды. Сүйек кемігінің бұл қызметі өмір бойы сақталады. Бауырдың қан жасау қызметі ұрықтық дамудың 5-6 айында баяулайды да, бұл туғаннан кейін соң бір жылдан кейін тоқталады. Көкбауырдың дәнсіз лейкоциттер жасауы ұрықтық дамудың 3-ші айынан басталып, туғаннан кейін де жалғаса береді.Бала ауруға шалдықса, онда оның ұрықтық кезіндегі қан жасаушы ағзалары бұрынғы қызметіне қайта көшеді, сонымен қатар айырша без, бүйрек, ішек  т.б. ағзалар қатысады. Қан түзілу жүйкелік және гуморалдық жолмен реттеледі, оған сытқы және ішкі факторлар әсер етеді.

Қан топтары.  Жарақаттанып қаны азайған адамға қан құйып, ағып кеткен қанның орнын толтырады. Эритроциттердің желімденуін Прага университетінің профессоры Ян Янский ашты. Ол адам қанында эритроциттің мембранасында 2 түрлі (А және В) агглютиноген, ал плазмада агглютинин желімдейтін альфа және бетта болатынын анықтады. А- агглютиногені бар эритроцитті плазмалық - агглютинин жабыстырса, В агглютиногені бар эритроциттерді - агглютинин жабыстырады. Қан араластырған кезде аттас агглютиноген мен агглютинин бір-бірімен кездес қалса, эритроциттер бір-бірімен желімденіп, үйме-агрегат құрады. Желімделген эритроцит жарылып, оның ішіндегі гемоглобин плазмаға шығып, сөйтіп осыдан эритроцит гемолизге ұшырайды. Осыған сәйкес адамның қанын 4 топқа бөледі.

І топтағы қанын барлық қан топтарына құюға болады, ал  IV топқа қай топтың  болсын құюға болады. Қаны І топқа жататын адамды әмбебап донор, IV топты әмбебап реципиент деп атайды.

Қан айналу. Қан қызметі қан айналу жүйесі арқылы орындалады. Ол жүйеге жүрек және қан тамырлары жатады. Жүректен шығатын қан жолдары артериялық тамырлар, ал жүрекке келетін қанның жолдарын веналық тамырлар деп атайды. Қан жүрек қарыншаларынан шығып, жүрекшелерге құяды. Қан айналысының үлкен шеңбері жүректің сол қарыншасынан шығып ең үлкен артериялық тамырға - қолқаға өтеді. Қолқадан артериялық тамыр тармақталады. Артериялық тамырлар артериолаларға, ал олар капиллярларға тармақталады.  Капиллярлар ағзалар мен ұлпаларды торлап жатады. Капиллярлар бір-бірімен қосылып веноздық жіңішке тамырларды - венулаларды түзеді. Венулалар өзара бірігіп веналық тамырлаға айналады. Қан айналудың кіші шеңбері оң қарыншадан басталады. Оң қарыншадан қан өкпе артериясына өтеді. Өкпе артериясы екіге тармақталып қанды өкпенің оң және сол бөліміне апарады. Өкпеде бұл тамырлар бірнеше рет тармақталып, өкпе капиллярына айналады. Бұл жерде газ алмасу жүреді: оттегі альвеоладан қанға, көмір қышқыл газы қанға қаннан альвеолаға өтеді.  Өкпе артериясымен келген вена қаны артериялық қанға айналады. Бұл қан өкпе венасы арқылы сол жүрекшеге құйылады.

Жүрек (лат. соr, гр. cardia) - қалың жолақты еттен тұратын төрт қуысты ағза. (250-300 г) Жүрек көкірек қуысында екі өкпе аралығының алдыңғы жағында орналасқан, ірі қан тамырларға ілініп тұрады. Ұзындығы 12-15, ені 8-11см, жүрек үшы көкірек қуысында сол жақтағы бесінші қабырға не қабырға аралығына тіреледі. Жүрек қуысын бітеу перде екіге бөлді. Жүрекше мен қарынша арсында ативентрикулярлық тесік болады. Бұл тесікті жабатын екі, үш жақтаулы атривентрикулярлық қақпақшалар бар. Жүрек жақтаулары 3 қабаттан тұрады: эндокард, миокард, эпикард,. Жүрек қабы перикард. Балалардың эпикарды ересектерге қарағанда жұқа және мөлдір, сондықтан оның астында орналасқан қан тамырлары анық көрінеді. Эндокард жүректің ішкі ішкі жағын қаптайды. Одан екі жақты жүрек қақпақшалары жасалған. Бала жүрегінің эндокарды әлдеқайда іркілдек келеді. Миокард талшықтары балаларда ағұрлым жіңішке, нәзік келеді, ол нашарлау дамыған, қысқа әрі тығыз болады. Балалар миокардында май клеткалары жоқ. 7-12 жас аралығында балалардың жүрек өсуінің жалпы жылдамдығы салыстырмалы түрде түрде баяулайды, қарыншалар жүрек қалқаншаларынан жылдамырақ өседі, ұл балалар мен қыз балалардың жүректерінің салмағы бірдей өседі. Осы мерзімде қан тамырларының шеңбері де артады, 11-12 жасқа дейін өсіп келе жатқан жүрек пен қан тамырларының тесігі арасында тұрақты қатынас сақталады. Жыныстық кезеңде жүрек қан тамырлардан гөрі жылдамырақ өседі, сол себепті қан жіңішке тамырлармен жүреді. Бұл миды өттегімен қамтамасыз етуге және қоректендіруге қолайсыз жағдайлар туғызады, қан қысымы жоғарылайды, жүректің қағуы, ырсыл, жүректің ауруы, тез қалжырауы болады.

Сыртқы түрі бойынша сәбидің жүрегі ересектің жүрегінен көлемі, жақтауларының қалыңдығы, жүрек тесіктерінің  көлемі бойынша т.б. айырмашылықтары болады. Жүрек циклының ұзақтығы 6-7 жасар балада 0,63 сек., 12 жаста 0,75 сек., ересек адамда 0,8 сек. тең. 6-7 жасар баланың жүрегі минутына 95-100 рет, 12 жаста 80-90 рет, ересек адамда 68-70 рет жиырылады. Бір мезгілде жүректің оң және сол жақ бөлігі арқылы бірдей мөлшерде қан өтеді. Жүректің бір секунд ішінде айдап шығатын қан мөлшері систолалық немесе жүрек соғуының көлемі деп аталады. Бір минуттағы барлық систолалық көлемі жүректің минуттық көлемі дет атайды. Белгілі бір уақыт аралығында бірінен соң бірі кезекпен қайталанып отыратын жүректің жиырылуы мен босаңсуы жүрек жұмысының ырғағы деп аталады. Жүректің жиырылу кезеңін систола, ал босаңсу кезеңін диастола деп атайды. Жүрек жиырылған кезде байқалатын систола мен диастоланың және керісінше алмасып отыруын жүрек циклі немесе жүрек жұмысының циклі деп атайды.

Жасөспірімдер жүрек, қан тамырлары жүйесінің ерекшелігін дене шынықтыру, еңбек сабақтарын, экскурсиялар ұйымдастыруда мұқият есепке алу керек. Жүрекке шектен тыс салмақ салудан аулақ болу үшін эмоциялық тітіркенуцден, спорт жаттығуларын шамадан тыс орындаудан, тұзды, майлы тағамдардан бас тартқан дұрыс.  

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.      Қан топтарын атаңыз

2.      Перикард дегеніміз не?

3.      Жүрек циклі

Тапсырма

1.      Жүректің құрылысын жаз

2.      Қан құрамы, қан топтарын жаз

3.      Жүрек-қантамырлар жүйесінің ауруларын жаз


Ұқсас жұмыстар

Педагогикалық зерттеу практикасы бойынша есеп ( 7M02305 Қазақ филологиясы )
Биотехнологияда қолданылатын биологиялық нысандар пәнінің жұмыс бағдарламасы
Алгоритмдеу, қасиеттері, негізгі құрылымдары. Паскаль бағдарламалау ортасы
Бухгалтериядағы және қоймалардағы материалдар мен құндылығы төмен тез тозатын заттардың есебі. Тауарлы-материалдық запастарды есепке алуға арналған шоттар корреспонденциясы және құндылығы төмен тез тозатын заттар. Ластағыш заттардың айналуларын химиялық реакция типтері
Экономика пәнінен дәрістер
Тағам биотехнологиясы пәнінің жұмыс бағдарламасы
МАЙЛАР ЖӘНЕ ӨСІМДІК МАЙЛАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ пәнінің оқу бағдарламасы
Биполярлы транзистор құрылғысы
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары
Магистранттың пеадгогикалық практикадан өту құжаттары