Бақылау жұмыстары

-Әдістемелік нұсқау

Жазбаша бақылау жұмысын орындау сырттан оқытып білім берудегі өзекті бөлімнің бірі болып табылады.

         Осындай зор мәні бар бақылау жұмысын педагогтік институттың жаратылыстану факультетінің сырттан оқушылары жасерекшелік физиологиясы мектеп гигиенасы пәнінен жазбаша бақылау жұмысы сырттан оқушы студенттердің білімін есепке алудың бір түрі болып табылады.

         Әрбір сырттан оқушы-студент бақылау жұмысын орындауға кірісуден бұрын жасерекшелік физиологиясы мектеп гигиенасы курсынан тындаған лекцияның конспектісін және көрсетілген негізгі оқулықты жете оқып шығуы қажет. Бірнеше рет қайталанып оқылған материалдан түсінбеген жерлерін институттың пән мұғаліміне хат арқылы жазып, тиісті кеңестер, нұсқаушы бағыттар алуына болады.

         Бақылау жұмысында көрсетілген варианттардың сұрақтарын жете оқығыннан кейін өз түсінігінше жазу керек. Ал ешуақытта оқулықтан немесе конспектіден көшіріп жаза салуға болмайды. Мұндай немқұрайды қарап, қалай болса солай тақырыпқа сәйкес келер деген оймен кезкелген жерден көшіріп жаза салған бақылау жұмысының құны, беретін білімі болмайды.

         Дайын болған бақылау жұмысының бірінші бетінде жұмыстың варианты және оның сұрақтары, қай семестрдің жұмысы екендігі, студенттің фамилиясы, және аты-жөні, жұмыстың орындалу мерзімі, ал ең соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілуі керек (әрбір әдебиеттің авторы, кітаптың аты, шыққан баспахананың аты және шыққан жылы көрсетіледі).

         Жұмыстың көлемі шағын оқушы дәптеріндей болып, әрбір бетінің рет саңы қойылғаны жөн. Бұл мұғалімнің тексеруі кезінде аса қажет.

         Жеке тақырыптар бойынша алынған бақылау алынған бақылау жұмысы сырттан оқушының өз бетімен жасерекшелік физиологиясы мектеп гигиенасы алатын біліміне жан-жақты зерттеуге себебін тигізеді.


Ұқсас жұмыстар

Студенттің өзіндік жұмысы
Ғимаратты бөлудiң теориялық негiзi. Ғимаратты бөлудің жалпы принципі
Мектеп химия экспериментін жүргізу әдістемесі
Негізгі және көмекші өндірісті ұйымдастыру
Оқыту заңдылықтары
Статистикалық басқару
Төтенше жағдай
Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері
Өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру
Статистикалық бақылау туралы түсінік және оның негізгі мақсаттары