Тақырып Хордалылар типі

Қосмекенділер класы

2.Бауырымен жорғалаушылар

    Сабақтың мақсаты: Тіршілік ету ортасына және тіршілік әрекеттеріне байланысты қосмекенділер мен бауырымен жорғалушылар класының негізгі өкілдерімен танысу

      Қажетті құрал жабдықтар: микроскоп, ылғалды препараттар,таратпа материалдар, таблица.

Хордалылар типі.Қосмекенділер класы

I ТАПСЫРМА: Бақаның сыртқы қрылысына тән ерекшеліктерді анықтау.

    Бақаны эфирдің камегімен ұйықтатып алғаннан соң, оның дене бөліктерін, сезім мүшелерін, аяқтарының құрылымын анықтаңыздар. Жыныстық диморфизм белгілері бойынша бақаның жынысын анықтаңыздар. Бақаның денесінің арқа және құрсақ бөлімінің түсіне көңіл аударыңыздар, неліктен түсі әр түрлі? Не себепті бақаның терісі   жұқа және ылғалды болып келеді?

II  ТАПСЫРМА: Бақаның ішкі құрылысының ерекшеліктерін анықтау.

       Бақаны сойып, оның органдар жүйесін ажыратыңыздар. Бақаның ауыз қуысын ашып қарап, жоғарғы жақ сүйегінде және таңдайында орналасқан тістерін, танау тесіктері— хоанасын, евстахи-қүлақ түтікшесін, көз қапшықтарын, жұтқыншақ тесігін тауьш, тілінің қалай орналасқанын анықтаңыздар. Сонан соң өңешін, қарнын, он екі елі шегін, тұшы және ашты шегін табыңыздар, клоакамен бітетін артқы—тік шегін анықтаңыздар. Жұтқыншағына жалғасып жататын көпіршік тәрізді екі өкпе қапшығын табыңыздар, олардың қабырғасы өте жұқа және іші қуыс болады (неліктен?). Бақаның көп уақытқа дейін соғып жататын үш камералы жүрегін және жүрекке қосылатын немесе жүректен шығатын қан тамырларын тауып көріңіздер. Жынысына байланысты көбею органдар жүесінің құрылысын анықтап, зәр шығару жүесіне жататын екі бүйрегін, екі несеп түтікшесі және қуы ғын табыңыздар.

III  ТАПСЫРМА: Бақаның қан айналым    жүйесінің қызметін талдау.

       Таблицаны пайдаланып бақаның жүрегінің құрылысын және екі қан айналым шеңберінің жолын анықтап алып, суретін сызып, белгілеңіздер.

IV  ТАПСЫРМА: Қосымша препараттармен танысу.

       Бақаның дамып—жетілуі жәме қосмекенділердің өкілдері: тритон және саламандра қондырылған макропрепараттарды қарап, танысыңыздар. Тритон мен саламандраның бақадан қандай айырмашылығы бар?

     Хордалылар типі. Бауырымен Жорғалаушылар класы.

I ТАПСЫРМА: Кесірткенің сыртқы құрылысындағы ерекшелектерін анықтау.

Цилиндрге қондырылған кесірткенің макропрепаратын пайдаланып оның дене бөліктерін, сезім мүшелерін, аяқтарының құрылысын анықтап, құрылықта өмір сүруге бейімділіктеріне көңіл бөліңіздер.

II ТАПСЫРМА:  Кесірткенің ішкі құрылысының    ерекшеліктерін анықтау.

       Цилиндрге қондырылған сойылған кесірткенің макропрепаратын пайдаланып оның ішкі органдар жүйелерін талдаңыздар. Бақамен салыстырғанда кесірткенің құрылықта ғана өмір суруіне байланысты. әр бір органдар жүйесіне қандай ерекшеліктер тән?

III  ТАПСЫРМА: Кесірткенің   қан айналым   жүйесінің қызметін талдау.

Таблицаны пайдаланып кесірткенің қан айналым жүйесінің схемасын сызыңыздар.

IV  ТАПСЫРМА: Қосымша препараттармен танысу. Кесірткелер мен жыландардың берілген бірнеше түрлерін қарап, еске сақтаңыздар. Кесірткемен салыстырғанда жыланның сыртқы түрінде қандай айырмашылық бар, неліктен?

Қайталау сұрақтары:

1.Дөңгелек ауыздылар кімдер жатады?

2.Балықтар қандай кластарға бөлінеді?

3.Қос мекенділер негізгі өкілдері?

4.Бауырымен жорғалаушылар типіне қандай кластар бірігеді

5.Құстар қандай топтарғабөлінеді

6.Сүт қоректілер өкілдері?

Ұсынылған әдебиетер

1.Догель В.А. Зоология беспозвоночных. -М: Высшая школа, 1981.

2.Түсіпова К.С. Омыртқасыздар зоологиясы. 1, 2 бөлім. -Алматы: Ғылым, 1999, 2000.

3. Дәуітбаева К.А. Омыртқасыздар зоологиясы. 1, 2, 3, 4 бөлім. Алматы-. «Қазақ университеті» баспасы, 1996, 1997, 1998, 2000.


Ұқсас жұмыстар

Хордалылар типі. Бассүйектілер тип тармағы. Балықтардың класс үсті. Қосмекенділер класы. Жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы
Балықтардың қаңқасы
Жертану пәнінен дәрістер кешені
Хордалылар типіне жалпы сипаттама
Әлем – шексіз жұлдыздар жүйесі
Бауырымен жорғалаушылар тарауы бойынша электронды оқу құралы
Органикалық дүниенің даму тарихы мен өсімдіктердің систематикасы
Зоология пәнінен сабақтар жоспарлары
Зоология сабағында жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру
Ересек құрттың дене ұзындығы