Дәріс № 10. Тақырыбы: Тестілеу және ЕҰТ жүйелерінің электрондық нұсқалары. Білім беру нәтижелеріне мониторингі жасау жүйелері.

Мақсаты: Тестілеу және ЕҰТ жүйелерінің электрондық нұсқалары. Білім беру нәтижелеріне мониторингі жасау жүйелері жайлы мағлұмат беру


Тәуелсіз мемлекет болып қалыптасу процесіне байланысты өзгеріс аралығындағы білім беру жүйесінің жағдайына талдаудан бастайық (1991-2001жж).

ҚР-ғы білім беру жүйесінің теориясы мен практикасының негізгі тенденцияларының дамуы жетекші  ғалым-аедагог Т.С.Садықов, А.Е.Абылқасымова Р.М.Жұмабековалардың жұмыстарында талқыланған.

Қалыптасып келе жатқан ұлттық білім беру жүйесін заңды түрде қамтамасыз ету үшін алғашқы заңдардың бірі болып Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы қабылданды (1992ж). «Жоғары білім туралы» (1993 ж) қабылданды.

«Білім туралы» заңы  (1992ж) бойынша жалпы орта білім беру білім беру жүйесіндегі негізгі буын болып табылады және жалпы білім беретін орта мектепте үш баспалдақта жүзеге асырылады: бастауыш, негізгі және аға.Көрсетілген баспалдақтың әрқайсысы өзінше басқарылады. Кәсіптік-техникалық білім беру мекемесі болып қалды және ол жастарды жаппай мамандандыру мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

«Білім туралы» заңындағы келтірілген прогрессивті идеялар президенттің жарлығында әрі қарай дамиды, 30-тамыз 1995 ж. және 27-қаңтар 1996жылғы ҚР-дағы білі беру мәселелеріне байланысты кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңында күшіне енді.

Білім беру 1997 жылдың қазанында қабылданған «Қазақстан-2030:гүлдену, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың тұрмысын жақсарту» стратегиялық бағдарламасының басымдылықтарының бірі болды.

1999 жылдың 7-маусымында біыңғай барлық деңгейде білім беруге арналған жаңа «Білім беру» жаңа заңы қабылданды. ҚР-ның «Білім туралы» жаңа заңының ерекшелігі білім берудің жаңа ұлттық моделін бекіту болды. Ол төмендегідей қағидаларды қамтиды:

-білім беруді басқаруға демократиялық сипат және білім беру мекемлерінің өкілеттілігін кеңейту;

-білімділікке ұмтылыс принціпі мен дарындылықты дамыту;

-үш тілдікті енгізу принціпі (қазақ, орыс және бір шетел тілі);

-ана тілін үйренудегі ұлттық топтардың құқығын орнату және оларға арналған оқу орындарын құру;

-мемлекеттік емес білім беру секторын біыңғай білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде анықтау.

Ұлттық білім беру жүйесінің жаңа моделі, ең алдымен, жоғары сапалы білім беру мен тәрбиелеуді жаңаша ойлай білетін және аса жоғары деңгейдегі азаматтылығы бар жоғары кәсіптік маман кадрларды дайындауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Білім беруді ұлттық моделі жалпы білім беру бағдарламалары негізінде оның жетістіктері мен үздіксіздігімен білім берудің төрт деңгейін қамтиды:

-мектепке дейіңгі тәрбиелеу және оқыту;

-орта білім беру;

-жоғары кәсіптік білім беру;

-жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру.

Ұлттық білім берудің моделіне сәйкес орта білім: жалпы орта, бастауыш кәсіптік және орта үш баспалдақтан тұрады:бастауыш (1-4 сыныптар), негізгі (5-9 сыныптар) және аға (10-11сыныптар). 9 сыныпты бітіргеннен кейін негізгі білім алғаннан кейін оқушылар өзінің оқуын не жалпы білім беретін мектепте, не кәсіптік немесе колледжде жалғастыруына болады.

Сонымен қатар, «Білім туралы» жаңа заңға оның басым міндеттері ретінде еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті жұмысшылар даярлау, оларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жатқызылады.

Республикада 162 жоғарғы оқу орнын, 246 колледж, 303 кәсіптік мектептер, 15000 оқу өндірістік комбинаттары, оқу орталықтары мен әртүрлі курстарды қамтитын білім беруді ұйымдастырудың кеңейтілген желісі бар.

Орта білім беру жүйесін ақпараттандыру бағдарламасы 1997-2002 жылдарға есептелген, 5 кезеңді қамтиды. Оны қаржыландыру 154 млн долларды құрады. Аталған бағдараламаның 1-кезеңінде (1997-1998 оқу жылы) қалалардағы және аудан орталықтарындағы негізгі орта мектептер компьютерлік техникамен қамтамасыз етілді. Білім беруді басқаруға байланысты ақпараттық жүйелер құру, білім берудегі жаңа технологиялардың аймақтық орнталықтарын бекітіп, кеңейту жұмыстары жүзеге асырылды.

2-кезеңде (1998-1999 оқу жылы) орта мектептерді компьюерлендіру басталды.

3-кезеңде (1999-2000 оқу жылы) барлық негізгі мектептерді компьютерлендіру аяқталды.

4-кезеңде (2001-2002 оқу жылы) барлық қалған мектеп түрлері, негізінен бастауыш мектептер компьютерлендірілді. Астана, Алматы,қарағанды, Маңғыстау облыстарының мектептері толықтай компьютерлендірілді. Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жабыл облысының мектептері 40%-тен 90 %-ке дейін жабдықталды. Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының мектептері    40 %-ке дейін жабдықталды.

Білім басқарудың тест жүйесін енгізуге байланысты реформа жасалған жылдар:

-1993-Республикалық тестілеу орталығын құру, ол бірінші рет түрлендіруден кейін білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы (БТМСҰО) деп аталады;

-1993-1997-тест технологияларын жетілдіру, оны білім берудің жеке ұйымдарына, «Болашақ» степендиаттарын конкурспен іріктеуде енгізу;

-1998-Қазақстанның кейбір аймақтарында жоғары оқу орындарына тестпен қабылдау;

-1999-2003-жоғары оқу орындарына қабылдауда талапкерлерді кешенді тестілеуден өткізу, жоғары және бітіруші курс студенттерін мемлекеттік аттестациялауды тестпен өткізу;

-2003-2005-мектеп бітірушілерді қорытынды мемлкеттік аттестаттау мен қабылдау емтихандарын біріктіруді қарастыратын ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ), аралық мемлекеттік бақылау, аспирантураға қабылдау үшін тестілеу.

2002-2005 жылдары кәсіптік мектептер мен колледждерге оқу-есептеу техникаларының мультимедиялық кластарын қою жоспарланды.

                                                                                                                                    

   


1.7-сурет. Оқушылардың жетістіктерін сырттай бағалаудың деңгейлері мен мақсаттары.

Көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жаңғырту, білім беру сапасын арттыру үшін ҚР-да білім беруді дамытудың 2010 жылға дейіңгі Мемлекеттік бағдарламасы жасалды. Оған «Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт» атты 2004 жылдың 19 наурызында жолданған ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы негіз болды.

Білім беру саласындағы, оның ішінде, білім беруді ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылу стратегиясын, жаңа бағыттарын, басымдылықтарын, міндеттері мен механизмдерін анықтайды:

-оқу процесін АКТ-ны енгізудің нормативті құқықтық базасын жетілдіру;

-компьютерлік техникамен қамтамасыз етудің әлемдік көрсеткіштеріне жету үшін орта білім беру ұйымдарын ары қарай компьютерлендіру (1 компьютерге келетін оқушы саны 10-15);

-техника мен кәсіптік білім беретін оқу орындары үін бір компьютерге 25 оқушы;

-орта білім беру ұйымдарын Интернет желісіне қосу;

-білім берудің барлық деңгейі үшін дистанциялық оқыту технологиясын жасап, енгізу;

-Министрліктің аймақтық және білім беру порталында білім берудің ақпараттық ресурстық орталығын құру;

-білім беру бағдарламаларына сәйкес білім беру ұйымдарын электрондық оқу басылымдарымен қамтамасыз ету;

-ҚР электрондық Үкіметтің бірыңғай ортасымен интеграциялау негізінде порталдар мен ресурстық орталықтарды біріктіру үшін  бұрыннан бар арналар базасында корпоративті желіні дамыту;

-білім беру ұйымдарына мониторинг, талдау және басқарудың ақпараттық жүйесін енгізу.

Бағдарлама екі кезеңмен жүзеге асырылады:

Бірінші кезең-2005-2007жж.

Екінші кезең-2008-2010жж.

Бағалау. Оқушы компьютермен жұмыс істеу барысында, оқылатын материалмен қалай жұмыс істеу керектігін білулері қажет. Ең маңызды мәселе "оқушы - мұғалім - оқушы" коммуникациясын ұйымдастыру болып табылады. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін оқушыларға жобалар, пікірсайыстар немесе "ынтымақтастықта оқу" деген сияқты жұмыс ұйымдарын ұйымдастыру ұсынылады.

    Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.    Тест түсінігі?

2.    ҰБТ толық анықтама беріңіз?

3.    Оқушылардың үлгерімін тексеруде тесттік форманы тиімді, тиімсіз жақтарын жайлы не айтар едіңіз?

4.    Бағалауға анықтама беріңіз?


Ұқсас жұмыстар

Сан жүйесінің аты
Жоғарғы оқу орындарындағы кредиттік оқыту жүйесі ғылыми-педагогикалық негіздері
Оқу курсын құру технологиясы
«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау
Бағалау жүйесінің айырмашылықтары
Е- learning электронды оқу жүйесі
Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты
Автоматтандырылған ақпараттық оқыту жүйесінің даму кезеңдері
Оптикалық талшықтардың сипаттамасы
Ақпаратты қорғау құралдары