Дәріс №11. Тақырыбы: Интернетте объектіге бағдарланған тәсілдің болашағы. Ауқымды желіде білім беру жүйесін тарату.

Мақсаты: Интернетте объектіге бағдарланған тәсілдің болашағы  жайлы және ауқымды желіде білім беру жүйесін тарату мүмкіндіктерін қарастыру 

       Телекоммуникация туралы  айтпас бұрын, алдымен коммуникация түсінігіне тоқталайық.

        Коммуникация латынның "communication" сөзінен алынған, кез-келген (хабарлама, байланыс, тарату)  ақпарат алмасуды білдіреді.

        Материалдық қарым - қатынасқа қандай да бір физикалық объектілерді (транспорттық магистраль, газ проводтары т.б.) таратуға байланысты процестер жатады.

         Ақпараттық - бұл ақпаратты таратуға байланысты процестерін біріктіреді:

·                   Баспа қарым-қатынас - кітап, журнал, баспалар арқылы;

·                   Аудиториялық қарым-қатынас - лекция, театрлар, концерт залдары;

·                   Видео қарым-қатынасына - видеобейнелер, теледидар, кино;

·                   Аудио қарым-қатынас - радио, грамжазбалар, телефон;

·                   Компьютерлік қарым-қатынас - тасымалдаушылар: дискеттер, дискілер, компьютерлік байланыс құралдары.

        Ақпарттық қарым-қатынас ортасы - бұл ақпарттар алмасуындағы шарттар мен  құрылғылардың жиынтығы.

        Компьютерлік қарым-қатынас ортасы - бұл компьютер көмегімен ақпарат адамдар арасында құралдары мен шарттарының жиынтығы.

Телекоммуникация - бұл компьютерлер негізінде қашықтан мәлімет-терді тарату.

Компьютерлік желілерді аппарттық-программалық қамтамасыз ету

Интернет туралы түсінік.

Компьютерлік желі – бұл әр түрлі қорларды, мысалы, бағдарламаларды, құжаттарды және принтерлерді бірігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы.

Ауқымды компьютерлік желі.

Ауқымды желінің жергілікті желіден айырмашылығы жергілікті желімен қоса өте алыс (жер шарының кез келген нүктесінде) орналасқан компьютермен жұмыс істеуге болады. Ауқымды компьютерлік желі логикалық үш компонеттен тұрады:

·                    Қолданушылардың жұмыс орны (жәй компьютерлер);

·                   Серверлер, әр түрлі қызмет атқаратын (күшті компьютерлер);

Мәліметтерді беру желілері.

Ауқымды компьютерлік желі  әр түрлі хаттамалармен жұмыс істей алады. Кәзіргі уақытта ТСР/ІР хаттамасымен жұмыс істейтін, ауқымды желі – Интернет  (Internet) баршаға белгілі.

Енді оның тарихына қысқаша тоқталайық.

DARPA атты американ мекемесі 1966 жылы телекоммуникациялық желілердің жобасын ұсынды. Онда компьютерлерді бір-бірімен өте үлкен қашықтықтар арқылы біріктіріп, орналастырылды. Жүздеген мамандардың жұмыстарының нәтижесінде 1969 жылы алғашқы аймақтық ARPANet компьютерлік желісі пайда болды. Ол әскери мақсатта пайдаланылды және онда қашықтықта орналасқан компьютерлерге түрлі программаларды жіберу, электрондық хабарламаларды жіберу және жүйеге ену құқықтарын қолданушы жүзеге асыра алады.

Ал, 70-жылдары  ARPANet принципі басқа аймақтарда орналасқан компьютерлік  желіліер енгізілді. Бұның жалғасы, яғни 80 – жылдары Интернеттің пайда болуына әкеліп соқты. Онда жұмыстың жалпы протоколдары қамтамасыз етілді.

Бүкіләлемдік желінің даму тарихын 4 кезеңге бөлеміз:

І кезең (1969-1983 жж.) Бұл кезеңде ARPAInternet желісі пайда болды. Ол әскери және ғылыми салаларға  пайдаланылды. Бірақ оның деренктерді жіберу каналының дамуы өте әлсіз болды. Сондықтан жоғары бағалы компьютерлермен жұмыс жасау қиындық келтірді.

ІІ кезең (1983-1989 жж.) Мұнда ARPANet 185 компьютердің орталығына айналды. Ол орталықтар АҚШ-да, Англияда және Норвегияда орналасқан. Желілір бойынша деректерді жіберу телефондық каналдар немесе байланысты спутниктік каналдары арқылы  жүзеге асты. Сонымен, бұл кезеңде жұмыс протоколдары жетілдірілді.

ІІІ кезең (1989-1994 жж.) Бұл кезең WWW қызметінің пайда болуымен байланысты. Деректерді жіберу мен қарым-қатынас басқа кезеңдермен салыстырғанда анағұрлым ықшамдала бастады. Ал 1986 жылы бүкіләлемдік компьютерлік желі Интернеттің пайда болуы деп жарияланды. Аталған жаңалыққа байланысты 1991 жылы ARPANet біртұтас желі ретінде қолданылмайтын болмайды.  90 жылдардың орта шенінде видеоконференция пайда болды. Ақпараттарды дыбыс арқылы жеткізуде оның мүмкіндігін пайдалануға болады. Бұл кезең WWW интерактивтік қызметі арқылы қарым-қатынастар тиімді болды және Интернетке қосылған қолданушылар саны тез өсті.

ІV кезең (1994-1996 жж) Бұл кезең қолданушылар арасындағы қарым-қатынас тәсілін арттырумен сипатталады. Мұнда көпөлшемді интерактивтік модель VRML пайда болды.

         Үшінші және төртінші кезеңдер аралығында Ресейде Интернет желісі қолданыла бастады. Ресейде 1990 жылы «Совам Телепорт» компаниясы электрондық хабарларды жеткізу (off  line) мүмкіндігімен шектелген бүкіләлемдік желіге ену кезең басталды. Ал 1994 жылы хабарларды өңдеу, жіберу және қабылдап алу процестерін қамтамасыз ететін on line режимі пайда болды.

Интернет желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты Интернет компаниясы да тек біреу емес. Дүниежүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес, бұл жүйе өзара келісімарқылы ортақ пайдалануға арналаған. Дүниежүзіндегі ірі телефон компаниялары бірігіп, «телефон жүйесі» қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабел құнын - кімдер, қалай бөлісіп көтеретінін және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап отырады. Интернет желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.

Интернетті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы: сіздің Бурабайға барып дем алғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквалагпен жүзуге ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді дейік. Олай болса, «scuba» (акваланг) жаңалықтар тобын қарап шығу керек, мүмкін сонда демалған біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда енгізіп күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп қалар (үлкен ықтималдықпен жауап алатыныңызға сенгіміз келеді). Интернеттің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.

1990 жылдан бері интернет өз көлемін жыл сайын екі есе арттырып отыр. Қазіргі кезде желлер коммерциялық негізде жұмыс істейді, бірақ оны халықаралық ISOC (Internet Society) қоғамдық ұйымы бақылайды. Интернет құрамына кіретін әр түрлі компьютерлердің бір – бірімен үйлесімді түрде байланысып, өзара мәлімет алмасуы ТСР/ІР хаттамалары көмегімен жүргізіледі.  (Интернеттің шығу тарихын айту қажет)

Интернет жүйесі аппараттық және бағдарламалық жабдықтамалардың көмегімен электрондық пошта жұмысын ұйымдастырып, электрондық хабарландырулар, жарнамалар беру, телеконференциялар өткізу тәрізді әр түрлі ақпараттық қызмет түрлерін көрсетеді.

         Интернеттен басқада ауқымды желілер бар:

·                   Fidonet - эксперименталь желі, қолданушы – энтузиасттар құрған;

·                   Үлкен компаниялардың корпаративті желісі, мысалға SCN (Siemens Corporate Network)

Интернетпен байланыста физикалық принципі.

Тікелей ауқымды желімен байланыс өте қымбат, сондықтан компьютерлер Интернетпен  интернет – провайдер арқылы байланысады.

Интернет – провайдер  – бұл компьютерлік торап (узел), клиент компьютерлерді әр түрлі байланыс тізбегін қолданып Интерентпен  қосуға мүмкіншілік жасайды. Сондықтан клиент  компьютерде Интернетпен жұмыс істеу үшін байланыс тізбегімен қосатын жабдық болса болғаны.

Кез келген компьютерді Интернетке қосып,  электронды поштаның, бүкіләлемдік өрмектордың немесе басқа да желі қызмет түрлерінің тұтынушысы болып тіркеуді желі қызметін ұйымдастырушылар – провайдерлер орындайды. Олар ірі қалаларда, жердің жасанды серігі көмегімен байланыс және желілі байланыс тораптарында орналасқан. Қазір Қазақстанда 20 – дан астам операторлар интернет провайдер қызметін орындауда. Олардың ірілеріне «Нұрсат», «Қазақтелеком», «Алтел» және «СА телеком» жатады. Провайдермен қосу үшін төмендегідей байланыс түрлері болады:

         Модем арқылы байланыс.

Модемдер жай телефон арналары арқылы Интернетке қосылып, онымен мәлімет алмасу мүмкіндігін береді. «Модем» деген сөз осы құрылғының қызметіне байланысты шыққан, ол «модулятор/демодулятор» сөздерінің қысқаша түрі. Модем дербес компьютерден шыққан цифрлық сигналдарды жалпы телефон арналары арқылы тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрлендіреді. Ал екінші модем қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады. Модеммен жабдықталған кез келген компьютер иесі телефон арқылы провайдермен байланысып, интернет жүйесі қызметін пайдалана алады.

Қарапайым модемге қарағанда ADSL  модемі сигнал құрмайды, бірден телефон тізбегі арқылы сан түрінде береді.  Бұл модемнің тағы бір өзгешілігі Интернетпен байланыста телефон бос болады. ADSL - байланыстың теориялық жылдамдығы(провайдерден қолданушыға дейін)  7 Мбайт/с (ал шын мәнінде 1 Мбайт/с)

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.     Интернет түсінігі?

2.     Желі маңызы?

3.     Ауқымды интернет желісі түсінігі?

4.     Интернет тарихы жайлы не түсіндің?

5.     Желілік тақша деген не?


Ұқсас жұмыстар

Сан жүйесінің аты
Желіні дамыту проблемалары
Интернет желісінің ақпараттық қорларын білім беруде қолдану ерекшеліктері
Информатикадан берілетін дәрістер курсы
Компьютерлік жүйелердің теориялық негіздері
Оқу үрдісінде қолдануға арналған электронды оқу құралдары
Мәліметтер базасы серверінің моделі
ИНформатикадан лекциялар
Адам анатомиясы пәнін оқыту арқылы сандық білім беру жүйесі, технологиялары рөлі, маңызы
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР. Оқулық