6.Тақырыбы. Жер планетасы құрылысы
Сабақтың мақсаты: Жер планетасы ішкі және сыртқы құрылысымен танысу
Керекті құрал жабдықтар: географиялық атлас, географиялық глобус,
циркуль, милиметрлік қағаз.
Жердің құрылысы үш қабықтан тұрады:
Жер қыртысы: Мохорович бөлім арқылы мантиядан ажыратылған.
Мохорович бөлімі биік таулардың астында 80 км тереңдікке түседі, жазықтар астында 30-40 км мұхит түбінде 10 км-ге дейін көтеріледі.
Мұхит қыртысы базальтты, шөгінді жыныстар қабатынан тұрады.
Континенттік қыртыс үш қабаттан: базальттық, граниттік, шөгіндік қабаттардаң тұрады.
Мантия: Мохорович бөлімнен төмен 2900 км тереңдікке дейін орналасқан. Ғалымдар мантиянын температурасы бетінде 100-1500 ядро шек арасында 38000 болады.
Жер ядросы (радиус 3500 км) тығыздығы 12,5 г/см3, температурасы 4000-50000, қысымы 3,6 млн атм. Сыртқы ядро сұйық, ішкісі қатты деп болжанады.
№1 Тапсырма. Оқулықта көрсетілген “Жердің ішкі құрылысы” және “Жер қыртысы құрылысы” суретін талданыз.Ұсынылынған суретті дәптерге салып оның ішкі қабаттарын атап көрсетіп, шек араларын белгіленіз.
1. Жер қыртысы құрылысын сипаттап, ерекше материктік және мұхиттық жер қыртысы құрылымына көніл аударыныз.
2. Не себептен литосфераға тек мантияның бір бөлігін ғана енгізеді.
3. Геологиялық жыл санауы туралы не білесіз. Жер тарихы қандай эралар мен кезендерге бөлінеді?
4. Ұсынылынған негізгі литосфералық плиталар картосхемасын және литосфералық плиталар қозғалыс схемасын дәптерінізге салып, қарастырыныз да, карта мен глобусты пайдалана отырып материктердің бұрын бүтіндей болғандығын дәлелденіз. Жердің ішкі құрылысы ерекшелігі және қандай процестер бұған әсер етті?
Бақылау сұрақтары
1.Геохронологиялық жыл есебі
2.Жердің қалыптасқанына қанша жыл болғанын жұрт қалай білген
Ұсынылған әдебиеттер
1.С.А. Қусаинов Жалпы геоморфология. Алматы. Қазак университеті. 1998.
2.Ж.Н. Мукашев Жалпы жер тану. Оку құралы. Алматы. "Қазак университеті" 2002.
3.М.А. Никонова, П.А. Данилов Землеведение краеведение. М., 2000.
4.М.А. Никонова, П.А. Данилов Практикум по землеведению и краеведению. М., 2001.
5.Боков В.А. и др. Общее землеведение. СПб.,1999.
6.Милькова В.Э. Общее землеведение. М., 1971.
7.Козловский Е.А. Новое о строение земной коры. М.,1998.
8.Шубаев Л.П. Общее землеведение. М.,1977.
9. Неклюкова Жалпы жертану.
Алып планеталар салыстырмалы таңдау
Жалпы жер тану пәні бойынша әдістемелік нұсқауы
Планеталардың түрлеріне жалпы сипаттама
Жер тобының планеталары жайлы
Венера планетасы
Меркурий
Күн жүйесі
Венера планетасы жөніндегі тарихи деректер
Оқушыларға Жер ғарыш денесі туралы жалпы түсінік беру
Николай Коперник