6.Тақырып атауы Құрттар типі.
Жұмыр құрттардың алуан түрлілігі, қылқұрттар, коловраткалар. Скребнилердің сыртқы құрылысы.
Тип Nemathtlminthes - Жұмыр құрттар
Класс Nematomorpha- Түкті құрттар
Класс Rotatoria - Коловраткалар
Тип Аcanthocephales - Скребнилср
Класс Асanthocephala - Скребнилер
Сабақтың мақсаты
Түкті құрттардың, коловраткалардың, скребнилердің құрылыстарымен танысу.
Тапсырма:Түкті құрттардың сыртқы құрылысымен танысып, тіршілік циклінің схемасын салу. Тамшы суда коловраткалардың тіршілік циклін қарап, ішкі және сыртқы қүрылысының суретін салу керек. Гетергония процесіне көңіл аудару қажет. Скребнилердің сыртқы құрылысына қараңыздар.
Қүралдар: Фиксацияланған түкті құрттар және скребнилер, тірі коловраткалар.
Есеп беру формасы жазбаша
Жұмысты орындау тәртібі
Тамшы судан коловратканы тауып, оның кеңістікте жылжуына, қоректенуіне, айналмалы шайнау құралына - мастакеке көңіл аудару кажет. Денесінің үш бөлімнен: айналмалы құралдан, дене және аяқтан тұратындығын көру керек. Сабақта скребнилер тек көру материалдары ретінде беріледі.
Сұрақтар
1.Түкті құрттың тіршілік циклінің ерекшеліктері кандай?
2.Жұмыр құрттардың өкілдерінің маңызы қандай? Коловраткаларға қандай тіршілік циклі тән?
3.Коловраткалардың сыртқы құрылысында баска жұмыр құрттардың өкілдерімен салыстырғанда кандай өзгешеліктер бар?
4.Партеногенез дегеніміз не?
5.Аталық коловраткалардың тіршілік және дене құрылысында қандай ерекшеліктер бар?
Таратпа матиьериалдар
Ұсынылған әдебиеттер
1.Догель В.А. Зоология беспозвоночных. -М: Высшая школа, 1981.
2.Түсіпова К.С. Омыртқасыздар зоологиясы. 1, 2 бөлім. -Алматы: Ғылым, 1999, 2000.
3. Дәуітбаева К.А. Омыртқасыздар зоологиясы. 1, 2, 3, 4 бөлім. Алматы-. «Қазақ университеті» баспасы, 1996, 1997, 1998, 2000
Органикалық дүниенің даму тарихы мен өсімдіктердің систематикасы
“Зоология” курсының кіріспесі
Жалпақ құрттар типі. Сорғыштар класы. Жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы
Оқушыларының құрттар жайлы білімдерін практикалық тұрғыда қарастыру
Жертану пәнінен дәрістер кешені
Әлем – шексіз жұлдыздар жүйесі
Ересек құрттың дене ұзындығы
Зоология сабағында жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру
Өсімдіктерді жіктеу принциптері
Зоология пәнінен сабақтар жоспарлары