Алғы сөз

- Қазіргі кезде адамзаттың қоршаған ортаның қарым қатынасын

түсінудегі маңызына байланысты экология бастапқы пәнаралық синтезделген ғылым болып кетті. Ғылыми-техникалық үдеудің экологиялық керіс салдары техникалық және экологиялық саяси мәселелерді шешудегі қателіктерден, антропогендік әсерлердің экологиялық салдарын және экономикалық шығынды дұрыс бағаламау себептерінен туады. Табиғат пен қоғамның ара-қатынасын гармониялық түрде шешу жауаптылығы жоғары білімді мамандарға байланысты. Қоғам мүшелерінің қоршаған орта саласында интеллектуалды деңгейі жоғары болған сайын қазіргі кезеңнің  экологиялық мәселелерін шешіп, оны болдырмау жеңілге түседі.

Экологияның көптеген қолданбалы аспектлері (химиялық экология, географиялық экология, өндірістік экология, өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер экологиясы және т.б.) болғанымен, қазіргі экологияның барлық бағыттары – тірі организмдер мен қоршаған ортаның қарым-қатынасы – іргелі биологиялық идеяларға негізделген.       

Экология, биологиялық пәндерден басқа, химия, математика, физика, география сияқты жаратылыстану ғылымдары мен философия, экономика, тарих, құқықтану, саясаттану, мәдениеттану және т.б. гуманитарлы ғылымдармен тығыз байланысты.    

     Барлық адамзат тарихында болған философиялық мектептер адамның табиғатпен қатынасын ондағы адамның орның түсінуге тырысты. Негізгі философ–этикалық мәселелер – Адам табиғатта нені пайдалана алады, ал неменеге құқығы жоқ екенін білу. Адамның табиғатпен экологиялық дұрыс қатынасы, барлық тірі организмдердің Адам сияқты тең планетада өмір сүруге құқығы бар екенің түсінуі, экологиялық этиканың өзекті философиялық элементі.

Э. Геккель экология табиғат экономикасы ғылымы деп атаған. экономикалық пайдалану үшін экологиялық талаптарды ескермеу адамдарды ауыр салдарға, орны толмас экономикалық шығынға әкеледі. Бұл мәселелер экономикалық ғылымның жеке бағыты – табиғатты пайдалану экономикасы. Қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық жүйелерін орындау үшін экологтар және табиғатты пайдаланушылар табиғатты пайдалануды басқарудың құқықтық механизмін білулері қажет.


Ұқсас жұмыстар

Диктор имиджін қалыптастырудың алғы шарттары
Қосымшалардың түбірге кірігу заңдылығының зерттелу жайы
Кодекс Куманикус қолжазба ескерткіші
Қазақ тіліндегі фузия құбылысы
Мұрағат тізімдемесі
Балабақшада тіл дамыту жұмыстарының жүйесі
Қазіргі қазақ тілі фонетикасы және фонема
Шет тіліндегі кәсіби бағытталған терминология
Қазақстан Республикасындағы 12-жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы туралы ақпарат
Прозаның алғашқы қадамдары. Исэ-моногатари