Глоссарий

           Адам тұласының бағыттылығы- белгілі қоғамға оның мұрат-мақсаттарына орынды немесе теріс қатынастары тұрғысынан қарағандағы жеке адамның ең елеулі,шешуші сипаттамаларының бірі. Жинақталған түрінде адам тұлғасының бағыттылығы-өз халқының, бүкіл адамзаттың асыл мұратына ұмтылуы, оған жету жолындағы күресі.

            Адамға өзіндік тұрғыдан қарау-оқыту және тәрбиелеу барысында оқушыларды өздеріне тән ерекшеліктерін есепке алу. Мысалы олардың білім деңгейін,саяси дайындығын,мұраттарын, өмір тәжірибесін т.с.с. есепке алу.

Адамның өзіндігі (индивидуальность)-адам тұлғасының қайталанбас ерекшелігі, оның бүкіл адамзаттық құндылықтарды өндіру және жетілдіру қабілеті дамуының жоғарғы саласы. Тіршілік иесі ретінде адам басқа адамдармен қарым-қатынас барысында жалпы адамзаттық мәдениет мұраларын жасау турлерін, тәсілдерін және құралдарын игере отырып қана өмір сүреді.

            Азаматтық- адам тұлғасының жетекші сапаларының бірі. Іс-әрекет, қарым қатынас және қарым-қатынас тәрбие жүйесімен қалыптасады. Азаматтықтың мәні адамдық міндеттерін және борыштарын санаулы, белсенді атқару құқын орынды пайдалану, қоғам белгілеген ережелерді дәл орындау болып табылады.

Ақыл- ойлаудың таным қабілеті дамуының жоғары басқышы, жаңа білімінің шығармалығы, адамның жүріс-тұрғысында және бүкіл өмірлік іс-әрекетде орындылықтың болуы. «ақыл» атауы ойлау қабілетінің синониміне ретінде жиі қолданылады. Ақылдың болуы, ақылды болу қарқынды және нәтижесі ақыл-ой іс-әрекетіне қабілеттің болуы деген сөз.

Ақыл-ой тәрбиесі- тәрбиенің басқа салаларымен үздіксіз байланысты ойлаудың шығармалық қабілеттерін мақсатқа сай дамыту.Ойдың жұмысы адам өмірінің шарттары мен жағдайларында болатын обьективтік қарама-қайшылықтарды шешуге әрдайым  бағытталып отырады.

Ақыл-ой тұжырымы- бір немесе бірнеше пікірлерден жаңа, туынды пікірді алудың логикалық тәсілін көрсететін ойлаудың түрі.Ақыл-ой түйіні алғы шарттан (бастапқы пікірден), қорытындыдан (алғы шарттан тұжырымға көшуден) тұруды.Білімдердің ғылымда және тәжірибеде дамуы, құбылыстардың мәні болып танылуы, олардың заңдылықты ара байланыстарының айқындалуы ақыл-ой тұжырымы нақты құбылыстарға баға беру, теориялық және тәжірибелік мәнді ерекшеліктерді дәлелдеу барысындағы ой-пікірлердің негізін құрайды.

Алдын-ала сезіну– адамның дәлелдеудің көмегінсіз тікелей ақыл-ойға салып ақиқаттыққа жету қабілеті. Шындықты алдын-ала сезінуден бұрын игерілген тәжірибенің және алдыңғы болған ақыл-ой жұмысының нәтижесі болуы мүмкін. Бұл тәжірибенің шешілетін міндетпен байланысты.Белгілі кезеңге жеке адаммен ұғынылмайды.Шындықты алдынала сезіну жинақталған тәжірибе оның өзекті ізденіс іс-әрекетімен байла нысқан ғана пайда болады. Шындықты алдын-ала сезіну арқылы табылған жауап лоикалық дәлелдемемен бекітілуі қажет.

Ашық сабақ- мұғалімнің жұмыс тәжірибесін зерттеу және тарату түрі. Ашық сабақты өз ісінің шеберлік деңгейіне көтерілген мұғалімдер,тәрбиешілер өткізеді. Оған жас мамандар, пәндік бірлестік мүшелері және басқа да іске қатысты бір адамдар шақырылады. Ашық сабақ ұжым болып талқыланумен аяқталады. Мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетімен жарамды және жарамсыз жақтары айқандалады.

Әдіс- білім беру тәрбилеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа жетуді қамтамассыз етуге, ғылыми зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін тәсіл, алға қойылған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс-әрекетінің бір жолы.

Әдіснама (методология) - (грек тіліндегі methoolos -зерттеу жэне тану жолдары, logos - тцсінкі, ілім) -теориялық және практикалық жұмыстарды, сондай-ақ осы жүйе туралы ілімді кұру және ұйымдастыру принциптері мен әдістерінің жүйесі.

Әдістеме -әдістердің жиынтығы, 6ip нәрсені ic жүзінде қолданудың тәсілдері. Окыту тәсілдері тура­лы ғылым.

Әдістемелік кеңес- мұғалімдердің іс әрекетін басқарудың қоғамдық орталығы. әдістемелік кеңес бірлестігі оқу пәндері, тәрбие жұмыс, бастауыш оқыту мәселелері төңірегінде құрылады. Әдістемелік кеңес міндеттерін оқу тәрбие барысын орынды жүзеге асыру жолдарын жетілдіру және тиімділігін арттыру мәселелерін қарау кіреді.Семинар, курстар,теорялық, ғылыми тәжірбелік және әдістемелік конференциалар откізіледі. Жеке жүмыстарға байланысты әдістемелік нұсқаулар, тәжірбені зерттеу, жинақтау, тарату жасайды. Мұғалімдер мамандыққа даярлық денгейін көтерумен айланысады.

Әдістемелік құрал- белгілі бір пәнді оқытуды ұйымдастыруды мұғалімге көмек көрсететін нұсқаулар және ақыл кеңестер жиынтығы.Мұны тәжірбелі ғалымдар,мұғалімдер құрайды.

Әлеуметтену - қоғамның жеке мүшелеріне мәдениеттің жалпы тәжірибесінде берілу процесі  (рөл, кұндылық, іскерлік, білім, норма, т.б.).

Әлеуметтік құбылыс- қоғамдық өмірдің ішкі мәнін ашатын нақты сыртқы көрінісі ретіндегі деректер, оқиғалар ,барыстар жиынтығы. Әлеуметтік шындықтың теориясын,оның зерттейтін заңдарымен заңдылықтарын ұғынып алу танысу субьектінің құбылыстар мәніне енуі болып табылады. Бұл өзара тығыз байланысты құбылыстар мәніне енуі болып табылады, нақты оқиғаларды, деректерді, барыстарды талдау арқылы жүзеге асып, нәтижесінде адам қоғамдық дамудың жалпы заңдылықтары жөнінде қорытындағы келеді және  оларды тәжірбелік іс-әрекетіне басшылыққа алу мүмкіндігіне ие болады.

Әміршілдік стиль - бұйрық беру түріндегі стиль.

Әңгімелесу- мектепте оқыту барысын ұйымдастырудың құрамды бөлігі,белгілі бір тақырыпты игеру мақсатына жетудің жолы. Әңгімелесу мақсаты оқушылардың әдебиеттерімен  өз беттерімен жұмысында қиындық тудыратын келелі мәселелерді терең зеттеу үшін мұғалім басшылығымен ұжым болып талқылау. Әңгімелесу арқылы ұжым болып талқылап оқытуды ұйымдастырудың басқа турлерінде оқушылардың алған білімін жинақтауға, айқындай тусуге,бекітуге көмектеседі.

Әсемдіктану (эстетика)- табиғатта, қоғамда, адам іс-әрекетінде, әсіресе өнерде заттардың және құбылыстардың мәні мен дамуының заңдылықтары жөніндегі философиялық ғылым. Ақиқатты адамның тануы құбылыстар сырына тек ақыл арқылы ену емес.

Әскери партриоттық тәрбие- адамгершілікті адам тәрбиелеудің құрамды бөлігі. Бұл тәрбиеде өз халқының Отанының тарихи тәрбиесі, аға ұрпақтың жауынгерлік дәстурлері үлкен орын алады. Әскери потриоттық тәрбие саласында жас ұрпақтың бойында сенім, халқын, Отанын сүю, патриоттық және интернационалдық сезім, аға ұрпақтың жауынгерлік дәстүрлерін жалғастыру мен дамыту және басқа сапалық қасиеттер қалыптсады, әскери патриотттық тәрбие мектеп, жанұя, қоғамдағы басқа де әлеуметтік тәрбие институттары арқылы жүзеге асады.

Бағыттылық принципі -жеке адамның жан-жақты дамуына оқыту мен тәрбиені үйлесімділігіне ықпал жасау

Байқау- іс-әрекеттің міндетінен шығатын алдын алы  белгіленген мақсатқа бағыты қабылдау. Тарихи турғыдан қарасақ байқау еңбектің құрамдыбөлігі ретінде дамыды. Әлеуметтік шындықтың және еңбектің іс-әрекеттің күрделенуіне байланысты байқау өзалдына салыстармалы барыс ретінде болініп шықты. Ғылыми байқауда қойылатын талаптар ойластырудың бір мәнділігі, обьективтілігі, яғни байқауда бақылау арқылы қайталау мүмкіндігі немесі зерттеудің одан да қуаттырақ басқа әдістерін әсіресе эксперименттік пайдалану байқау нәтижелерін талқылауға көбірек көңіл бөлінуі қажет.

Байымдау, ұғынып ойлау- заттардың және олардың белгілерінің арасындағы байланыстарды бекітуді және жоққа шығаруды, ақиқаттық немесе жалғандық түрінде ие болуды бейнелейтін ойлаудың турі.

Баланың әлеуметтік кеңістігі - оң және тepic валенттілікке ие болатын, бағалау және кұндылық жүйесі  арқылы оның мінез-құлкына қалай әсер ететінін, оның санасындағы шағын әлеуметтік топ туралы түсінік жиынтығы.

Баланың әлеуметтік қорғау - баланың әлеуметтік қызметке қабілетін  қалыптастыру, жақсарту және қалпына келтіру мақсатында көмек көрсету, осы мақсатқа жету үшін жайлы жағдай туғызу жөніндегі кәсіптік қызмет.

Баланың әлеуметтік өcyi - мектепте оқуға көшу қарсаңында жиі көрінетін педагог пен ата-ананың бірлескен әрекетінің күшею көрсеткіші.

Баяндама- нақты тақырыптың мазмұнын кеңейтіп айтып беру,оқушылардың өз бетімен жұмысының түрі ретінде көрінетін әдіс. Мектеп жағдайында сабақта сыныптан тыс жұмыстарда пайдаланады. Оқылатын материалдың негізгі мазмұнына сай көкейкесті теориялық мәселелерге арналды.

Бедел- жеке адамның,әлеуметтік институттың идеяларны жуйесінің нақты сапаларының,сіңірген еңбегіні күшіне қарай көпшілік мойындаған мағына,ықпал.

Бейімделу- тіршілік ету жағдайына адамның өз тұлғасын қолайлау әрекеті.Тарбиелену және оку барысында байланыста қоғамда белгіленген ережелерге оқушылардың өз тәртібін сәйкестендіру болып табылады. Бейімделу – мүшенің, ағзаның, тұлғаның немесе топтың өзгерген сыртқы жағдайға икемделуі.

Болжам- құбылыстардың өмір сүру себептерінің шындығын қасиеттерін түсіндіру мақсатында алға қойған негізделген жорамалды көрсететін ғылым түрі. Болжам деп кез келген ойдан туған жорамал немесе қиялды айтуға болмайды. Обьектіге байланысты болжам жалпы және дербес болып бөлінеді. Болжамды тексеру одан туындайтын нәтижелерді және оларды нәрселердің нақты күйімен салыстыруды жалпыдан жеке қарай жүретін ой туындалын жүзеге асыру.

Білік  -әйтеуір бір ережеге және оны нақты міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі.Білікті әрекеттің орынды тәсілдерін таңдай білуден, тек қана таңдай білуден емес оларды тәжірибеге қолдану.

Білім- адам ойында шындықты дұрыс бейнелеуі қоғамдық тәжірибеде тексерілген таным барысының нәтижесі.  Білім-адам санасында түсінік, пайымдау, теория түрінде шындыктың бара-бар бейнесін тану процесінің нәтижесі.

Білім беру- жүйеге келтірілген білім, білік және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі, оқушы өмірге және еңбекке дайындаудың қажетті шарты, білім берудің негізгі жолы мектепте оқыту білім берудің мектепке дейінгі бастауыш, орта, жоғары тағы сол сияқты сатылары.

Гуманизм  (лат. Gumanus – адамгершілік) – дүниетаным принципі. Оның негізіне адамның мүмкіншілігінің шексіздігіне, өзін-өзі дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік бостандығын, абыройын қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық сұраныстарын қамтамасыз ету қоғамның түпкілікті мақсаты деген мұрат жатады.

Гуманистік- адам сүйгіштік, адам мен қоғамдық қасиеттерге құрметпен қарау

Ғылым – 1) білім негіздері, әсіресе ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған негіздер; 2) негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер не пәндер саласы; 3) табиғи құбылыстарды зерттеуге арналған әдістер мен амалдардың ғылыми принциптерге негізделген жүйесі.

Ғылыми абстрактілеу- заттардың белглі бір қасиеттерін немесе қатынастарын ойша бөлуді өз бетімен қарастыруды қамтитын танымның бір жағы, турі . Мұның мақсаты мүғалімдердің теориялық деңгейін білімждігін әдістемелік дайындығын көтеру педагогика ғылыми жетістіктерін насихаттау, озат тәрбиені жинақтау оқушылар мен жұмыста тиімді әдістер мен жұмыс турлерін қолайлы пайдалануды өндіру.

Дағды - еңбек және басқа да іс-әрекет құралдарымен белгіленген делдікпен және шапшандықпен оқу немесе ойын міндеттерін орындауда оқыту мен қайталау нәтижесіндегі білік негізінде жақсы қалыптасқан әрект Оқыту барысында мысалы, еңбек дағдыларын қалыптастыруда тек қозғалыс емес, мақсатқа сай және орынды әрекеттер танымдық іс дағдыларына ерекше зейін аудару қажет.

Даму- өзіне тән ерекшелігі бар сапалық қозғалыстың турі. Құбылыстардың пайда болуы мен жойылып кету дамуға байланысты. Кез келген баму уақытпен байланысты болады. Дамудың бағытын тек уақыт анықтайды

Дарынды балалар –жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет салуға, техникаға және т.б.) байқатқан балалар.

Дәлелдеу -әйтеуір бір қағиданың ақиқаттығын осымен байланысты бар басқа ақиқаттар және пайымдаулар көмегімен тауып алудағы логикалық амал. Дәлелді пікір ғылыми ойлау өрнегінің ажырамас белгісі, ғылыми сенімдерді қалыптастыр кезеңі. Сондықтан ұстаздық жумыста дәлелдеу тактикасы мен методологиясы маңызды орын алады 

Дәстүрлер -ұзақуақыт бойына қоғамда адамдар арасындағы қатынасқа сақталып ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әлеумттік және мәдени мұралардың құрыамды болігі.

Дербестік (индивидуальность) - жеке адамныц өзіне ғана тән ерекшелігі. Адам және оның тұлғасының жеке жағдайда көрінуі.

Диагностика - жұмыс тәртібінде мүмкін болатын ауытқуларды болжау үшін, процестерде, машиналарда ақауларды сипаттайтын белгілерді техникальқ басқару және зерделеу, ауруларды анықтау және диагноз қою әдістері мен принцптері туралы ілім.

Еліктеу - басқаның ic-әрекетіне еру; басқаның ic-әрекет нәтижесіне еру;

Жеке адам (индивид) - жеке өмір сүретін ағза; жеке адам, адам жаратылысының бірегей өкілі.

Жеке тұлғаның дамуы - жеке адамды әлеуметтендіру және тәрбиелеу нәтижесінде, жеке адамды әлеуметтік тұлға ретінде қалыптастыру процессі.

Жетекші ic-әрекет - онтогенездің белгілі кезеңінде психикалық дамуды сипатын анықтайтын ic-әрекет.

Концепция (тужырымдама) - қандайда бip кұбылысты түсінудің бeлгiлi тәciлi, түсіндірмесі, пікірдің нeгiздeлyi, жeтeкшi идеясы, әр түрдің құрамалы принципі.

Көрнекі әрекетті ойлау - қабылдау көрнекі жағдайда өтетін, заттармен байланыс сыртқы бағдарлық әрекет көмегімен орындалатын ойлау.

Көрнекі бейнелі ойлау - бейне мен байланыс ішкі бағдарлық әрекет көмегімен орындалатын ойлау.

Көрнекілік принципі- сабаққа оқушының дұниетанымы негізінде оқуды көрінекілік арқылы жүзеге асыру

Қарым-қатынас - ортақ рухани немесе материалдық нәтижеге жету және байланысты жақсарту мақсатындағы күш-жігерді бipiктipy және үйлестіруге бағытталған адамдардың өзара әрекеті.

Мақсаттық принципі- оқыту мен тәрбие жұмыстарының мақсаттылығы, мұғалім мен оқушының іс -әрекетін үйлестіріп, ұйымдастырып жоспарлы түрде өткізу

Мектептің өмірімен байланыс принципі- мектеп тәрбие мен білім беру ісін қоғамдық өмірмен  байланысты  жүзеге асыру

Мұғалім – оқушыларға сабақ беретін оқытушы, ұстаз. Ол педагогикалық қабілеттілігі, психикалық ерекшеліктері, сөйлеу шешендігі, жүйке жүйесінің мықтылығы сияқты сипаттардан басқа, балалармен тіл табыса алу қабілетімен де ерекешеленеді.

Мұғалім стресі  - педагогикалық іс -әрекет барысында аяқ астынан кездескен өзгеше қиындықтардан туындайтын жағдай. Мұғалім стресі көбінесе уақыт тапшылығынан, оқушының үлгерімі мен тәртібінің нашарлығына, әкімшілікпен және әріптестерімен қақтығыс кезіндегі және т.б. жағдайлардан туындайды.

Мұғалімнің кәсіптік әлеуметтендірілуі  - мұғалімнің кәсіптік ортаға енуі; педагогикалық тәжірибені меңгеруі, педагогтар қауымдастығының стандарты мен құндылықтарын игеруі, жинақталған тәжірибені белсенділікпен жүзеге асыруы.

Мінез-құлық мәдениеті – адамшылық қарым-қатынастың негізгі талаптары мен ережелерін сақтау, айналасындағылармен дұрыс қарым-қатынас құра білу. Адамның жүріс-тұрыс, іс-әрекетінің жиынтық көрінісі мінез-құлық ерекшелігін айқындайды. Мінез-құлықты ерекшеліктер моральдық категорияға жатады. Ол  – адамның қоғамдағы мінез-құлқын реттеу қызметін атқаратын әлеуметтік институт, қоғам түгелдей мақұлдаған заңды талаптардың орындалу барысымен анықталады. Құқықтың моральдан айырмашылығы: біріншіден, қоғам мойындаған адамгершілік талаптарын әр адамның орындауын барлық қоғам мүшелерінің қадағалауына байланысты, екіншіден, мораль талаптарын орындау тек рухани әсер ету формаларымен (қоғамдық баға беру, көрсетілген мінез-құлық ережелерінің орындалуын мақұлдау немесе айыптау) өлшенеді. Мінез-құлық мәдениеті адамның өскен ортасына, адамдармен күнделікті қарым-қатынасына, білім өресіне, көрген –түйгеннен алған үлгі -өнегесіне байланысты.

Оқу бағдарламасы - әр оқу пәні бойынша меңгеру үшін білім, дағды бейімділік көлемінен тұратын құжат.

Онтогенез - ағзаның тұқымының ұрықтану сатысынан бастап жеке өмірінің аяқталуына дейінгі дамуы.

Өзін-өзі бағалау - өзін-өзі білу арқылы өзіне баға беретін өзіндік сананың құрамдас бөлігі.

Өзін-өзі тәрбиелеу - саналы түрде қойылған мақсатқа сәйкес адамның тұлға ретінде қалыптасуы.

Педагогика- тәрбиелеу, жетектеу, бағу

Педагогикалық басқару – қойылған мақсатқа сәйкес педагогикалық жағдайды, процесті немесе жүйелерді бір қалыптан екінші қалыпқа ауыстыру процесі.

Педагогикалық біліктілік – ол іс- әрекетке деген дайындық және іс- әрекеттің көзі. Мұғалімнің педагоги калық біліктілігі бірлесе педагогикалық шеберлікті айқындайды. Мұғалімнің педагогикалық біліктілігі оның мамандығына, дипломына , сапасына сәйкес анықталады.

Педагогикалық диагноз – оқушының қабілетін, мінезіндегі ауытқуларды, оқу барысында кездесуі мүмкін қиындықтарын анықтау. Педагогикалық диагноз оқушының мектеп бағдарламасын игеруі туралы мәліметтер негізінде, оның оқу іс-әрекеттерін бақылау және нәтижелерін талдау және т.б. арқылы қойылады.

Педагогикалық жүйе – адамды дамыту мақсатындағы жетістіктерге жеткізуші барлық факторлардың біртұтас бірлігі. Педагогикалық жүйенің белгілері: 1) мақсатқа жету үшін қажетті құрауыштардың толықтығы; 2) құрауыштар арасындағы байланыстар мен өзара тәуелділіктердің болуы; 3) құрауыштарды біріктіретін жетекші буын, жетекші идеяның болуы; 4) құрауыштар арасында ортақ қасиеттердің пайда болуы.

Педагогикалық зерттеу әдістері – оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың объективтік заңдылықтарын танып - білудегі амалдар мен тәсілдер жиынтығы.

Педагогикалық зерттеу міндеті – педагогикалық зерттеудің нақтыланған немесе неғұрлым жекеленген мақсаттарын айқындау.

Педагогикалық зерттеу пәні - зерттеу объектісінің нақты бөлігі ондағы жүріп жатқан процесс немесе зерттелетін мәселе аспектісі.

Педагогикалық зерттеулер – оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, құрылымы, механизмі, педагогиканың теориясы мен тарихы, оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылу әдістемесі, оның мазмұны, принциптері, әдістері мен ұйымдастырылу нысандары  туралы қоғамдық тұрғыдан маңызды жаңа білімдер алуға бағытталған ғылыми қызмет процесі мен нәтижесі.

Педагогикалық инновация - бала тұлғасын қалыптастыру процесі тұжырымдамасының мәдени дәстурінен басқа, білім беру процесіне басқаша тәсіл, көзқараста болатын білім беру қызметі.

Педагогикалық кәсіптік борыш  – педагогтың кәсіптік іс -әрекетін жүзеге асыратын құлықтық талаптар жүйесі.

Педагогикалық консилиум – оқушылардың үлгерімі мен тәртібін тереңірек қарастыратын, оларды оқыту мен тәрбиелеуде байқалған кемшіліктерді жоюға дұрыс жол табу мақсатында өткізілетін мұғалімдердің кеңесі.

Педагогикалық қабілеттілік – педагогикалық жүйенің талаптарын сезіне отырып, осы талаптардың оқушыларда  бейнелену ерекшеліктьерін аңғару және қажетті  нәтижеге жету үшін оқушыларға әсер етудің мүмкін болатын  әдіс- тәсілдерін орынды қолдана білі қабілеттілігі болып табылады. Педагогикалық қабілеттілігі бар студент педагогикалық іс- әрекетті тез меңгеріп кетеді. Болашақ шебер педагогтың кәсіби қалыптасуы, оның педагогикалық қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады.

Педагогикалық қарым- қатынас шеберлігі – педагогикалық  шебер мұғалім кім- кіммен болса да жақсы қарым- қатынас  жасай білуі тиіс. Қарым- қатынас адамдармен , ұжыммен, топпен, жекелей түрде де болуы мүмкін.

Педагогикалық процесс - саналы түрде ұйымдастырылған, мақсатты және жоспарлы түрдегі ұстаздардың шәкірттерімен, оларды оқытып, тәрбиелеу мақсатындағы өзара ic-әpeкетi.

Педагогикалық техника-  өз- өзін басқара білу және педагогикалық мәселелерді шешу процесі барысында өзара әрекеттестік жасай алу қабілеттіктерінен тұратын, мұғалімнің жүріс- тұрысының ұйымдастырылуының ерекше формасын көрсететін педагогикалық шеберліктиің элементі.

Педагогикалық техника - ұстаздардың шәкірттерінің белсенділігін ынталандыру мақсатында қолданылатын әр түрлі шеберліктері мен ықпалды әдіс-тәсілдері.

Педагогикалық технология шеберлігі – білімдарлық үрдісті көтеру, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ету, оқушылардың жұүмыс істеу ерекшеліктерінеп , әдістемелік тәжірибесіне, жаңашыл әдістерін кеңінен пайдалануға үлкуен  мән беру болып табылады.

Педагогикалық тұлға – ұстаздың шәкіртіне өзінің жеке бас үлгісімен ықпал етуі. Ол идеяның тұңғыш негізін салушы Лейпциг қаласындағы (Германия) қыздар мектебінің директоры Г.Гаудиг (1860 – 1923 ж.ж.) болды. Ол XIX ғ. екінші жартысында ұстаздың жеке бас үлгісінің педагогикалық негізі туралы арнайы еңбек жазды. Гаудигтің теориясы бойынша, мұғалім арнайы ережені немесе әдістемелік нұсқауды басшылыққа алмай, өзінің білімі мен іскерлігін жеке басының үлгісімен шығармашылықпен іске асыру арқылы шәкірттеріне ықпал етуі керек. Педагогикалық ұжым – оқу-тәрбие мекемесі қызметкерлерінен құралған ұжым. Педагогикалық ұжым қызметін директор үйлестіріп басқарады. Педагогикалық ұжымның  жоғарғы органы – педагогикалық кеңес.

Педагогикалық шебер мұғалім – педагогтың берілген уақыт аралығында  тиімді нәтижеге  жетуінде көрінетін, балаларды  үнемі түсінетін, ұғатын, өзгелердің пікірін тыңдайтын, өзгелерді сыйлайтын шебер адам. Педагогикалық шебер мұғалім болу өте қиын. Ол үшін аянбай тер төгіп, еңбек ету керек. 

Педагогикалық шеберлік  – педагогикалық қызметтің жоғары деңгейде меңгерілуі; педагогтың оқушылардың оқу - танымдық іс-әрекетін пәрменді басқарып, мақсаткерлік педагогикалық әсер мен өзара әрекеттестікті жүзеге асыруына мүмкіндік беретін арнаулы білімдерінің, біліктері мен машықтарының, тұлғалық кәсіптік маңызды қасиеттерінің кешені.

Педагогикалық шеберлік деструкциясы – бұл тұлғаның психологиялық құрылымда пайда болатын бұзылыс, өзгеріс немесе деформация болып табылады. Педагогикалық шеберлік деструкциясының пайда болуы және дамуы іс- әрекетті орындау өнімділігін төмендетеді, мотивация мен педагогикалық позицияға негативтьі әсер етеді. Педагогикалық шеберлік деструкциясының дамуын детерминациялайтын факторлардың көп болуын объективті және субъективті  деп бөлуге болады.

     Педагогикалық ықпал - мектеп әкімшілігінің, мұғалімнің, сынып жетекшіснің, тәрбиешінің оқушылардың дұрыс білім және тәрбие алуына, қоғамда өз орнын айқын табуына ықпал етуі.

     Педагогикалық эмпатия – ол гректің «empatheia» , әсерленулерге ортақтасу, жаңашырлық, адамның әсерленуіне  ортақтасу барысында сол адамның ішкі әлеміне еніп кету болып табылады. Эмпатия ұғымдарына түсініктемелер берген ғалымдаро қатарына В.Дильти, К.Юнг, У.Е.Мелибруда, Х.Хекхаузен т.б.

Рефлексия – лат. «бейнелеу»  деген сөз (өз ойларын, бастан кешіргендерін талдау). Адам санасының өзін - өзі білуге, ішкі жан – дүниесін, психикалық жай - күйін тануға бағытталуы. 

Рөлдік ойын - мектепке дейінгі жастағы балалардың ойынының түpi. Онда бала ойын сюжетіне сәйкес өзіне қандай да бip рөлді таңдап алады.

Сапалық пен бірізділік - білімді саналылықпен белсене қабылдап, өмірмен байланыссын тереңдете отырып оқыту

Сөз – белгілі бір мағынаға ие, заттар мен құбылыстардың атауын білдіретін тілдің негізгі формасы. Мысалы: сөзі мірдің оғындай, сөзі бір жерден шықты, сөзінің жаны бар.

Тактикалық шеберлік – ол қандай да бір мақсатқа жетудің жолдары немесе әдістері, міндеттер жүйесі болып табылады. Мысалы, тәрбиелеу және оқушыларды еңбекке баулу мәселелері жөнінде педагогикалық шебер мұғалім мынадай тактикалық міндеттерді іске асыру тиіс: Педагогикалық шебер мұғалімнің оқушылардың өмірге, түрлі іс- әрекеттеріне  көзқарасын, белсенділігін, ынтасын арттыру; Педагогикалық шебер мұғалімнің сынып құжаттарында оқушылардың әлеуметтік пікірін қалыптастыруы; Педагогикалық шебер мұғалімнің оқушылардың өзіндік басқаруының ролін көтеруге тырысуы т.б.

Талап – педагогикалық ықпал етудің негізгі әдістерінің бірі. Іс -әрекетке итермелейтін талап (кесімділік дәрежесіне қарай -өтініш, тапсырма, бұйрық) және әрекет етуге тыйым салатын талап (нұсқау, сәйкес бұйрық, жазалау) болып бөлінеді.

Тәрбие әдістері  – ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым –қатынастардан туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы.

Тәрбие –жеке тұлғаның адамдық бейнесін қалыптастырып, өмірге бейімдеу үшін жүргізілетін игі әрекет.  Тәрбие мен оқытуда бедел оқушылардың жасампаз құлшыныс жігері мен бетіндегінің дамытады,тұлғаның іс-әрекетінің мақсаттылығының жауыапкершілігінің және тәртіптілігінің шарты болады.

Тәрбие технологиясы - процестегі жекелеген педагогикалық міндеттерді орындауға бағытталған әдістер жүйесі; ұжымдық жоспарлардың орындалуын ұйымдастыру тәсілі; оқушылармен байланыс орнату тәсілі; педагогикалық диагностика тәсілі.

Тәрбиелік әлеуметтану - қоғамның тәрбиелік күшін, адамды әлеуметтендіру процесін, әлеуметтік институт ретінде тәрбиені зерттейтін ғылым саласы.

Тәрбиелік қарым–қатынас – баланы дамытуға, яғни оның өзін - өзі тәрбиелеуіне, өздігінен білімін жетілдіруіне бағытталған қарым – қатынас. Тәрбиелік қарым–қатынас – адамзат тәжірибесінің алмасуы, берілуі, меңгерілуі және пайдаланылуы.

Тәртіптілік – адамның адамгершілік бағыттылығын, өз тәртібін ойша жобалау қабілетін және өзіндік күнделікті әрекетін қамтитын тәртіпке, ұйымшылдыққы әдеттенуі. Тәртіптілік – адамдардың қоғамдық ортада белгілі бір тәртіп жүйесін сақтауын және олардың игеруге міндетті нормаларды (құқықтық, моральдық, саяси –этностық) берік сақтауын талап ететін жүйе.

Теория – практика мен тәжірибені қорыта келіп, әр алуан қоғамдық құбылыстар мен фактілерді түсіндіретін және оларға әсер ете алатын жалпы ғылыми принциптерді білдіретін ілім.

Технология- материалды өңдеудің тәсілдері мен құралдары туралы білімнің жиынтығы

Тұлға – 1) –дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты және адам болмысының қайталанбас, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны; 2) адамдар арасындағы өзінің ұстаным – орнын еркін және жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Тұлға қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым –қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам, тұлға болып туа қалмайды, әлеуметтену процесінде тұлға болып шығады.

Түсініктілік принципі- жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге, белгіліден белгісізге көшу, оқушының таным процесін бірте- бірте үйрету арқылы нақты фактілерден жалпы қортындыға көшу ұғымы

Шеберлік – ол өте көп мағынада қолданылады. Мысалы: іскерлік, өнерпаз, іскер, ұста, білімпаз т.б. Шебердің қолы ортақ деуге болады.

Іскерлік ойын - әр түрлі жағдайларда берілген неме­се қатысушылардың өздері бекіткен ережелер бойынша басқаратын шешімдер қабылдауының еліктеушілік әдісі (имитация).   


Ұқсас жұмыстар

Глоссарий
«Бастапқы есеп және құжат айналымы» пәні бойынша СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмаларын орындауға арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Паразитизмнің экологиялық тұжырымдамасы
Қашықтықтан оқытуды іске асыруға арналған MOODLЕ жүйесі
СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқаулар
МДҰ әдістемелік кабинет
JavaScript- та бағдарламалау
Оқу-әдістемелік кешен “Сулы жүйелер географиясы” пәні бойынша
Психоллогия консультация жайлы анықтама беру