Баға қою саясаты

Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау білімді өлшеу негізінде жүзеге асырылады.     Студенттердің білімін өлшеу пәннің оқу бағдарламасына сәйкес болуы керек. Студенттердің білімін өлшеуіштер түрлі түрлерде жасалады: бақылау сұрақтары, билеттер, тесттер (ашық, жабық, аралас, сәйкесінше, эссе және басқалары) лабораториялық, есепті-кестелік, курстық және т.б. жұмыстар тапсырмалары.

Студенттердің білімін өлшеу құралдары ретінде баға шкаласы шығып отыр. Баға шкаласы баллды-рейтингтік әріптік жүйеге негізделген.

Студенттердің білімдері, қабілеттері және өкілеттіліктері бақылаудың барлық түрлері бойынша туры пропорционалды қатыстығы бар баллды-рейтингтік әріптік жүйенің бағаларымен анықталады.

«Өте жақсы» бағасы (А, и А-). Бұл баға студент бағдарламалық жадығатты толық меңгергенін көрсетсе және қателер жібермесе, уақтылы орынды бақылау мен лабораториялық жұмыстарды дұрыс орындап, олар бойынша есепті өткізсе, дұрыс ойласа, уақтылы қатесіз коллоквиумдарды және үй тапсырмасын  орындаса, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысса, өзі қосымша ғылыми әдебиетті қолданса, бағдарламалық жадығатты өзінше жүйелендіре білген жағдайда қойылады.

«Жақсы» бағасы (В+, В и В-). Бұл баға студент бағдарламалық жадығатты 75%-дан төмен емес меңгерсе және жауап беруде ауыр қателер жібермесе, уақтылы орынды бақылау мен лабораториялық жұмыстарды дұрыс орындаса және оларды қағидалық ескертулерсіз өткізсе, уақтылы қағидалық қатесіз коллоквиумдарды және үй тапсырмасын  орындап өткізсе, оқытушының нұсқауымен қосымша ғылыми әдебиетті қолданса, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысса, қағидалық емес қателерді жіберсе немесе студенттің өзімен кейін жөнделген қағидалық қателер жіберсе, бағдарламалық жадығатты оқытушының көмегімен жүйелендіре білген жағдайда қойылады.

«Қанағаттандырылған» бағасы (С+, С., С-, D+, и D). Бұл баға студент бағдарламалық жадығатты 50%-дан төмен емес меңгерсе, бақылау мен лабораториялық жұмыстарды орындау барысында оқытушының көмегіне жүгінсе, коллоквиумдарды  өткізу барысында қағидалық емес қателер жіберсе, ғылыми жұмыста бәсеңдесе,қытушы көсеткен әдебиетпен шектелсе, бағдарламалық жадығатты жүйелендіруде қиналғанда қойылады.

«Қанағаттандырылмаған» бағасы (F). Бұл баға егер студент бағдарламамен қарастырылған негізгі жадығатты білуде жекелеген білімсіздікті танытса, пәннің бағдарламасының жартысынан көбісін меңгермесе, жауаптарында қағидалық қателер жіберсе, бастапқы, аралық, соңғы бақылау нысандарымен қарастырылған жеке тапсырмаларды орындамаса, бағдарламамен қарастырылған барлық негізгі әдебиетті зерделенбеген жағдайда қойылады.

Пәннің оқу бағдарламасын оқушымен меңгеру деңгейінің соңғы бағасы бастапқы және соңғы бақылау бағаларын ескере отырып суммативті әдіспен анықталады.

Соңғы баға оқушы өту рейтингісінен де, соңғы бақылауданда жақсы бағаларға ие болса ғана есептеліп шығарылады.

Өту рейтингісін есептеу барысында міндетті түрде бастапқы, шектік бақылау, есептік-кестелік, курстық жұмыстардың (жобалардың)бағалары ескеріледі.

Бастапқы жетістіктерді бағалары бастапқы және аралық бақылау бағаларынан құрастырылады. Аралық бақылау оқу пәнінің ірі тарауларын (модульдерін) зерделгеннен кейін өткізіледі.

Жетістіктердің бастапқы бақылауы бастапқы бағалардан тұрады: семинарлық және тәжірибелік сабақтарда алынған бағалар, орындалған лабораториялық жұмыстар, үй тапсырмалары, өзіндік жұмыстары тапсырмаларынан алынған бағалар.         

Дәріске қатысу – 100%

Семинар сабақтағы белсенділігі - өте жақсы – 90-100%

                                                                    жақсы   75- 89 %

                                                                    қанағаттанарлық –50-74%

СОӨЖ - 50-100%          

СӨЖ - 50- 100%


Ұқсас жұмыстар

Баға саясаты жайлы
Бағаны орташа шығын плюс табыс әдісімен есептеу
Бағалар және қаржылардың өзара байланысы
Баға және баға жасау процесі жайлы
Маркетинг мәні және қызметтері
Баға жасау саясаты
Туристік бизнесте баға белгілеу саясаты
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА БАҒАНЫҢ ҚҰРАЛУ ФАКТОРЛАРЫН ТАЛДАУ
ҚР –ның инфляцияға қарсы саясаты
Кәсіпорындағы маркетинг қызметінің стратегиясы