7. Методикалық нұсқаулар.

I. практикалық сабақтарды өткізудін

әдістемелік нұсқаулары

Практикалық сабақ № 1 «Кіріспе. Экология пәні, бағыттары және есептері. Экология бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология. Тірі ағзаға абиотикалық факторлардың әсері.»

Мақсаты: практикалық тапсырмаларды жеке түрде орындап, теориялық білімдерді бекіту.

1. Тапсырма. Келесі жоспар бойынша ашық конспект қорғау.

1.                 Кіріспе. Экология пәні, бағыттары және есептері.

2.                 Экология бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология.

2. Тапсырма. Келесі терминдердің глоссарийін құрастыру және қорғау: экология ғылымының түсінігі, пәні, мақсаты, есептері, әдістері, экология ғылымының бөлімдері (жалпы экология, қолданбалы экология, биологиялық экология, адам экологиясы, әлеуметтік экология, географиялық экология, медициналық экология), экологиялық дағдарыс, глобализация процесі, тіршілік, ағза, түр, дарақ, популяция, қауымдастық, биоценоз, фитоценоз, зооценоз, микробоценоз, биотоп, биогеоценоз, экожүйе, биосфера, экосфера, ноосфера, аутэкология, демэкология, синэкология.

3 тапсырма. «Экология ғылымының даму тарихы» тақырыбына тезистік конспект құрастыру және қорғау.

Практикалық сабақ № 2 «Биотикалық қарымқатынастар.»

Мақсаты: практикалық тапсырмаларды және есептерді жеке түрде орындап, теориялық білімдерді бекіту.

1.      Тапсырма. Келесі сұрақтарға ауызша және тестілік жауап беру.

·                                Биоценоз

·                                Биогеоценоз

·                                Экожүйе

·                                Биогеоценоз құрылысы, схемалық көрсету

·                                Биотикалық байланыстар, түрлері, мысалдар, схемалық көрсетілуі

·                                Биоценоздың трофикалық құрылысы, схемалық көрсетілуі

·                                Биоценоздың өнімділігі

·                                Бәсекелестік қарымқатынастар, мысалдар, схемалық көрсетілуі

2.      Тапсырма. Жеке практикалық есеп шығару.

3.      Тапсырма. Тестілік бақылау.

Практикалық сабақ № 3 «Популяция санының реттелуі.»

Мақсаты: Биотикалық қатынастардың негізгі формаларын қарастыру.

Бақылау формасы – ауызша жауап, есеп шығару.

1. Сұрақтар:

▪ Биотикалық қатынастардың негізгі типтері?

▪ Паразитизм, паразитизм түрлері?

▪ Биомассалар пирамидасының ережесі?

Сандар пирамидасының ережесі (Элтон пирамидасы)?

Энергия пирамидасының ережесі?

Пирамидалар ережелерінің практикалық маңызы?

2. Жеке практикалық есеп шығару.

3. Тапсырма. Тестілік бақылау.

                  

Практикалық сабақ № 4 «Экожүйелер. Экожүйеде экологиялық пирамидалар.»

Мақсаты: сандық және биомассалық пирамидалар мысалында экожүйелерде тірі ағзалардың таралуымен таңысу.

Практикалық сабақ № 5 «Биосфераның ғаламдық экологиялық мәселелері: атмосфераның, топырақтың Әлемдік мұхиттың ғаламдық ластануы. Экологиялық жағдай және экологиялық дағдарыс.»

Мақсаты: биосфераның негізгі экологиялық мәселелерін қарастыру.

Бақылау формасы – топтық жұмыс, гипотезаларды қорғау.

Тапсырма.  Әдебиеттік көздерден биосфераның негізгі экологиялық мәселелерін қарастыру, гипотезаларды суреттеу: дағдарыс жағдайдан шығу себептерін, зардаптарын және жолдарын ашу, схемаларды салу және қорғау. Талдауға ұсынылған экологиялық мәселелер: ғаламдық шөлдену, биоалуандылықтың қысқаруы, химиялық заттармен Әлемдік мұхиттың ластануы және т.б.

Практикалық сабақ № 6 «Әлеуметтік – экологиялық мәселелер: халық өсуі, қорлық дағдарыс, генофонд өзгеруі, орта жалпы қарсылығының ұлғаюы, әсерлердің жаңа түрлері.»

Мақсаты: биосфераның негізгі әлеуметтік – экологиялық мәселелерін қарастыру.

Бақылау формасы – топтық жұмыс, гипотезаларды қорғау.

Тапсырма.    Әдебиеттік көздерден биосфераның негізгі әлеуметтік – экологиялық мәселелерін қарастыру, гипотезаларды суреттеу: (халық өсімі, ресурстық дағдарыс, генофонд өзгеруі, орта жалпы қарсылығының өсуі, әсерлердің жаңа түрлері), дағдарыс жағдайдан шығу себептерін, зардаптарын және жолдарын ашу, схемаларды салу және қорғау.


Ұқсас жұмыстар

Математикалық физика теңдеулері
Балабақшадағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы әдіскердің рөлі
Блок экскурсиятану
Мүгедектергетерге жүріп-тұру техникасың протездік-ортопедиялық қызмет көртесу
Технологиялық процессті автоматтандыру сұлбасы
Қазақ тілінің сарфы
ХИМИЯ КУРСЫНЫҢ МАЗМҰНЫН ТАҢДАУҒА ЖӘНЕ ОҚЫТУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ДИДАКТИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
Ауыз суды және тазартылған сарқынды суларды зарарсыздандыру
Электрондық басылым
Соғу технологиясы пәні бойынша ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР