Орта мектепте информатиканы оқыту әдістемесі мен теориясының жалпы мәселелері


1-ДӘРІС.      

Тақырыбы:             Орта мектепте информатиканы оқыту әдістемесі мен теориясының жалпы мәселелері.

Мақсаты:                  Информатиканы оқыту әдістемесі пәні және информатика мұғалімін кәсіптік дайындау жүйесіндегі орнын, информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен, псиxологиямен және информатика ғылымымен байланысын қарастыру.

22 қыркүйек 1997 жылы Қазақстан Республикасы президентінің өкімімен Қазақстан Республикасы орта білім жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

Қазақстан Республикасы дүние жүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың нақты жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай информациялық-білім беретін желіге негізделген бірыңғай информациялық-білім беру кеңістігін жасау қажет. Бұл орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты болып табылады.

Ұсынылып отырылған орта білім жүйесін ақпараттандыру бағдарламасын өзінің алдында мынадай міндеттер қояды:

1. мектеп мекемелерін жаңа информациялық технологияны (ЖИТ) оқытуда және оқу үрдісін басқаруда пайдалануға мүмкіндік беретін есептеуіш техника құралдарымен және ұйымдастырушы техникамен қамтамасыз ету.

2. барлық мектеп мекемелерін білім беретін информациямен қамтамасыз етуге қол жеткізетін инфроқұрылымдарды дамыту

3. ықпалды нормативтік-құқықтық база жасау

4. телекомуникациялық желі жүйесін жасау

5. жаңа информациялық техналогия пайдалану және ендіру саласында орта білім жүйесі үшін кадрларды даярлау және қайта даярлықтан өткізу

Осы қабылданған бағдарламаға сай  республикамызда көптеген мектептер жаңа информациялық техналогияны оқыту үрдіссіне ендіру жұмыстарымен айналысуда. Оларды қолдауымыз, бағыттауымыз және қажетті әдістемелік көмек көрсетуіміз керек.

Ақпараттандыру деп оқытудың және оқу үрдіссін басқарудың әсерлілігін арттыру мақсатында  техникалық және материалдық ресурстарды, идеяларды, ғылыми-әдістемелік материалдарды үнемі пайдалану және интеграциялау үрдіссін айтамыз.

Әрине, ақпараттандырудың техникалық негізінде ең жетілдірілген техникалық құрылғы ретінде компьютер жатады, бірақ сонымен бірге мектептің барлық техникалық паркін, атап айтқанда: магнитофондарды, телевизорларды, телефондық желілерді тағы сол сияқты бірығай бағдарламалық-техникалық кешенге интеграциялау қажет.

Информатиканы оқыту әдістемесі пәні және информатика мұғалімін кәсіптік дайындау жүйесіндегі орны.

Қазақстан Республикасында бiлiм берудi 2010 жылға дейiн дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасында ақпараттық және коммуникативтiк технологияны бiлiм беру жүйесiн жеделдетiп дамытуға қолдану негiзгi мiндеттердiң бiрi ретiнде анықталды.

 Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабiлеттi ұлттық бiлiм беру жүйесiн дамытуға және оның мүмкiндiктерiн әлемдiк бiлiмдiк ортаға енудегi сабақтастыққа қолдану негiзгi мәнге ие болып отыр.

Бiлiм берудi ақпараттандыру, бiлiм салаларының барлық қызметiне ақпараттық технологияны енгiзу және ұлттық модельдi қалыптастыру қазақстандық бiлiм берудi сапалы деңгейге көтерудiң алғы шарты.

Аталған бағыттарды дамыту үшiн құқықтық-нормативтiк, материалдық-техникалық, ғылыми-әдiстемелiк және ақпараттық жағынан қамсыздандыру педагог мамандарды даярлаудың негiзгi бағыттарының бiрiне айналып отыр.

Бiлiм берудi қайта құру мұғалiмнен үлкен дайындықты талап етедi. Олай болса, олардың жеке тұлғалық қасиеттерi мен мамандық құзырлықтарына жоғарғы талап қойылады. Қазiргi уақытта мұғалiм бiлiм беру жүйесiндегi кез келген қайта құрулардағы педагогикалық үрдістiң негiзгi субъектiсiне айналып отыр.

Қазiргi мектепке шығармашылық iзденiс қабiлетi дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлiгi қалыптасқан мұғалiм қажет. Ол бiруақытта педагог, психолог және оқу-үрдісiн ұйымдастырушы технолог бола бiлуi керек. Сонымен қатар оқушының шектеусiз қабiлетiн дамыта алатындай бiлiм берудiң әлемдiк кеңiстiгiн құруға қабiлеттi бола бiлуi шарт. Бұдан мұғалiмнiң мамандық шеберлiгi анықталады.

Басқаша айтқанда, бiлiм берудi ақпараттандыру үрдісi мұғалiмнiң дайындық деңгейi мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалiмнiң өзiн-өзi дамуына, өзiндiк бiлiм алуына және шығармашылық түрде өздiгiнен қызметтерiн iске асыруға мүмкiндiк бередi. Сондықтан мұғалiмдердi жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуiне және оны оқыту құралы ретiнде пайдалану бағыттары бойынша бiлiмдерiн көтеру және қайта даярлау курстарының мазмұнын өзгертiп, жасақтау қажеттiлігi туындады. Педагог мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлауда ақпараттық әлемде оқу-тәрбие үрдісiн ұйымдастырудың негiзгi құралдарын, жаңа әдiстер мен формаларды кез келген уақытта таба бiлуiне мүмкiндiк туғызу. Мұндай жағдайда педагог мамандар өзiн-өзi дамытуына және өздiгiнен бiлiм алуына мүмкiндiк алады. Бұл жағдайда дамытудың өзектілігі – жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісiне жан-жақты, әрi еркiн пайдалана бiлуге үйрету дайындау кезеңдерiнiң сапалығымен анықталады. 

 

Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламаларының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде мамандардың осы сала бойынша бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау қарастырылған. Аталған мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау бойынша курс тақырыптарының мазмұны өзгертiлiп, жаңаланды. Оның негiзгi мазмұны бiлiм беру мекемелерi қызметкерлерiнiң кәсiби шеберлiгiн жаңа ақпараттық технологияны пайдалану бойынша жетiлдiруге, басқаша айтқанда, бiлiм берудi ақпараттандыруға сай мамандарды жан-жақты даярлауға бағытталған.

Тәжiрибе жүзiнде дәлелденгенiндей, кез келген мұғалiм мен әкiмшiлiктiң өз қызметтерiне компьютердi пайдалануы олардың әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке енуде ақпараттық мәдениетiнiң қалыптасатынымен өлшенедi. Сонымен бiрге, бұл жағдайда, инновациялық әдiстер мен құралдарды оқу үрдісiне пайдалану оқушылардың мектеп пәндерiн игеруде қызығушылықтарын арттыруда. Ақпараттық технологияны оқу-тәрбие үрдісiне пайдалану – келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:

- оқушының дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту үрдісiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;

- оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (мәселелік, ұйымдастырушылық, iс-әрекеттiк, компьютерлiк ойындар және т.б.);

- мәселелік, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн қолдану арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;

- жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедиа-технология) пайдалану арқылы оқу үрдісiнiң материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.

Мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру мен қайта даярлау мiндеттерiн шешуде оқу үрдісiнде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың келесi мүмкiндiктерi ұсынылады:

- ақпараттық мәдениет элементтерiн қалыптастыруда бiлiм мекемелерi мамандарының қажеттiлiгiн қанағаттандыру: информатика, ақпараттық және желiлiк технологиялар саласы бойынша жаңа бiлiмдер алу;

-    информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау;

- балабақша қызметкерлерiн, бiлiм беру жүйесiн басқару мамандарын және пән мұғалiмдерiн жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге үйрету;

-  информатика пәнiн оқытудың өзекті мәселелерi бойынша информатика мұғалiмдерi үшiн стажировка өткiзу және оны ұйымдастыру;

-    қашықтан оқыту формаларына мұғалiмдердiң қызметiн бағыттау;

Бақылау сұрақтары

1.      Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты

2.      Бiлiм берудi ақпараттандыру үрдісiнің мұғалiмдік мамандық сапасына қойған талаптары қандай?

3.      Оқу үрдісiнде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың мүмкiндiктерi қандай?

Негізгі әдебиеттер:              [3, 4, 5, 14, 16] 

 

Қосымша әдебиеттер:       [24, 25, 26] 


Ұқсас жұмыстар

Информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен, психологиямен және информатика ғылымымен байланысы
Информатиканы мектепте оқытудың жалпы мәселелері
ИНФОРМАТИКАНЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Жекелеме пәндерді оқытудағы ақпараттық технологиялар
Информатика хрестоматиясына қойылатын талаптар
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ Бастауышты оқытудың әдістемесі мен педагогикасы мамандығы үшін
Операциялық жүйені оқыту әдістемесі
Информатиканы оқыту әдістері
Мектепте информатика пәнін оқыту әдістемесі
Мектеп журналының электрондык түрі