№1 СӨЖ


№1 жұмыс

Тақырыбы:                         «Ақпарат және информатика ғылымы» тақырыбын оқыту әдістемесі

Мақсаты:                 «Ақпарат және информатика ғылымы» тақырыбын оқытуды ұйымдастыру. Тақырыптық үлгі жоспармен танысу. Оқушы біліміне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақ жоспарын жасау.

Теориялық түсініктеме

«Ақпарат және информатика ғылымы» тақырыбы мектептегі  информатиканың базалық курсының 7-сыныбында қарастырылады. Күнтізбелік жоспар бойынша 2-ші, 3-ші және 4-ші сабақ  және 8-сыныпта 2-ші сабақ болып  І оқу тоқсанында өтіледі.

№2 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Табиғатта ақпарат ұғымы. Ақпарат түрлері. Ақпарат көзі, қабылдаушы мен жеткізу ортасы. Ақпараттық процестер (үрдістер). Ақпаратты қабылдауы.

Бағдарламалық-дидактикалық қамсыздандыру

Оқулық.

Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты.

Ақпарат ұғымымен, оның түрлерімен, үлгілерімен және өңдеу тәсілдерімен таныстыру. Арнаулы, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру. Бейнелік және таңбалы ақпаратты ажырата білуге үйрету. Таңбалы аұпаратты кодтау тәсілдерімен таныстыру.

Сабаұтың типі:

Пікірлесіп – түсіндіру.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

Оқушылар білуі тиіс:

-                           ақпарат ұғымын;

-                           ақпарат формаларын;

-                           ақпарат көздерін;

-                           ақпарат типтері мен қасиеттерін;

-                           ақпаратты өңдеу тәсілдерін;

-                           ақпаратты кодтау тәсілдерін.

Оқушылар үйренуі тиіс:

 - тірі табиғатта, техникада, қоғам мен адам іс-әрекетінде ақпараттарды жеткізу, сақтау және өңдеу тәсілдерінің мысалын келтіру.

Ақпаратты түрлендіру

№3 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Адам ақпаратты қалай алады. Ақпаратты кодтау. ASCII коды.

Бағдарламалық-дидактикалық қамсыздандыру

Оқулық.

Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты.

Оқушылардың ақпаратты техникалық құралдар мен  дербес компьютердің көмегімен беру, сақтау, және ұсыну тәсілдерімен, қабылданған екілік, оналтылық санау жүйелері мен  ASCII кодтарымен  таныстыру.

Сабақтың типі:

Пікірлесіп – түсіндіру.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

Оқушылар білуі тиіс:

ақпаратты ұсыну, беру және сақтау тәсілдерін;

техникалық ақпарат беру құралдарын;

техникалық ақпарат сқатау құралдарын;

компьютер ақпараттың қандай түрлерін өңдейтінін;

екілік, оналтылық санау жүйелері мен ASCII кодтары арқылы кодтау тәсілдерін;   

бит пен байт деген не екенін;

аналогтық пен дискреттік сигналдардың айырмашылығын.

Оқушылар үйренуі тиіс:

дербес компьютердің көмегімен ақпаратты өңдеу, сақтау және жіберу мысалдарын келтіруді;

қарапайым хабарларды кодтау мен кері кодтауды;

әр түрлі ақпараттық процестердегі сигналдар табиғатын анықтауды;

ақпарат тасымалдауға жауапты ақпараттық процестің параметрлерін анықтауды.    

№4 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Ақпарат және оны бағалау

Бағдарламалық-дидактикалық қамсыздандыру

Оқулық.

Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты.

Оқушылардың ақпарат түсінігіне адамның және техникалық көқарасы бойынша қандай мән берілетінімен таныстыру. Хабарлардың ақпараттық көлемін есептеуге үйрету.

Сабақтың типі:

Пікірлесіп – түсіндіру.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

Оқушылар білуі тиіс:

алынған хабарды қай кезде ақпарат деп санауға болатынын, қай кезде болмайтынын;

ақпараттың қанадй қасиеттері бар екенін;

ақпаратты өлшеу бірліктерін.

Оқушылар үйренуі тиіс:

ақпараттың пайдалы, жаңа, әділ, толық түрлерінің мысалдарын келтіруді;

хабардың ақпараттық көлемін анықтауды.    

Теориялық материялдарды түсіндіру, жұмыс дәптерінде берілген тапсырмаларды орындаумен кезектестіріледі.Бізді қоршаған әлемнің ең маңызды мәні зат, энергия мен ақпарат болып табылады. Зат пен энергия сияқты ақпараттың да мәні өте зор. Оның өсімдіктердің, жануарлардың адам мен жалпы адамзат қоғамының өміріндегі мәні олардан кем емес. Ақпарат бұл тек кітаптардан, газет мақалаларынан немесе берілген жаңалықтардан алынған мәліметтер ғана емес, күрделі биологиялық молекулалардың құрылымында, радиосигналдар мен кілт рельефінде сақталатын мәліметтер болып табылады.Дегенмен, ақпарат ұғымы ғылымдар шегінде анықталмайтын ұғым болып табылады. Бұл ұғым тек материалдық ақпарат тасуыш, ақпарат көзі, ақпарат жеткізуші, оны қабылдаушы, көзі мен қабылдаушы арасындағы байланыс арнасы барын ұйғарады деп пайымдауға болады. Бұл ұғым бірі қалмастан, барлық салаларда: философияда, жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдарда, биологияда, медицина мен физиологияда, адам мен жануарлар психологиясында, социологияда, өнерде, техникада, экономикада және күнделікті өмірде пайдаланылады. Ақпарат туралы былай айтуға болады: ақпарат бұл бізді қоршаған әлемді таңбалар мен сигналдардың көмегімен бейнелеу деп пайымдауға болады. Кім ақпарат хабарласа сол ақпарат көзі болып табылады. Мысалы, мұғалім, оқушы сарқырама, шуылы, т.б. Кімде-кім ақпаратты қабылдап алса, онда ол ақпарат қабылдаушы болып табылады , Мысалы, адам, жануар, өсімдік, т.б.

Адамның барлық іс-әрекеті кез-келген уақытта ақпарат алумен байланысты: көріп – ақпарат аламыз, естіп, зат ұстап, ас ішіп, иіскеп те ақпарат аламыз. Ақпаратты бізді қоршаған заттар мен құралдар береді: кітаптар, журналдар, газеттер, теледидар, радио, т.б. Адамдардың үйдегі, мектептегі, жұмыстағы және көшедегі бір-бірімен қарым-қатынасы – бұл ақпарат беруі.

Ақпарат түрлері

Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық-саясаттық, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, химия-биологиялық, т.б.

Мұнымен қатар ақпарат өзінің сипаты бойынша:

1.   статикалық (тұрақты) немесе динамикалық (айнымалы);

2.   алғашқы (кірістік), туынды (аралық) немесе шығыстық;

3.   басқарушы және мәлімет беруші;

4.   объективті және субъективті

болуы мүмкін.

Ақпарат қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: толықтық, сенімділік (анықтық), бағағылық, маңыздылық (актуадлық), айқындылық, қысқалық, нанымдылық.

Басқа сөзбен айтқанда адам ақпаратты сигнал немесе таңба түрінде береді, өңдейді және қабылдайды. Сигнал жарық, дыбысты (радиотолқындар), электромагниттік, биохимиялық, т.б. бола алады.

Сигналды бірнеше типтерге бөлуге болады:

1.Физикалық табиғаты бойынша электромагниттік, арық жылылық, дыбыс, механикалық, биохимиялық;

2.Қабылдау тәсілі бойынша көру, есту, дәмді сезу, аурулық, физиологиялық.

Белгі деп кез келген тілдін алфавитін, ым-ишарат тілдерінің белгілерін, кез келген кодтар немесе шифрларды, ноталық белгішелерін т.б. санауға болады. Ақпаратты өңдеу процесі ақпаратты тасушы мен ақпаратты беру мен ақпаратты өңдеу құралдарының болуын ескереді.

Ақпаратты тасушы оны сақтайды, оған бұл ақпаратқа сәйкес таңбаны немесе сигналды жазуға болады. Ақпаратты беру құралы – бұл адам, тілдері, телекоммуникация құралдары, тірі табиғаттағы биохимиялық процестер т.б.

Адам ақпаратты кем дегенде үш деңгейде өңдей алады, атап айтқанда: физиологиялық деңгейде (сезім мүшелері), ақылмен ойлау деңгейде, аңдаусыздық деңгейде. Бұдан басқа адам өз ұрпақтарына гендер арқылы тұқым қуалау ақпараттарын береді.

8 –сынып. Ақпарат және информатика.

2 – сабақ

Сабақ тақырыбы

Ақпарат.Ақпараттық процесс.Ақпарат қасиеттері.Ақпарат мөлшері. Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпарат және басқару. Информатика.

Программалық дидактикалық қамтылу.

Оқулық.

Практикум (жұмыс дәптері).

Сабақ мақсаты.

Ақпарат,ақпараттық процестер, әлемнің ақпараттық бейнесі туралы оқушылардың білімін тереңдету.

Сабақ типі.

Түсіндіру, әңгімелесу.

Білім мен білікке қойылатын талаптар.

Оқушы білуі тиіс:

ақпараттың не екенін, ақпараттың қасиеттерін;

ақпараттық процесс ұғымын;

кодтың және ақпаратты кодтаудың міндетін;

ақпаратты өлшеудің негізгі бірліктерін.

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

адам іс- әрекетінің, тірі табиғаттың және техниканың әр түрлі саласындағы ақпарат пен ақпараттық процестерге мысал келтіруді;

ақпараттық процес түрлерін анықтауды;

ақпараттық қоғамның қалыптасуын сипаттауға мысал келтіруді.

Сабақ жоспары.

     Теориялық материалды оқып- үйрену жұмыс дәптерінде тапсырма орындаумен кезектесіп отырады.

     Алдымен 7-сынып курсынан оқу материалын қайталау ұсынылады.

      Қайталау сұрақтары:

      1.Ақпарат деген не?

      2. Қандай ақпараттық процестерді білесіңдер?

      3. Ақпарат қандай қасиеттерге ие болуы тиіс?

     4. Ақпарат мөлшерін қалай бағалауға болады (хабардың ақпараттық көлемі неге тең?).

    5. Ақпаратты өлшеудің қандай бірліктерін білесіңдер?

    6. Ақпаратты кодтау, кодтаушы кесте деген не?

    7. ASC II коды деген не?

 Оқу материалын қайталағаннан кейін (1.1- тақырыпты) оқып- үйрену ұсынылады. Материалды бекіту үшін 1.1-1.5- тапсырмаларды жұмыс дәптерлерінде орындату керек.

ӘЛЕМНІҢ АҚПАРАТТЫҚ БЕЙНЕСІ

Тапсырмалар:

Мектеп оқулығы мен дидактикалық материалдар жинағын пайдалана отырып, келесі тапсырмаларды орында.

1.        «Ақпарат және информатика ғылымы» тақырыбы бойынша сабақ жоспарының үлгісін дайында.

2.        Көрнекі – дидактикалық материалдарын дайында.

3.        Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықта.

Бақылау сұрақтары:

1.    Ақпарат және информатика ғылымы тақырыбы мектептің қай сыныбында оқытылады?

2.    Осы тақырыпқа бөлінген сағат көлемі қандай?

3.    «Ақпарат және информатика ғылымы» тақырыбының мақсаты?

4.    Осы сабақты қандай программалық және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етуге болады?

5.    Сабақ қандай типте өтеді?

6.    Оқушылардың білімі мен біліктіліктеріне қойылатын талаптар.


Ұқсас жұмыстар

Жоғарғы оқу орындарындағы кредиттік оқыту жүйесі ғылыми-педагогикалық негіздері
Бақылау жұмысы
СӨЖ тапсырмаларына қойылатын талаптар
Бағдарламалық бақылау сұрақтарына жауап бермегенде
Кредиттік технология жүйесі бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ережесі
Қазіргі жаратылыстану концепцияларын терең меңгеру
Пән атауы Қазақ тілі стилистикасы
Студенттердін өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға әдістемелік нұскау
Пәннің саясаты
Тақырып таңдау, СӨЖ ОСӨЖ жоспарын құру және әдебиеттермен жұмыс