12-тақырып. Сынып жетекшісінің іс – әрекеті.
Мақсаты: Сынып жетекшісінің тәрбие жүйесінде негізгі рөлін және сынып жетекшісінің педагогикалық процестегі орнын анықтау.
Жоспар:
Тәрбие жұмысын басқарудағы сынып жетекшісінің рөлі.
Сынып жетекшісі және оның негізгі қызметтері.
Сынып жетекшісінің пегагогикалық процестегі орыны.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Мектептің тәрбиелік жүйесінің негізгі қызметтерін сипаттаңыз..
2. Сынып жетекшісінің тәрбие жүйесінде негізгі рөлі қандай?
3. Сынып жетекшісінің қызметін атаңыз.
3.Сынып жетекшісінің педагогикалық процестегі орнын анықтаңыз.
Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды,сонымен бірге оларды тәрбиелейді.Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесші болып саналады. Сондықтан да ол қиын әрі жауапты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізігі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады. Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға өте қажет.Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол – сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады.Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардың демалысына қатысты мәселелері,алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл –күй жағдайлары жүзеге асырылады.
2. Сынып жетекшісінің жұмысының негізігі мақсаты- мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге ықпал жасау.Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын,адамгершілік қасиеттерін,еңбекке деген сүйіспеншілігін қаматамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу.
Сынып жетекшісінің міндеті- сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай?
1.Сныптағы оқушылардың талап –тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты танып білу.
2.Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.
3.Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру.
4.Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.
5.Оқушылардың ата –аналармен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты педпгогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.
6.Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
7.Тәрбие мен өзін -өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
8. Тәрбие қызметінің тұтасытығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қаматамасыз ету.
9. Тәрбиенің негізгі бастауы – ұлттық тәләм – тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру.
Сынып жетекшісінің қызметі.
Мұғалім, белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда,өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады.Соған сәйкес оның қызметі 3 бағытта қаратыруға болады.
1.Педагогикалық және әлеуметтік- гуманитарлық.
Оның бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу: оның әлеуметтін қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға,баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оның әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен, тәрбиенің басқа да мекемелерімен тығыз байланыс орнату. Рухани- адамгершілік және рухани – эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.
2.Ұйымдастырушылық қызметі.
Тәрбие процесін ұйымдастыру. Балалардың орынды талап-тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскр сынып ұжыман қалыптастыру.
3.Оқушылардың жалпы әрекетін басқару.
Оған: нақтамалық,мақсат қоюшылық, жоспарлау, жобалау, бақылау және түзету енгізіп отыру қызметін жатқызуға болады.
Бүгінде сынып жетекшілері өздерінің педагогикалық қызметінің көлемінің тым ұлғайып бара жатқанын айтады. Ол бір жағдайда, барлық жерде балалар ұйымы (октябрят, пионер, комсомол) жұмысының тоқтауымен байланысты болса, ал екінші жағдайда, көптеген мектептен тыс балалар мекмелері қызметінің ақылы жүйеге ауысуы да кері әсерін тигізуде. Соған орай, мүмкіншілігі жоқ кейбір балалар тобы, оның қызметін көре алмауда. Ол сынып жетекшісі үшін де қосымша жұмыс болып табылады. Оның орнын толтыру, ендігі жерде сынып жетекшілерінің басты мәселесі болып отыр.
Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндеті- оқушылардың жеке басын қоғамның талабына сай тәрбиелеу.Бұл міндетті орындау, әдетте оқушылар ұжымын қалыптастырудан басталады.Мектеп құрылымындағы ең тұрақты ұжым болып- сынып ұжымы есептелінеді. Соның негізінде оқушылардың негізгі оқу әрекеті жүзеге асады. Тек сынып ұжымында ғана оқушылар арасында өзара байланыс және қарым- қатынасытң алғышарттары пайда болып, берік қалыптасады. Соның шеңберінде жалпы мектеп ұжымының іргесі қаланады.
Олай болса, оқушылар ұжымы деп- ортақ әлуметтік маңызы бар мақсатқа біріккен, соған сай белсенді әрекет ететін және ортақ сайланбалы ұйымы бар, барлық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері бірдей және өзара жауапкершілікке негізделген оқушылар тобын айтамыз.
Сынып жетекшісі оқушылар ұжымын құруда, олардың сапалы білім мен саналы тәртібін қамтамасыз етудің маңызы ерекше. Саналы тәртіп болмаған жерде сапалы білім алу болмайды. Бұлар бір- бірімен өзара тығыз байланысты болып келеді.
Саналы тәртіп- мақсатты тәртіп. Ол қоғамның мақсатымен ұштасады. Саналы тәртіпке тән сипат- өз мақсатын қоғам мақсатына, жеке бастың мүддесін, оқушылар ұжымының мүддесіне бағындыра білу.
Оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеудегі негізгі міндет- білім алу мен оқу әрекетінің сапасын үнемі арттырып отыру. Сынып жетекшісінің шеберлігі дегеніміз- оқушылар ұжымының алдына қызықты мақсат қойып, ұжымдық іске ұйытқы бола білуінде, әрі оны ұйымдастыруда ғы білімі мен қабілеті.
Оқушылардың оқу- тәрбие процесіндегі әрекеттерін жандандыруда сынып жетекшісі белсенділер тобына арқа сүйейді. Бұл сынып жетекшісінің ұжымды топтпастырудағы атқаратын жұмысының маңызды екінші кезеңі.
Сынып белсенділері бір жағдайда үлгілі оқушылар болса, екінші жағдайда қоғамдық тапсырмаларды атқара алатын қабілетті балалар тобы. Олар- ұжымның ұйытқысы.
Сынып белсенділері неғұрлым күшті болса сынып жетекшісіне тәрбие жұмысын ұйымдастыруда соғұрлым жеңіл болады.
Оқу- тәрбие жұмысының барысында оқушылардың сана- сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету – сынып жетекшісінің негізгі міндеттерінің бірі. Ол әрбір оқушыны білімге , өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын айқындайды, өзін- өзі тәрбиелеуге сай осы бағыттағы жұмыстарын ұйымдастырып, ақыл-кеңес беріп отырады.
Оқушылардың санасы мен белсенділіктерін арттыруды, оларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатыстыру, тапсырмалар берудің ықпалы және тәрбиелік мәні зор.Қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындау барысында оқушыларда жаууапкершілік пен іскерлік қасиеттері қалыптасады.
Оқу- тәрбие жұмысының барысында оқушылардың сана- сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету- сынып жетекшісінің негізгі міндеттерінің бірі. Ол әрбір оқушыны білімге, өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын анықтайды, өзін- өзі тәрбиелеуге сай осы бағыттағы жұмыстарын ұйымдастырып, ақыл- кеңес беріп отырады.
Оқушылар ұжымын қалыптастыруда оның жекелеген мүшелерінің өзін- өзі тәрбиелеуі маңызды.Өзін- өзі тәрбиелеу – баланың белгілі бір нақты мақсат көздеген саналы әрекетінің нәтижесі.
Оқушылардың өзін- өзі басқаруы- олардың мектеп жағдайындағы өмірлерін ұйымдастырудың басқа формаларына қарағанда демократиялық тұрғыдағы түрі.
Оқушылардың өзін- өзі басқаруын дамыту сынып ұжымын басқару жүйесінен өзін- өзі дербес басқару жүйесіне көшуді қамтамасыз ететін біртіндеп өзгермелі үздіксіз сапалы процесс.
Әдебиеттері:
1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж
2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.
3.Сынып жетекшісі Қожахметов К. Алматы, 2001.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының әдістемесі
“Мектеп педагогикасы” пәні бойынша типтік бағдарлама
Оқушылардың тәрбиелік деңгейін бағалау көрсеткіштері
Сынып жетекшісінің қызметі
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін үздіксіз педагогикалық практика арқылы даярлау
Сынып ұжымымен тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі
Сынып ұжымын ұйымдастыру
Жеткіншектердің тіл мәдениетін қалыптастыру мәселесінің практика жүзінде шешілуі
Үздіксіз педагогикалық тәжірибе (ҮПТ) міндеттері
Үздіксіз педагогикалық тәжірибе міндеттері