Сөж және СОЖӨЖ тақырыптары мен мазмұны
СӨЖ тақырыптары мен мазмұны
Тақырыбы |
Бақылау түрі |
Орындау көлемі мен түрі |
Балл |
тапсыру мерзімі. |
|
1 |
Экономикалық ойдың дамуының негізгі сатылары |
конспект |
Әрбір кезеңдердің концепциясын 5-7 сөйлеммен білдіру (өкілдері,атаулы күндер, негізгі идея) |
3 |
3 апта |
2 |
Қоғамның экономикалық ұйымдарының негізгі сұрақтары. |
баяндама |
Өзінің тауарын немесе қызметін ұсыну, НЕ? ҚАЛАЙ? КІМ ҮШІН ӨНДІРУ? сұрақтарына жауап беру. А-4 бетінде көрсету. |
10 |
6 апта |
3 |
Әлемдік шаруашылық |
эссе |
Қазақстан Республикасының әлемдік экономикадағы рөлі |
5 |
9 апта |
4 |
Тақырыптар тізімін қарау |
Реферат |
компьютерде терілген 8-10 бет көлемінде |
10 |
13 апта |
Реферат тақырыптары
1. Әлеуметтік реттелетін нарықтық экономика.
2. Экономикалық жүйе және оның модельдері.
3. Нарық механизмінің жағымды және жағымсыз жақтарының әрекеті.
4. Маржинализм тұтынушылық іс-әрекеттің ілімі ретінде.
5. Тұтынушылық таңдау және оны анықтайтын факторлар.
6. ҚР-ғы кәсіпкерліктің дамуы.
7. ҚР-ғы мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру.
8. Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның модельдері.
9. Ұлттық экономика масштабындағы тұтыну мен жинақтау.
10. Д.М.Кейнс және оның экономиканы мемлекеттік реттеу туралы тұжырымдары.
11. ҚР-дағы жұмыссыздық проблемалары мен күресу әдістері..
12. Инфляцияның себебі, түрлері мен әлеуметтік экономикалық салдары.
13. Инфляцияға қарсы саясат. Филлипс қисығы.
14. Салықтық реттеу және салықтардың экономикалық ролі.
15. Құнды қағаздар нарығы.
16. Әлемдік валюта жүйесінің даму кезеңдері.
17. Ғаламдық экономикалық мәселелер.
18. Маркетинг, мәні, мақсаты, құралдары, бағыттары.
19. Менеджмент, маңызы және оның түрлері.
20. Қор биржасы, оның қызмет ету механизмі.
Реферат және баяндама жазудың әдістемелік нұсқаулары
Реферат жазудың мақсаты – ол студенттің өзінше мәселені зерттеп, талдау жұмысын жүргізе алу.
Реферат келесі талаптарға сай болу керек:
- Теориялық мәселелер Қазақстан Республикасының құқық және экономика проблемаларымен байланысты болу керек;
Ол үшін статистикалық жинақтар, баспасөз материалдарының мәлеметтерінің қолдану керек. Алған мәлеметтерді жүйелеп, таблица, кесте, сүрет ретінде келтіру.
- Жинақталып, өңделген ақпараттың баяндалуы, жүргізген жұмыстың нәтежиесі нақты, логикалық жүйеде жазылу керек.
- Әдебиеттер тізімің дұрыс келтіру.
Реферат және баяндама жазудың мақсаттары –студенттің өзінше мәселені зерттеп, талдау жұмысын жүргізе алуы.
Реферат және баяндама келесі талаптарға сай болу керек:
- Теориялық мәселелерді Қазақстан Республикасының құқық және экономика проблемаларымен байланыстыра білу керек.;
Ол үшін статистикалық жинақтар, монографиялар, баспасөз материалдарының мәлеметтерін қолдану қажет. Алған мәлеметтерді жүйелеп, кесте, график ретінде келтірген жөн.
- Жинақталып, өңделген ақпараттың баяндалуы, жүргізген жұмыстың нәтежиесі нақты, логикалық жүйеде жазылу керек.
- Әдебиеттер тізімің талапқа сай дұрыс келтіру.
«Экономикалық теория негіздері» пәнін оқу кезінде кредиттік жүйеде оқитын әрбір студент реферат және баяндама түрінде СӨЖ орындайды. СӨЖ орындауға кірісер алдында, студент өзінің рефератының, баяндамасының тақырыптарын зерттеуі қажет. Азат жол бес белгіге немесе 15 -17 мм тең болуы керек. Тақырыпшалар мәтінен жоғарғы және төменгі жағынан бір жолмен бөлінеді.
Рефераттың, баяндаманың жалпы көлемі қосымшаларды қоспағанда 6 беттен кем болмауы тиіс. Жұмыстың бетерінде ешқандай шимайлар болмауы тиіс, жол арасында қосымша жазылған сөздер, сызылған сөздер, түзетулер рұқсат етілмейді. Сонымен қатар жалпы қабылданаған сөздерден басқа сөздерді, сөз тіркестерін қысқартуға болмайды.
Реферат қысқаша мазмұннан немесе жоспардан басталуы керек. Рефераттың соңында тізімде оқулықтар, оқу құралдары, мерзімдік баспа материалдары барлық мәліметері көрсетіліп жазылады және мерзімі мен қолы қойылады.
Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттердің зерттеу жұмыстарын орындау
Жазбаша жұмыстардың ұсынылатын тақырыптары оқылатын пәннің маңызды және барынша өзекті мәселелеріне негізделген. Курстық жұмыстарды жазу студенттердің макроэкономика курсы пәнін оқу процессінде алған практикалық білімдерін тереңдетіп, бекітуге мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстарды дайындау кезінде сәйкес тақырыптарға байланысты қарастырылатын сұрақтарды нақтылау үшін оқулықты пайдаланып, институт кітапханасының базасында бар барлық әдебиеттер тізімін қарастырып, барлық қолда бар басылымдарды және басқа да ақпарат көздерін қолдану қажет.
Курстық жұмыстардың тақырыптары бітіру жұмыстарының тақырыптарын таңдауға негіз бола алады, ал бітіру жұмыстарының тақырыптары ғылыми жетекшімен бірігіп, студенттердің алдағы жұмыс орнына және оның бұрын орындаған курстық жұмыстарының тақырыптарына байланысты анықталады.
Зерттеу жұмысына қойылатын талаптар :
1. Зерттеу жұмысы өз еркімен таңдап алған тақырыпқа және құрылған жоспарға сәйкес өз бетімен орындалады.
2.Зертеу жұмысының міндетті шарты статистикалық мәліметтер, газет,журналдардың және басқа да мерзімдік басылымдардың мақалаларын, INTERNET- желінің мәліметтерін қолдану болып табылады.
3 Кіріспеде (көлемі - 1 бет) мәселе қойылады, оның мәні, мәселенің мақсаттары мен міндеттері, зерттеу әдістемесі анықталады. Бірінші бөлім ( көлемі шамамен-3-4 бет) теориялық бөлім және таңдалынған тақырып бойынша әдебиеттерге шолу арқылы зерттеуді негіздеу болып табылады. Теориялық сұрақтарды мазмұндау қарастырылған әдебиеттерге қысқаша шолу түрінде болу керек. Екінші бөлім (көлемі шамамен-5-7 бет) мәні, мазмұны және көлемі жағынан негізгі бөлім. Екінші бөлімде қолданылған статистикалық мәліметтер негізінде зерттелетін мәселеге талдау жүргізіп, (SWOT-талдау әдісін қолданған дұрыс) іс жүзінде мысалдар келтіру қажет. Үшінші бөлім ( көлемі шамамен-3-4 бет) –нұсқау түрінде, зерттеу жүргізген тақырып мәліметтері арқылы қортынды мен ұсыныстардан тұрады, Қазақстандағы нақты жағдайларды есепке алып, шетел тәжірибелерін қолданудың мүкіндіктерін қарастырады. Қортынды (көлемі - 1 бет) – зерттеудің барлық теориялық және практикалық нәтижелерін жалпылап, анықталған мәселелер бойынша нақты ұсыныстар жасайды.
4.Зерттеу жұмысының жалпы көлемі компьютермен тергенде (12 шрифт, жол арасы 1) және кесте, графиктер және қосымшаларды қосқанда 15-20 беттен аспауы керек. Жұмыс жеке беттерде (шеттері: жоғарғы жағы -2 см, төменгі жағы-2 см, оң жағы-1 см, сол жағы-2.5 см) орындалады.
5.Жұмыста келтірілген цитаталар мен сандық мәліметтерге әдебиеттер тізімі бойынша қолданылған әдебиеттің реттік санын және бетін көрсетіп міндетті түрде сілтеме жасалады., мысалы: «…………» (5, бет 321). Жол аяғындағы ескертуде келтірілетін сілтеме араб цифрыен белгіленіп, әдебиеттер тізіміндегідей рәсімделеді: автордың аты-жөні, тегі, жұмыстың толық атауы, шыққан жері, баспасы, шыққан жылы мен беті көрсетіледі. Берілген әдебиетті қайтадан қолданғанда шыққан жері, баспасы, шыққан жылы жазылмайды.
6.Қосымша ретінде схемалар, графиктер, суреттер мен фотолар қолданылуы мүмкін.
7.Зерттеу жұмысы қолжазба түрінде орындалуы мүмкін. Жұмыс сауатты, таза жазылып, бөлімдер міндетті түрде бөлек көрсетіліп, беттері белгіленеді. Қабылданған сөздерден (США, ҚР және т.б).басқа сөздер қысқартылмай толық жазылады.
8.Жұмыстың аяғында міндетті түрде библиографиялық рәсімдеу ережелерін сақтай отырып қолданылған әдебиетер тізімін ( 5 әдеби көзден кем емес) келтіру керек. Жұмыс оқу аяқталғанға 15 күн қалғанға дейін тапсырылады. Көрсетілген мерзімнен кейін тапсырылған жұмыстың бағасы 5 % төмендейді.
9.Әрбір тыңдаушы зерттеу жұмысын оқудың соңғы жұмасында таныстырады. Жұмысты таныстыруға 5-7 минут және 5 минут талдауға беріледі.
10.Зерттеу жұмысының құрылымы келесідей элементтерден тұруы тиіс:
1) Сыртқы беті
2) мазмұны
3) кіріспе
4) 1 бөлім
5) 2 бөлім
6) 3 бөлім
7) қортынды
8) қолданылған әдебиеттер тізімі
9) қосымшалар
Ескерту: Кіріспе және Қорытынды нөмірленбейді.
Күздік бидай және қара бидай
СӨЖ тапсырмаларына қойылатын талаптар
Халықаралық жария құқығы пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын орындауына арналған әдістемелік нұсқау
Әлем бейнесі және әлемнің тілдік бейнесі ұғымдары
МДҰ әдістемелік кабинет
Пәннің саясаты
ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Студенттердің өз бетімен жұмыс жасау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру
Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша әдістемелік нұсқаулар
Студенттің өздігінен орындайтын жұмысы – кәсіби білім алу негізі