Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар

Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар

Семинар (сарамандық) сабақтар – оқу сабақтарының бір формасы, ол студенттің өз бетімен дамуына, дағдылар қалыптастыруына бағытталған. Пән бойынша практикалық сабақтар семинар (сарамандық) сабақ түрінде өтеді, бұл суденттердің ғылыми әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеудің практикалық  дағдыларын қалыптастыруға және көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін алуға мүмкіндік береді.«Экономикалық теория негіздері» пәні  бойынша семинар сабақтары экономикалық білімді нығайтудың  негізгі  жолы болып табылады. Семинар сабағында студент тақырып бойынша берілген сұрақтарға жауап тауып қана қоймай оны қорытып дұрыс жеткізе білуі қажет. Семинар сабағында студент өзінің дәріс сабағында алған білім деңгейін тереңдетуге, талқыланып отырған тақырыпқа қатысты өзінің көзқарасын білдіруге мүмкіндік алады.Семинар сабағына дайындалу барысында  жаңа термин сөздерге мән беріп, оны есте сақтауға тырысу керек.

         Студент  семинар сабағына  дайындалуға ұсынылған әдебиеттерді  мұқият саралауы керек және ол ұсынылған әдебиеттермен шектеліп қана қоймай, сонымен бірге  өз тарапынан ізденіп  баспа материалдарын да қарастыруы қажет. Келесі мерзімді баспалардағы қосымша материалдарды қарастыру ұсынылады: Транзитная экономика, АльПари, Информационный бюллетень, Бизнес в Казахстане, Саясат және т.б.

СТУДЕНТТІК ОҚЫТУШЫМЕН ЖҮРГІЗЕТІН ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА (СОЖӨЖ)  ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

        СОЖӨЖ – студенттің дәріс, практикалық сабақтар барысында алынған білімдерін  бекітуге мүмкіндік беретін әдістердің бірі. Болашақ маман ретінде студент игерген білімді өз бетімен жүзеге асыра білуі керек. Бұл үшін студент талмай ізденіп, білім деңгейін тереңдету үшін  ұсынылған  әдебиеттерді жете саралап, сабаққа мұқият дайындалуы қажет.

         СОЖӨЖ   тапсырмаларын  орындау барысында  студент нормативті актілермен  тығыз жұмыс жасауға мүмкіндік алады. Бұл салада түсініксіз сұрақтарды оқытушыдан сұраған жөн, себебі заңның тілі қиын тіл, ол талқылауды қажет етеді, ол  студенттің жоғары деңгейдегі білімін қажет етеді.

         СОЖӨЖ  тапсырмалары студенттің логикалық терең ойлауын өажет етеді. Тапсырмалар жүйесі әр түрлі: ситуациялық есептер, кестелер құрастыру, заңнамаларға талдау жасау т.с.с.

СОЖӨЖ  тапсырмаларын студент грамматикалық сауатты орындауы қажет.  СОЖӨЖ  тапсырмаларын орындағаннан кейін студент оны оқытушы алдында қорғайды. СОЖӨЖ  тапсырмалары бойынша слайдтар құрастырып, презентация ретінде  қорғауға болады.  СОЖӨЖ  тапсырмаларын қорғауда студенттің ғылыми терминдерді қолдануы қажет, яғни студент өзінің ғылыми ойлау дәрежесін арттыруы керек.

1. Студенттің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға   арналған әдістемелік нұсқаулар  (оқытушылар таңдауы).

СӨЖ – тақырыптарына немесе тарауларына:

Тақырыпта  немесе тарауында кездесетін анықтамаларды айқындау, қысқаша (0,5 беттен аспайтын) эссе жазу.

Тақырып бойынша әдебиеттерден, интернеттен алынған материалдар негізінде қысқаша түсініктеме жазу (1-2 бет).

Глоссарий жазу – ұғымдар мен терминдер анықтамасын  түсіндіріп жазу.

Презентация – таңдаған тақырыбы бойынша студенттің өз ойын – пікірін дүниетануын  білдіруі және оны қорғауы. Презентация тақырыпты қалай айқындауы,  ашуы, қызықтыруымен  бағаланады (8-10 минут).

Іскерлік ойын –Болашақ мамандығына қажетті дағдыларды қалыптастыру мақсатында келешек мамандығында атқаратын жұмыстарын ойын ретінде белгілі рольде, топта ойнау (алдын-ала дайындалу керек).

Айқындап жағдайды үйрену  нақты жағдайларда қойылатын сұрақтарға өз ойынша жауап беру немесе жауаптарды өзінше жобалау.

Топтық жоба, 4-5 студенттен  құралған топтар, оқу материалы бойынша өз жобаларын жасап, оларды қорғайды. КТК  (КВН) түрінде өткізуге болады.

Жеке жоба    маңызды және өте қызық ғылыми зерттеулер нәтижелері, жетістіктерді қамтитын баяндамалар білім деңгейі жоғары студенттер ұсынысы бойынша тақырыпқа сәйкес жасалады.

Тақырып бойынша өзін-өзі тексеру сұрақтарына ауызша жауап беру (10-15 минут). Жауапттар  тақырып қалай ашылғандығына (айқындағанына)  және басқаларды қалай қызықтырғанына байланысты бағаланады.

Жазба жұмыстары. модуль бойынша рейтинг бақылау сұрақтарына жазба түрде жауап жазу.

Тесттер тақырып соңында студенттердің білім деңгейін анықтау үшін 5 минутта өткізілетін тест сұрақтары.

Кейстер құру – жағдайды талдау әдісіне негізделіп жасалынады. Студенттерге мәселелерді бейнелейтін жағдайды түсінуіне ұсынылады. Сонымен қатар мәселе көпжақты шешімге ие болады. Кейстегі әрекеттер мәселені баяндау немесе шешілуге беріледі. 

Рефераттар мен баяндамалар. Студент  немесе студенттер таңдауы бойынша пән  тараулары тақырыптарын оқып үйреніп, талдау жасап, өзінше қорытындысын шығару.

Пікір студенттер бір-бірлерінің рефераттарын талдау жасап, өз пікірлерін жазуы.

Есеп шығару әрбір студенттің есептеу сызба жұмыстары, типтік есептері, есептеу жобалау жұмыстары жазба түрде тапсырылады.

Есептер құрастыру  лекциялық тақырыпқа есептер ойлап тауып, оларды шығарып жазба түрде тапсыру.

Студенттердің білім деңгейіне байланысты тапсырмаларды жеңілдету немесе күрделі ету жоспарлану қажет. Мәселен, барлық студенттерге кейсті талдау тапсырылса,  дайындығы жоғары (1 немес 2) студентке кейс жазуды тапсыруға болады.

         Барлық СӨЖ тапсырмалары уақытылы тапсырылуы қажет; уақытында тапсырылмаған тапсырмалар төмендетіп бағаланады (әрбір тапсырмадан кешіккен күніне 0,1 балл алып тастау).

         СӨЖ ұйымдастыру үшін:

-         СӨЖ тапсырмаларын семестр басында студентке беру;

-         Ағымды және межелі бақылау түрлерін дайындау;

-         СӨЖ-ге кеңес беру уақытын белгілеу.

Студенттерден

а) СӨЖ тапсырмасын уақытылы орындауды;

б) белгіленген уақытта тапсыруды;

в) СӨЖ-ге үлкен жауапкершілікпен қарауды талап ету қажет.

     СӨЖ-ді  іске асыруға арналған жоғарыда ұсыныстар мен интерактивті әдістерді қолдану арқылы студенттердің білім деңгейін көтеруге болады.

Интерактивті әдістер студенттің:

-         Тыңдау және  өзара  қарым-қатынасын;

-         Басқаға жанашырлық таныту,  жанкүйерлік қабілетін дамытуды;

-         Көзқарасын дамытуды және түсінуді;

-         Белгісіз сұрақтарға жауап тауып, белгілі мәселелерді шешуді;

-         Аналитикалық  ойлау және өз ойын талқылауды қалыптастырады.


Ұқсас жұмыстар

Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби даярлауда жаңа педагогикалық технологияны пайдалану
Қазақстан тарихының орта мектепте пән ретінде оқытылуы: теориялық және методикалық негіздер (1958ж. - қазіргі кезеңге дейін)
Мұғалімнің күнделікті сабаққа дайындалуы
НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАИДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бастауыш сыныпта математиканы оқыту ерекшелігі
Біріккен сабақ
Машинажасау мамандығының білім алушыларына Машинажасау мамандығына кіріспе пәнінен студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Қазақстан тарихы курсының тәрбиелік мәні
Бапкер-оқытушыны спорт колледжі жағдайында кәсіби-педагогикалық дайындау
Нарықтық экономика және кәсіпкерлік негіздері