13. Пән бойынша глоссарий

Абиотикалық факторлар - тірі ағзаға тікелей немесе жанама әсер етуші өлі табиғаттың барлық қасиеттері.

Автотрофтар – қорек көзі ретінде бейорганикалық қосылыстарды тұтынатын ағзалар.

Климат өзгерістеріне адаптация – су және құрлық экожүйесінде, гидрологияда және су ресурстарын басқаруда, ауыл шаруашылығында және орман шаруашылығында, адам деңсаулығында климат өзгерістеріне адаптацияға үлесін қосатын істің арлық түрлері.

Аллелопатиязат алмасуда арнайы әрекеті бар химиялық заттардың (фитонцидтердің) арқасында ағзалардың өзара әрекеттесуі.

Аменсализм – бірігіп мекен етудің зардаптары екі түрдің біреуіне кері, екіншісіне – кері де оң емес болатын, түр аралық өзара қатынастардың формасы.

Антропогендік – адам әрекетінің нәтижесі немесе өнімі.

Антропогендік ластану адам әрекеті нәтижесінде болатын әр түрлі ластаушы заттардың тасталуымен байланысты. Масштабы бойынша табиғи ластанудан жоғары.

Антропогендік факторлар басқа түрлердің мекен ортасы ретінде табиғат өзгерістеріне әкелетін немесе ағзалардың тірішілігіне тікелей әсер етуші  қоғам істерінің формалары.

Антропогендік факторлар - қоршаған ортаға адам әрекетінің әсерімен байланысты табиғаттағы процестердің жүргізуші күштері.

Антропогенез – адам әрекеті әсерінен табиғи объектілердің өзінен өзі даму немесе өзгеру процесі.

Ареал – популяцияның мекен ету орны.

Атмосферабиосфераның жоғарғы шегі, әр түрлі газдардың қоспасынан,  су буларынан және шаңнан тұратын Жердің газ қабаты.

Атмосфера Жерді қоршайтын және онымен біртектес айналатын газдық қабаты.

Атмосфера – космос кеңістігімен шектелетін біздің планетамыздың ең жеңіл қабаты.

Аутбридинг – (анг. ауттыс) жақын емес будандасу (4-6 ұрпақта туыс арғы аталардың болмауы), генетикалық әр түрлі ағзалар будандасады және қажетті генетикалық алуандылық пайда болады.

Аутэкология – даралар экологиясы.

Бентос – түбіне жабысқан, лай шөгінділерінде немесе түбінде қозғалмайтын кәдімгі жануарлар.

Биогендік зат тіршілікпен немесе тірі ағзалардың біолестігімен түзілетін және өзгеруге жататын болады. Бұл аса құнды потенциалды энергияның көзі (тас көмір, битум, ізбес, мұнай).

Био­геоценоз – өсімдік, жануар, микроағзалар бірлестігінен құрылған күрделі жүйе, кеңістіктің анықталған үлескісін алып жатады, ұрпақтардың аусуында жаңарып отырады және зат айналымы есебінен ұзақ тіршілік етеді.

Белгі түрлер – биологиялық бірлестіктердің ішінде өзінің саны мен биомассасына қарамай, басқа түрлердің бірлестікте сақталу қабілеттілігін анықтаушы.

Биоиндикация – қоршаған ортада ластаушыларды немесе басқа агенттерді анықтауда аса сезгіш ағзаларды қолдану.

Биологиялық алуандылық – берілген экожүйеде, анықталған территорияда немесе барлық планетадағы түрлердің алуандылығы.

Биологиялық алуандылық бірлестік және экожүйелік деңгейі - бірлестіктермен және астыдағы деңгейлердің арасындағы өзара әрекеттесулермен құрылған биологиялық бірлестіктердің, түрлердің, экожүйелердің алуандылығы.

Биологиялық алуандылық популяциялық деңгейі - деңгейде географиялық алыстанған популяциялармен және бір популяцияның ішіндегі даралармен құрылған түрлердің генетикалық алуандылығы.

Биологиялық алуандылық түрлік деңгейі - Жер бетіндегі бактериялар мен қарапайымдылардан бастап көп клеткалы өсімдіктердің, жануарлардың, саңырауқұлақтардың дүниесіне дейін түрлердің барлығының жиынтығы.

Биологиялық ресурстар – адамға қажетті материалдық игіліктерін алу тірі көздері (қорек; өндіріс үшін шікі зат; мәдени өсімдіктердің, ауыл шаруашылық жануарлардың, микроағзалардың селекциясында материалдар; рекреациялық пайдалану).

Генофонд (ген қоры) – популяцияның, түрдің барлық генотиптерінің жиынтығы.

Жануарлар әлемі – қандай болса да территориядағы жануарлар бірлестігінің жиынтығы.

Қоршаған орта мониторингі – антропогендік әрекеттің әсерінен табиғи ортаның, табиғи ресурстардың, өсімдік және жануарлар әлемінің жағдайы мен оларда өтетін процесстерді тұрақты, берілген бағдарлама бойынша бақылау.

Нектон – суда жылдам жүзетін және судың ағысына қарсы келетін жануарлардың экологиялық тобы.

Өсімдіктер әлемі - қандай болса да территориядағы өсімдіктер бірлестігінің жиынтығы.

Планктон – гидробионттардың ерекше экологиялық тобы, суда өлшенген, жүзетін ағзалар.

Популяция – анықталаған кеңістікті көп сандық ұрпақтардың созылуындағы бір түрге жаиаиын даралардың бірлестігі. Әр бір популяция қоршаған ортаның оптималды жағдайында дамуға қабілетті (теориялық тұрғыдан шексіз ұзақ).

Фауна - жануарлардың түрлерінің бірлестігі.

Флора - өсімдіктердің түрлерінің бірлестігі.

Экожүйе – қандай болса да тірі ағзалар бірлестігі мен оның мекен ортасы, бөлек компоненттер арасында болатын өзара байланысты және себепті байланыстар негізінде бірыңғай функционалдық жиынтыққа қосылған.

Эндем(ик) – берілген географиялық аймақта ғана (континент, таудың шыңы, арал, өзең аңғары және т.б.) мекен ететін жануардың немесе өсімдіктің түрі.


Ұқсас жұмыстар

МДҰ әдістемелік кабинет
«Бастапқы есеп және құжат айналымы» пәні бойынша СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмаларын орындауға арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Пән бойынша бақылаудың негізгі формалары
JavaScript- та бағдарламалау
«Молекулалық физика курсы бойынша электрондық қабықша
Музыкалық білім берудің әдістемесі пәнінің ВУЗ – дық музыка педагогикалық мұғалімін дайындау жүйесінде алатын орны
Электрондық оқу-әдістемелік кешендері
Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Пәнді оқытудың міндеттері
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ