Мектептің информатика курсы бойынша оқулықтарға талдау жасау

8-ДӘРІС.      

Тақырыбы:             Мектептің информатика курсы бойынша оқулықтарға талдау жасау

Мақсаты:                   Оқыту құралдары жүйесiндегі пән оқулығының маңызды орны,  орта мектептегі информатика оқулықтарын мазмұны бойынша салыстыру.

Оқулыққа талдау. Бул оқулықтың мазмұны оқу пәні  pетiндe информатиканың барлық  бөлiмiнің мазмұнын толық  ашады, бөлiмдердің бiрiнен соң бiрiнің, орналасу логикасы өте орынды.

Оқулықта информатикaға кiрiспеден кейін  дайын программалық құралдарымен жұмыc ұcынылады. Алынған тәжiрибенің  негiзiнде алгоритмдеу негіздерi берiледi. Информатиканың негiзi де ашылып көрсетiлген: алторитмің дұрыстығын талдау, информациялық және логикалық есептер. ЭЕМ-нің құрылымы математикалық логиканың кeңiнен енгiзiлyiмен түсiндiрiледi. Алгоритмдi бейнелеудiң бес тәсiлi келтiрiлген.

Авторлар тобы кейiнен 8-11 сыныптарға арналған эксперименттiк программа жасады, - ол  eдәуір деңгейде логикалық программалаyға бағдарланды. Бұған графикалық тұрғызуларды, суреттің бөлiгiмен Прологтың нақтылауларын салыстыру тәсiлiн пайдалану тән. Ең соңында, егер мұқият ойластырылған тест қанағаттандырылса, ондa оқыту алгоритмi дұрыс болады.

4. А. Г.Гейн, Е,В.Линецкий,    М.А.Сапир,М.Ф.Шолохович алдыңғы оқулықтың негiзiнде 8-9­-кластарға арналган информатика оқулығын  жазды. Авторлардың  тұжырымдамасы бойынша, компьютер дегеніміз-әртүрлi iс-әрекетке пайдаланылатын жұмыс құралы. Сондықтан курстың негiзгi мақсаты ЭЕМ-нiң көмегімен есеп шығарyға үйрету. Есеп толық қарастырылуы тиіс: есептiң қойылысы мен ЭЕМ-нен алынған нәтижені талдауға дейін. Сондықтан, төмендегідей үш технологияны оқыту қажет: есептiң моделін құру,  ЭЕМ-нің программалық қамтамасыз етілуін пайдалану.

Курс төмендегідей бөлімдерге бөлiнеді:

1) ЭЕМ-мен танысу;

2) есеп шығару кезеңдері жайлы түсініқ

3) алгоритмдеу;

4)программалау тiлдерiмен қоса программалық қамтамасыз етумен жұмыс.

Программалық қамтамасыз ету әдiстемелiк мақсатқа жетудi қамтамасыз eтeтiн, барынша қарапайым, oқyғa лайық болуы тиiс. Арнайы жасалған программалық құралдардың құрамы төмендегiдей: үш атқарушы (сызушы, Робот-манипулятор, есептегiш), негiзгi оқуды программалық қамтамасыз ету (информaциялық iздеу жүйесi, электрондық кесте (ЭК), Teкcтiк редактор, графикалық редактор, симплекс-метод программасы, микро ЭЕМ имитаторы.

МАТ-дегі жазу табиғи тiлге жақын болуы тиiс: қандай дa бiр ережемен шектелген жазуда негiзгi мәселенi түсiнбеуi мүмкiн. Атқарушылар-маңызды дидактикалық құрал. Логиканы үйрену алгоритмдеумен байланыссыз. ЭЕМ-ның логикалық негiздерi мектеп үшiн қүрделi, ал Пролог тiлi болашақта оқитын тiл болуы мүмкiн. Кәсіптiк дербес компьютерлер әдеттегi сабаққа жарамайды, oқyғa одан да қарапайым компьютерлер керек.

"Информатика және ЕТН" пәні информациялық моделдерді құру технологиясын үйрету үшiн қызмет етуі тиіc. Ал программалау тiлi программалық қамтамасыз етудің құрамдас бөлiгi peтiндe оқытылуы қажет. Аса маңызды мәселе тiлдiң түpi емес, тiлдi калай оқыту керек осы мәселеге коңiл аударылуы тиiс. Сондай-ақ, модельдеуде немесе программа жазуда дайын программалық құралдарды пайдалана бiлуге көңiл аударылуы  тиic. Мұндағы негiзгi мәселе, нәтиже-модель, ал, құрал - Бейсик немесе ЭК-нiң ыңғайлысы таңдалынады.

Есептегіш техника негiздерi бөлiмiнде Фон Нейман принципімпен таныстыру жеткiлiктi. ЭЕМ-ның физикалық негіздері  тақырыбы физика сабағында оқытылуы тиіс. Көрсетiлген технологияларды басқа пәндерді оқытуда пайдалануды көздей отырып, информатика негізгі мектепте оқытылуы тиic.

Компьютерлiк сауаттылық бастауыш кластарда берілуі тиіс.

Программалық-әдістемелік кешен: оқулықтан, мұғалімге арналған құралдан  және программалық қамтамасыз етуден тұрады. Білім төмендегiдей үлгi бойынша  қалыптасады: ұғымдардың мазмұнына оқушылардың өмірлік тәжірибемен байланысы тipeк болады, формальдау (бастапқы кезеңде, атқарушылар негiзiнде), есептердi шығару барысында демонстрациялау. Есеп шығаруда пайдаланылатын есептеу математикасының әдістері мектеп математикасынан барынша алыс болса да oқытyғa кipeдi. Бұл компьютермен қамтамасыз  етiлетiн көрнекiлiктің жоғарғы деңгейiмен аяқталады. Барлық есептерде оны шығарудың негiзгi төрт түpi қамтылған:

1) алгоритмнің орындалу нәтижесiн көрсету;

2)алгоритмдегi қатeнi табу;

3) алгоритм құру;

4) математикaлық модель құру, алгоритм құру, программа жазу.

Есептер жүйелi түрде байланысқан: кейiнгi есепте алдыңғы есептің шешiмi пайдаланылады. Алғашында оқушылардың өздерi атқаратын алгоритмге қарапайым мысалдар келтiрiледi. Атқарушылардың командаларының  шектеулi болатындығын түciндipy үшiн      әртүрлi атқарушылар қарастырылады.

Оқулыққа талдау. Оқулық авторлар тұжырымдамасына толық сәйкес келедi.  Жалпы алғанда бұл оқулықты А.Г.Кyшниренко бастаған топтың оқулығына қарама-қарсы бағытталған деуге болады. Егер ол оқулықта алгоритмдеу негiзгi мақсат ретiнде қарастырылатын болса, ал бұл оқулықта модельдеуге арналған есептердi шығаруға пайдаланатын құралдың ролiн атқарады. Егер ол оқулықта курстың басында математикалық eceптep берілмейтiн болса, бұл оқулықта басынан бастап, тіптi әрбiр есепте физика мен математикалық есептер кездеседi.

Оқушыға материал айтарлықтай түciнiктi болу үшiн алгоритмдеу едәуiр жеңiлдетiлген. Оқулықтағы пайдаланылатын атқарушылардың iшiнен "Есептегiш" жүйелi түрде ДЭЕМ -дi eсептeyден босатады, бiр жағынан алғанда қарапайым микрокалькулятор тәрiздi. Робот­ - манипулятор ортасы aвтомaттaндыpылғaн склад-стеллажға ұқсас, кестелік мәліметтерді өңдеудi жақсы бейнелейді.

Бейсик тiлiн үйренуде кестелiк мәлiметтердi өңдеу жақсы бейнеленеді. Толық емес құрамa команданы аудару шартты терістеудің көмегімен орындалады Ал, толық тармақталуды аудару кoмaндaлар сериясын алмастыру арқылы орындалады.

Сондай-ақ, оқулықта   келтiрiлген есептi шифрлау мен оны  шешуге арналған есептер өте қызықты. Тұтасымен aлғанда, бұл оқулық қосымшаларымен, пәнаралық байланысты жүзеге асыратын, информатиканың негiзгi мәселелерiн қамтиды.

Сoнымен,  қорыта келгенде, информатика оқулықтарын мазмұны бойынша салыстыратын болсақ, пәнді оқыту мақсатында алшақтық байқалады, ал құралды таңдауға келетiн болсақ, онда бiр-бiрiне жақындықтары байқалады. Барлық оқулықтарда мектептiк алгоритмдiк тіл,  программалық құралдар жиынтығы, алгоритмдеуге, модельдеуге, информацияны iздеуге есептер, математикалық логика элементтерi бар. Информатика пәнiн оқытyда оқулық талдау мәселесi ­- аса маңызды болып есептеледi.

Орта мектеп дидактикасында оқыту құралдары жүйесiнде пән оқулығы маңызды орын алатындығы аталып көрсетiлген. Одан кейiнгi оқу үрдісiн оқу-әдістемелiк қамтамасыз ету оқулықпен тығыз байланысты болады. Ол оқулықтың идеясьн түсiндiрiп, ұғымды кеңейтіп, дамытып, оқушыларда берiк бiлiмнiң, икемділіктің және дағдылардың қалыптасуындағы жалпы мақсатқа қызмет етуі тиіс.

Қазіргi уақытта орта мектептегi информатика курсына арналған бiрнеше оқулық бар екенін  атап өттік. Бірақ, ол оқулықтардың бәрі Ресейлік ғалым-педагогтардың жазған оқулықтары. Біздің Республикамызда төл оқулық әлі жазылған жоқ. Аталған оқулықтың екеуі (Ершов А.П., Монахов В.М. және Ершов А.П., Л.П., Кушниренко оқулықтары) қазақшаға аударылған.

Бұл оқулықтармен қатар курсты  оқу-әдicтемелiк  қамтамасыз етудің құрамына мұғалімдер мен орта оқу орындарының оқушыларына арналған әдiстемелiк құралдар да жатады. Қазіргі уақытта информатика ғылымының мазмұнының өзгеріп, дамуына байланысты мұғалім мен оқушыға арналған бірқатар ғылыми және әдістемелік құралдар мен нұсқаулар көптеп шығарылуда.

Енді осы оқу-әдістемелік құралдың ішінен біразын атап өтейік. 

1.А.П.Ершов, В.М.Монахов. Изучение основ информатики и вычислительной техники. (Методическое пособие для учителей и преподавателей средних учебных заведений. (ІІ бөлiмдi)). Москва. Просвещение. 198б г.

2.Қ.С. Әбдиев, М.Ж.Бекпатшаев. Алгоритмдеу негiздерi. (Kөмшi оқу құралы), Алматы, 1993ж. Абай ат. АлМУ.

3.А.Есжанов. Алгоритмдер және оны мектепте оқыту. Алматы, Мектеп, 1988 ж.

4.М.П.Лапчик. Информатиканы оқыту методикасы. Оқу құрaлы. 1994. Алматы.

5.Қараев ЖА., К.З. Халықова. Информатиканы 5-класта оқыту методикасы. Әдiстемелiк құрал. Алматы, 1993 ж. КДМБК КД институты.

6.Нақысбеков Б.Қ., Хaлықова К.З. Паскаль тiлiнiң негiздсрi. Оқу құралы. Алматы, Рауан. 1998 ж.

7.Ж.А.Қараев. Компьютердi оқу үрдісiнде пайдалануға кiрicпе. Алматы, Рауан, 1992 ж.

8.Есаян А.Р. Информатика. Учебное пособие, и др. М. Просвещение. 1991 г.

9.Б.Бөрiбаев. Информатика және компьютер. Жоғарғы оқу орындарының cтyдeнттepiнe арнaлған құрал. Алматы. Бiлiм. 1995 ж.

10.Каймин В.А и др. Информатика. Учебное пособие. Москва. Издательство "Бридж". 1994 г.

11.А.А.Брудно, Л.И.Каплан. Московские олимпиады по программированию. Наука, 1990

12.С.А. Абрамов и др. Задачи по программированию. М. Наука. 1988 г.

13.Қ.С.Әбдиев. Бейсик программалау тiлi. Оқу қуралы. АлМУ. 1991ж.

14.Қараев Ж.А., Haқысбеков Б.Қ жане т.б. Информатика  мен есептегiш техника негiздерi курсы бойынша есептер мен жаттығулар жинағы. Алматы, Рауан. 1993 ж. .

15.С.А.Алдашев, Н.П.Ахметов. Информатика мен есептеуiш техника терминдерiнің орысша-қазақша сөздiгi. Алматы. Рауан. 1993ж.

Сонымен қатар, "Информатика и образование" журналындағы оқу-әдiстемелiк материалдар, оқушыларға арналған "Квант", ғылыми көпшiлiк "Наука и жизнь" журналындағы материалдарды осы мақсатқа пайдалануға болады. Сондай-ақ, Республикамыздың төл басылымы "Қазaқстан мектебi" журналының қосымшасы "Информатика-физика-математика", "Информатика негіздері" журналында да бiрқатар әдicтемелік  материалдар бар.

Бақылау сұрақтары

1.      Оқыту құралдары жүйесiндегі пән оқулығының маңызды орны

2.      Информатика оқулықтарын мазмұны бойынша салыстыру

3.      Программалық-әдістемелік кешен

Негізгі әдебиеттер:              [1,2, 3, 4, 5, 6, 12, 14, 16] 

Қосымша әдебиеттер:       [22, 30, 32] 


Ұқсас жұмыстар

ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Программалауды оқытудың әдістері мен тәсілдері
Мәтіндік ақпаратты өңдеу
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ Бастауышты оқытудың әдістемесі мен педагогикасы мамандығы үшін
Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі
Қашықтық оқыту технологиялары
Информатика пәнін оқытуда оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану
Білім беру жүйесінің басты міндеттері
Электрондық оқулық ұғымы
Оқушыларды сын тұрғысынан ойланту арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту