Глосарий

Мазмұндық жағына - мазмұнды қарам-қатынас, оқу материалын кұрделендіру, оқу пәндерін кіріктіру /интеграция/, дидактикалық бірліктерді ірілендіру және т.б. 
Процесуалдық жағына – программалау концепциясы, проблемалық, интерактивтік оқыту т.б. 
Мотивациялық – оқуы барысын мотивациялық қамтамасыз ету концепциясы, танымдық қызығушылық қалыптастыру, т.б. 
Ұйымдастыру – гуманитарлық педагогика идеялары, педагогикалық еңбектестік концепциясы, оқу пәніне «шому» (М. П. Щетини), орталықтандырылған (концентрированные) оқыту д.р. 
Осы концепциялардың бәрі өз кезегінде технологиямен қамтамасыз етіледі. Мысалы, прблемалық оқыту концепциясы: проблемалы-сұқбатасып оқыту, проблемалы-тапсырмаларлық, проблемалы-алгоритмдік, проблемалы-контекстік, проблемалы-модулдік, проблемалық-компьютерлік оқыту. 
Интерактитік оқыту технологиясы мен концепциясы интеракция (ағлш. Interaction - өзара әсер, бір-біріне әсер ету) құбылысына негізделген. Оқыту барысынде жеке тұлғалар арсында танымдық қарым-қатынас орнап, оның субъектілерінің бәрі өзара қатынасқа түседі. Әр оқушының жеке жұмысы мен оның жеке тұлғасын дамыту адамдардың бір-бірімен сөйлесу және өз ара әрекеттесу барысында жүзеге асады. 

Бiлiм беру мазмұны - ғылыми бiлiмнiң, icкepлiктiң жәнe дaғдының жүйeci. Ocы жүйeнің нeгiзiндe oқyшылapдың ақыл-oйы, қaбілeтi дaмиды, ғылыми-мaтepиaлиcтiк кӛзқapacы, мiнeзi қaлыnтacaды.

Бiлiм беру процесiнiң мониторингi - бiлім бepy пpoцеciнiң инфopмaцияcын жинay, ӛңдеу кoмпьютеpлiк технoлoгияны пaйдaлaнy нeгiзiндe oның бapыcын, нәтижеciн жәнe пәpмeндiлiгiн үздiкciз қaдaғaлay, бaйқay.

Бiлiм берудегi авторитаризм - oқытушылap мен оқyшылapдың өзapa әpекeтiнiң түpi. Оқушылаpдың еpкін жәнe кӛзқapacын cӛзciз жәнe қaтaң зopлaп, бepiп жaткaн бiлiмнiң мaзмұнын, әлеyмeттiк кұндылықтapды жәнe мiнeз-құлық нopмaлapын ceнiмге aлy тaлабымен cипaттaлaды.

Бiлiм беру мекемелерi - білiм беpy пpoцeciн жyзегe аcыpaтын мeкeмeлep, яғни жacтapды oқытып жәнe тәpбиелеyдi қaмтaмacыз етy. Oлapғa кipeтiндеp: мектeпке дeйiнгi; жaлпы opтa бiлiм /жaлпы бacтayыш, жалпы негiзгі,жалпы орта білім беру/; мектептен тыс тәрбие мен оқыту; кәсіптік бастауыш білім беру, кәсіптік орта білім беру, кәсіптік жоғары білім беру; арнаулы, яғни дамуында ауытқушылықтары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу; қосымша білім беру мекемелері; жетім балалар, ата-аналарынан қорғансыз қалған балаларға арналған мекемелер т.б.

Өздерінің құқықтық-ұйымдастырушылық формаларына қарай білім беру мекемелері мемлекеттік, мемлекеттік емес (жеке, қоғамдық және діни ұйымдардың) болуы мүмкін.

Бiлiм беру мекемелерiн лицензиялау - эксперттік комиссиясының шешімі негізінде білім беру басқару ұйымдарының білім беру іс-әрекетін жүргізу құқығын беретін лицензиясы. Ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан, білім беру ұйымдарының білім беру қызметі Қ.Р. лицензиялау туралы заңдарына сәйкес лицензиялануға тиіс.

Бiлiм берудi информатизациялау - білім беру жүйесін микропроцессорлық техникаға негізделген ақпараттық ӛніммен, құралдармен және технологиялармен қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың комплексі.

Бiлiм берудiң стандарттары - ағыл.стандарт: орнатылған үлгі, норма, ӛлшем әрбір білім беру деңгей бойынша: білімнің мазмұнына; оқып және тәрбиеленіп жатқандардың оқу жүктемесінің ең кӛп кӛлеміне; білім сапасын мемлекеттік бақылаудың ережелері мен рәсімдеріне; білім алушылардың даярлық деңгейіне; білім алушылардың белгілі бір білім беру бағдарламаларын меңгеруін куәландыратын құжаттардың нысандарына қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайтын білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттары белгіленеді.

Білім беру деңгейлері - білім беру бағдарламаларының үздіксіздігі мен сабақтастығы принципі негізінде мынадай білім беру деңгейлері белгіленді: мектепке дейін тәрбиелеу мен оқыту; орта білім беру; кәсіптік жоғары білім беру; жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру.

“Бiлiм туралы” Заң - білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы аядағы мемлекеттік саясатының негізгі принциптерін белгілейді және Қ. Р. азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған құжат. 2007-ші жылы қабылданды.

Абстракциялау /лат.abstraktio-дерексіздену/ - ойлау операциясының түрi, қабылдап, елестетіп немесе ойлап отырған заттардың, құбылыстардың, процестердің кейбір кездейсоқ шешуші емес сипаттамасынан, қасиеттерінен қол үзуі, дерексізденуі.

Абулия - әрекетті психологиялық реттеудің патологиялық бұзылуы. Әрекетке ұмтылысының болмауында, шешім қабылдау алмауынан кӛрініс табады.

Автоматизм - сананың тікелей қатыспай жүзеге асырылатын әрекет.

    Авторитарлық /лат. Austoritas-билік, ықпал/ -1)диктаторлық, билікке сӛзсіз бағынуға негізделген; 2)ӛктем,ӛзінің билігін, беделін орнатуға ұмтылушы.

      Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжiрибе - жекелей мұғалімнің іс-әрекетінде практикалық жүзеге асырылған және мұғалім мен оқушылардың барынша аз уақытта аз куш салуда жұмыстың жоғары нәтижесін және сапасын қамтамасыз еткен оқытудың және тәрбиелеудің қайталауға келетін әдістері, тәсілдері және амалдары.

      Озық педагогикалық тәжірибенің критерийлері - педагогикалық процестің пәрменділігінің артуы; қоғамдық дамудың бағытына, ғылымның алдыңғы қатарлы идеяларының бағытына сәйкестігі; педагогикалық шындықтың аясын кеңейтуі; педагогикалық процестің сапасының артуы; педагогикалық еңбектің нәтижесіне жетуі; жаңа педагогикалық фактілерді және құндылықтарды ашуы.

Ашық сабақ- мұғалімнің жұмыс тәжірибесін зерттеу және тарату түрі. Ашық сабақты өз ісінің шеберлік деңгейіне көтерілген мұғалімдер,тәрбиешілер өткізеді. Оған жас мамандар, пәндік бірлестік мүшелері және басқа да іске қатысты бір адамдар шақырылады. Ашық сабақ ұжым болып талқыланумен аяқталады. Мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетімен жарамды және жарамсыз жақтары айқандалады.

Әдіс- білім беру тәрбилеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа жетуді қамтамассыз етуге, ғылыми зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін тәсіл, алға қойылған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс-әрекетінің бір жолы.

Әдіснама (методология) - (грек тіліндегі methoolos -зерттеу жэне тану жолдары, logos - тцсінкі, ілім) -теориялық және практикалық жұмыстарды, сондай-ақ осы жүйе туралы ілімді кұру және ұйымдастыру принциптері мен әдістерінің жүйесі.

Әдістеме -әдістердің жиынтығы, 6ip нәрсені ic жүзінде қолданудың тәсілдері. Окыту тәсілдері тура­лы ғылым.

Әміршілдік стиль - бұйрық беру түріндегі стиль.

Әңгімелесу- мектепте оқыту барысын ұйымдастырудың құрамды бөлігі,белгілі бір тақырыпты игеру мақсатына жетудің жолы. Әңгімелесу мақсаты оқушылардың әдебиеттерімен өз беттерімен жұмысында қиындық тудыратын келелі мәселелерді терең зеттеу үшін мұғалім басшылығымен ұжым болып талқылау. Әңгімелесу арқылы ұжым болып талқылап оқытуды ұйымдастырудың басқа турлерінде оқушылардың алған білімін жинақтауға, айқындай тусуге,бекітуге көмектеседі.

Бағыттылық принципі -жеке адамның жан-жақты дамуына оқыту мен тәрбиені үйлесімділігіне ықпал жасау

Байқау- іс-әрекеттің міндетінен шығатын алдын алы  белгіленген мақсатқа бағыты қабылдау. Тарихи турғыдан қарасақ байқау еңбектің құрамдыбөлігі ретінде дамыды. Әлеуметтік шындықтың және еңбектің іс-әрекеттің күрделенуіне байланысты байқау өзалдына салыстармалы барыс ретінде болініп шықты. Ғылыми байқауда қойылатын талаптар ойластырудың бір мәнділігі, обьективтілігі, яғни байқауда бақылау арқылы қайталау мүмкіндігі немесі зерттеудің одан да қуаттырақ басқа әдістерін әсіресе эксперименттік пайдалану байқау нәтижелерін талқылауға көбірек көңіл бөлінуі қажет.

Баланың әлеуметтік өcyi - мектепте оқуға көшу қарсаңында жиі көрінетін педагог пен ата-ананың бірлескен әрекетінің күшею көрсеткіші.

Дағды - еңбек және басқа да іс-әрекет құралдарымен белгіленген делдікпен және шапшандықпен оқу немесе ойын міндеттерін орындауда оқыту мен қайталау нәтижесіндегі білік негізінде жақсы қалыптасқан әрект Оқыту барысында мысалы, еңбек дағдыларын қалыптастыруда тек қозғалыс емес, мақсатқа сай және орынды әрекеттер танымдық іс дағдыларына ерекше зейін аудару қажет.

Даму- өзіне тән ерекшелігі бар сапалық қозғалыстың турі. Құбылыстардың пайда болуы мен жойылып кету дамуға байланысты. Кез келген баму уақытпен байланысты болады. Дамудың бағытын тек уақыт анықтайды

Дарынды балалар –жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет салуға, техникаға және т.б.) байқатқан балалар.

Дәлелдеу -әйтеуір бір қағиданың ақиқаттығын осымен байланысты бар басқа ақиқаттар және пайымдаулар көмегімен тауып алудағы логикалық амал. Дәлелді пікір ғылыми ойлау өрнегінің ажырамас белгісі, ғылыми сенімдерді қалыптастыр кезеңі. Сондықтан ұстаздық жумыста дәлелдеу тактикасы мен методологиясы маңызды орын алады 

Дәстүрлер -ұзақуақыт бойына қоғамда адамдар арасындағы қатынасқа сақталып ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әлеумттік және мәдени мұралардың құрыамды болігі.

Дербестік (индивидуальность) - жеке адамныц өзіне ғана тән ерекшелігі. Адам және оның тұлғасының жеке жағдайда көрінуі.

Диагностика - жұмыс тәртібінде мүмкін болатын ауытқуларды болжау үшін, процестерде, машиналарда ақауларды сипаттайтын белгілерді техникальқ басқару және зерделеу, ауруларды анықтау және диагноз қою әдістері мен принцптері туралы ілім.

Еліктеу - басқаның ic-әрекетіне еру; басқаның ic-әрекет нәтижесіне еру;

Жеке адам (индивид) - жеке өмір сүретін ағза; жеке адам, адам жаратылысының бірегей өкілі.

Жеке тұлғаның дамуы - жеке адамды әлеуметтендіру және тәрбиелеу нәтижесінде, жеке адамды әлеуметтік тұлға ретінде қалыптастыру процессі.

Жетекші ic-әрекет - онтогенездің белгілі кезеңінде психикалық дамуды сипатын анықтайтын ic-әрекет.

Концепция (тужырымдама) - қандайда бip кұбылысты түсінудің бeлгiлi тәciлi, түсіндірмесі, пікірдің нeгiздeлyi, жeтeкшi идеясы, әр түрдің құрамалы принципі.

Көрнекі әрекетті ойлау - қабылдау көрнекі жағдайда өтетін, заттармен байланыс сыртқы бағдарлық әрекет көмегімен орындалатын ойлау.

Көрнекі бейнелі ойлау - бейне мен байланыс ішкі бағдарлық әрекет көмегімен орындалатын ойлау.

Көрнекілік принципі- сабаққа оқушының дұниетанымы негізінде оқуды көрінекілік арқылы жүзеге асыру

Өзін-өзі бағалау - өзін-өзі білу арқылы өзіне баға беретін өзіндік сананың құрамдас бөлігі.

Өзін-өзі тәрбиелеу - саналы түрде қойылған мақсатқа сәйкес адамның тұлға ретінде қалыптасуы.

Педагогика- тәрбиелеу, жетектеу, бағу

Педагогикалық басқару – қойылған мақсатқа сәйкес педагогикалық жағдайды, процесті немесе жүйелерді бір қалыптан екінші қалыпқа ауыстыру процесі.

Педагогикалық біліктілік – ол іс- әрекетке деген дайындық және іс- әрекеттің көзі. Мұғалімнің педагоги калық біліктілігі бірлесе педагогикалық шеберлікті айқындайды. Мұғалімнің педагогикалық біліктілігі оның мамандығына, дипломына , сапасына сәйкес анықталады.

Педагогикалық диагноз – оқушының қабілетін, мінезіндегі ауытқуларды, оқу барысында кездесуі мүмкін қиындықтарын анықтау. Педагогикалық диагноз оқушының мектеп бағдарламасын игеруі туралы мәліметтер негізінде, оның оқу іс-әрекеттерін бақылау және нәтижелерін талдау және т.б. арқылы қойылады.

Педагогикалық жүйе – адамды дамыту мақсатындағы жетістіктерге жеткізуші барлық факторлардың біртұтас бірлігі. Педагогикалық жүйенің белгілері: 1) мақсатқа жету үшін қажетті құрауыштардың толықтығы; 2) құрауыштар арасындағы байланыстар мен өзара тәуелділіктердің болуы; 3) құрауыштарды біріктіретін жетекші буын, жетекші идеяның болуы; 4) құрауыштар арасында ортақ қасиеттердің пайда болуы.

Педагогикалық зерттеу әдістері – оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың объективтік заңдылықтарын танып - білудегі амалдар мен тәсілдер жиынтығы.

Педагогикалық инновация - бала тұлғасын қалыптастыру процесі тұжырымдамасының мәдени дәстурінен басқа, білім беру процесіне басқаша тәсіл, көзқараста болатын білім беру қызметі.

Педагогикалық кәсіптік борыш  – педагогтың кәсіптік іс -әрекетін жүзеге асыратын құлықтық талаптар жүйесі.

Педагогикалық консилиум – оқушылардың үлгерімі мен тәртібін тереңірек қарастыратын, оларды оқыту мен тәрбиелеуде байқалған кемшіліктерді жоюға дұрыс жол табу мақсатында өткізілетін мұғалімдердің кеңесі.

Педагогикалық қабілеттілік – педагогикалық жүйенің талаптарын сезіне отырып, осы талаптардың оқушыларда  бейнелену ерекшеліктьерін аңғару және қажетті  нәтижеге жету үшін оқушыларға әсер етудің мүмкін болатын  әдіс- тәсілдерін орынды қолдана білі қабілеттілігі болып табылады. Педагогикалық қабілеттілігі бар студент педагогикалық іс- әрекетті тез меңгеріп кетеді. Болашақ шебер педагогтың кәсіби қалыптасуы, оның педагогикалық қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады.

Педагогикалық қарым- қатынас шеберлігі – педагогикалық  шебер мұғалім кім- кіммен болса да жақсы қарым- қатынас  жасай білуі тиіс. Қарым- қатынас адамдармен , ұжыммен, топпен, жекелей түрде де болуы мүмкін.

Педагогикалық процесс - саналы түрде ұйымдастырылған, мақсатты және жоспарлы түрдегі ұстаздардың шәкірттерімен, оларды оқытып, тәрбиелеу мақсатындағы өзара ic-әpeкетi.

Педагогикалық техника-  өз- өзін басқара білу және педагогикалық мәселелерді шешу процесі барысында өзара әрекеттестік жасай алу қабілеттіктерінен тұратын, мұғалімнің жүріс- тұрысының ұйымдастырылуының ерекше формасын көрсететін педагогикалық шеберліктиің элементі.

Педагогикалық техника - ұстаздардың шәкірттерінің белсенділігін ынталандыру мақсатында қолданылатын әр түрлі шеберліктері мен ықпалды әдіс-тәсілдері.

Педагогикалық технология шеберлігі – білімдарлық үрдісті көтеру, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ету, оқушылардың жұүмыс істеу ерекшеліктерінеп , әдістемелік тәжірибесіне, жаңашыл әдістерін кеңінен пайдалануға үлкуен  мән беру болып табылады.

Педагогикалық тұлға – ұстаздың шәкіртіне өзінің жеке бас үлгісімен ықпал етуі. Ол идеяның тұңғыш негізін салушы Лейпциг қаласындағы (Германия) қыздар мектебінің директоры Г.Гаудиг (1860 – 1923 ж.ж.) болды. Ол XIX ғ. екінші жартысында ұстаздың жеке бас үлгісінің педагогикалық негізі туралы арнайы еңбек жазды. Гаудигтің теориясы бойынша, мұғалім арнайы ережені немесе әдістемелік нұсқауды басшылыққа алмай, өзінің білімі мен іскерлігін жеке басының үлгісімен шығармашылықпен іске асыру арқылы шәкірттеріне ықпал етуі керек. Педагогикалық ұжым – оқу-тәрбие мекемесі қызметкерлерінен құралған ұжым. Педагогикалық ұжым қызметін директор үйлестіріп басқарады. Педагогикалық ұжымның  жоғарғы органы – педагогикалық кеңес.

Педагогикалық шебер мұғалім – педагогтың берілген уақыт аралығында  тиімді нәтижеге  жетуінде көрінетін, балаларды  үнемі түсінетін, ұғатын, өзгелердің пікірін тыңдайтын, өзгелерді сыйлайтын шебер адам. Педагогикалық шебер мұғалім болу өте қиын. Ол үшін аянбай тер төгіп, еңбек ету керек. 

Педагогикалық шеберлік  – педагогикалық қызметтің жоғары деңгейде меңгерілуі; педагогтың оқушылардың оқу - танымдық іс-әрекетін пәрменді басқарып, мақсаткерлік педагогикалық әсер мен өзара әрекеттестікті жүзеге асыруына мүмкіндік беретін арнаулы білімдерінің, біліктері мен машықтарының, тұлғалық кәсіптік маңызды қасиеттерінің кешені.

Педагогикалық шеберлік деструкциясы – бұл тұлғаның психологиялық құрылымда пайда болатын бұзылыс, өзгеріс немесе деформация болып табылады. Педагогикалық шеберлік деструкциясының пайда болуы және дамуы іс- әрекетті орындау өнімділігін төмендетеді, мотивация мен педагогикалық позицияға негативтьі әсер етеді. Педагогикалық шеберлік деструкциясының дамуын детерминациялайтын факторлардың көп болуын объективті және субъективті  деп бөлуге болады.

Педагогикалық ықпал - мектеп әкімшілігінің, мұғалімнің, сынып жетекшіснің, тәрбиешінің оқушылардың дұрыс білім және тәрбие алуына, қоғамда өз орнын айқын табуына ықпал етуі.

Педагогикалық эмпатия – ол гректің «empatheia» , әсерленулерге ортақтасу, жаңашырлық, адамның әсерленуіне  ортақтасу барысында сол адамның ішкі әлеміне еніп кету болып табылады. Эмпатия ұғымдарына түсініктемелер берген ғалымдаро қатарына В.Дильти, К.Юнг, У.Е.Мелибруда, Х.Хекхаузен т.б.

Рефлексия – лат. «бейнелеу»  деген сөз (өз ойларын, бастан кешіргендерін талдау). Адам санасының өзін - өзі білуге, ішкі жан – дүниесін, психикалық жай - күйін тануға бағытталуы. 

Рөлдік ойын - мектепке дейінгі жастағы балалардың ойынының түpi. Онда бала ойын сюжетіне сәйкес өзіне қандай да бip рөлді таңдап алады.

Сапалық пен бірізділік - білімді саналылықпен белсене қабылдап, өмірмен байланыссын тереңдете отырып оқыту

Сөз – белгілі бір мағынаға ие, заттар мен құбылыстардың атауын білдіретін тілдің негізгі формасы. Мысалы: сөзі мірдің оғындай, сөзі бір жерден шықты, сөзінің жаны бар.

Тактикалық шеберлік – ол қандай да бір мақсатқа жетудің жолдары немесе әдістері, міндеттер жүйесі болып табылады. Мысалы, тәрбиелеу және оқушыларды еңбекке баулу мәселелері жөнінде педагогикалық шебер мұғалім мынадай тактикалық міндеттерді іске асыру тиіс: Педагогикалық шебер мұғалімнің оқушылардың өмірге, түрлі іс- әрекеттеріне  көзқарасын, белсенділігін, ынтасын арттыру; Педагогикалық шебер мұғалімнің сынып құжаттарында оқушылардың әлеуметтік пікірін қалыптастыруы; Педагогикалық шебер мұғалімнің оқушылардың өзіндік басқаруының ролін көтеруге тырысуы т.б.

Талап – педагогикалық ықпал етудің негізгі әдістерінің бірі. Іс -әрекетке итермелейтін талап (кесімділік дәрежесіне қарай -өтініш, тапсырма, бұйрық) және әрекет етуге тыйым салатын талап (нұсқау, сәйкес бұйрық, жазалау) болып бөлінеді.

Тәрбие әдістері  – ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым –қатынастардан туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы.

Тәрбие технологиясы - процестегі жекелеген педагогикалық міндеттерді орындауға бағытталған әдістер жүйесі; ұжымдық жоспарлардың орындалуын ұйымдастыру тәсілі; оқушылармен байланыс орнату тәсілі; педагогикалық диагностика тәсілі.

Тәрбиелік әлеуметтану - қоғамның тәрбиелік күшін, адамды әлеуметтендіру процесін, әлеуметтік институт ретінде тәрбиені зерттейтін ғылым саласы.

Тәрбиелік қарым–қатынас – баланы дамытуға, яғни оның өзін - өзі тәрбиелеуіне, өздігінен білімін жетілдіруіне бағытталған қарым – қатынас. Тәрбиелік қарым–қатынас – адамзат тәжірибесінің алмасуы, берілуі, меңгерілуі және пайдаланылуы.

Тәртіптілік – адамның адамгершілік бағыттылығын, өз тәртібін ойша жобалау қабілетін және өзіндік күнделікті әрекетін қамтитын тәртіпке, ұйымшылдыққы әдеттенуі. Тәртіптілік – адамдардың қоғамдық ортада белгілі бір тәртіп жүйесін сақтауын және олардың игеруге міндетті нормаларды (құқықтық, моральдық, саяси –этностық) берік сақтауын талап ететін жүйе.

Теория – практика мен тәжірибені қорыта келіп, әр алуан қоғамдық құбылыстар мен фактілерді түсіндіретін және оларға әсер ете алатын жалпы ғылыми принциптерді білдіретін ілім.

Технология- материалды өңдеудің тәсілдері мен құралдары туралы білімнің жиынтығы

Тұлға – 1) –дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты және адам болмысының қайталанбас, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны; 2) адамдар арасындағы өзінің ұстаным – орнын еркін және жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Тұлға қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым –қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам, тұлға болып туа қалмайды, әлеуметтену процесінде тұлға болып шығады.

Түсініктілік принципі- жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге, белгіліден белгісізге көшу, оқушының таным процесін бірте- бірте үйрету арқылы нақты фактілерден жалпы қортындыға көшу ұғымы

Шеберлік – ол өте көп мағынада қолданылады. Мысалы: іскерлік, өнерпаз, іскер, ұста, білімпаз т.б. Шебердің қолы ортақ деуге болады.

Іскерлік ойын - әр түрлі жағдайларда берілген неме­се қатысушылардың өздері бекіткен ережелер бойынша басқаратын шешімдер қабылдауының еліктеушілік әдісі (имитация).  

Iзгiлендiру /гуманизм: лат. humanus – адамгершiлiктi/ - ұркениеттi дамудың талабы, мұның ӛзі әлеуметтiк қатынастарды ұйымдастырудың тиiмдi нысандарына қол жетуiне байланысты болып отыр, әрi бұл қатынастарда алдымен әлемнiң тұтқасы ретiнде адам аса айшықтана кұрiнедi. бұл баланың жеке басын сыйлау. Педагогикалық процестiң барлық дәрежесiнде ең бастысы адамның өзi болуы тиiс. Сондықтан тұлғаны тәрбиелеу, оның бабын табу мектеп жұмысының негiзгi мақсаты болуы тиiс. Жеке құндылық бағытталғандығына қарай мәдени бiлiм алу сұранысын қанағаттандыруды, әрбiр жеке адамға тән қолы жететiндей бiлiм алудың дәрежесiн, сапасын, бағытталғандығын таңдауды, оны алудың тәсiлiн, сипатын және нормасын қамтамасыз етедi. Оқыту процесiн оқушыға ден қойып бағыттайды.

Қарым-қатынас /общение/ - субъектілердің ӛзара әрекеті, онда рационалдық және эмоционалдық ақпаратпен, іс-әрекетпен, тәжірибемен, біліммен. іскерлік пен дағдымен, іс-әрекет нәтижесімен алмасу жүзеге асырылады. Жеке адамның және топтың дамуының қажетті шарты.

Таным – санада объективті дүниенің психикалық бейнеленуінің және қабылдауының процесі, нәтижесі ретінде оның мәні туралы жаңа білім болады; табиғаттың және қоғамның заңдарын ашуға бағытталған адамның ерекше іс-әрекеті. Арнайы ұйымдастырылған таным оқу-тәрбие процесінің мәнін құрайды.

Ойын – адам белсенділігінің кӛрінісінің формаларының және іс-әрекет түрлерінің бірі. Балалар ӛзара қатынастарын ересектердің әрекетін және олардың ӛзара қатынастарын жаңғыртудың тәсілі, сӛйтіп қоршаған шындықты таниды. Ойынның түрлері: компьютерлік, заттық, ролдік, символикалық, сюжеттік.

Iскерлiк белгiлi бiр жағдайда белгiлi бiр iс-әрекеттi немесе iстi орындау мүмкiншiлiгiн қамтамасыз ететiн бiлiмдер мен дағдылардың жиынтығы. ғалыптасудың бiрнеше кезеңiнен ұтiп, I. соңында шеберлiк және шығармашылық дәрежесiне дейiн ұседi. I.-алған бiлiм негiзiнде оқушылардың практикалық әрекетi iске асырылады. Мысалы, сауатты жазу үшiн грамматикалық ережелердi бiлу керек.

Іскерлік ойындар – оқыту және зерттеушілік мақсаттар үшін қолданылады.

Практикалық жағдайды имитациялайтын (бейнелейтін) оқыту әдісі, ойын арқылы кәсіптік немесе басқа да іс-әрекетті моделдейді. Қатысушыларға әртұрлі ақпарат, ролдік функциялар берілген және олар берілген ереже бойынша әрекет етеді.

Iс-әрекеттiк ыңғай, тҧрғы /подход/ - психика мен iс-әрекеттiң бiрлiгiн, iс-әрекеттiң сыртқы және iшкi құрылысының бiрлiгiн мойындайтын мәнi бар.

Технология /гр.techne-шеберлік, іскерлік, logos-сөз, ілім/ - объектінің күйін, қасиетін, формасын ӛңдеудің, жасаудың, ӛзгертудің әдістерінің жиынтығы.

Топтық iс-әрекет – социологиялық және әлеуметтiк психологиялық феномен, қарым-қатынастың өнімi. Т.I.-ә. мақсатына қарай мынадай топтарға бөлінеді: ұжымдық, бiрлескен, бiруақыттағы, т.б.

Топтау - басты және қосалқы ұқсас белгілер негізінде заттар класс, тек, түр сияқты топтарға бірігеді. Заттарды топтастыру үшін осы заттардың әрқайсысындағы белгілерді айыру және осы белгілерді негіз боларлық класс немесе текті табу қажет.

Білім беруді ізгілендіру технологиясы – оқушыны азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату

Жеке  тұлға - дербес   әрекет  ететін   субъект  ретіндегі   нақты   жеке   адам болмысының  қайталанбас,  ерекше  әдісі,  адамның  қоғамдық  өмірінің  дара нысаны.

Жеке тұлға — жоғарғы дәрежеде кіріктірілген үнемі оқу, даму процесінде болатын әлеуметтік жүйе.

Жеке адам - тек әлеуметтік сана мен қасиеттерді игерген тұлға.

Қызығушылық- дүниедегі заттар мен кұбьшыстарды белсенділік пен

танып білуге багытгалған адамньщ жеке ерекшеліктерінің бір көрнісі.

Өзін-өзі басқару - ұжым мүшелерінің өз ұжымдарына басшылық етіп, басқару әрекеті. Өзін-өзі басқару негізінен сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыс түрінде кеңінен көрініс береді.

Өзін-өзі-жетілдіру- өзінің өмірлік қуатының мәнін, мақсатын жүзеге асыратын, тәндік, жаңдық, рухани күш-қуатын сандық және сапалық өзгеріске түсіретін ішкі объективтік процесс.

Өзін-өзі меңгеру- түрлі жағдайда өзінің эмоциясын, тәртібін адамның шамадан тыс кетірмеуге байланысты   әрекеті.

Өзін-өзі меңгеру тәсілдері- қызметте өзін босаң  ұстау, релаксация, аутотренинг жасай білу, өзін басқаларға жақсылық жасауға дайын болуға тәрбиелеу, ісіне оптимизіммен қарау. (еңбек терапиясы, музыка терапиясы, кітап терапиясы, имитациялық ойын т.б.)

Өзін-өзі тәрбиелеу- адамның өз бойындағы ұнамсыз, жағымсыз мінез құлықты жеңуге, ұнамды, жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, жетілдіруге бағытталған жүйелі де саналы әрекеті.

Технология – (грек сөзі - өнер, іскерлік, шеберлік) бір істі орындағанда қолданылатын әдіс-тәсілдер жүйесі.

   Білім беруді ізгілендіру технологиясы – оқушыны азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату

            Ұжым - бір мақсатқа бағытталған ұйымшылдық пен мақсаттылық іс-әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.

            ҚР – Қазақстан  Республикасы. ҚР БМЖБМС – Қазақстан Республикасы білім берудің міндетті жалпы білім мемлекеттік стандарты


Ұқсас жұмыстар

Дифференциалдық теңдеулерді шешудің Ранге-Кутта әдісі
Бас жоспардың жел тармақтары
Валюта саясатын ұйымдастыру және валюта нарығындағы операциялар
Экобиотехнология пәнінен дәрістер жинағы
КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ТУРИЗМДЕГІ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Адамзат дамуының Қазақстандағы ерекшеліктері
Эпидемиология
Автоматты басқару жүйесіндегі функциялар
Құрылыс ерітінділері